Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары



Презентация «Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары»
Орындаған: Абдукаримова А.
Белгібаев Е.
Тобы: АП-12-1к1
Қабылдаған: Басымбекова З.

Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан өңірінде дәнді дақылдардың ішінде астық дақылдары ең негізгілерінің бірі болып саналады. Жоғары сапалы тұқыммен себу-күздік бидайдан мол өнім алудын маңызды шарттарының бірі. Сондықтан осы мақсатта өткен жылы өнімнен дайындалған бірінші класты пайдаланған дұрыс. Мұның себебі күздік бидайдың жинау мерзімі мен себудің арасы тым жақын, жаңа өнімнің тұқымы тыныштық күйін өтіп үлгермейді де лабораториялық өнгіштігі 70-80% аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке егін жинағаннан 20-30 күннен соң жетеді. Жаңа тұқымның егін көгі әркелкі, кешігіп шығады, далалық өнгіштігі төмендейді, егістік сирек болады, өнімі аз болады. Ал өткен жылғы астықтың өнімінен әзірленген тұқымнан егін жаппай және тез көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді әрі ойдағыдай қыстап шығады және жаңа тұқымға қарағанда 3 ц/га және одан да жоғары қосымша өнім береді. Бұл ерекшелік шаруашылықтарда ауыспалы тұқым қоры болуын қалайды.

Ұн қоңызы - Tenebriomolitor L.
Қатты қанаттылар (Colcoptera) отрядының қара денелілер (Tenеbrionidaе) тұқымдасына жатады. Қоңыздың ұзындығы 12-16 мм, түсі майлы жылтыры бар қара-қоңыр, үстіңгі қанаттарында көптеген нүктелерден тұратын бойлық айғыздар орналасқан. Мұртшалары кысқа, олардың үш жағы аздап жуандау, алдыңғы арқа сақинасы едәуір жалпақ. Жұмыртқасы сопақша келген, ұзындығы 1, 6-1, 8 мм, түсі сүттей ақ, жылтыр. Личинкасын «ұн құрты» деп атайды. Олардың ұзындығы 25-30 мм жетеді, түсі қошқыл сары, алдыңғы аяқтары ортаңғы және артқы аяқтарына қарағанда ұзын. Қуыршағының ұзындығы 16-18 мм, түсі сарғылттау, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында тарақ тәрізді төрт бұрышты қосалқылары және денесінің артқы жағында мүйіз тәрізді екі есінді болады.
Қоныздардың өздері де, личинкалары да зиян келтіреді. Личинкалар ұнды және ұнтақты, (әсіресе өте дымқыл және жатып калған ұнды) сонымен қатар жармаларды, піскен нанды, кептірілген нанды, темекіні және т. б. зақымдайды.
Сурет 1. Ұн қоңызы - Tenebriomolitor L.
Дәнді дақылдарға зиян келтіретін бунақденелілер

Үлкен ұн қоңызы ( Большой мучной хрущак. Tenebrio molitor L. ) қара денелілер (Tenebrionida) тұқымдасына жатады. Бұл зиянкес Қазақстанда кең таралған. Қамба зиянкестерінің ішіндегі жиі кездесетін негізгі түрлерінің бірі. Мұнара қоймаларын, ұн диірмендерін, сыра, құрама жем зауыттарын және тәтті тағамдар фабрикаларын мекендейді. Зиянкес - бидай, жүгері, арпа, күріш дәндерімен, ұнмен т. б қоректенеді. Ұн қоңызы жұмыртқаларын қорегенің, еденнің жарықтарына, қоректенген өнімнің ішіне шашыратып немесе топтатып салады. Өсімталдығы 68-182 жұмыртқаға дейін, ал әдебиеттердегі мәліметтер бойынша 500-ден астам [25] . Ұрықтық дамуы 12 күнен 20 күнге дейін тіршілік етеді. Дернәсілдер қоршаған орта жағдайларына байланысты 280 күнен 600 күнге дейін тіршілік етеді. Суыққа өте төзімді келеді. Дернәсілдері қыстайды. Қыстаудан шыққанан соң дереу қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы 10 күн. Қоңыздардың өздері де дернәсілдеріндей көбіне астықтың үгітілген үгіндісімен, кептірілген нанмен, жармалармен қоректенеді. Үлкен ұн қоңызымен зақымдалған дәннің салмағы 4, 4-9, 9 %, тұқымның өнгіштігі 3, 8-6, 7%, өну қуаттылығы 4, 0-7, 2 дейін төмендейді (1-кесте) .
Тәжірибе нұсқалары
Қоңыздар саны, дана/кг
Дәннің зақымдануы, %
1000 тұқым салмағы, г
Тұқым салмағының зақымдануынан төмендеуі
Тұқымдар
Өну қуаттылығы%
Өнгіштігі, %
Бақылауға қарағанда өнгіштігінің төмендеуі, %
г
%
І
5
1, 7
40, 7
1, 9
4, 4
88, 3
90, 3
3, 8
ІІ
10
3, 2
39, 8
2, 8
6, 6
86, 7
89, 6
4, 5
ІІІ
15
4, 6
38, 4
4, 2
9, 9
85, 7
87, 4
6, 7
Бақылау
-
-
42, 6
-
-
92, 3
94, 1
-
Үлкен ұн қоңыздың бидай тұқымын тигізетін зияны

Кіші ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv.
Бұл да қара денелілер (Tenebrionidaе) тұқымдасына жатады. Ұзындығы 2, 6-4, 4 мм, қара немесе қоңырқай түсті кішірек қоңыз. Личинкаларының түсі сарғылт-қоңыр, ұзындығы 6-7 мм, денесінің артқы жағында үшбұрышты ілмек тәрізді екі өсіндісі болады. Қуыршақтарының ұзындығы 2, 7-3, 5 мм, ақшыл сары, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында ұшында қылшықтары бар өсінділер болады.
Қоңыздар және олардың личинкалары ұнмен, ұнтақ жарма және басқа жармалармен, ұннан жасалған тағамдармен, астық дәндерімен және басқа дақылдардың тұқымдарымен, кептірілген жеміс және көкөністермен, темекі және оның өнімдерімен қоректенеді. Зақымдалған ұн иленіп, кесек-кесек немесе түйір-түйір болып қалады, дәмі және исі ұнамсыз болады. Ондай ұн тамаққа және мал жемі үшін пайдалануға жарамайды.
Сурет 2. Кіші ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv.

Қаракүйе аурулары
Алдағы уақыттағыдай тозаңды қаракүйе (пыльная головня) ауруы кең тарап, барлық дерлік жерлерде тіркелді: бидай, арпа, сұлы, тары егістіктерінде. Қатты қара күйе ауруы (твердая головня) бидай мен арпа дақылдарында, ал жүгері егістіктерінде тозаңды және көпіршікті немесе толарсақ каракүйесі ( пыльная и пузырчатая головня) белгілі болды. Биылғы жылы барлығы 1594, 4 мың тонна тұқым дәрілеуден өтті (протравлено), бұл көрсеткіш барлық себілген тұқымның 73, 4% құрады (№ 29 кесте) . Өңірлер бойынша шаруашылықтық деңгейге байланысты өсімдіктердің қаракүйе ауруы түрлерімен зақымдалуы әртүрлі дәрежеде болды. Қаракүйе ауруларының даму деңгейінің жоғарылауы тұқымдарға дәрілеу толықтай немесе мүлдем жүргізілмеген шаруашылықтар егістіктерінде байқалды. Сондай-ақ, ауыспалы егіс шарттарын сақталмағандығы да соған себеп туғызды.

Бидайдың тозаңды қаракүйесі
Шілде айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысында тозаңды қаракүйе ауруының алғашқы белгілері белгілі болды. Оңтүстік өңірде күздік бидайдың өсу кезеңі аяғында аурудың таралуының жоғарылауы болған жоқ, егінді жинау кезінде масақтардың зақымдалуы 0, 05% шамасында болды. Өткен жылмен салыстырғанда 2-4 күнге кейін, солтүстік өңірде ерте егілген бидайда тозаңды қаракүйе ауруы масақтану, шілденің екінші онкүндігінде гүлдеу кезеңдерінде тіркелді. Зақымдалған ерте егілген бидайдың ауру қоздырғышы спораларының тозаңдауы (распыление) гүлдеу кезеңіне сәйкес келді. Инфекцияның таралуы және биылғы жаздық дәнді дақылдардың залалдануы (заражение) шілденің екінші жартысынан тамыздың бірінші жартысына дейін жалғасты. Дегенмен, ауа-райының қолайсыз жағдайлары (жоғары температуралар, жауын-шашын болмауы, ауаның төменгі ылғалдылығы), залалдауға кең жол бермеді. Кеш егілген егістер алқаптарында споралардың тозаңдауы (распыление) болған жоқ, сондықтан оларда тозаңды қаракүйе ауруымен залалдану төмен болды.

Арпаның тозаңды қаракүйесі
Биылғы жылы аурудың таралуы арпа егілген барлық өңірлерде байқалды.
Солтүстік өңірде, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында бұл аурумен кең аумақты залалданған жер көлемдері анықталды.
Тозаңды қаракүйе ауруының алғашқы белгілері арпаның гүлдеу кезеңінде шілде айының екінші онкүндігі-тамыз айының басында Солтүстік Қазақстан облысында анықталды. Гүлдеу кезеңінде аурумен залалдануға ауа-райының қолайлы жағдайлары ықпал болды. Сүттену-балауызданып пісу кезінде масақтар зақымдалуының орта пайызы 0, 003-6, жоғарғысы 0, 01-12 болды.
2008 жылы арпаның тозаңды қаракүйесі ауруының таралуы өткен жылдың деңгейінде болды, зерттелген көлемнің 33, 18 мың га немесе 8, 8 % залалданғаны анықталды.

Жүгерінің көпіршікті немесе толарсақ қара күйесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz