Егіс тәжірибе жүргізу әдісі және оларды орындау техникасы




Презентация қосу
Презентация
«Егіс тәжірибе жүргізу әдісі және оларды
орындау техникасы»

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ
Егістік тәжірибе - арнайы бекітілген танаптарда түрлі себепшарттардың (факторлардың)
немесе агротехникалық шаралардың өсімдіктердің өнімділігі мен сапасына және топырақ
құнарлылығына тигізетін әсерін анықтау мақсатында орындалатын зерттеу әдісі. Егістік
тәжірибенің нәтижелері ауыл шаруашылық ғылымының әрі дамуына оң әсер етеді.
Агрохимиялық егістік тәжірибелерде өсімдіктерден жоғары өнім алуда және оның сапасын
жоғарылатуда, тыңайтқыштар түрлері мен формаларын, енгізу мөлшері мен әдістерін
анықтауда, топырақ пен тыңайтқыш әсерін зерттеуде агрохимиялық әдістердің әсері
анықталады.
Өсімдік ағзалары қандай да бір себепшарттар әсерінен өзгеретіндіктен, егістік тәжірибені
биологиялық әдістерге де жатқызуға болады. Өйткені тірі ағзаның дамуы кезінде
топырақтағы кез келген себепшарттардың әсерінен тез өзгеріске ұшырайды. Егістік
тәжірибе өндіріс жағдайына ұсынылатын тыңайтқыштар әсерінің тиімділігін де көрсетеді.
П.Г.Найдин (1966) өз еңбектерінде: «Егістік тәжірибе арнайы бөлінген жер телімінде ауыл
шаруашылық дақылдардың өнімділігіне әсер етуші жағдайлардың сандық көрсеткіштерін
немесе тәсілдерін зерттейтін, табиғи жағдайда жүргізілетін зерттеу әдістемесі болып
табылады» деген.
ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУ ӘДІСІ
С.В.Щерба, Ф.А.Юдин: «Егістік тәжірибе - зерттеу жұмыстарының
аяқтаушы деңгейі ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылық
ғылымы мен ауыл шаруашылық іс-санасының арасын біріктіруші
көпір» деп атап көрсеткен.
Алайда, егістік тәжірибе нәтижелерінің топырақ-климат жағдайларына
тәуелділігі оның маңыздылығын шектейді. Бұл жағдайда тәжірибе
нәтижелері жүргізіліп жатқан жер телім топырағының қасиетін
анықтап алмай алынған зерттеу нәтижелері құндылығын жоғалтады.
Сонымен қатар әсер етуші табиғи себепшарттарын жеке-жеке талдап
алмай, олардың әсерін бақылау мүмкін емес. Сондықтан, егістік
тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше қоршаған орта әсерін уақтылы
тіркеп отыру қажет.
Сондықтан егістік тәжірибені басқа да топырақтық, химиялық,
биологиялық тәсілдермен ұштастыра жүргізу қажет. Тәжірибе топырақ
зерттеу жұмыстары арқылы жер телімінің орналасқан аймағын немесе
ауданын анықтауға мүмкіндік береді, нәтижесінде алынған нәтижелерді
сол тектес ауданға немесе аймаққа қолдануға жол ашады.
Химиялық әдістер - топырақтың қоректену режімінің өзгеруін ғана емес,
олардың өнімділікке әсерін, топырақтағы жекелеген элементтердің
өзгерістерін, тыңайтқыштардың өнім сапасына әсерін анықтауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар өсінді тәсілінде әсер етуші
себепшарттарды жеке-жеке талдау арқылы егістік тәжірибеде кездесетін
табиғи жағдайлардың әсерін реттеуге мүмкіндік береді.
ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Егістік тәжірибе өсімдік шаруашылығында, егіншілікте, селекцияда, агрохимияда басқа да көптеген ауыл шаруашылығы
ғылымдарының салаларында кеңінен қолданылады.
Егістік тәжірибені салу зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндетіне қарай, көздеген бағыттарына сәйкес әр қилы өзгеріп
отырады. Тәжірибеде әсер етуші негізгі себепшарттардың және тәсілдердің ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне
әсерін анықтау тәжірибенің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл зерттеу әдістерінің жекелеген себепшарттарды талдап
алғаннан кейін ғана жасалады. Оның нәтижесі өңірге немесе топырақ аймағына ұсынылады. Бұл тәжірибелердің
ерекшеліктері оның кішігірім мөлдектерде жүргізілетіндігі.
Өндірістік жағдайдағы тәжірибелер көптеген жағдайда негізгі және маңызды нұсқаларды ғана қамтитын қысқа сұлбамен
жүргізіледі. Бұл тәжірибелер қолданылатын тәсілдерді экономикалық және ұйымдастыру-шаруашылық бағалауда
маңызды орын алады.
ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Ерекше категорияға жағырафиялық және коллективтік тәжірибелерді жатқызуға болады. Олар топырақ-
климат жағдайлары әр түрлі аудандарда зерттеу жүргізуді қажет етеді және үлкен аумақты, кейде тіпті бір
елді қамтиды.
Агрохимиялық егістік тәжірибелерді жүргізгенде зерттеу жұмыстарының барысындағы өзгерістерді уақтылы
тіркеп отыру үлкен маңызды шаралардың бірі. Ол үшін танап басындағы өзгерістерді тіркейтін егістік
тәжірибе кітапшасы мен талдау жұмыстарын тіркейтін зертхана жорналы болады және оны уақтылы, таза,
ұқыпты, түсінікті тілмен толтыру зерттеушінің басты міндеті. Күнделікті құбылыстарды жорналға
уақтылы тіркеп отыру алынған нәтижелердегі өзгерістерді түсіндіруге, кейіннен дәлелдеуге мүмкіндік
береді.
ТӘЖІРИБЕНІҢ БІРТЕКТІЛІГІ.
Жүргізілетін жұмыстар сол аймақтың ауа райына, топырағына, агротехникасына
сәйкес болуы қажет. Егістік тәжірибенің біртектілігі маңызды сапалық көрсеткіш.
Аймақтың топырақ-климат жағдайы біртекті болмаған жағдайда егістік тәжірибені
жүргізуге болмайды. Сәйкестік талабы ауыспалы егістің тыңайтқыш қолдану
жүйесін зерттеуде де ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Тәжірибе жүргізерден бұрын
телім топырағына жан-жақты агрохимиялық талдау жасалуы қажет. Топырақ
құнарлылығы төмен танаптарда дақылдар алмасудың негізі сақталмаған егіс
алқаптарында тыңайтқыш қолдануда зерттеу тәжірибесінің нәтижесі төмен болады.
Сонымен қатар тәжірибені сол аймақта өсірілетін дақылдың себуге рұқсат етілген
сұрыпымен жүргізген жөн. Рұқсат етілмеген сұрыптар (аудандастырылмаған)
немесе сол аймаққа өсірілуге бейімсіз дақылдар қолданылатын шараларға кері әсер
етіп, нәтиже бермеуі мүмкін және де бұл нәтижелерді өндіріске ұсынуға болмайды.
Тәжірибені биологиялық ерекшеліктері әр түрлі бірнеше өсімдіктермен жүргізгенде
агротехникалық сәйкестікті сақтауға назар аударған жөн (топырақты өңдеу,
тұқымды себу мерзімі, себу мөлшері, арамшөптермен күрес т.б.).
ТӘЖІРИБЕНІ АРНАЙЫ ЖЕРДЕ ЖҮРГІЗУ
Егістік тәжірибелерді жүргізуге алдын ала арнайы жер телімдері
дайындалады. Егерде тәжірибеге арнайы жер дайындалып
бөлінбесе, ол танаптың мәліметтері болмаса, ондай жерді
зерттеп алмайынша егістік тәжірибе жүргізуге болмайды.
Тәжірибе жерінің біртектілігі белгілі бір аймақта оның топырақ
климаттық жағдайлары мен бедері арқылы анықталады.
Зерттеуге бөлінген жер телімінің біртектілігінің тәжірибе
жүргізуде маңызы зор. Тәжірибе жүргізілетін жердің
мүмкіндігінше топырағының сәйкестілігі белгіленген
аймақ жерінің көп көлемін алып жатуы тиіс, өйткені
тәжірибе нәтижелері сол аймаққа немесе сол типтес
топырақтарға ұсынылады.
Сонымен қатар танап тарихын білу де өте маңызды
талаптардың бірі. Алдыңғы жылдардағы жүргізілген
агротехникалық шаралар, өңдеу жұмыстары,
мелиоративтік шаралар, егілген дақыл түрлері, ластану
жағдайы, аурулар мен зиянкестерге қолданылған шаралар
секілді жұмыстардың барысын білген жөн.
ТӘЖІРИБЕДЕ ӨСІРІЛГЕН ДАҚЫЛДЫҢ ӨНІМІН
ЕСЕПКЕ АЛУ
Егістік тәжірибесіне қойылатын басты талап – оның сапалылығы. Егістік тәжірибе
жүргізгенде егін жинау кезіндегі есептеу жұмыстары өте мұқияттылықты, аса
жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені жинау кезіндегі жіберілген қателіктер алынған
нәтижелердің көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін. Дақылдардан алынған өнім мен сапа
көрсеткіштерін есепке алу дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, зерттеу
жұмыстарына қойылған талаптар мен мақсаттарына сәйкес өзгереді. Егіс тәжірибелердегі
өнімді жинау және есепке алу жұмыстарын алдағы тарауларда кеңінен қарастырамыз.
Кез келген тәжірибе мәліметтерінің арасында айырмашылық кездеседі. Тәжірибе жұмысында
бақылау арқылы алынған нәтиже мен нақты өлшем мөлшерінің аралығындағы
айырмашылық қателік болып саналады. Ондай жағдай тәжірибе жұмысында да жиі
кездеседі. Тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше қателіктің мәнін азайту үшін оның пайда
болу себептерін білу керек.
Тәжірибе жұмысы кезінде үш түрлі қателіктер кездеседі: кездейсоқ, жүйелі және өрескел
қателік.
Қателіктер – бұл жүргізілген тәжірибе нәтижелері мен нақты өлшем мөлшерінің арасындағы
айырмашылық.
ҚАТЕЛІКТЕРІ
Жүйелі қателік. Тәжірибе жұмысында кездесетін жағдай белгілі бір тұрақты әсердің
бұрмалануынан өлшеу, санау мәліметтерін өсіру немесе кеміту жүйелі қателік деп
аталады. Тәжірибе жағдайында бұның себептері зерттелінбеген себепшарттардың
заңды түрленуінен болады. Мысалы, топырақ құнарлылығы және тәжірибеден
алынатын нәтижені тек дұрыс әдістер қолдану арқылы ғана түзетуге болады.
Кездейсоқ қателік. Зерттеудегі факторлардың әсерлерінің көп болуы олардың
көрсеткіштерін көбейтеді де кездейсоқ қателікке әкеледі. Сол секілді тәжірибе
мәліметтерін түрлендіру кездейсоқ қателікті туғызады. Сондықтан оны тәжірибе
көрсеткіштерінің тұрақты серігі дейді. Бірақ математикалық статистика кездейсоқ
қателікті анықтау үшін арнайы әдіс ұсынады.
Өрескел қателік егістік тәжірибеге қойылған талаптарды дұрыс орындамағандықтан
болады. Мысалы, тәжірибе жүргізушінің ұқыпсыздығынан бір мөлдекке қатарынан
бірнеше рет тыңайтқыш енгізілуі, өнімін өлшегенде нұсқалардың мөлдегін ауыстырып
алуы, түсімнің салмағын күнделік дәптерде дұрыс көрсетпеуі секілді себептерден
болады. Мұндай қателікті түзету немесе орнын толтыру мүмкін емес. Бұл жағдайда
мөлдектер, қайталаулар немесе егістік тәжірибе толығымен жарамсыз етіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы егістік тәжірибе дәлдігін анықтау үшін оның мәліметтерін статистикалық әдіс арқылы
математикалық жолмен өңдейді. Жүргізілген тәжірибенің дұрыстығына баға беру үшін оның мәліметтеріне
агрономиялық талдау жасайды. Атап айтқанда, бағдарламада көрсетілген зерттеудің міндеті мен
мақсатын, әдістемені, сызба элементтерін, зерттеу барысында жиналған мәліметтерді, өнімді есептеудің
нәтижелерін және кеңістікте егістік тәжірибені орналастыру техникасын мұқият тексеру керек. Егер егістік
тәжірибе әдістемелік жағынан дұрыс орындалған болса, оның мәліметтерін математикалық жолмен өңдеп,
кездейсоқ қателік мәні мен тәжірибе дәлдігінің деңгейін анықтайды. Мәліметтерді математикалық
(статистикалық) өңдеу, кездейсоқ ауытқудың шегін және нұсқалардың орташа өнімдерінің арасындағы
айырмашылықты ажырату үшін қажет.

Ұқсас жұмыстар
Егіс тәжірибесінің түрлері
Психологиялық зерттеудің әдістемесі
Мектеп оқу - тәжірибе телімдерінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары
Химиядан зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын дайындау
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Диаграмманы құру алгоритмі
Келісуге ұсынылған регламенттерді қарау мерзімі
Жалпы ережелер
Сапаны бақылау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Пәндер