Егіс тәжірибесінің түрлері


Slide 1

Презентация «Егіс тәжірибесінің түрлері

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Егіс тәжірибесінің түрлері

Зерттелетін себепшарттардың санына, ұзақтығына және топырақ - климат жағдайының қамтылуына қарай егістік тәжірибе бір факторлы және көп факторлы, жүргізілу мерзіміне қарай бір жылдық, көп жылдық, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Егер тәжірибеде қандай да болмасын бір тәсілдің әсерін зерттейтін болса, онда ол бір факторлы тәжірибеге жатады. Мысалы, қолданылатын тыңайтқыштың түрі, мөлшері, мерзімі, тұқымды себу әдісі, топырақты жырту тереңдігі, суару тәсілі және т. б.

Дақыл өніміне бір мезгілде екі немесе бірнеше тәсілдің әсерін зерттейтін тәжірибені көп факторлы тәжірибе деп атайды. Мысалы, қолданылатын тыңайтқыштар мөлшері, гербицид түрлері, суару саны, топырақты өңдеу тәсілдері және т. б.

Көп факторлы тәжірибенің негізгі мақсаты жеке себепшарттар арасындағы ішкі байланысты анықтау. Сондықтан тәжірибе бағдарламасын құрастырғанда жан-жақты қарастырылуы тиіс.

Жүргізілетін орны мен қойылған мақсаттарына қарай егістік тәжірибелер тұрақты (стационарлық) және шаруашылық жағдайында жүргізілетін тәжірибелер болып бөлінеді.

Slide 3

Тұрақты тәжірибелер

Тұрақты тәжірибелерді ғылыми мекемелер (тәжірибе стансалары, ғылыми-зерттеу институттары) мен жоғары оқу орындары егін алқаптарында арнайы дайындалған жер телімдерінде жүргізеді. Бұл тәжірибелердің басты мақсаты - қолданылатын агротехникалық шаралардың (тыңайтқыштардың, пестицидтердің т. б. ) ауыл шаруашылық дақылдардан алынатын өнім мен оның сапасына әсерін салыстырмалы түрде анықтау. Себепшарттар мен тәсілдердің әсерлерін тереңірек анықтау үшін қосымша бақылаулар және зертханалық талдаулар жүргізіледі. Мұндай тәжірибелер өсімдіктер мен зерттелінетін себепшарттар арасындағы байланыстарды және үдерістердің әсерінің заңдылықтарын анықтау үшін жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайларындағы тәжірибелер тікелей ұжымдардың егіс алқаптарында жүргізіледі. Ол үшін арнайы танап немесе ауыспалы егіс бөлінеді. Мұндай тәжірибелердің мақсаты - тұрақты тәжірибеден алынған нәтижелерді тексеру.

Slide 4

Негізгі және уақытша

Тұрақты тәжірибелер зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес негізгі және уақытша деп бөлінеді. Негізгі тәжірибелер мұқият сарапталып, бағдарламаға сәйкес жүргізіледі және жүргізу әдістемелеріне катаң талап қойылады.

Уақытша тұрақты тәжірибелер қосымша мәліметтер жинау үшін ауыспалы егістен тыс, қысқа мерзімде орындалады. Қысқа мерзімде жүргізілетін тәжірибелермен, 2-3 жыл уақытта тыңайтқыш қолданудың дақыл өніміне әсерін анықтайды.

Slide 5

Біржылдық және көпжылдық

Егістік тәжірибені орындау мерзімінің ұзақтығына қарай бір жылдық және көп жылдық деп бөледі.

Бір жылдық тәжірибе 2-3 жыл зерттелінетін әдістерге баға беру үшін немесе белгілі бір тәсілдің кейінгі әсерін бақылау үшін жүргізіледі. Мысалы, күздік бидайды азотты тыңайтқышын үстеп қоректендіру, микротыңайтқыштардың судағы ерітіндісімен өсімдікті тамырдан тыс үстеп қоректендіру және т. б. Алайда ауыспалы егіс, тыңайту және өңдеу жүйесі, әктеу, гипстеу, тыңайтқышты жүйелі түрде енгізу секілді көптеген маңызды агротехникалық әдістерді анықтап жүргізу үшін бірнеше жыл немесе кем дегенде бір ауыспалы егіс айналымы қажет. Одан басқа, кей жағдайда әр жылдардағы климат жағдайларының зерттелініп жатқан әдіс тиімділігіне әсерін анықтау қажет. Мұндай жағдайларда көп жылдық тәжірибелер салынады.

Көп жылдық тәжірибелерде бір немесе жүйелі түрде жыл сайын қолданылатын тыңайтқыш әсерін көптеген дақылдарда бірнеше жыл зерттейді. Әдетте мұндай тәжірибелерді ауыспалы егістерде жүргізеді. Оларға тұрақты жер телімінде 10 жылдан 50 жылға дейін, тіпті одан да ұзақ уақыт жүргізілетін бір факторлы және көп факторлы егістік тәжірибелерін жатқызуға болады. Ұзақ мерзімді көп жылдық егіс тәжірибесінің басты мақсаты - агротехникалық тәсілдердің немесе себепшарттардың дақылдардың өнімі мен сапасына және топырақ құнарлылығына әсерін зерттеу.

Slide 6

Жағрафиялық тәжірибе

Мазмұндары, сызбалары мен әдістемелері бірдей әр түрлі топырақ-климат және шаруашылық жағдайларында қиыстырылып бір мерзімде жүргізілетін тәжірибені жағрафиялық тәжірибе деп атайды. Бұл тәжірибенің басты мақсаты - тыңайтқыш тиімділігіне табиғи жағдайлардың тигізетін әсерін анықтау.

Агрономиялық зерттеу іссанасында барлық егістік тәжірибелер зертханалық-егістік әдісінде және өндірістік жағдайындағы егістік тәжірибелерде қолданады.

Зертханалық-егістік тәжірибелерде агротехникалық шаралар (тұқым себу, тыңайтқыш енгізу, арамшөптерді отау т. б. ) қолмен атқарылады және негізгі тұрақты тәжірибемен қатар жүргізіледі және тәжірибе сұлбасы мен тақырыбына сәйкес арнайы әдістеме даярланады. Егістік-зертханалық тәжірибелер көмегімен көбінесе жаңадан шығарылған минералды тыңайтқыштардың тиімділігін бағалайды. Егістік-зертханалық тәжірибелерде мөлдек көлемі 5-20 шаршы метрден аспайды. Сонымен қатар, топырақтағы үдерістердің, тыңайтқыштардың және өсімдік ағзаларындағы физиологиялық құбылыстардың өзгеруін тереңірек зерттеуге болады.

Slide 7

Жағрафиялық тәжірибе

Өндіріс жағдайындағы егістік тәжірибелерден алған мәліметтерді енгізу, сұрыптарды сынау, тыңайтқыштар түрлері, мөлшері, әдістері мен тәсілдерін бағалау үшін салынады. Бұл тәсілдердің негізгі мақсаты - зерттелініп жатқан әдістердің, тәсілдердің агротехникалық және экономикалық тиімділігін анықтау болып саналады.

Кез келген тәжірибенің мақсаты мен міндетіне сәйкес тәжірибе сұлбасы мен бағдарламалары әр түрлі болады. Соған сәйкес тәжірибе мөлдектерінің алаңы мен пішіні, қайталаулар саны өзгеріп отырады. Алайда тәжірибеге қойылатын талаптар (типтілігі, дәлдігі, құжаттары) барлық жағдайда да сақталуы тиіс.

Slide 8

Ауыспалы егістегі орны

Тәжірибенің ауыспалы егістегі орналасуы қандай дақыл өсірілетініне байланысты анықталады. Кез келген дақыл ауыспалы егісте маңыздылығына қарай орналасады, тәжірибеде өсірілетін дақылдар да соған сәйкес орналастырылады.

Алайда дақылдан жоғары өнім алу үшін ауыспалы егістегі орнын әдейі ауыстыруға болмайды. Мысалы, сұлы немесе арпа дақылдарын сүрі танаптарынан немесе көп жылдық шөптерден кейін орналастырсақ, өнімділік жоғары болады. Солтүстік Қазақстан жағдайында жетекші дақыл ретінде жаздық бидай себіледі, сұлы мен арпа секілді жемазықтық дақылдарға алғы дақыл болып табылады. Тек ғылыми және өндірістік тәжірибелерде бұл дақылдар тұқым шаруашылығында алғы дақылдан кейін себіледі.

Ауыспалы егістегі заңдылық тәжірибелердегі кез келген дақылдарды орналастырғанда да сақталуы қажет. Алғы дақылдың тиімділігі әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан қолданылатын агротехникалық шаралар, сұрыптар, тыңайтқыш түрлері, мөлшеріне байланысты алынған жоғары көрсеткіштер басқа алғы дақылдан кейін төмен нәтиже беруі мүмкін. Шаруашылыққа ұсыныс жасалғанда ауыспалы егістегі орны және жоғары көрсеткіш берген нұсқалар көрсетілуі тиіс.

Slide 9

Тәжірибе шекаралары мен қорғаныш алқаптары.


Ұқсас жұмыстар
Органикалық ауыл шаруашылығ ының әдістері
Бақша шаруашылығында ауыспалы егістерді құрастыру
Егіс тәжірибе жүргізу әдісі және оларды орындау техникасы
Ауыспалы егісдерді жіктеу
Ауыспалы егіс
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
ШВЕД ШЫБЫНЫ
АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР БҮРГЕЛЕРІ
Егістіктегі арамшөптермен күресу шаралары
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz