Жеміс бағын жоспарлау, ұйымдастыру және отырғызу қағидалары


Slide 1

Презентация «Жеміс бағын отырғызу»

Орындаған: Сағидулла М.

Джумагулова Қ.

Бердімұратова М.

Тобы: АП-12-1к1

Қабылдаған: Түймебаева Б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Slide 2

Жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлау қағидаттары

Бақты салу барысында жіберілген кемшіліктер, әдетте, бірнеше жылдардан кейін байқалады. Олардың кері әсерін түзету немесе баяулату мүмкін болмағандықтан, бақтың мерзімінен бұрын жойылуына, олардың өнімділігінің төмендеуіне, үлкен шығындарға әкеледі және жұмсалған қаржы өтелмейді. Сондықтан өндірістік бақтарды салуды, арнаулы мекемелер (Қазақстанда-Қазбақжоба) дайындаған жоба негізінде ғана жүргізеді. Жобада өзара байланыстағы маңызды міндеттерді шешу қарастырылады: климат жағдайын талдау, топырақты зерттеу, бақ орнын таңдау, тұқымдық-сұрыптық құрамды негіздеу, жемістік және бақ қорғау ағаштарының құрылғысы, жеміс өсімдіктерін өсірудің ең жетілген технологиясын негіздеу, суландыру жүйесін жобалау және салу, жолдарды және шаруашылықішілік көлік жүйесін, инженерлік құрылғылар (газ, жарық, су, құбыр, тазалау нысандары, байланыс, т. т. ), жәшік-бөшке шаруашылығы, тоңазытқыш-тар, өндірістік және тұрмыстық бөлімдер, ағаш отырғызу және оны пайдалану есептері, жобаны толық игеру кезеңінде шаруашылықтың экономикалық тиімділігін анықтау және т. б.

Slide 3

Жеміс ағаштарын отырғызудың 5 тәсілі бар:

Slide 4

Бақ аумағын ұйымдастыру

Бақ аумағын дұрыс ұйымдастыру жерді, машиналарды, құралдарды, көліктерді, жұмысшы күшін тиімді пайдалануды қамтамасыздандыра отрып, соңында өсімдіктің және еңбек өнімділігінің артуына әкеледі.

Бақ аумағын ұйымдастыруға: орамдарға бөлу және оларда тұқымдықтар мен сұрыптарды орналастыру; жолдарға (торапты, орамаралық, орамішілік, т. т. ), суландыру жүйесіне, орман қорғайтын жолақтарға, өндірістік құрылыстарға орын бөлу; су шаюға қарсы шаралар жатады.

Жеміс бақтарының аумағын ұйымдастыруда бастаушы элемент болып орам (квартал) саналады - бақ қорғайтын жолақтармен және жолдармен шектелетін, жердің белгілі бір алаңы. Бақ орамдарын, мүмкіндігінше бірдей көлемде, негізгі жел бағытына көлденең орналастыратындай, тік бұрышты пішінде бөледі.

Қазақстанның солтүстігінде орамдар оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай бағытталуы керек. Орамның ені бақ қорғайтын жолақтың қандай қашықтыққа әсер ете алуына байланысты. Айталық, ағаштың биіктігі 10 м болғанда орамның ені 100-150 м аспауы керек. Олардың ұзындығы енінен 4-5 есе артық болуы мүмкін, ал жіңішке орамдарда бүлдірген, таңқурай, қара қарақат үшін (70-80 м) - 4-5 есе. Орамның оңтайлы алаңы 5-7 га, ал жүзімдіктер үшін - 2-3 га (В. К. Путий, 1984) . Беткейлі жерлерде орамның ұзын жағы, оған көлденең орналасады. Мұндайда құнарлы топырақтың шайылуы азаяды.

Slide 5

Тұқымдарды, сұрыптарды таңдау және бақ алабында орналастыру

Өндірістік бақтар үшін тұқымдарды және сұрыптарды таңдау республикалық тұқымдар және сұрыптар сынау комиссиясының ұсынысы бойынша жүргізіледі. Тұқымдарды және сұрыптарды таңдауға жемістік және жидектік дақылдардың жеміс салуға кірісу мерзімі және өнімнің деңгейі мен экономикалық тиімділігі, оның өңдеуге жарамдылығы, жұмыс күшіне, техникаға, суландыру суына деген қажеттілік, т. т. тәуелді. Отырғызуға өсіруге рұқсат етілген сұрыптарды ғана пайдаланады.

Қазақстанның солтүстігіне тұқымдардың мынадай арақатынасы ұсынылады (%) :

Slide 6

Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарын өнеркәсіптік бақтарда отырғызу сұлбалары

Тектер

Қатараралық, м

Бір қатардағы ара - қашықтық, м

1 га өсімдіктер саны, дана

1

2

3

4

1

2

3

4

Алма

5

3-4

500-667

Алмұрт

5

4

500

Алхоры

4

2-3

833-1250

Шие

3-4

1-1, 5

1667-

Қарақат

3

1

Қарлыға

3

1, 5

Таңқурай

2, 5-3

0, 6

5556-6667

Бүлдірген

0, 8

0, 2

62500

Үшқат

1, 5

0, 5

1

Шетен

2, 5

1, 5

2667

Шырғанақ

4

2-3

833-1250

Slide 7 Slide 8

Алаңды бақ отырғызуға бөлу

Бақты, оның жобасын бекіткеннен кейін, белгіленген жерге орналастырады. Бақ салуға таңдалып алынған жерді орамдарға (кварталдарға) бөледі, суландыру жүйелерін, жол торабын жүргізеді, бақ қорғағыш жолақтарды салады. Бақтың көлемі үлкен болса бұл жұмыстарды геодезиялық аспаптардың (теодолит, эккер) көмегімен атқарады, жерөлшегіш таспаларды, қадаларды пайдаланады.

Орамішілік бөлулерді, яғни ағаштардың отырғызылатын орындарын белгілеуді қолмен немесе механизм күшімен жүзеге асырады. Қолмен бөлгенде алдын ала белгі қойылған жіптерді, сымдарды, сондай-ақ өлшегіш таспаларды қолданады немесе көздеу әдісімен орындайды (17 - А, Б, В - суреттері) .

Slide 9

Екпе көшеттерді отырғызуға дайындау

Отырғызуға жақсы дамыған тамыр жүйесі бар және топырақ үстілік бөлігі зақымданбаған екпе көшеттер жарамды. Шіріген, жаншылған тамырлардың барлығы зақымданбаған бөлігіне дейін өткір қайшымен немесе өткір пышақпен кесіледі. Кесік тегіс, көлемі кішкентай және тамыр жүйесінің ішіне қарай бағытталуы тиіс. Егер тамырда шор не беріш (каллюс) болса, кесуді жаңғыртудың қажеті болмайды.

Қабықта механикалық зақым немесе шірігендей болса, ондайда сол орын жарақаттанбаған ұлпаға дейін тазаланады да, бақ нұмы, петролатум, тіпті болмағанда саз жағылады және синтетикалық жарғақпен немесе кенеппен оралады.

Тамырды құрғаудан қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Отырғызар алдында тамыр жүйесін арнаулы дайындалған топырақ быламығына батырып алады. Екпелерді отырғызу шұңқырларына бөлгенде, құрғамау үшін шұңқырларға көме тұрады. Егер отырғызылатын екпелер біраз уақыт ашық қалып, құрғағандай болса, олардың тургорын қалпына келтіру үшін, бір-екі тәулік суға салып қояды. Жақсы көндігуі және тамыры пәрменді өсу үшін суға өсу үдеткішін (0, 1 % гетероауксин ерітіндісі) қосу керек.

Slide 10

Отырғызғаннан кейін күтіп-баптау

Отырғызғаннан кейін екпелерді түзету (көлбеуленгенін тіктеу, топырақты тығыздау), шұқанақтар жасау, суландыру, қадаға байлау, бұтақтарды біріне-бірін бағыңқылау үшін шырпу, екпелерді кеміргіштерден қыста қорғау (бірнеше жылға жарайтын ұялы полимерлі торларды қолдану) жұмыстарын мұқият жүргізеді.


Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқу-тәжірибе телімдерінде алма бақтарын жобалау және отырғызу қағидалары
Басқару функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау
Төтенше жағдайлардағы эвакуация және бытыраңқы орналастыру: жоспарлау мен ұйымдастыру
Педагогикалық менеджменттің функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Мектептегі бастауыш сынып әдістемелік бірлестігін жоспарлау мен ұйымдастыру
Педагогикалық менеджменттің негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау
Педагогикалық менеджменттің басқару функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау
Денсаулықты нығайту мен алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру, жоспарлау және бағалау
Жүзімді көбеюдің биологиялық негіздері және отырғызу материалдарының сапасына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz