Жеміс ағаштарының жемістеріне климаттық әсерлер




Презентация қосу
Презентация
«Жеміс ағаштарының жемістеріне
климаттық әсерлер»

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Жеміс ағаштары
Ағаштардың жеміс беруі әр түрлі жаста болады
және жалғыз немесе топталып өсуіне байланысты,
ағаш және бұта түрлерінің жеміс беруі
биологиялық ерекшеліктерге (жасы, генотип) және
өсетін жерінің экологиялық жағдайларына қарай.
Орнықты жеміс беру үшін өсімдік бастапқы даму
кезеңін өту керек, ол уақытта вегетативтік және
генеративтік органдардың белсенді дамуы
байқалады, сыртқы ортаның жайлы болуына
байланысты.
Бірінші жылдары, өсімдік генеративтік кезеңге
кіргенде, дәндер саны көп болмайды, ал сапасы
орнықты жеміс беруімен жақсарады. Жасы үлкейе
өнім де көбейеді, ол ағаштардың тек
физиологиялық жағдайымен байланысты емес,
сонымен қатар бөрікбасының үлкейуі және жеміс
беретін бұталардың молайуы мен байланысты.
Егер өсетін жағдайлар нашар болса,
репродукциялық мүмкіншілігі төмендейді. Өспей
қалған ағаштардың көлемдері төмендеп, бүрі мен
дәндердің массасы азаяды, егістік сапалары
төмендейді.Жас ағаштарға қарағанда, ескі
ағаштардың тұқымы нашар дамиды.
Атмосфералық құбылыс әсері

Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. үсік көктемнің аяқ
кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық
ауа массасының енуіне байланысты болатын күбылыс. Ауаның
температурасы қысқа мерзімде 0°С-тан төмендеп, топырақ беті тоңазып
кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін
егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек
жұмсалады. Үсік тің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік
және орталық бөліктері. Мұнда көктемгі үсік ке шалдығу ықтималдығы
(қарақұмық, жүгері, бидай, кияр, алмұрт, т.б. үшін) он жылдың ішінде 5
жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа жеміс тұқымдары
үшін) 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар.
Дәндердің пісу кезеңдері
және пісу белгілері
Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде болады. Ол түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, климаттық
және ауа-райы жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайларда дәндер біріншіден физиологиялық есейеді,
сосын өнім беру мүмкіндігі болады.
Дәндер физиологиялық есейгенде ұрық өнуге дайын, бірақ та дәндер ағашта болғандықтан дамуын
жалғастырады. Өнімділік пісуі болғанда дәндерде қоректік заттар жиналу тоқтайды, өмір сүрудің
биологиялық процестері саябырлайды, дәндер тыныштыққа кетеді, сыртқы қабықтары қатайып, су және
ауа өтуі саябырлайды, ылғалдылығы төмендейді, ал қолайсыз жағдайларды бастан кешу жоғарылайды.
Морфологиялық өзгерістер (бояу) дәндердің есейу көрсеткіші және жинау уақытының белгісі . Бүрілер,
жемістер әлде дәндердің өнімі піскенде, олар біраз уақыт ағашта болады (қарағай, шырша т.б.) немесе
жерге түседі (қайың, терек, емен т.б.).
Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы
ортаның жағдайлары
Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы ортаның
жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-райы,
экология. Экологиялық жағдайлар күрделі
жағдайлардан тұрады, біріншіден – жарық
түсу, температура, ауа ылғалдылығы,
топырақ құнары, топырақтың микроклимат
ерекшелігі.
Ауа температурасы - болашақ өнімге көп
әсер ететін климаттық және ауа райы
жағдайы. Температура жеміс беруге
солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал
оңтүстікте көктемгі кеш түскен үсіктер
қауіпті, өйткені ол ағаш өсімдіктерінің
гүлдену уақытында келуі мүмкін.
Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы
жазғы температуралармен бітік байланысты.
Ол байланыс әсіресе, шыршада байқалады,
ол солтүстік және оңтүстікке жайылған.
Ауа ылғалдылығының әсері

Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Мысалы, ылғалды, жаңбырлы
ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен ылғалдылық және
жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс байлануға оңтайлық жасайды.
Күзгі ерте үсік, жазғы төмен температура өсімдік бүршігінің пісуін
саябырлатады.
Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің белсенділігі
төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп түрлерде олар солып
түсіп қалады, кейбіреулерінде дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе
ұрықсыз дәндер пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған
ағаштарда бос дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік
бүршіктер дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға
мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бөлек тұрған ағаштар жемісті
болады, өйткені олардың бөрікбасы өте жақсы жарықтанады.
Жарықтандырылу
Жарықтандырылу - негізгі, әлде
гүлдеудің және дәндердің пісуінің ең
басты жағдайларының біреуі.
Ағаштың орынды жарық алуы ондағы
дәндерде керек қоректік заттардың көп
жиналуына әсер етеді. Ол заттар
өнгіштігін көбейтеді. Жақсы
жарықтандырылған ағаштардың
қоректену көлемі көбейеді, топырақ
микроклиматы жақсарады, өйткені
топырақтың жылынуы жақсарады.
Ағаштардың жеміс беруіне энтомо-
фитозиянкестерімен зақымдануы,
антропогендік әсер және т.б.
жағдайлар әсер етеді.
Әр ағаштың өнім қалыптасуға әсері бірдей емес, ең
көп беретін ағаштар Крафттың өсу класы бойынша І
және ІІ класс ағаштары. Өнім ағаштың діңімен,
биіктігі және бөрікбасымен, тіктігімен байланысты.
Жоғары класты ағаштар әрқашан ірі бүрілі және дәнді
болады, ал сапасы да жоғары болады.
Отырғылардағы ағаштар тек өніммен әр түрлі емес, ал
бүрі мен дәндерінің биологиялық - морфологиялық
белгілерімен әр түрлі. Ол белгілер ортадағы
жағдайлармен байланысты.
Орман құрастыратын ағаштар негізінде ұялас
өсімдіктер, бірақ та кейбір түрлері физиологиялық
аналық немесе аталық болады. Аналық жолмен
дамыған ағаштар өнімді көп береді.
Алматы қаласында кәдімгі шағанның екі түрлі
бұталары бар дарағы табылған, біреуі аталық
жолымен, ал екіншісі аналық жолымен дамып көп
тұқым өнімін беретін.
Бір түр ағаштарының әр түрлі кезеңдік дамуымен
жүруі мүмкін, олардың генеративтік бүршіктері өсуі,
гүлдеуі және дәндер пісуі әр түрлі метео жағдайларда
болғандықтан, дән өнімі де құбылады.
Көп қатар жеміс беретін ағаштар поликарпиктер, ал
жеміс беру мүмкіншілігі - репродуктивтік қасиет деп
аталады.
Жеміс беру кезеңділігі
Қылқан жапырақтылар түрлерінің және ағаштар мен бұталардың тұқымдарын дайындау
тәжірибесі және көпжылдық ғылыми байқаулар бір түрдің және орманның өнімділігі әр 0түрлі
болатынын көрсетті. Мол өнімділік жыл, орта және нашар жеміс өнімі жылдарымен аралас
болады. Ол құбылыс жеміс беру кезеңділігі деп аталады.
Жеміс беру кезеңділігі - ол биологиялық ерекшелік, өнім мол болғанда пластикалық заттарының
қоры молынан жұмсалуымен байланысты. Сондықтан келесі жылдары мол өнім болу үшін, гүл
бүршіктерімен қатар заттар қоры да мол болу керек.
Жеміс берудің қарқындылығы
Жеміс берудің қарқындылығы аудандарға байланысты. Жалпы заңдылық байқалған,
орман бітіміндегі ірі ағаштар өнімді болады. Өнімділікке бітімнің толықтығы да әсер
етеді, төмен және жоғары толық бітімді ормандар орта бітімдіден өнім аз береді.
Сонымен, дәндердің өнімділігіне сыртқы жағдайлармен әсер етуге болады. Ол
тәсілдер, бітімдерді сирету, ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру, аяздардан қорғау,
минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолдану.

Ұқсас жұмыстар
Жеміс дақылдарының бактериалды күйігі
ЖИДЕК, ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ
Емен жеміс жемірінің биологиясы мен ерекшеліктері
Ботаникалық бақ туралы мәліметтер жинау
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Жеміс жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Сүректi жылулық өңдеу
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері
МЕКТЕП ОҚУ ТЕЛІМДЕРІНДЕ АЛМА БАҒЫН ӨСІРУ
Пәндер