Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен күресу
Презентация қосу
Презентация
«Жеміс-жидек дақылдарының
зиянкестерімен күресу»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Жеміс дақылдары
• Жеміс дақылдары — жемісі, жидегі, жаңғағы үшін қолдан өсірілетін
өсімдіктер тобы. 32 ботаникалық тұқымдастан 200-ге жуық жеміс
дақылдар белгілі. Олар биологиялық (ботаникалық тегі) формалары
жағынан мынадай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт,
қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.),
жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.).
Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай
шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік,
шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай,
бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.),
шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар,
інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді.
Жеміс дақылдары әр түрлі ботаникалық тұқымдасқа жатады.
Қазақстанда жеміс дақылдарының 95%-ін раушан гүлділер тұқымдасы
құрайды. Еліміздің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жеміс
дақылдарынан алма, алмұрт, жүзім, шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.
өсіріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда қарақат, тұшала,
долана, т.б. өседі.
Жеміс-жидек
зиянкестері
• Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары — бүрге шіркейі,
Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр т.б.
• Шие бізтұмсығы.Қазақстанның барлық аймақтарында
таралған.Қоңыздар бүршіктнрмен, жапырақтармен гүл түйнегімен
және піспеген жемістермен қоректенеді.
Алма кенесі
• Алма кенесі - тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес
ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт
ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің
аналығы ағаш қабығының астында қыстайды.
Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып
келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған
жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет
ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған
соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағы байқалған
жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени
өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене.
Мөлшері 0,2-1,0 миллиметрден аспайтын кішкене
кенелердің тұтқы аяқтарында өрмек бездері
болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана
өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер
өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан
өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген
өсімдік солады. ұрықтанған аналық кенелер
қыркүйек - қараша айларында қыстамаға жатады.
Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда
қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері
сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
Бізтұмсықтарға қарсы күрес
шаралары
• Қара күзде немесе ерте көктемде қатараралық, дің айналасының топырағы
өңделеді.Жерге түскен жапырақ-тар, сидамен өліп қалған қабықтары және
қаңқа бұтақтар жиналып өртеледі.Көктемде ертеңгілік қоңыздар көп
қозғалмайтындықтан, олар қонақтайтын ағаштарды сілкіп шайқау керек.
Қоңыздар қыстап шығатын жерлерінен шыға бастаған кезде, бүршіктердің
алғашқы гүл шоғырлары ашылмай тұрғанда карбофостың 1-3л/га 50%
концентрациялы эмульсия (К.Э)үш хлорметафостың 3-1.2л/га 20%, 40% және
50% концентрациялы эмульсиясы, метафостың 30% ылғалданған ұнтағы
(1,5-3л немесе 0,75- 1,5л/ганемесе 1,3 кг/га) шашылады.
Калифорниялық қалқанпіалы
сымыр
• Калифорниялық қалқанпіалы сымыр —
Guadraspi-diotus perniciosus Comst. Тең
қанаттыйар (Homoptera) отрядының жалған
сымырлар (Coccidae) тұқымдасына жатады.
Қауіпті зиянкес, ішкі карантин нысаны болып
есептелінеді. Ңазақстанда оңтүстік,
оңтүстік-шығыс аймақтарда таралған.
• Зиянкестің ұрғашысының ұзындығы - 1,3 мм,
ли-мондай сары түсті, денесі дөңгелек
болады, яғни қанаты және көзі
редукцияланған, бір жерде қозғалмай
тіршілік етеді, қалқаніпасының орта бөлімі
дөңестеу, түсі бозғылттау қоңыр, диаметрі 2
мм-ге жетеді. Еркектері бірнеше сағат қана
өмір сүреді, түсі қызғылт сары, кеу-десінде
көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз
мүшелері редуцияланған, бір жұп қанаты, 3
жұп аяқтары, ұзын мұртшалары болады,
денесінің ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге,
қалқаншасының ұзындығы 1 мм-гежетеді.
• Дернәсілдерінің денесі сопақша, түсі
сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы бар,
көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы
болады.
Жасыл цикада
• Жасыл цикада — Cicadella viridis L. Тең қанаттылар (Homoptera)
отрядының цикадалар (Cicadellidae) тұқымдасына жатады. Алматы,
Жамбыл облыстарында жеміс ағаштарын қатты задымдайды.
• Алма күйе көбелегі — Yyponomeuta malinellus Zell.
• Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының күйе кебелектер
(Yyponomeutidae) тұқымдасына жатады. Солтүстік облыстардан басқа
аймақтардың барлығында, әсіресе республиканың оңтүстік-
шығысында, оңтүстік таулы аудандарында жене Батыс Қазақстан
облысында қатты зиян келтіреді. Кебелектің алдыңғы данаттарының
үстіңгі беті күмістей ақ түсті жене онда үш қатар болып орналасқан
қара нүктелер болады. Артқы қанаттары күл түстес, жиектеріндегі
шашақтары ақшыл. Қанаттарының өрісі - 8-20 мм.
Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм-ге жетеді, түсі сарғылттау бас
бөлімі қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер болады және олар
екі қатар орналасқан. Пілләсінің түсі ақ , ал оның ішіндегі қуыршағы
күңгірт сары түсті болады (3.33-сурет).
•
Алма күйе көбелегі
• Алма күйе көбелегі оқтын-оқтын жаппай
көбейіп тұрады. Мысалы 2000, 2001, 2002
жылдары күйе көбелектің көбөюі Сарқант,
Үйгентас аудандарында (Алматы облысы)
байқалды. Осындай жаппай көбейген
жылдары олардың жұлдызқұрттары таулы
және тау бөктерлеріндегі аймақтарда
мәдени және жабайы өсетін алма
ағаштарының жапырақтарын жеп орасан
көп зиян келтіреді. Қатты зақымдалған
ағаіптардың жеміс түйіндері төгіліп қалады
да, өздері өрт шалғандай болып көрінеді.
Жаз ортасында ондай ағаштарда қайтадан
жаңа жапырақтар пайда болады, бірақ олар
келесі жылы жеміс бермейді немесе өте аз
береді.
• Алма күйесінің сан мөлшерін реттеупіі
әсерлердің ішінде тоғышар тіршілік ететін
жарғақ қанаттылардың, өсіресе агениаспис
деп аталатын тоғышар бунақдененің
маңызы өте зор. 2001 жылы осы тоғышар
күйе көбелегінің жұлдызқұрттарын
зақымдауы 20-30 пайызға, кейбір ошақтарда
90 пайызға дейін жетті (мысалы, Сарқант
орман шаруашылығында).
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
• 1.Қ. Аюпов Қ .Жеміс және жидек
шаруашылығы.-Алматы:Қайнар, 1993.
• 2.Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола, 1993.
• 3.Н.И.Можаев., Аринов К.К.., и
др.Растениеводство.-Ақмола, 1993.
• 4.Т.Саудабаев, А.Қадырғалиев, Л.
Шаддыбаев. Жармалық дақылдар.-
Алматы: Қайнар, 1985.
• 5.Сулейменов И. С. Культура пшеницы в
Казахстане.-Алма-Ата: Наука, 1973.
• 6.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев,
М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов.
Агрономия негіздері.-Астана.2007.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz