Жер асты су кен орындары: түрлері, сипаттамасы және Оңтүстік Қазақстан мысалдары


Slide 1

Жер асты су кен орындары

Орындаған: Аметов М. Ж.

Тобы: АП-11-4к2

Қабылдаған: Спабекова Г.

Презентация

Slide 2

Жер асты суының кен орны

Жер асты суының кен орны - жауын-шашынның, өзен суларының Жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т. б. болып бөлінеді.

Slide 3

Ащысай жер асты су кен орны

Ащысай жер асты су кен орны Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ-нан солт. -шығысқа қарай 24 км жерде орналасқан. Полиметалл кендеріне жатады. Кен орны ежелгі заманнан белгілі. 1866 ж. орыс табиғат зерттеушісі Н. А. Северцов сипаттаған. 1868 ж. орыс көпесі И. Первушин Қаратау аймағындағы басқа кендермен бірге Ащысай кенін де қазақтардан 1200 сом ақшаға сатып алған. Ал орыстың басқа бір көпесі Иванов 9 жыл аралығында (1883 - 86 және 1895 - 99 ж. ) Ащысай кенінен 357 т таза қорғасын өндірген. Бұл кен орны 1934 ж. Шымкент қорғасын з-тын салуға негіз болды.

Slide 4

Балықты жер асты су кені

Балықты жер асты су кені, ОҚО облысының оңтүстігінде, Тобыл өзенінің сағасында орналасқан. 1972 жылы барланып, 1986 жылы іске қосылған. Су қоры тәулігіне 3550 м3. Жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады.

Slide 5

Жамбыл жер асты су кені

Жамбыл жер асты су кені, . 1967 ж. барланып, сол жылы ОҚО облысында ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды. Кен орны аллювийлі шөгінділермен ұштасқан. Сонымен қатар бұл аймақта бақша өсіруге арналған суландырылатын жерлер де орналасқан. Тәуліктік су қорының мөлшері 1700 м3. Жамбыл ауылы Қаратомар су құбырына қосылғаннан кейін ЖАМБЫЛ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІнің жұмысы тоқтатылды.

Slide 6

Термальді су кен орындары

Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 - 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл Жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды.

Slide 7

Назар

айдарғандырыңыз

үшін

РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Гидрогеология және табиғаттағы су айналымы: жер асты сулары мен өсімдіктердің рөлі
Қазақстандағы жер асты сулары: түрлері, қорлары және қорғау мәселелері
Қазақстанның пайдалы қазбалары: түрлері, қорлары және ірі кен орындары
Қазақстандағы мұнай, газ және көмір кен орындары: географиясы және ресурстық сипаттамасы
Қазақстандағы көмірсутектер: кен орындары, өндіру және пайдалану
Қазақстанның пайдалы қазбалары: қорлары, кен орындары және әлемдегі орны
Мониторинг пен болжаудың түрлері мен классификациясы және мұнай кен орындары мен құбырлардағы аварияларды мониторингі
Қазақстандағы көмір кен орындары: қорлар, алаптар, өндіріс және қауіпсіздік
Қазақстанның минералдық ресурстары: қорлары, негізгі кен орындары мен өндірістік әлеуеті
Автотрофты және гетеротрофты қоректену: түрлері, сипаттамасы мен мысалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz