ЖИДЕК, ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«ЖИДЕК, ЖҮЗІМ
АУРУЛАРЫ»
КІРІСПЕ
Жидек дақылдары — шырынды жидегі бар көп жылдық бұталар, жартылай
бұталар және шөптесін өсімдіктер тобы. Жидек дақылдарына бүлдірген,
қарақат, таңқурай, тұшала, мүкжидек, көкжидек, шырғанақ, қожақат (қара
бүлдірген), т.б. жатады. Жабайы өсетін Жидек дақылдарынан қызылжидек,
мүкжидек, қаражидектердің де маңызы зор. Жидек дақылдарының жемісінде
органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар
болады. Кейбір Жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара
жемісті шетен) дәрілік қасиеттері бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын
жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-
төртінші жылдары). Жидек дақылдары әр түрлі топырақ-климат жағдайларына
жеңіл бейімделеді. Оларды вегетативтік жолмен көбейтеді. Қазақстанда Жидек
дақылдарының көпшілігі қолдан өсіріледі.
Жидек— бұта немесе шөптесін өсімдіктердің көп тұқымды шырынды жемісі.
Құрамында органикалық қышқылдар, қанттар, минералдық заттар, витаминдер
және хош иісті зат тектер бар. Жидек — витаминге бай, емдік және диеталық
қасиеттері бар тағам. Табиғи, тоңазытылған, кептірілген, өңделген (тосап,
джем, мармелад, пастила, шырын, шырынсу, шарап және т.б.) күйінде
пайдаланылады.
ЖЕМІС АҒАШТАРЫНЫҢ
ҚАУІПТІ АУРУЫ
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметі бойынша Алматы
облысында өте қауіпті жеміс ағаштарының бактериялы күйігі-Erwinia amylovora анықталып отыр.Бүл
аурумен көршілес Қырғызстан Республикасының да жеміс ағаштары залалданғаны туралы мәлімет
бар.
Осыған байланысты биыл облыс аумағы бойынша әдістемелік болжамдау орталығының жоспардағы
зерттеу көлемін ұлғайту және қосымша мобильдік зерттеу тобын құра отырып толыққанды анықтау
жұмыстрын жүргізу жоспарланып отыр.
Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі раушангүлдер тұқымдасына жататын жабайы және мәдени
жеміс-жидек ағаштарының аса қауіпті инфекциялы ауруы қатарына жатады және көшеттер арқылы
өте тез таралады.Қатты залалданған жеміс-жидек ағаштарын ешқандай жолмен емдеу мүмкін
емес,сондықтан бүкіл жеміс-жидек бауын тамырымен жұлып,өртеу арқылы ғана жою жұмыстары
жүргізіледі.Осыған орай,аудан аумағында барлық жеміс-жидек бауларының иелеріне ерте
көктемнен бастап кемінде екі-үш рет бордосс сұйығымен(бордосская жидкость) профилактикалық
өндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
ЖЕМІС ШІРІГІ
Жеміс шірігі, монилиоз — жеміс ағаштарының ауруы. Бұл ауруды Monіlіa туысына
жататын саңырауқұлақтар тудырады. Ауру жемістің солуымен, шіруімен сипатталады.
Алма мен алмұрттың жеміс шірігін Monіlіa fructіgena саңырауқұлағы тудырады. Жеміс
шірігін тудыратын саңырауқұлақтар өсімдік механикалық зақымданғанда ұлпасына
өтіп дамиды. Жемісте алдымен дөңгелек, қоңырқай сұр дақтар пайда болады. Жеміс
шірігі 1 — 2 аптаның ішінде бүкіл жемісті қамтиды. Қарайған жемістер кейде ағаш
басында қалып қояды. Ауа райы ылғалды кезде ауруға шалдыққан жемісте ауру
қоздырғышының мицеллиі мен спораларынан тұратын, шеңбер бойына орналасқан
сарғылт күлгін өңез пайда болады. Бұл — монилиозды шіріктің басқа жеміс
шіріктерінен негізгі айырмашылығы. Сонымен қатар сүйек жемісті және шекілдеуік
дақылдардың жеміс шірігі кең таралған. Сүйек жемісті дақылдардың жеміс шірігі
(қоздырғышы Monіlіa cіnerea) — өрік, шабдалы, алхоры, шие, қызыл шиелердің зиянды
аурулары. Қыста сақтау кезінде алма мен алмұрт жемістері Penіcіllum саңырауқұлағы
қоздыратын ойыс шірікке жиі шалдығады. Бұл кезде жемісте кішкене дөңгелек ойыс
дақтар пайда болады. Жеміс дәмі жағымсыз болып, жеуге жарамайды. Сонымен қатар
жемістер бактериялар қоздыратын сулы шірікке шалдығады. Жеміс шіріп, қоймалжың
сұйыққа айналады. Сайда орналасқан, тығыз отырғызылған, бөрікбасы қалың бақша
ағаштары ауруға көп шалдығады. Сондықтан жеміс ағаштарын мезгілімен кесіп,
фунгицидтермен бүркіп, ауру бұтақтарын алып тастап, жемістерін зақымдамай жинау
қажет.
ЖЕМІС ШІРІГІ
ЖҮЗІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК
Жүзім (Vіtіs) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке
жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.
Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім
сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі
ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен
не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің
шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%),
органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық
заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А
(каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады.
Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан
этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады.
Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын
тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу
және вегетация) тұрады.
ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ
ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ
Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар.
Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне
адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі
кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық
аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен
ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім
шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл
түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір
мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің
пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары,
қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта
100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға
дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы
көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды.
Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі
ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1959 жылы
10 сәуірде құрылды.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
биотехнология әдістерін пайдаланып, шаруашылық тұрғысынан бағалы
сапалары мол жеміс-жидек дақылдары мен жүзім сорттарын дайындау;
жоғары сапалы вируссыз таза сұрыпты көшет өсіру технологиясын жасау, тез
жеміс беретін аласа ағашты бақтар өсіру үшін телітушілер мен сұрыптық
телітуші комбинацияларды іріктеу;
еңбек шығындарын азайтып, өнім түсімін көбейту тұрғысынан тұқымды, сүйекті
және жидекті дақылдарды өсіру технологиясын дамыту;
еңбек ресурстары көп жұмсалатын процестерді механикаландыру әдістерін
іздестіру, өсімдіктерді суғару мен қорғау технологиясы;
техногендік әрекеттерден ласталған және сортаң жерлерді суландыру
әдістерін, жеміс-жидек дақылдары мен жүзім тыңайтқыштары жүйесін, өсу
реттеуіштерін пайдалану әдістерін іздестіру;
тамақ өнімдері өндірісінің (шарап жасау, консервілеу, спирт жасау,
биотехнология және т.б.) жаңа технологиясы мен жабдықтарын жасау;
жемістер мен жүзімді ұзақ уақыт сақтау әдістері мен тәсілдерін табу мен
жетілдіру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Бактериальные болезни растений /под ред. В.И. Израильского – М.: Колос,
1979.
2. Методические указания по мониторингу численности вредителей сорных
растений и развития болезней       сельскохозяйственных культур. Фолиант,
2004-272С.
3. Власов Ю.И. Вирусные и микоплазменные болезни растений. – М.: Колос,
1992.
4. Горбуля В.С. Защита сельскохозяйственных культур от болезней
/Руководство к лабораторно-практическим занятиям.- Астана. 2007
5. Деменьтьева М.И. Фитопатология. – М.: Агропромиздат, 1985.
6. Егін шаруашылыѓы, ауыл шаруашылыњы машиналарын жасау жєне
µсімдік ќорѓау салаларына арналѓан орысша-ќазаќша сµздік /Жетекшісі Б.
Белѓара. – Астана: Елорда, 2005
7. Защита зерновых культур от вредителей, болезней и сорных растений
/под ред. Т.Н. Нурмуратова. – А.–А.: Кайнар, 1986.

Ұқсас жұмыстар
Жеміс жидектер өндірісі
Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен күресу
Жидекті жеміс
Жүзім шаруашылығы
Шырынды жеміс Құрғақ жеміс
Натурал алма шырынының құрғақ заты
Шарап алуда қолданылатын жүзім шикізатын өңдеу технологиясының негізі
Көкөністер, жеміс – жидектер және бөлме өсімдіктерін көбейтіп, өсіру
Көктемде тамақтану
Құрғақ жемістер
Пәндер