Жүзім шаруашылығы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Жүзім
шаруашылығы»
Орындаған: Нұржауова М.
Досдбекова Р.
Белгібаев Е.
Тобы: АП-12-1к1
Қабылдаған: Түймебаева Б.
Жоспар
Кіріспе
Негізгібөлім
Жүзімнің халық шаруашылығында
қолданылуы
Жүзім сорттары
Жүзім өсіру тарихы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жүзім (Vіtіs) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда
дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі
Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары
ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ,
жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен
тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза (15 –
35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С,
В1, В2, РР витаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады.
Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап
қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын
тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу
кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі
Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім
тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін
қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері – сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын
сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады.
Жүзімдіктер 40 – 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы
ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының
негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ
шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның
ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары – рислинг, ркацители, алеатико, қара пино,
саперави, Құлжа жүзімі, т.б.
Жүзімнің халық шаруашылығында
қолданылуы
Медицинада асқазан, ішек, бауыр ауруларын емдеуге, қан
аздықта, ревматизмде, полиартрит сырқатында, қан қысымын
төмендетуде жүзімді кеңінен пайдаланады. Жүзім адамның
иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады, терінің
түлеуін арттырады. Аллергия мен буындарда тұз жиналуының
алдын алуда жүзім өте шипалы. Оның құрамындағы табиғи
фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз мерзімде-ақ қайтадан
қалпына келуін қамтамасыз етеді. Жүзім шырынындағы
биофлавонойдтары арқылы С дәруменінің белсенділігін
күшейтеді. Жүзімнің қасиеті Құранда да айтылған. Себебі,
қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір
мен бұйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының
реттелуінде жұмсалатын калий жүзімде өте көп.
Жүзімде жүйке жасушалары үшін аса қажет амин
қышқылдарының 15 түрі кездеседі. Барлық тіршілік иелерінде
20 шақты амин қышқылдары бар болса, жүзімнің қаншалықты
пайдалы екенін осы деректен-ақ танып, білуге болады. Қоректің
ыдырауынан пайда болатын немесе темекі, ішімдік, лас ауа
тәрізді зиянды қалдықтар капилляр тамырлардың
қабырғаларын зақымдаса, жүзімде оған қарсы кейбір күшті
антиоксиндар бар. Ол еркін радикалдардың әсерін жояды,
төменгі тығыздықтағы зиянды липоротейндердің капилляр
тамырларда түзілуіне бөгет жасайды.
Жүзімде жүйке жасушалары үшін аса қажет
амин қышқылдарының 15 түрі кездеседі.
Барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин
қышқылдары бар болса, жүзімнің қаншалықты
пайдалы екенін осы деректен-ақ танып, білуге
болады. Қоректің ыдырауынан пайда болатын
немесе темекі, ішімдік, лас ауа тәрізді зиянды
қалдықтар капилляр тамырлардың
қабырғаларын зақымдаса, жүзімде оған қарсы
кейбір күшті антиоксиндар бар. Ол еркін
радикалдардың әсерін жояды, төменгі
тығыздықтағы зиянды липоротейндердің
капилляр тамырларда түзілуіне бөгет жасайды.
Буынға суық тигенде қара жүзімді жиі жеген
дұрыс. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау да
қасиетке ие. Онымен қан азаю сырқатын да
емдеп, қара жүзім шырынын қан бөгелуін
болдырмау үшін қолданады. Жүрек шаншып
ауырғанда да сары мейізді ет тартқыштан
өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай
қасықпен жейді.
Жүзім сорттары
Жүзім шарушылығы мейізді, киш-мишті сорттарды өсіреді; шарап, шампан, коньяк өндіретін заттарды шикізатпен
қамтамасыз ететін Жүзім шарушылығы жүзімнің шараптық сорттарын өсіреді; Жүзім шарушылығының төртінші бағыты
шырын, сусын, тосап, маринад, т.б. алкогольсіз өнімдер өндіретін консерві өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда жеміс-жүзім кеңшарлары 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары құрыла бастады. Жүзімдіктер, негізінен, Оңтүстік
Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында суармалы жерлерде орналасқан. 1941 жылы Қазақстандағы жүзімдіктер
аумағы 1850 га болса, 1980 жылы 21 мың га-ға жетті (орташа өнімд. 81,1 ц/га). Жүзім сабақтарын қысқа қарай үсіктен
сақтау үшін жылы жерлерде жабады, аязды жақтарда топыраққа көмеді; 2) жүзімнің биологиялық ерекшеліктерін
зерттеп, оны өсіру әдістерін, мол өнім алу жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Ол бірнеше салаға бөлінеді: жалпы Жүзім
шарушылығы – жүзімнің биологиясын, экологиясын және агротехникасын зерттейді; жеке Жүзім шарушылығы – әр түрлі
өндірістік бағыттағы жүзімдіктер үшін әр түрлі топырақтық-климаттық жағдайларға арнап жүзім агротехникасын,
сондай-ақ жылыжайда өсірілетін жүзім агротехникасын жасайды; ампелография жүзімнің түрлері мен сорттарын
зерттейді; жүзім селекциясы жүзімнің жаңа сорттарын шығарумен айналысады. Жүзім шарушылығы бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстарын Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жүргізеді
Жүзім өсіру тарихы
Зерттеушілердің пайымдауынша, жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған көрінеді. Көп
өсірілетін аймағы негізінен, - Кіші Азия жері. Әлемде жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездескенімен, оның 5 мыңнан
астам сорты белгілі. Оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астам түрі Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда жеміс-жүзім
кеңшарлары жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдарында құрыла бастаған-ды. Негізінен, жүзімдіктер елімізде Оңтүстік
Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының суармалы жерлерінде орналасқан.
Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін
сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның
ішінде жидектері кептірілген мейіз жасалатын сорттары-рислинг, ркацетели, алетико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі
және тағы да басқалары. Жүзімнің сорттары мен түрлері жөніндегі ғылымды-ампелография деп атайды. Қазақ жеміс-
жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында Р.Технеряднованың жетекшілігімен еліміз
дегі жүзім генефонды-ның негізін құрайтын жүзімнің 340 сорты-ның үлгілері бар ампелографиялық коллекция
жасалып, 30-ға жуық жүзімнің жаңа сорттары шығарылды.
Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды
пайдалану жоспары
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім жинау үшін тыңайтқышты тиімді қолдану маңызды рөл атқарады. Көпшілік
ауыл шаруашылығы дақылдары, әсіресе техникалық, көкөніс, өнім түзу үшін қоректік заттарды көп мөлшерде керек етеді.
Қазіргі жағдайда тыңайтқышсыз дақылдар өнімін айтарлықтай дәрежеге көтеру мүмкін емес. Сондықтан игерілген ауыспалы егісте
тыңайтқыштарды қолданудың тиімді жүйесін пайдалану дақыл түсімін аттырудың шешуші шарты болып саналады.
Жүзім дақылы бір орнында көп жыл бойы өсіріледі және оны егуге көп қаражат жұмсалады. Сондақтан жүзім ғылыми тұрғыда
дәлелденген жүйелер негізінде отырғызылуы керек.
Танапты таңдап алуда кеткен қателіктерді жөндеу кейіннен қиынға соғады. Жүзімдіктерді отырғызуға тегіс алқаптар мен аз еңкісті
көлбе беткейлер (5-60С дейінгі) болғаны дұрыс. Еңкістігі 12 градус және одан жоғары болған беткейлерде ағаштар арнайы құрылған
сатыларға егіледі. Таңдап алынған жерлердің топырағы құнарлы, ауа алмасатын, суды көп ұстайтын, сортаңданбаған әрі батпақсыз
болу керек. Жер асты суының (ыза суының) деңгейі топырақ бетінен, 1,5-2 м болуы тиіс.
Жердің рельефі мен беткейлердің экспозициясы жүзімдіктің жылылық және ылғалдылығына, өсімдіктердің өсіп-өнуіне көп әсер
етеді. Жүргізілген тәжірибелер нәтижесі көрсеткендей жүзім Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс беткейлерге егілсе,
жүзім өнімнің сапасы жоғарылайды. Солтүстік беткейлермен өзен аңғарлары жүзімдіктер үшін қолайсыз болып табылады.
Қорытынды
Көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен өндірістік сынақтардың
мәліметтерін пайдаланып курстық жұмыстың барысын талдай отырып төмендегідей
қорытындылар жасалынды:
1. Жүзім танабына тыңайтқыш енгіз жүйесін жоспарлағанда егістіктің топырақ және
агрохимиялық картасы, танаптар тарихы кітабы, көрші сорт сынау учаскелері мен ғылыми
мекемелердің эксперименттері, агрохимия қызмет орындарының ұсыныстары, нақты егін
шығымдылығы мен келешекте оны арттырудың мәліметтері, сонымен бірге
шаруашылықтың басқа да топырақ-климат және экономикалық жағдайлары ескеріледі.
2. Шаруашылықта мал басы болмағандықтан, жүзім танабына алдын ала органикалық
тыңайтқыш берілмейді. Минералды тыңайтқыштардың енгізілуі дақылдың биологиялық
қасиеттеріне тікелей байланысты, атап айтқанда қоректік заттар мен топыраққа талабы
ескеріледі.
3. Жүзім өсімдігі көпжылдық дақыл болып табылады, сондықтан алғашқы өнімді 3-4
жылы беретіндіктен өнім беру жылына дейін өсімдіктің өсіп- дамуын қолайлы жағдайда
жүргізу үшін бірінші жылы танапқа 18 кг азот, 6 кг фосфор тыңайтқышын, екінші жылғы
өсіп-даму кезеңінде 20кг азот тыңайтқышын, 10кг фосфор тыңайтқышын енгіземіз.
Үшінші жылғы өсіп-даму кезеңінде жүзім танабына 40кг азот тыңайтқышы және 52 кг
фосфор тыңайтқышын енгізу қарастырылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жаңабаев Қ.Ш. және т.б. Агрономия негіздері. Астана, 2003ж.

2. Нарциссов В. П. Научные основы систем земледелия. М., Колос, 1997.

3. Тұрғанбаев С.Ғ. Дихан серігі (Агроөнеркәсіп өндірісінің орта
буындарына арналған) . Алматы: Қайнар, 1989.-304 бет.

4. Крючев Б. Д. Практикум по растениеводству.- М.: Агропромиздат,
1988.-287с.: ил.- ( Учебники и учеб. пособие для учащихся
техникумов).

5. Бадина Г.В. и др. Основы агрономии /Г.В. Бадина, А.В. Королев,
Р.О.Королева;Под ред. Г.В. Бадина.- Л.: Агропромиздат, Ленингр. отд-
ние, 1988.-448 с.

Ұқсас жұмыстар
Жеміс жидектер өндірісі
ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ЖИДЕК, ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ
ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ МОЛ СОРТТАРЫНА СИПАТТАМА
Орталықазиялық кептіру әдісі
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Ауыл шаруашылығының даму бағыты
Омыртқалылар
Ауыл шаруашылығы
Картоп, көкөніс, жемістерд өңдеу және сақтау
Пәндер