Картоп. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Презентация Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шымкент 2013ж.

Slide 2

Картоп

Картоп шаруашылығын елімізде дамытудың маңызы зор. Өйткені бұл дақылдың халық шаруалылығында ерекше маңызды орын алады, ол екінші нан болып табылады. Ақтүйнекті қазіргі кездегі өсіру технологиясының бағыты - өнімділігі жоғары, вирустық, саңырауқұлақтық және бактериялық аурулардан сау тұқымды алып, онымен картоп өндірушілерді қамтамасыз ету.

Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек.

Бүгінгі таңда республикамызда картоптың 60 сорты аудандастырылған, оның ішінде 30 сорт (50%) Қазақстандық. Ал осы жаңа сорттардың басым бөлігі тұқым шаруашылығының жеткілікті деңгейде жолға қойылмауынан, картоп өндірушілерге жетпей отыр. Сондай-ақ, қолданыста жүрген картоп сорттарының тұқымдары негізінен төменгі репродукциялар.

КАРТОП, картофель (нем. Kartoffel ) - алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі. Отаны - Оңт. жөне Орт. Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық картоп негі-зінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд Картобы Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Ч и л и (Еуропа) Картобы климаты қолайлы елдерде өседі. Картоп Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Картоп жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнек-түзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Картоптың биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп түқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Картоп түйнегінде 23, 7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17, 5% крахмал, 0, 5% қант, 1 - 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, Вр В2, В6, РР, К витаминдері бар. Казақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. Картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері:түн көбелегі, колорадо қоңызы, т. б.

Slide 3

Азықтық құндылығы

Картоптың тағамдық сапасын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: түйнектердегі құрғақ заттардың жалпы құрамы (сонымен бирге крахмал), кант пен ақуз құрамы, С дәруменінің құрамы. Түйнектің 75% құрғақ затын крахмал құрайды. Қалған бөлігін жасуша қабырғасы мен цитоплазмасы құрамына кіретін заттар, ақуыздар, көмірсулар құрайды. Картоптың негізгі қанттары- сахароза, сонымен катар қантты редуциялаушы фруктоза мен глюкоза. Бұл заттар аз ғана мөлшерде және картоптың энергетикалық құндылығында маңызды роль ойнамайды. Картопта оған қоса аздаған пайыз мөлшерінде ақуыздық заттар, майлар, көмісулар, шамалы мөлшерде дәрумендер мен минералдар бар. Картоптың тағамдық құндылығын бағалау кезіде ақуыз бен С дәрумені маңызды заттар болып табылады. Картоптың ақуыздары (альбуминдер, глобулиндер, глютеиндер, проламиндер) сүтқоректілердің асқорыту сөлінде жылдам ыдырайды, үйлестірілген амин қышқылдық құрамы бар, лизиннің деңгейі жоғары. Жалпы құрғақ заттардың құрамы (таза салмақ % ) : 22, 0-26, 0; қант құрамы (таза салмақ % ) : декстроза 0, 03-0, 14; сахароза 0, 11-0, 62; С дәрумені - 15, 4-19, 4 мг/100 г таза салмағы; ақуыз 7, 1-14, 6 г/100 г құрғақ заты; майлар 0, 2-0, 8 г/100 г құрғақ заты; күлді заттары 2, 2-9, 5г/100 г құрғақ заттары; көмірсулар 84, 5 г/ 100 г құрғақ заттары; жұғымдылығы 350 кал/100г құрғақ заттары.

Slide 4

Картоп құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері (г/100 гр)

Slide 5

Қоршаған орта факторларының әсері

S. tuberosum түрасты tuberosum төменгі температура жағдайында жерсінбейді. Картоп түйнектері -3 °С температурада өліп қалады, -10°С температурада 5 сағат ішінде бұзылып кетеді. Сабақ жапырақтары -4°С температурада өліп қалады. Картоп топырақтың түрлі рН мәнін бойынан өткереді, топырақта ылғалдың жетіспеушілігіне сезімтал. картоптың түрлі сорттары жарық сәулесіне ұзына бойы түрлі сезімталдықпен сипатталады, бірақ та көпшілік сорттарда түйнек түзуі, ұзына бойы жарық сәулесінің түсуіне байланысты емес кезеңде жүреді. Түйнектердің түзілуіне өте төмен немесе өте жоғары түнгі температура кедергі болуы мүмкін. Насекомдар, кенелер, вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар тудыратын әлемде картоптың аурулар саны өте көп. Аурудың таралуы ауданның географиялық орналасу жағдайына және өсірілетін картоп сорттарына байланысты.

Slide 6

Картоп өсімдігінің биологиясы, таралуы және ботаникалық сипаттамасы

Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Sоlanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отырады көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегатативті түрде (түйнек, көзше және бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен-қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі-көбейтіледі. Тұқымымен көбейтілгенде картопқа кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Қартоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады.

Картопты түйнегімен көбейткенде тамыр жүйесі шашақты болады. Ол жекелеген сабақтардың тамыр жиынтығы деп есептеледі әрі бірінші және столон маңы тамырларынан тұрады. Тұқымымен көбейтілгенде кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады.

Түйнектерімен көбейтілгенде биіктігі 180-200 см жететін бірнеше қырлы сабақтардан тұратын бұта түзеді. Бұтадағы сабақ саны түйнектерде өскен көзшелер санына, түйнектің мөлшері мен өсіру тәсілдеріне тәуелді. Картоптың жапырақтары күрделі, үзік-дарақауырсынды-қиықты, бірнеше жұп бүйір бөліктері мен бөлекшелерден тұрады, сабақ бойында бұрандалы орналасқан.

Гүлдері қос жынысты, бестік типте, күрделі шиыршық гүл шоғырына жиналған. Әрбір гүл тозаңдарымен 5 аталықтан және бағана ұзындығы әртүрлі аналықтан тұрады, түстері жасыл-сарғыштаң күрең қызылға дейін. Картоптың барлық сорттары гүл тузе бермейді.

Жемісі - шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады. Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыштүсті, 1000 санының массасы 0, 3-0, 5г.

Түйнек - түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады, пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған.

Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын - төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ болуы мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі - ақ, сарғыш, сары, күлгін.

Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасында түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектіқ орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал клеткаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.

Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай картоп сорттары асхадалық, техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарына бөлінеді. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін (70-80 тәулік), ортадан ерте (80-90), орташа мерзімде (90-100), ортадан кеш (100-120) және кеш пісетін (120 тәуліктен артық) картоп сорттары ажыратылады.

Slide 7

Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұкымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі - қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күнінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режімін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады.

Мәдени сортты картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында алынады. Тағы бір айта кететін жайт, картоп жоғары иілімді (пластикалы) және өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда онда қолайлы емес табиғи жағдайларда жақсы өнім қалыптастыра алады. Тыныштық күйден өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-5С температурада өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жедел залалданады. Температура 7-8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалып өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура 16-18° деп есептеледі

Slide 8

Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетенідегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың, сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -1 -1, 5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасыда сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26-29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.

Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы ( + 10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш. Солтүстік Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 16000-ден 2600°-қа дейін өзгереді [ ] . Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.


Ұқсас жұмыстар
Картоп қатерлі ісігі
Картоп
Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы және таралуы
КАРТОП ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ КАРАНТИНДІ АУРУЛАРЫ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРІ
Питомник
Қауын дақылының маңызы, ерекшелігі
Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі Corynebacterium sepedonicum (Spiek. et Kotth.) Scapt. et Burkh
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау
АҚШ адамдар
ФИТОПАТОГЕНДЕРГЕ ТӨЗІМДІ ТРАНСГЕНДІ ӨСІМДІКТЕР АЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz