Климат және эволюция


Slide 1

Презентация «Климат және эволюция»

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Климат туралы түсінік

Климат (гр. κλίμα (klimatos) - еңкейіс белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы - климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

Slide 3

Климаттық белдемділік

Планетаның беткі жазықтығын климаттык өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге бөлу ұстанымы. Жер шарын тұтасымен орап өтетін осы белдемдердің жиектері ендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағытталған. Әрбір климаттық белдем құрамында бірнеше климаттық атыраптар оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде де қолданылады. Мысалы, таулы өңірлерге тән түрлі биіктік деңгейлерінің тек өздеріне ғана тән климаттык жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді.

Slide 4

Климаттың, мұздықтардың кезендік тербелістері

Климаттың, мұздықтардың, сушаралардың жаға сызықтарының үзақтығы мен қарқындылық дәрежесі әр түрлі - метаморфизма, яғни бірнеше немесе ондаған жылдардан (мыс., 35 жылдык Брюкнер кезеңдері) бірнеше мыңжылдықтарға дейінгі ырғақты өзгерістері. Орташа жылдық температураның, ылғалдық дәрежесінің, мұздықтар өлшемінің өзгерістерінде білінеді. Әр түрлі себептерге, негізінен жерден тыс - Күн радиациясының кезеңдік өзгерістері мен қаркындылығына, Жер орбитасы эксцентрисетінің ауытқуларына байланысты

Slide 5

Эволюция

Эволюция (лат. evolutіo - өрлеу, өркендеу), биологияда - тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.

Эволюция терминін алғаш М. Хейл қолданды (1677) . Кейін швейцарлық ғалым Ш. Бонне (1720 - 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762) . Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі - мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция) . Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, Эволюцияның қарапайым факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың Эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу) . Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім) . Кейде Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады.

Slide 6

Эволюция ұғымы, оның бағыттары

Эволюция ұғымы, оның бағыттары. Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:

1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.

2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.

3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.

4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі. Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.

Slide 7

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы. Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері (предшественник) деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы ғалымның жолы болды. Оның «Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығьш, К. Линнейді дүниежүзілік даңққа беледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудід негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді. К. Линней ағзалардың косарланған атауын - қосарлы атаутізімді ғылымға енгізді. Бұл екі сез, оның біреуі сын есім - түрді, екіншісі зат есім - туысты белгілейді. Мәселен, үлкен жолжелкен және қандауыртөріздес жолжелкен бір туысқа - жолжелкен туыстасқа жатады. Бұл дүние жүзі ғалымдарыньщ бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік берді.

Slide 8

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Биологияда XVII ғасырдын, өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тірліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы түтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі біюлогияда эволюциялың тірсініктердің басымдыығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.

Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едөуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға (жөндіктерге) бөлді. Жөндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бакалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және кантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды. Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі езгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінін, қай жаққа өзгеруі қажеттіғін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Табиғи жағдайлардың езгеруімен бірге тірі ағзалар да езгереді. Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.

Slide 9

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті селекцияда пайдалану
Жер тарихындағы жаппай жойылулар
Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет
Биологиялық эволюция түсінігі
Эволюциялық идеялардың даму тарихы
ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ
Эволюциялық ілімге кіріспе
Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы
Континентальды ауа райы
Эволюция факторлары және саналы адамның шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz