Көкөніс дақылдары. Көкөніс шаруашылығы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Презентация
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2013ж.
КІРІСПЕ
Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-
жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80
тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр,
бұрыш),жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-
жемісті өсімдіктер(сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы
егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.
Көкөніс шаруашылығы – көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын
өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік
шаруашылығынан ерекшелігі – мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған
жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық
көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған
жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді. Қорғалған жердегі көкөніс
шаруашылығының ең жетілген түрінде (мысалы, осы заманғыжылыжайларда)
өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалады және жылдың кез
келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік
береді.
АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР БҮРГЕСІ
Оңтүстік аймақта бүргенің қыстаудан шығуы егістіктің шетінде 27 наурызда
тіркелді, қоныстану тығыздығы – 0,1 дана/өсімдік. Маусым айының басында
бүргенің қоректенуі, шағылысуы және жұмыртқа салуы байқалды. Шілде
айының ортасында жас қоңыздар кездесті, саны 1 өсімдікке 5-8 дананы
құрады. Қыркүйек айының бірінші онкүндігінің басында қоңыздардың қыстау
орнына көшуі (миграциясы) тіркелді.
Солтүстік аймақта бүргелердің көкөніс дақылдарына көшуі 5-18 маусым
аралығында байқалды, саны 1-3 дана/м2 – 19 дана/м2 аралығында болды.
Шағылысуы және жұмыртқа салуы 10-18 маусымда тіркелді. Топырақта
балаңқұрттарының тууы және ұсақ тамыршалармен қоректенуі – 20-28
маусымда тіркелді. Қуыршақтануының басталуы 10-18 шілдеде анықталды.
Жаңа ұрпақ қоңыздарының шығуы 22-25 шілдеде тіркелді. Бүргелердің саны
жоғары болған жоқ. Қоректенуін аяқтаған бүргелер өсімдік қалдықтарының
астында қыстауға қалды.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ ФОМОЗЫ (ҚҰРҒАҚ
ШІРІК).
Қоздырғышы Phoma lingam Desm. (Deuteromycetes
класы, Sphaeropsidales қатары) саңырауқұлағы.
Қоздырғыш қырыққабатты, шалғамды, тарнаны,
мал азықтық шалқанды және басқа да крестгүлді
дақылдарды залалдайды.
Қоздырғыш тұқым жарнағын, жапырақтарды,
тамырды және тұқымды зақымдайды. Тұқым
жарнақтарында түссіз немесе ақшыл-сұр дақтар
пайда болады, оларда эпидермис астында
саңырауқұлақ пикнидтері дамиды. Ауру
өскіндерде қара мойнақ түрінде байқалады.
Жапырақта ортасында пикнидтері бар үлкен
(диаметрі 1-1,5 см) сұрғылт-қоңыр дақтар түзіледі.
Қаудандар мен тамырда құрғақ шірік дамиды.
Зақымданған өсімдіктер өспей, солып қалады.
Тұқымдықтарда жиектері қара ақшыл-қоңыр
дақтар қалыптасады. Зақымданған бұршаққындар
өзгеріске түседі және оларда саңырауқұлақ
пикнидтері түзілетін солғын тұқымдар
қалыптасады.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ ЖАЛҒАН
АҚ ҰНТАҒЫ (ПЕРОНОСПОРОЗ).
Қоздырғышы: Peronospora brassicae Gaеum.
(Oomycetes класы, Peronosporales қатары).
Крестгүлділер тұқымдастарына жататын
көптеген мәдени және жабайы өсімдіктердің
жапырақтары, бұршаққындары мен тұқымдары
залалданады. Аурудың алғашқы белгілері
жапырақтардың үстіңгі бетінде қисық пішінді
ашық-қоңыр дақтар түрінде байқалады.
Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық
жағдайында конидитүзгіштермен олардың
конидилерінен тұратын сұрғылт өңез дамиды.
Ауру жапырақтар сарғаяды және мезгілінен
бұрын өліп қалады. Бұршаққындарда
ылғалдылық жағдайында өңезденетін қара
түсті ойық дақтар пайда болады.
АШЫҚ ТАНАПТАҒЫ КӨКӨНІС
ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы – көкөністі танаптық жағдайларда
өсіреді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру
(мысалы, түсті капусталар), көшеттерді тығыз (мысалы, кеш пісетін капусталар
аралықтарына ерте пісетін капусталар отырғызылады) және қайта егу (мысалы,
ерте алынатын шалғам орнына аскөк отырғызылады) мен отырғызу әдісі кеңінен
қолданылады. Деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңыншы
жылдары-ақ көкөніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда, Ежелгі Грекияда және
Ежелгі Римде айналысқан.
Көкөніс шаруашылығы - көкөніс дақылдарының биологиясын, көкөніс өнімділігін
жоғарылату мен сапасын жақсартудың озық технологиясын, еңбек шығыны мен
өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессивті тәсілдерді зерттейтін
ғылым. Көкөніс өсіруші ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа, жетілген
сорттарын шығарумен де шұғылданады.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ ҚАРА
МОЙНАҒЫ
Қоздырғыштары Rhizoctonia
solani Kuhn.( Deuteromycetes
класы, Mycelia sterilia қатары),
Pythium debaryanum Hess,
(Oomycetes класы,
Peronosporales қатары), Olpidium
brassicae Wor (Chytridiomycetes
класы, Chytridiales қатары)
саңырауқұлақтары. Қара мойнақ
қырыққабаттың барлық
түрлерін, шалғамды, тарнаны,
қызанақты, қиярды,
ақсүттігенді, сәбізді,
қызылшаны және басқа да
көптеген мәдени дақылдар мен
арамшөптерді залалдайды.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ
ФУЗАРИОЗЫ.
Қоздырғышы: Fusarium oxysporum Wr. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales
қатары).
Крестгүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің өткізгіш ұлпаларын
зақымдайды. Ауру төменгі жапырақтардың торларының арасының сарғаюы түрінде
байқалады. Кейін ауру өсімдіктің жоғарғы бөліктеріне таралады да ол өліп қалады.
Жапырақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығы жақсы
көрінеді. Аурудың қоздырғыштары топырақта хламидоспоралар түрінде сақталады.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ
АЛЬТЕРНАРИОЗЫ.
Қоздырғышы: Alternaria brassicae Sacc., A.
Brassicola, A. Raphani. (Deuteromycetes класы,
Hyphomycetales қатары). Альтернариозбен
крестгүлділер, алабұта, асқабақ, алқа, бұршақ
тұқымдастарына жататын дақылдар
зақымданады.
Қырыққабаттың жапырақтарын,
бұршаққындары мен тұқымын зақымдайды.
Жапырақтарында бастапқыда сарғыш, кейін
қоңыр түсті болып келетін, қара-қоңыр өңезбен
қапталған шоғырланып орналасқан дақтар
дамиды. Дақтардың жиектері сарғыш түсті
болады. Кейін дақтардың ортаңғы бөлігі
ақшыл-қоңыр түстенеді және түсіп қалуы
мүмкін. Зақымданған тұқымнан шыққан
өскіндердің тұқым жарнақтары мен
сабақтарында көптеген қара дақтар мен
жолақтар дамиды. Мұндай өсімдіктер жиі
өледі. Бұршаққындардың сыртында қара көк
түсті дақтар түзіледі, ал жоғарғы жағы өңезбен
қапталады. Мұндай зақымданудың нәтижесінде
тұқымдар толмайды және өнгіштігі төмендейді.
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ ТҮТІКШЕ
БАКТЕРИОЗЫ.
Қоздырғышы Xanthomonas campestris Dows бактериясы. Крестгүлділердің мәдени және
жабайы түрлерін залалдайды.
Қырыққабат өсіп дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Ересек өсімдіктерде зақымдану
жапырақ шеттерінің сарғаюынан басталады да, негізгі тарамды бойлай тарайды. Сарғайған
ұлпа бойындағы тарамдар қарайып, тор түзіледі. Жапырақ сағағының кесіндісінде өткізгіш
ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Зақымданған жапырақтар қурайды, үгітіледі,
түсіп қалады, ал қаудандар ұсақ болып қалыптасады. Ауру тұқым жарнағының сарғаюы
және өлуі түрінде өскіндерде де байқалуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары тұқымда және
құрамында ауру өсімдіктердің қалдықтары бар топырақта сақталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Орамжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) –
қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние
жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрі белгілі.
Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе
жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте
жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6,
аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – бұршаққын, кейде жаңғаққа
ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының
арасында тағамдық көкөністер (капуста, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер
(қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл,
шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық
және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл,
шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына
жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”
енгізілген 15 түрі бар. Мысалы, Попов ақшешегі (Arabіs popovіі), шымыр ергеш (Stroganovіa
robusta), жіңішке пайыз (Stubendorfіa gracіlіs), тағыда басқа
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz