Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
“Көпжылдық бұршақ – астық
тұқымдастардың шөп
қоспалары”
Орындаған:Абдукаримова А.
Тобы:Ап-12-1к1.
Қабылдаған:
Алимбекова А.
Жоспар
• Кіріспе.
• Бұршақ.
• Сүрлемдік және бұршақ тұқымдас дақыл.
• Аралас егіс.
• Көп жылдық өсімдіктер.
• Көп жылдық шөптер.
• Көп жылдық шөптердің өсетін өңірі.
• Қорытынды.
• Пайдаланылған әдебиеттер.
Бұршақ.
• Бұршақ, астық тұқымдас дақылдардың көк
балаусасы бірінші дақыл гүлдей бастаған кезде
немесе жаппай гүлдегенде орылып алынады.
Сүрлемдік және бұршақ тұқымдас
дақыл
• Сүрлемдік және бұршақ
тұқымдас дақыл қоспасы
(яғни сүрлемдік жүгері
мен соя) Қазақстанның
барлық аймақтарында
егіледі. Мұнан алынған
жемшөп өнімінің
құрамындағы
қорытылатын протеин
мөлш. 30-35% артады.
Көпжылдық шөптер
және бұршақ тұқымдас
дақылдар қоспасының
түрлері (беде мен
қылтықсыз арпабас,
эспарцет пен еркек шөп
және беде, жима тарғақ,
беде мен шалғындық
бетеге т.б.) өте көп.
Аралас егіс.
• Аралас егіс — бір танапта
дақылдың екі не одан көп
түрін бір уақытта өсіру. Оның
біржылдық дақылдар қоспасы,
сүрлемдік және
бұршақ тұқымдас дақылдар
қоспасы, көпжылдық шөптер
және бұршақ тұқымдас
дақылдар қоспасы сияқты үш
түрі бар. Біржылдық дақылдар
қоспасы (судан шөбі мен сиыр
жоңышқа, арпа не сұлы мен
асбұршақ) республиканың
солт. аймағында егіледі. Мыс.,
судан шөбі таза егістігінің әр
га-нан 37 ц, оның
асбұршақпен қоспасынан 43 ц,
сиыр жоңышқа мен сұлы
қоспасынан 59 ц пішен өнімі
алынады.
Көп жылдық өсімдіктер
• Көп жылдық өсімдіктер – екі жылдан астам тіршілік ететін
өсімдіктер. Көп жылдық өсімдіктер қоңыржай аймақта көбіне
шөптесін, ал тропиктік аймақтарда, көбінесе, ағаш, бұта түрінде өседі.
Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары
(тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл
маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап,
келесі жылы қайта өседі.
Көп жылдық шөптер
• Көп жылдық шөптер – екі
жылдан артық тіршілік
ететін мал азықтық
шөптесін өсімдіктер. Көп
жылдық шөптер табиғи
шабындықтар мен
жайылымдарда өседі, әрі
екпе шөп ретінде де
өсіріледі. Қолдан өсіруге
бұршақ тұқымдасы (қызыл
бас жоңышқа, беде,
эспарцет, т.б.) мен астық
тұқымдасының (атқонақ,
еркекшөп, қылтықсыз
арпабас, т.б.) көптеген түрі
пайдаланылады.
Көп жылдық шөптердің өсетін өңірі
• Қазақстанның оңт-нде
суармалы және тәлімі
жерлерде беде көбірек
өсіріледі. Көк гүлді беде,
сарыбас беде оңт.
облыстарда көбірек, ал
будан беде Қостанай,
Ақмола, Солт. Қазақстан,
Павлодар облыстарында
өсіріледі. Жоңышқаның
екпе қызыл бас жоңышқа,
шалғындық жоңышқа,
жатаған ақбас жоңышқа
деген 3 түрі Қазақстанда
оның ішінде Алматы
облысының тау бөктеріндегі
аудандарында, Алтай
өлкесінде өсіріледі.
Қорытынды.
• Еркекшөп – қуаңшылыққа төзімді және топырақ талғамайтын
өсімдік. Екпе түрінде тарақша еркекшөп Бат. Қазақстан,
Ақтөбе, Қызылорда, Оңт. Қазақстан облыстарында, ал құм
еркекшөбі Солт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан, Алматы, Жамбыл
облыстарының тәлімі жерлерінде егіледі. Көп жылдық шөптер
өнімін молайту үшін бұршақ тұқымдас өсімдіктерге фосфор,
калий (бір га-ға 1,5 – 2 ц суперфосфат және 1 – 1,5 ц калий
тұзы), ал астық тұқымдастарға бұдан басқа азот (1,5 ц
аммиак селитрасы) тыңайтқыштары, сондай-ақ органик.
тыңайтқыштар (көң, қорда, т.б.) қолданылады. Бірақ
тыңайтқыш қолдану топырақ жағдайына, Көп жылдық
шөптерді пайдалану мақсатына байланысты болу қажет.
Астық тұқымдас Көп жылдық шөптерді пішенге масақтанған
кезде, бұршақ тұқымдастарды гүлдей бастаған кезде орады.
Жайылымда аласа өсетін шөптің биікт. 10 – 12 см-ге, биік
өсетін шөп 15 – 17 см-ге жеткенде мал жаяды. Көп жылдық
шөптер үшін ауыспалы егісте ең жақсы алғы дақыл –
тыңайтылған пар, отамалы және күздік дақылдар аңызы. Көп
жылдық шөптер ауыспалы егіс жүйесіне енгізілмесе, онда
Пайдаланылған
әдебиеттер.
• 1. Рахымбеков., Макаров В.М. Қазақстанның
Оңтүстігіндегі суармалы егіс жағдайында қонақ жүгері
өсіру.- Алматы 1996.
• 2. Можаев Н.И., Ысқақов М.Ә., Солтүстік Қазақстандағы
жем-шөп дақылдарының агротехникасы. Алматы,
«Қайнар», 1981.
• 3. Бараев А.И ., Сүлейменов М.К. т.б. Топырақты
қорғау егіншілік жүйесі. –Алматы, 1985.
• 4. Можаев Н ., Әрінов Қ.К. т.б. Өсімдік шаруашылығы.-
Ақмола, 1996.
• 5. Ж. Земледелие . Агропромиздат . 1998-2006гг.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz