Күнбағыс




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Университеті.

Агорөнеркәсіп факультеті
"Өсімдік шаруашылығы" пәнінен

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Күнбағыс

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Биологиялық сипаттамасы
Күнбағыс (лат. Helianthus - күрделі
гүлділер тұқымдасына жататын бір
жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері -
Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі
бар: жер алмұрты және бір жылдық К.
Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы
тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті,
кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м
тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ
жапырағы сабақта кезектесіп
орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді
себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше
қатарға орналасқан гүл жапырақтары
қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы
қолайсыз жағдайдан сақтайды.
Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін
жетеді. Себеті күн көзі бойымен
бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша,
онда 22 — 27% май болады.
Морфологиялық ерекшеліктері
Күнбағыс – күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен
90‑ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен
гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан-
ақ күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік басын үнемі күнге қаратып,
шығыстан батысқа дейінгі күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке
ие.
Өндіріс циклі көктемде басталып, күзде аяқталады және сорты мен
технологиясына қарай бар жоғы 100-150 күнге созылады. Бұл бастапқы өніп-
шығу кезеңінен гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді,
дәлірек айтқанда біздің климатымызға бейім өсімдік болып табылады.
Сондықтан, күнбағыс өсіру – аса қарапайым, қаржы салымын аз мөлшерде
қажет ететін, жоғары рентабельді, өзін-өзі аз уақыт ішінде ақтайтын ақша
табудың түрі.
Кұнбағыстың пістелері (дәндері) өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды
өсімдік ақуыздары, көмірсулар, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге
бай, сондықтан да магний, темір, мырыш, селенит, йод жетіспеушілігі кезінде
көкөніс дәндерінің пайдасы тиеді.
Халық шаруашылығындағы маңызы

Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының
90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі
дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын
тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада
пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий
тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал
азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22%
көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ
өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100
кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі,
1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-
нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның
солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін
саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық —
91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1
га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі
зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.;
аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б.
Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып
қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі –
оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан
кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр,
қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді.
Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал
азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді.
Бұл жағдайда оны дәні піспей тұрып көктей орады.
Күнбағыстың шығу тарихы

1 2 3

•Еуропалықтар •Қазір күнбағыс – •Солтүстік
тұңғыш рет біздегі ең кең тараған Американың
күнбағысты майлы дақыл. Әрине, үндістері күнбағыс
Американы ашқан ол өзінің жабайы жапырақтарын
кезде Мексиканың арғы тегіне аздап жануарларға
кең байтақ қана ұқсайды. арналған азық
жазықтарынан Мәдени ретінде пайдаланған,
көрген. Олар күнбағыстың себеті гүл жапырақтарынан
күнбағысты ірі. Онда 7 мыңға қайнатынды жасаған,
Еуропаға бұдан төрт тарта дән болады. онымен киім мен
жүз жыл бұрын алып Сонымен бірге теріні бояған, ал
келді. Оны «күн мәдени күнбағыстың дәндерін тамаққа
гүлі» деп атады. сабағы 4 метрге қосынды ретінде
дейін жетіп, оның қолданған немесе
жуандығы білектей май жасаған
болып өседі.
Күнбағыс сорттары
Ең көп тараған түрі – майлы күнбағыс. 
Күнбағыстың бұл түрі әлемнің барлық жерінде
өседі және күнбағыс майын өндіру үшін
пайдаланылады. Майлы күнбағыстың 4-5
метрлі толық сабақтары, кәдімгі немесе
бұтақты, бір немесе бірнеше кішкене бастары
болады; жалғыз бастыларының ені кейде
жарты метрге (әдетте – 15-20 см) дейін жетеді;
шетіндегі гүлдері сары, орта тұсы күлгін түсті
болып келеді. Күнбағыстың жемісі – сопақша,
төрт қырлы немесе бүйірінен сығымдалған
дән, ол жеміссеріктен (қабық немесе
қауыздан) және тұқым қабығымен жабылған
ақ дәннен (өзек) тұрады.
Сондай‑ақ күнбағыстың көп тараған түрінің 
бірі – біржылдық. Сабағы тығыз, биіктігі 2,5
мдейін тік өседі. Жапырақтары кезекпе кезек,
ірі, жүрек тәрізді, бұдырлы, ұзын сап бойына
орналасқан. Гүлдері сары, жоғары  ұшты,
үнемі күнге қарай бұрылып тұратын ірі себетке
жинақталған. Жемісі – жолақты немесе қара
түсті сопақша жұмыртқа тәріздес дән. Ол
ұдайы күннің  сәулесін, топырақтағы ылғал
мен құнарлы заттардың болуын қажет етеді.
Өсіру әдістемесі және технологиясы
Күнбағыс өсіру қиын емес. Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және
құнарлы топырақты ұнатады. Оның өсетін орнын күн жақсы түсетін жерден таңдау керек.
Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері –
көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір ‑мамыр айларында
тікелей ашық топыраққа 30 х 40 см тәсілі бойынша 2-3 дәннен 2-5 см. тереңдікке себеді. Тұқым
+5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75-80
күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым 3-4 жыл өнгіштікті
сақтайды. Күнбағысты 3-4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына қайта өсіруге болмайды. Оған
тағайындалған учаскені күзден бастап 20 см-ден кем болмайтындай етіп аудару керек.
Күнбағыстың күтімі өте қарапайым: қатарлар арасы арамшөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы
борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақытылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға
мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды
қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады.
Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күнбағысты басын өткір пышақпен қесу
арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген
себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы
арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қабырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы
жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді.
Бірден кептіру жақсы желдетіліп тұратын қараңғы қоймаларда жүзеге асады. Кептірілетін
орындағы температура 40-50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды.
Ауыспалы егістегі орны
Күнбағысты бір орында қайтадан орналастырып өсірсе егістік аурулар және
маманданған зиянкестермен залалданады. Өсіру аймағында бұрынғы орынға
8-10 жылдан ерте орналастырмаған абзал. Күнбағысты қант қызылшасы,
жоңышқа, судан шөбінен кейін сеппеген дүрыс, өйткені олар топырақты
қатты ылғал- сыздандырады. Асбүршақ, майбұршақ, рапстан кейін де орна-
ластырмаған абзал, олар мен күнбағыстың ортақ аурулары бар. Ең дүрысы
күнбағысты сүріден кейін өсірілген бірінші немесе екінші бидайдан кейін
орналастырып өсіргенде жақсы түқым өнімі жиналады.
Топырақ өңдеу
Қазақстанның солтүстігінде (күңгірт қара-
қоңыр топырақтарда) топырақты негізгі
өңдеуді 25-27 см. те- реңдікте жазықтілгіш-
терең қопсытқыштармен (ПГ-3-100, ПГ-3-5)
жүргізген дүрысырақ. Қара топырақтарда
алғы дақыл жиналғаннан соң жел эрозиясы
қауіпі болмағанда танапты әуелі БДТ-7 ауыр
дискілі тырмасымен өңдеп, соңынан терең
аудара жыртқан (25-27 см) жөн, бүл агрошара
атпа тамырлы агро- шөптермен ластанған
танаптарда өте тиімді. Қыста қар тоқтату да
оң нәтиже береді. Көктемде жазықтілгіш
қүралдармен өң- делген танаптарда БИГ-3,
БМШ-15 немесе БМШ-20, ал аудара
жыртылғанда - тісті тырмалармен
тырмаланады. Себу алдын- да топырақ 6-8
см. терендікте культивацияланады, бір
мезгілде тырмалау мен бұдырлы катоктармен
тығыздау іске асырылады.
Тыңайтқыштар қолдану
Күнбағыс органикалық тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді.
Оның астына күзде 40 т/га. дейін шала шіріген көң мен 60-90 кг/га.
әсер етуші зат мөлшерінде фосфор тыңайтқышын негізгі тәсілмен
топырақты аудара жырту жо- лымен енгізуге болады. Калий
тыңайтқышы 40-60 кг/га. ә.е.з. мөлшерінде тек қана құмдауыт
топырақтарға енгізіледі. Күзде тыңайтқыш енгізілмеген жағдайда
себумен бірге 10-12 см. тереңдікке және тұқым себілетін қатарлардан
10 см. қашықтықта
478 әргектарға 10-15 кг. ә.е.з. Мөлшерінде түйіршіктелген тыңайтқыш
енгізуге болады.
Тұқымды себуге дайындау. Себу жұмыстары

Кондициялы тұқым себуден 15- 20 тәулік бұрын 80 % ТМТД улы
химикатпен (2-3 кг/т), неме- се 50 % фундазолмен (3 кг/т) аурулар мен
тұқым өңезіне қарсы дәріленеді.
Күнбағыс ерте себу мерзімінің дақылы, алайда оның майлы сорттары
жылуға жоғары қажетсінуімен ерекшеленеді, сондықтан оны тұқымның
сіңіру тереңдігінде топырақ 8-10°С-ға жылынғанда себеді. Мұндай
температу- рада тұқым жаппай және тез көктейді, ал мұның өзі танапты
арамшөптерден тазартуға, өсімдіктердің біркелкі пісуіне және себеттердің
қолайлы жағдайда қалыптасуына мүмкіндік бере- ді. Сонымен Солтүстік
Қазақстанда күнбағысты майлы тұқым- ға өсіргенде оңтайлы себу мерзімі -
20-25 мамыр. Негізгі себу тәсілі пунктирлі, қатараралығы 70 см. СУПН-8,
СКП-12 дэл сепкіштерімен. Оңтайлы өсімдік жиілігінің бітіктігі жинау ал-
дында орманды-дала аймағында 40-60 мың/га, құрғақ далалы аймақта - 20-
30 мын/га, ал мұндай жиілік 6-10 кг/га. күнбағыс тұқымын сепкенде
қамтамасыз етіледі. Тұқымның сіңіру те- реңцігі 6-8 см, топырақтың беткі
қабаты кебіңкіреп кеткенде - 8-10 см-ге дейін.
Егістікті күтіп-баптау
Тазартылмаған күнбағыс
Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты
Көрсеткіш Мінездеме, норма арамшөптерге қарсы 2-4 кг/га. мөлшерінде Ге- загард, 50
Мөлдірлігі Нормаланбайды (50% прометрин), трефлан, 24 (4-10 л/га), трофи, 90 % (1,4-
Күнбағыс майға тән, 1,7 л/га) көктеуге дейін, фроньтьер оптима 72 % (1,2 л/ га),
Иісі мен дәмі бөгде иістерсіз,
дәмсіз
фроньтьер 90 % (1,4-1,7 л/га), Харнекс 90 % (2 л/га) герб-
Түс саны, йод мг, көп иңидтерінің бірімен себуге дейін және бірден топыраққа
емес сіңі- ру қажет, немесе дақылдың көктеуіне дейін, сонымен
Қышқылдық саны,
6,00 қатар егістіктің ерте кезеңінде фуроре супер 7,5 % (0,8-1,2
мгКОН/г, көп емес
л/га), флюзе- ланд супер 125 (1,0-1,2 л/га) біржылдық астық
Майсыз қоспалардың
салмақ бөлігі, %, көп 0,20 тұқымдастардың ерте кезеңінде (2-4 жапырақ).
емес Гербиңидтерді қолдану жерүсті бүріккіштерінің бірімен іске
Фосфорлық
заттардың салмақ  
асырады. Арамшөптерді кұрту және топырақты қопсыту
бөлігі, %, көп емес: үшін вегетация бойы тісті тырмалар- мен (көктегенге дейін
Стеароолеолецитинп
0,80 және көктегеннен соң) танап тырмалана- ды, қатараралық
ен санағанда
өңделеді (ол үшін жебе табанды және бритва табанды
P2O5  санағанда 0,070
құрылымдармен, сымды тырмалар және топырақсүй- гіш
Сабын  (сапалық
Нормаланбайды құрылымдар жабдықталған культиваторлар
сынама)
Дымқыл және қолданылады). Гербицид қолданған жағдайда көктеуге
ұшатын заттардың
салмақ бөлігі, %, көп
0,30 дейін тырмалау мен бір рет қатараралық культивация
емес жүргізіледі. Егістікте гербицид қолданғанбаған жағдайда
Сірінді майдың көктеуге дейін (себуден 5-6 тэулік соң) және көктегеннен
жарқылдау
температурасы, °С
225 кейін (1-3 жұп жапырақ кезеңінде) танап тыр- маланады
төмен емес және 2-3 мэрте қатараралық культивация (біріншісін 6-8
Тотық саны, белсенді см, екіншісін - 8-10 см. тереңдікте) жүргізіледі.
оттегінің ммоль/кг, 10,0
көп емес
Егінді жинау

Күнбағыстың піскен піспегенін мына
белгілері бойынша анықтайды:
себеттің астыңғы жағының сарғаюы,
тілді гүлдердің солуы мен түсуі,
шекілдеуігіндегі түқымның қатаюы,
көпшілік жапырақгарының қурап
түсуі. Күнбағыс тамырында тұрып
қалғанда шекілдеуігінің еріксіз
шашылуы мен танаптың ластануына
әкеліп соғады. Себеттерінің 85-90 %
қоңырланғанда (түқымның
ылғалдылығы 12-14 %) күнбағысты
жинай бастайды. Жиналған түқымды
бірден кептіріп, қалыпты сақтау үшін
8-10 % ылғалдылыққа жеткізген
дүрыс.
Тазартылған иіссіздендірілген Тазартылған иіссіздендірілмеген
күнбағыс (1-ші класс) күнбағыс (2-ші класс)

Көрсеткіш Мінездеме, норма Көрсеткіш Мінездеме, норма
Мөлдірлігі Мөлдір тұнбасыз Жеңіл лайлану немесе "тор"
Мөлдірлігі
жіберіледі
Иісі мен дәмі Иіссіз, дәмсіз
Күнбағыс майға тән, бөгде
Түс саны, йод мг, көп емес 10 Иісі мен дәмі
иістерсіз, дәмсіз
Қышқылдық саны, мгКОН/г, Түс саны, йод мг, көп емес 12
0,40
көп емес
Қышқылдық саны, мгКОН/г,
Майсыз қоспалардың салмақ 0,40
Жоқ көп емес
бөлігі, %, көп емес
Майсыз қоспалардың салмақ
Жоқ
Фосфорлық заттардың бөлігі, %, көп емес
салмақ бөлігі, %, көп емес: Фосфорлық заттардың салмақ
Стеароолеолецитинпен бөлігі, %, көп емес:
Жоқ
санағанда Стеароолеолецитинпен
Жоқ
P2O5 санағанда Жоқ санағанда
Сабын (сапалық сынама) Жоқ P2O5 санағанда Жоқ
Сабын (сапалық сынама) Жоқ
Дымқыл және ұшатын
заттардың салмақ бөлігі, %, 0,10 Дымқыл және ұшатын
көп емес заттардың салмақ бөлігі, %, 0,10
көп емес
Сірінді майдың жарқылдау
температурасы, °С төмен Нормаланбайды Сірінді майдың жарқылдау
емес 225
температурасы, °С төмен емес
Тотық саны, белсенді
10,0 Тотық саны, белсенді
оттегінің ммоль/кг, көп емес 10,0
оттегінің ммоль/кг, көп емес
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Интернет: iskesat.wordpress.com/kunbagys-osiru/
2. Жаршы. Издательство «Бастау» ЖШС Алматы 2008 Шілде
Ғылыми –теориялық және практикалық журнал 15-17 беттер.
3. Нұрғасенов. Т.Н.,Сүлейменова С.Е., Каракальчев А.С.,
Арыстанғұлов С.С.
Алматы, 2005 .ҚазҰА. «Агроуниверситет» баспасы, 2004 ж.
4. Байрақымов.С. Жемшөп өндіру .Оқу құралы-Алматы:\
5. Жанзақов М.М. Өсімдік шаруашылығы . Қызылорда.
6. Ж.Сейітов.,Т.Саудабаев.,Ш.Әбдірашев. Агрономия негіздері
Алматы «Ана»
7. Өсімдіктер сыр шертеді. Қ.Сыбанбеков., биология

Ұқсас жұмыстар
Күнбағыс және асқабақ дәндерінің ветеринарлық санитарлық сараптау
Майлы өсімдіктер
Күнбағыстың будандарын өндіріу тұқым сапасын анықтау және сорттары
Күнбағыс майын өсіру ерекшеліктері
Күнбағыс дақылы
Күнбағыстың қан көбелегі: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
ӨСІМДІК МАЙЛАРЫ МЕН ЖАЛПЫ МАЙЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
СҰЙЫҚ МАЙ ӨНІМІ
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
МАЙ ЖӘНЕ МАЙ ӨНІМДЕРІ
Пәндер