КҮРДЕЛІГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ



Презентация «Күрделігүлділер Тұқымдасы»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Жалпы сипаттама
Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта - шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте - шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері
Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі - гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлтежапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5 тісшесі болады. Ал жалған, тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі - айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Күрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5) А(5) Ж(2) (бақбақ гүлі) .

Таралуы
Бұл ең көп таралған және жоғарғы деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді (интенсивті) түрде форма түзу сатысында түр. Түрлері тұқымы арқылы да, вегетативтік жолмен де өте жақсы көбейеді. Бұтақтарына жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған (розетка) түзіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады - сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларыңда инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет (корзинка), сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер (корзинка) жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (метелка) түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама (обвертка) түзеді. Ораманың жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классифи-кациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады. Себеттің үстіңгі беті (ложе) жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшектөрізді; тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс.

Түрлері
Күлтежапырақшаларының қүрылысына қарай гүлдердің мынадай түрлері болады: трубка тәрізді, тілше, жалғантілше, воронка тәрізді гүлдер (235-суретті қара) . Екі еріңді гүлсерігі бар гүлдерде болады (оңтүстік америкалық түрлер) . Трубка тәрізді гүлді әдетте алғашқы (бастапқы) деп қарайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трубкаға бірігеді, үстіңгі жағынан трубка қоңырау тәрізді кеңейеді де, 5 тісшеге бөлінеді. Гүлі актиноморфты, қосжынысты, кейде дара жынысты. Гүлдің формуласы: * Са(5) - 0-рар. Со(5) А(5) 0(2) . Тілше гүлдің трубка төрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді. Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді, бірақ ол өте қысқа болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы: Т Са(5) - О-рар. Со(5) \5) С(2) .

Көбеюі
Гүл шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тек қосжынысты (трубка төрізді немесе тілше гүлдерден), қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз (трубка тәрізді және жалған тілше гүлдерден), даражынысты, бір себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себетке жиналған гүлдер бір үйлі де және екі үйлі де өсімдіктер болуы мүмкін.

Маңызы
Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор. Олардың ішіңде аса қүңды тамаққа пайдаланатын (май алынатын және көкөністік), татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, сәндік, хош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлері өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер. Тұқымдасты 21 түқымдастармағына бөледі: трубкагүлділер және тілшегүлділер.

Құрылысы
Жапырақтары әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіні әр түрлі. Ұсақ гүлдері себет гүл шоғына топтанған. Бірнеше гүлі бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Гүлі қос не дара жынысты, жыныссыз түрі де болады. Тостағаншасы жойылып кеткен немесе айдарша тәрізді. Күлтесі біріккен, осыған орай гүлі түтік тәрізді, қос ерінді. Аталығы 5, аналығы 1, жемісі тұқымша, эндоспермсіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz