Күріш
Презентация қосу
Презентация
«Күріш»
Орындаған: Султанмуратова М.
Тобы: АП-12-8к4
Қабылдаған: Толтебаева Ж.
Биологиялық сипаттамасы
Күріш(Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Күріштің
20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралияның тропиктік және
субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта
Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер Страбон, Геродот еңбектерінде бар.
Б.з.б. 1 ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты «Жібек жолы» Қазақстандағы Сырдарияның
жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласына келіп тірелетін. Ол кезде Отырар
қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер
Күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік
дақыл – екпе Күріш (satіva) – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле
және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік.
Морфологиялық ерекшеліктері
Шашақты тамыры болады (70 – 80 см
тереңдікке дейін кетеді). Осы тамырларында
ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима
дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының
іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде
паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны
сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл
Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді.
Гүлшоғыры – сыпыртқы тәрізді, масағы бір
гүлді. Гүлдері екі қабат – жоғарғы жағында
аналық, төменгі жағында аталық гүл
орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас
тозаңданады. Сортына байланысты вегетация
кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды көп қажет
етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын тұқымын
күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді,
тұқымды себу алдында кептіреді. Күрішті
кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде
(Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді.
Күріштің бірнеше орттары бар.
Таралуы
Қазақстанда көбірек таралғаны – Алакөл және
Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік
ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары
шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында
өсіріледі. Маржан сорты – Қазақ күріш
ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі
агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-
зерттеу институты) шығарған. Қызылорда
облысының күріш егісінің 65 – 70%-ын осы
сорт алады. Алтынай сорты – Қазақстан Ғылым
Академиясының Өсімдіктер физиологиясы,
генетикасы және биоинженериясы
институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы
облысында аудандастырылған, негізінен, Іле
өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі.
Күріш – негізгі азықтық дақылдардың бірі.
Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра
дайындалады, сабанынан қағаз жасалады.
Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май
алуға болады.
Тарихы
Күріш қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастаған. Ал Орта Азияда ертеде
күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер ежелгі грек географы
Страбон мен тарихшы Геродот еңбектерінде айтылған. Б.з.б. 1-ғасырда
қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы
Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар
қаласынан басып өтетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық
егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер
күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады.
Оңтүстік Қазақстан облысында
өсірілетін күріштің биологиялық
сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды
азық-түліктік дақыл – екпе күріш (Oryza satіva)
егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық
өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см
тереңд. дейін кетеді). Осы тамырларында ауа
жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды.
Сабақтың жоғары буын аралығының іші қуыс,
төменгі буын аралығының ішінде паренхималық
ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары
санына сәйкес келеді, бұл күріштің сорттық
қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры – сыпыртқы
тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат –
жоғары жағында аналық, төменгі жағында
аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде
айқас тозаңданады. Сортына байланысты
вегетациялық кезеңі 90 – 130 күн, жылуды, суды
көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 – 6 күн бұрын
тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда
жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді.
Күріш
сорттары
Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс
Азия елдерінде (Қытай, Жапония,
Вьетнам) көшеттен өсіреді.
Күріштің бірнеше сорттары бар.
Қазақстанда көбірек таралғаны –
Алакөл және Үштөбе сорттары.
Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-
зерттеу институтының ғалымдары
шығарған, негізінен Қаратал өзені
бойында өсіріледі. Маржан сортын
– Қазақ күріш ғылыми-зерттеу
институты шығарған. Алтынай
сорты – Қазақстан ҒА-ның
Өсімдіктер физиологиясы,
генетикасы және биоинженериясы
институтында шығарылған.
Қорытынды
Егістік күріш - Биіктігі 50-150 см дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік.
Сабақтары бұтақталған, жапырақтары таспа тәріздес, жасыл, қызғылт, күлгін түсті.
Гүлдері көп масақты сыпырғы гүл шоғырына жиналған.
Күріш – астық тұқымдастарының бірі, 20 – ға жуық түрі бар.
Отаны – Оңтүстік – Шығыс Азия. Қазақстанның суармалы жерлерінде өседі. Біздің
еліміздің Қызылорда облысында, Алматы облысында, Бақанаста қызыл күріш егіледі.
Гүлшоғыры сыпыртқы, аталығы -6, жемісі- дәнек.
Жылу сүйгіш өсімдік. В дәрумені, қағаз, крахмал, сприт, бұйым, қатырма қағаз. Мал азық,
азық түрінде алынады.
Күріш қазақ халқына өте ұнап, оны қайткенде де Қытайдан шығармақшы болыпты, бірақ
шашының арасына, киіміне тықса да шекарадан өткізе алмапты. Бір шаруа қайтсем де
күрішті Қытайдан алып шығамын деп ант беріпті. Сөйтіп шаруа Қытайға барып күріш
плантациясында 2 жыл жұмыс істейді. Шаруаның аяғы әбден быт – шыт болып
жарылады. Сол аяғының жарылған жеріне күрішті тығып, бетін батпақпен жауып
әкелген.
Күріштің дәндерін күзде жинап алады.
Химиялық құрамы: Дәндерінде 3-12% белок, 65-70% көмірсулар, 4-6% майлар
болады.Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады.
Назар
аударғандарыңызғ
а РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz