Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты




Презентация қосу
Презентация

«Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты»

Орындаған: Бегалиева Г.
Тобы: АП-10-7к3
Қабылдаған: Абдуллаева Г.
Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты
Қазақ Тамақ Өнеркәсібі Ғылыми-Зерттеу Институты– тамақ
өнеркәсібі үшін қажетті тиімділігі жоғары жаңа технологияларды
және қондырғыларды жасау ісінде іргелі ғыл.-зерт. жұмыстарын
жүргізетін мекеме. ҚР А. ш. мин-нің қарамағында. 1954 – 93 ж.
Қазақ мемл. тамақ өнеркәсібін жобалау ин-тының бөлімі болды.
Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты
Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-
зерттеу институты 1993 жылы 20
желтоқсанда құрылды. Институт
ғылыми қызметінің негізгі
бағыттары: тамақ өнімдерін
өндірудің жаңа технологиялық
процестерін жасау; биоқоспалармен,
диеталық және емдеу-сауықтыруға
арналған микроорганизмдермен,
ашытқылармен байытылған құнарлы
тамақ өнімдерін жасау, тамақ
өнеркәсібі жабдықтарын жасап,
жетілдіру.
Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты
Институт қызмет еткен қысқа мерзім ішінде ауқымды
жұмыстар атқарылды. Нанның бүлінуі мен сығылған
ашытқы шығынын 70%-ға дейін қысқартуды
қамтамасыз ететін құрама полиштаммды ашытқы
негізінде жасалған нан дайындау технологиясы, шағын
және орта қуатты кәсіпорындар үшін күріштен жарна
мен крахмал сірнесін өндірудің кешенді технологиясы
игеріліп, өндіріске енгізілді. Күріш ұнынан крахмал
сірнесін өндірудің технологиялық тәртібі жасалды,
сыра қайнатуға арналған арпаның қазақстандық
селекциясының перспективалы сұрыптамаларына
технологиялық баға беріліп, оларды осы салада
пайдалану бойынша нұсқаулар жасалды, қант соргосы
сабағынан спирт шикізатын алу технологиясы және
оның технол. ережелері, өндірілген бидай дәндері
негізінде диеталық тамақтануға арналған нан
тағамдарын дайындау технологиясы жасалды
Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты
дәнді дақылдар негізінде емдік-сауықтыру бағытында қолданылатын өнімдерді өндіру
технологиясы мен рецептурасы (өнген бидай, өнген сұлы және өнген «Алтын астық»
жүгерісі, ұн қоспалары, қазақстандық галеттер, диеталық қытырлақ нандар) жасалды, емдік-
сауықтыру мақсатында пайдаланылатын «Барбарис», «Облепиховый», «Солнечный»,
«Күнлік», «Морковный», «Крепыш» мармеладтары, жергілікті шикізат негізінде халваның,
нуганың әр түрін, «Дегелең» ұлттық тағамы мен «Сымбат», «Лакричный», «Сюрприз» тәтті
тоқаштарын өндіру технологиясы мен рецептурасы жасалды, сергітетін «Биоапельсин»,
«Маракуйя» сусындарын, мия тамыры экстрактін қосып «Скифское» мен қарағай экстрактін
қосып «Тянь-Шань» сыраларын дайындау технологиясы мен рецептурасы жасалды,
Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты
жүзімнен қызыл табиғи шараптар мен жеміс-
жидек негізінде қарапайым күшейтілген
шараптар алу технологиясы мен рецептурасы
жасалды, ұнтақ тәрізді тамақ өнімдері
өндірісіне арналған шағын көлемді кептіру
құралының эксперименттік үлгісі жасалды,
тамақ өнеркәсібіне арналған микроорганизм
штаммдарының коллекциясы құрылды,
«Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне
қойылатын гигиеналық талаптар» мен
«Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп
кешені жүйесінде тамақ өнімінің сапасын
бағалау тәртібі туралы нұсқаулар» және
«Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп
кешені жүйесіндегі азық-түлік өнімдері
сапасын бағалауды жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулар» жасалып бекітілді;
Қазақ тамақ өнеркәсібі
ғылыми зерттеу институты
Қазақстан Республикасындағы өнім өңдеу
өнеркәсібі мен азық-түлік өнімдерін, ауыл
шаруашылығындағы жануарлар мен құстарға
арналған жемдік қоспалар мен құрама жем
өндірісі технологиясын стандарттау жөніндегі
Техникалық к-т құрылып бекітілді. Институттың
ғылыми қуаты 40 ғылыми қызметкерден
құралады. Олардың арасында ҰҒА-ның 1
акадидат, 2 корр. мүшесі, 2 ғылыми докт., 5
ғылыми канд. бар. Институт жанында
аспирантура жұмыс істейді, онда 3 ғыл. канд.
даярланды. Институттың ғылыми
жұмыстарының нәтижелеріне 46 авторлық
куәлік берілді, 21 ұсыныстар мен 14 ғыл.
еңбектер жинағы шығарылды, 536 ғылыми
мақала жарияланды.
Назар
аударғандарыңы
зға

Ұқсас жұмыстар
Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар
Балқаш көлі
Қазақ ғылыми - зерттеу ветеринария институты ЖШС Жалпы сипаттама
АРАЛ ӨҢІРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Жезқазған қаласы
Атырау облысы
Қазақстанның тұңғыш кәсіби
Тамақтану туралы ғылымының дамуына отандық ғалымдардың рөлі
ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ИНСТИТУТЫ
Пәндер