Қарбыздың халық шаруашылығындағы маңызы, морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Қарбыздың халық шаруашылығындағы
маңызы, морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы»
Орындаған: Даулетбаева Б.
Тобы: АП-11-1к3
Қабылдаған: Есмахан Н.
Қарбыздың халық
шаруашылығындағы маңызы
• Ең алдымен қарбыздың тамаша несеп шығару құралы болып табылатынын білу қажет, яғни
ол бүйрек ауруларын емдеуде өте тиімді және ағзаны қалдықтардан тазартады. Сондай-ақ жүрек-
тамыр жүйелерінің ауруында да қарбыз таптырмас ем. Дәрумендерді қарбыздың қызыл етінен де,
қабығының астындағы ақ етінен де табуға болады. Кептірілген қарбыз қабықтарынан тоқ ішектің
жедел және созылмалы қабынулары кезінде тиімді болып табылатын тұнба дайындайды. Қарбыз
дәндерін де тастауға асықпаңыз, өйткені онда жатырдан қан кету кезінде және ішек құрттарына
қарсы өте пайдалы болып табылатын бағалы дәрумендер құрамы бар. Қан айналымы, бүйрек,
бауыр, өт және қан қысымы ауруларында қарбыздың жемісі тамаша нәтиже береді. Дәрігерлер
қарбыз маусымында өз ағзаңыз үшін жеңілдетілген қарбыз жеу күндерін өткізуге кеңес береді, ол
ағзаңызды жиналған зиянды заттардан тиімді тазартып, арықтауға да көмегін тигізеді.
Қарбыздың қызыл етінен жасалған маска бет-әлпетіңізді жақсартып, теріңізге тамаша түс пен
өмірлік күш береді.
Қарбыздың биологиялық
сипаттамасы
• Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық
өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса
асханалық қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта
Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы
облыстарында көбірек өсіріледі. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының
әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі
болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры
тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2-3
м болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл
жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және
сарғыш болады. Тағамдық қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант,
витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа
төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің
топырағында жақсы өседі. Мал азықтық қарбыздың салмағы 10-15 кг. Құрамында
2-3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі
белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа
пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649, Багаев – Мурашка 747/749; кеш
пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Халық медицинасында
қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданадықарбыздың отаны
Оңт.Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген екен. Қарбыз
сөзі парсы тілінен келген екен, парсыша харпузак — есек қияры деген мағынаны
білдіреді екен.
Қарбыздың морфологиялық
сипаттамасы
• Тамыры Қарбыздың тамыр жүйесі өте мықты, күшті дамыған, ол негізгі және өте майда
тарамдары көп жанама тамырлардың бірінші және екінші ретінен тұрады. Кейбір
жағдайларда жанама тамырлардың үшінші және төртінші реттері де болады. Негізгі тамыр
өз кезегінде төмен қарай 1 метр тереңдікке дейін барады. Жанама тамырлар негізінен 20-30
см тереңдікке барады. Қарбыздың жалпы тамыр жүйесінің жан-жаққа қарай таралғаны
топырақтың кең көлемін алады, ал олардың барлық қосындысы 60 м-ге дейін жетеді.
•
• Сабағы Қарбыздың сабағы жақсы дамыған, жайылатын, жан-жаққа таралған домалақ бес
қырлы пішінде, ұзындығы 2-4 м болады. Негізгі сабағынан бірінші реттегі жанама, ал
олардан өз кезегінде екінші реттегі сабақтар пайда болады. Кей жағдайларда үшінші және
төртінші реттегі сабақтар да болады. Сабақтардың тармақталуы моноподиялдық.
•
• Жапырағы Қарбыздың жапырағы жасыл түсті, бөбе жапырақсыз, сағақтары үзын, үш
бөлікке бөлінген, әр қайсысы майда бөліктерге бөлінген. Жас жапырақтары түкті, жұмсақ
және нәзік. Жапырақтардың орналасуы кезектелген. Жапырақтың бетінің көлемі (кей
жагдайларда бір өсімдікте 300 жапырақтан асады). Жапырақтың қуысында мұртшалары
пайда болады.
Гүлі
• Гүлі Қарбыздың гүлі әдетте бөлек жынысты болады. Бір
өсімдікте аталық және аналық гүлдер кұралады. Бірақ
көптеген сорттарында бір жынысты (гермофродитные)
және аталық гүлдер, кейбір сорттарында - аналық, бір
жынысты және аталық гүлдер болады. Әдетте аналық
гүлдер аталық гүлдерден үлкен болып келеді. Аталығы
үлкен, бестемді. Қосжынысты гүлдер аналық гүлдерге
ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы аналығы да,
аталығы да болады. Көбінше қосжынысты гүлдерде
аталығының саны едәуір көп болып келеді.
• Гүлдер таңертең ашылады және 16 сағат уақыт көлемінде
ашылып бітеді. Аталық гүлдерге қарағанда аналық және
қосжынысты гүлдер ертерек ашылады. Үрықтанбаған
аналық және қосжынысты гүлдер келесі күні де ашық
болып тұрады. Қарбыздың гүлдеуі олардың ерте пісетін
сорттарына байланысты көгін шыққаннан соң 30-50
күннен кейін гүлдеп вегетация соңына дейін жалғасады.
Аналық жэне қосжынысты гүлдер сабақтың бірінші және
екінші тәртібінде орналасады.
Жемісі
Жемісі Көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт
бітімі түрі, түсі әртүрлі және қабыгының қалыңдығы
мен құрылымы және түқымы да түрліше.
Көптеген қарбыздың жемісі домалақ, орташа диаметрі
20-25 см, ал орташа салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты
тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың
ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру әдістеріне
байланысты. Қабығы өте жұқа және өте қалың
сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың
қабығының қалындыгы 1-1,5 см болады. Жұқа
қабықты қарбыздардың қабығы 0,5 см, ал қалың
қабықты сорттары 2,5-4,0 см болады. Қалың қабықты
қарбыздар тасымалдауға төзімді болып келеді.
Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары әртүрлі
болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі
шағын элементтер, ұлпа, дәрумендер және фолий
қышқылдары бар.
Тұқымы Тұқымы жалпақ, жиекті әртүрлі түсті қара,
қоңыр, қызыл, сары және ақ болып келеді. Жасылдау
түсті шопақтары сирек кездеседі. Көлемі жағынан
олар ірі, орташа және майда болады. Тұқымның
абсолюттік салмағы 30-дан 50-граммға дейін болып
олардың өңгіштігі 4-5 жылға сақталады.
Өсімдіктердің дамуы және
жемістердің байлануы
• Қарбыз өсімдігінің дамуы үшін минималды температура 12-15°С (дүбара сұрыбына
сай). Өсімдіктің өсуіне және дамуына оптималды температура түнде15-20°С, күндіз 25-
30°С. 40°С-дан жоғары температура гүлдеуге жағымсыз әсер етеді: негізінен аталық
гүлдер гүлдейді және домалақ жемістер байланады. Жемістер 25-35°С-да шуақты
күндері жақсы байланады. Күннің ұзақтығы байлануға аз әсер етеді, дегенмен жарық күн
мерзімінің оптималды ұзақтығы 12-14 сағат
• Көктеулерді алуға минималды температура 15°С, оңтайлы - 25-30°С. Мысалы толық
көгеруді алу үшін өсімдіктерге 30°С-да 5 күн, 20°С-да 15 күн қажет. Қарбыздар үшін
талаптар тіпті жоғары: 28°С.
Ұқсас жұмыстар
Бақша дақылы асқабақ |
Қара мендуана |
Қарбыз |
Эфир майлары |
Картоп |
Жүгері, өсу аймағы, түрлері |
Шегіргүл – фиалка |
Алғы дақылдар |
Қарбыздың аурулары мен зиянкестері |
Қауын дақылының маңызы, ерекшелігі |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz