Қарбыздың ауыспалы егістегі орны




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Қарбыздың ауыспалы
егістегі орны»
Орындаған:Жүніс Қ.
Тобы: АП-12-1к3
Қабылдаған: Жумабаева Р.
Топырақ пен алғы дақыл
• Қарбыздар: жеңіл, жақсы жылынатын, жер
асты суларының терең орналасқан
ауаландырылған жерлерді қалайды.
Органикалық заттардың жоғары құрамы
өнімділік пен сапаға жақсы әсер етеді. Сонымен
қатар жеңіл құмды жерлерде, қара жерге
қарағанда пісу 1-2 аптаға бұрын болатынын
есепке алу керек. рН оптималды мөлшері – 5.5-
7.0. Ең жақсыалғы дақыл— көпжылдық шөптер,
күздік бидай, сүрлеуге жүгері, біржылдық
бұршақтылар. Алқа тұқымдасты және
асқабақтық дақылдардан соң қарбыз өсіруге
ұсынылмайды. Фузариоз және басқа да
патогендердің топырақта жиналуының алдын
алу үшін егіс айналымын сақтау керек және
қарбызды бұрынғы орнына 7-8 жылдан ерте
қайтармау керек.
Топырақты өңдеу және тыңайтқыштар

• Топырақты дайындауды алғы дақылдан соң жердегі топырақты сыдыра жыртудан
бастайды. 2 аптадан соң тыңайтқыштарды енгізу арқылы тырнауды жүргізеді. 27-30 см-ге
терең жырту тамырдың дамуына жақсы жағдай туғызады. Көктемде егіске шығудың бірінші
мүмкіндігінде жерді малалау, топырақты 10-12 см-ге қопсыту жүргізіледі, екінші рет қопсыту
егіс алдында жүргізіледі. Азоттық тыңайтқыштарды көктемде енгізген жөн. Минералдық
тыңайтқыштардың мөлшері оларға сәйкес топырақтағы қоректік элементінің болуына
қарай үйлестірілу керек. Әсіресе бұл азотқа байланысты, оның көптігінен жемістің
сақталғыштығы мен дәмдік сапасы бүлінеді. Өнімнің 40 т/га алу үшін, қарбыз топырақтан:
N - 70 кг, P2O5 - 55, K2O - 100, MgO - 30 алады. Тыңайту бағдарламасын жасау кезде жерде
элеметтердің бар болуын, және әрекеттегі заттың шайылуын, минерализация кезінде
жоғалуын есепке алу керек. Сондықтан тыңайтқыштарды енгізу кезінде (әсіресе, егер ол
тамшылық суару емес, тікелей топыраққа жасалса) келесі нормаларға түсіндірме беруге
болады: N – 100-200, P2O5 – 150-250, K2O – 150-300, MgO – 50-100. Одан басқа MgO және CaO
жапырақ арқылы немесе суарумен бірге қосымша қорек ретінде пайдаланыла алады.
Қарбыздың тікелей астына көң салуға ұсынылмайды, ол жемістің дәмдік сапасын бүлдіреді,
олардың пісуін баяулатады және ауруларға қарсы тұрушылығын төмендетеді.
Топырақтың өңделуіне қарай орташа сорланған
жерлердегі қарбыз өнімі (ҚазМШҒЗИ)

Өнімнің суды пайдалану
Өнім
өнімділігі
Топырақты өңдеу
1 м суға
ц/га % 1 т өнімге, м алынган
өнім, ц/га

Кәдуілгі 25-30 см 182 100 222 0,45

40-45 см-ге терең қопсыту 333 183 121 0,83

45 см тереңдікке сүдігер
410 224 97 1,02
жырту
Топырақтың және ауаның ылғалдылығына талабы

• Қарбыздың жапырақ бетінің ылғалды көп мөлшерде буландыратындай
үлкен көлемді болуына қарамастан, судың өсімдік ағзасында тез және
жақсы жылжуына байланысты оларға аңызақжелдер көп зиян
келтірмейді. Сонымен бір уақытта қарбыз өсімдіктері біршама ылғал
сүйгіш болып келеді. Жапыраққа ылғалдың келіп түсуіне едәуір Көрсеткіштер Егіс тізбегі, см
дәрежеде топырақ температурасы әсер етеді. Топырақ температурасы
төмендегенде оның тамыр жүйесі суды топырақтан сіңіруі әлсіз болады,
нәтижеде өсімдік ылғал жетіспеушілігінен зардап шегеді. Ауаның
жоғары температурасында және аңызақжел жағдайында
жапырақтарының көлемі үлкен болғандықтан өсімдіктер ылғал
жетіспеушілігін сезінеді және солып қалады.
• Қарбыз үшін топырақтың оңтайлы ылғалдылығы 0-70 см қабатында 1 гектардағы 1000 133
оның ылғал сыйымдылығының 75-80% шамасында ал ауаның 5660 7450
өсімдік саны 0 50
салыстырмалы ылғалдылығы - 40-60%. Топырақтың ылғалдылығы оның
ылғал сыйымдылығынан 45% төмендеп кетуі қауіпті болады. Ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы төмендеген жағдайда гүлдердің
тозаңдануы нашарлайды, өсуі баяулайды, вегетациялық кезеңі ұзарады
және өсімдіктердің өнімділігі төмендейді. Демек, бұл оңтүстік
аудандарда жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда қарбыз
өсімдіктерін өсіп дамуының кей кезендерінде суару қажет екенін Өнімділігі,
257 341 362 425
көрсетеді. Алайда ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығы да ц/га
қарбыз өсімдіктеріне кері әсерін тигізеді-олар саңырауқұлақ ауруларына
шалдығады.

Ұқсас жұмыстар
Бақша шаруашылығында ауыспалы егістерді құрастыру
Егіс тәжірибесінің түрлері
Көкөністердің ауыспалы егістік танабы мен өсіру әдістері
Бақша дақылы асқабақ
Ноқат дақылы
Ауыспалы егістік
Талшықты дақылдар
Тұқымы түкті
Қарбыздың халық шаруашылығындағы маңызы, морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000 - 5000 жылдары
Пәндер