Қарбыздың өсіп-дамуы және қарбыз сорттарының сипаттамасы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Қарбыздың өсіп-дамуы және
қарбыз сорттарының сипаттамасы»

Орындаған: Махсутова А.
Тобы: АП-12-1к3
Қабылдаған: Жумабаева Р.
Агротехникасы
•Топырақты өңдеу
•Тәжірибе алқабын сүдігер жырту Т-4 тракторында
ПЯ-3-35 соқасымен 35-38 см тереңдікте қазан айының
аяғында жүргізілді.
•Бақша өсірілген жерді сүдігер жыртуды күзде
уақытында жүргізген дұрыс. Бақша дақылдарының
мықты тамыр жүйесі терең өңделген топыракта ғана дами
алады. Сондықтан да бақша дақылдары өсірілетін
алқапты мүмкіндігінше тереңірек - 35-40 см етіп айдау
керек. Әсіресе көп уақыттан бері айдалмаған ескі
жерлерді терең жырту өнімнің артуына және едәуір ірі
жеміс алуға жағдай жасайды.
•Тыңайтқыштар енгізу жүйесі
•Тәжірибе алқаптарының барлық нұсқаларына сүдігер
жыртудан алдын қараша айында гектарына 80 келі әсерлі
зат мөлшерінде суперфосфат тыңайтқышы еңгізілді.
•Бірінші катар аралық өңдеу жұмыстары 15-сәуірде
мннералды тыңайтқыштар енгізумен бір уақытта
жүргізілді: 1-нұсқа – N15; 2-нұсқа – N20; 3-нұсқа – N25;
4-нұска – Nзо келі әсерлі зат. NH4NO3.
•Аммиак селитрасы үш кезеңге бөліп енгізілді:
•1 - 2-3 нағыз жапырақ кезеңі;
•2 - пәлек жаю кезеңі;
•3 - гүлдеу кезеңі.
Өсіру технологиясы
•Қарбыз басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары секілді
өсіп-даму барысында тамыр, сабақ, жапырақ және гүлден
құралады. Гүлден жемісі пайда болады. Қарбыздың әрбір
ағзасының өздеріне тиісті атқаратын қызметі бар.
•Қарбыздың сорттары мен будандары вегетациялық өсу
кезеңінің үзақтығына байланысты (көгін шыққаннан бастап
биологиялық піскенге дейін) беске бөлінеді: өте ертелік - (70
күнге дейін), ертелік - (70-80 күн), орташа - (81-90 күн), орташа
кештік-(91-100 күн) және кештік-(100 күннен астам). Кейбір
өсу кезеңі барысында қысқа мерзімді ылгал жетіспеушіліктің
өзі қарбыздың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Мүндай
кезендер өте қауіпті деп аталады.
•Қарбыздың өсіп дамуына ең қолайлы жағдай (10°С
жоғары), тиімді температураның қосындысы 3200-3400°С-ты
құрайды. Қарбыздың тұқымы температура 16-18°С болған
жағдайда өне бастайды, ал едәуір темендегенде өте баяу өсіп,
өнгіштігін жоғалтады, көгеріп кетеді де, өледі. Өсімдіктің
шығарған алғашқы жапырақтары әлсіз болады, олардың әрі
қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы
да төмендейді.
•Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-
25°С шамасында болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды,
өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.
Өсімдіктердің дамуы және жемістердің
байлануы
• Қарбыз өсімдігінің дамуы үшін минималды температура 12-15°С (дүбара сұрыбына
сай). Өсімдіктің өсуіне және дамуына оптималды температура түнде15-20°С, күндіз 25-
30°С. 40°С-дан жоғары температура гүлдеуге жағымсыз әсер етеді: негізінен аталық
гүлдер гүлдейді және домалақ жемістер байланады. Жемістер 25-35°С-да шуақты
күндері жақсы байланады. Күннің ұзақтығы байлануға аз әсер етеді, дегенмен жарық күн
мерзімінің оптималды ұзақтығы 12-14 сағат
• Көктеулерді алуға минималды температура 15°С, оңтайлы - 25-30°С. Мысалы толық
көгеруді алу үшін өсімдіктерге 30°С-да 5 күн, 20°С-да 15 күн қажет. Қарбыздар үшін
талаптар тіпті жоғары: 28°С.
Қарбыз сорттары
• Қарбыздың жабайы
өсетін, асханалық және
азықтық үш түрі
белгілі. Осыған орай
Қазақстанда ерте
пісетін Қырым
жеңімпазы – 395;
орташа пісетін
Княжин,
Тұтасжапырақты,
Стокс 647/649, Багаев
– Мурашка 747/749;
кеш пісетін Дилноз
сорттары кеңінен
аудандастырылған.

Ұқсас жұмыстар
Қарбыз
Қарбыздың халық шаруашылығындағы маңызы, морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы
Қарбыздың аурулары мен зиянкестері
Бақша дақылы асқабақ
Қарбыздың ауыспалы егістегі орны
Қарбыз туралы
Кинематиканың негізгі ұғымдары мен ережелері
Қарбыз бен асқабақтың антрокнозы
Бақша шаруашылығында ауыспалы егістерді құрастыру
Азық сақтаудың өндірістік сипаттамасы
Пәндер