Қауын дақылының маңызы, ерекшелігі




Презентация қосу
Презентация
«Қауын дақылының маңызы,
ерекшелігі»

Орындаған: Жұмабекова Д.
Тобы: АП-12-1к3
Қабылдаған: Жумабаева Р.
Халық
шаруашылығындағы
маңызы
• Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт
қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды. Қазақстанның
оңтстігіндегі су-армалы жерлерде гектарынан 300 – 400 ц
өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 – 7 тәулік күнге
жайып, не 4 – 6 сағат 50 – 60 0С температурада қолдан
қыздырады. Топырақ температурасы 12 – 140С-қа жеткенде
егеді. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары:
Іле, Ашық сары, Бұхара – 944, Іші қызыл – 189, Қалайсан, 1940
жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған –
әңгелек, ерте пісетін – Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін –
Колхозшы 749/753, кеш пісетін – Қара күләбі, торлама т.б.
түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту
жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты шұғылданады
Халық
шаруашылығындағы
маңызы
Қауынның халық
шаруашылығындағы маңызы
•Асханалық қауын сортын мына топтарға бөледі: адан, хандаляк, амир, кандалуп, кассаб, зард топтары.
Орта Азия республикаларында және Қазақстанда мына сорттар өсіріліп бапталады: ертепісер сорттар -
Хандаляк желтая местная, Босвалды, Бухарка 944, Заами 672 ж.т.б; жаздык сорттар -Арбакешка 1219,
Амери 696, Кочка 588, күздік -Гуляби оранжевая, Кара-пучак 3744, Кой-Баш 476, қысқы - Гуляби
зеленая, Гуляби кара 694, Гуляби-сары 497 ж.т.б. Еуропада едәуір кең тараған сорттар: ерте пісер -
Лимонно-желтая, Новинка Кубани; орташа және орташа-кешпісер - Колхозница 749/753, Колхозница 593,
Быковская 735, Украинка; кеш және орта-кешпісер сорттар - Зимовка с яблочными семенами ж.т.б
•Кавказ елдерінде негізінен жергілікті сорттар өсіріледі: ертепісер - Салвар местная, Мегрули местная
ж.б., ортапісер -Снейваз местная, Масис 2 ж.т.б.
Биологиялық ерекшеліктері
• Қауындар карбызға ұқсас, бірақ ол жылу сүйгіш,
құрғақшылыққа төзімді, сазды топырақ жағдайына да шыдамды
болып келеді. Бақша дақылдары көлемді аумақтағы топырақтан
ылғалды сіңіріп алу қабілетіне ие мықты тамыр жүйесіне ие. Өзек
тамыры топырақтың 80-100 см қабатына дейін жетеді, алайда
өсімдікті сумен қамтамасыз етуде ол шешуші роль атқармайды. Бұл
қызметті жер бетіне жақын жайласқан жанама тамырлар атқарады.
Мұндай жайласу бақша өсімдіктеріне бақша өсіретін негізгі
аудандарда сирек түсетін аз мөлшердегі жауын-шашынды да
пайдалануға жағдай жасайды. Тамырлардың жайласуының бұл
ерекшелігі тамыр жүйесіне құрғақ климат жағдайында жер бетіне
жақын қабаттарда пайда болатын конденсацияланған ылғалды
пайдалану мүмкіндігін береді. Алайда бұл ылғал құрғақшылық
жағдайында көп мөлшердеғі ылғалды тиімді пайдаланатын бақша
өсімдіктерінің суға деген талабын толық қанағаттандыра алмайды.
Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген жағдайларда ылғалды тек
жоғарғы кабаттардан емес, сондай-ақ терең қабаттардан да сіңіре
алатын одан да мықты тамыр жүйесі пайда болады, өнімді жұмыс
істейтін үлкен көлемдегі жапырақ беті қалыптасады, нәтижеде
жоғары өнім алынады.
•Қауын сорттары төмендегі морфологиялық, биологиялық
және шаруашылық белгілерімен ажыралып тұрады.
•Жемісінің пішіні - жалпақ, шар тәрізді, сопақша, жұмыртқа
пішіндес ж.т.б.
•Жемісінің көлемі - ірі (домалақ жемісті сорттарда 22 см және
ұзын жемісті сорттарда 30 см); орташа - (домалақ жемісті сорттарда
15-22 см және ұзын жемістілерде 25-30 см) және майда (15 және 25
см-ден кіші).
•Жемісінің сырты - тегіс, сегментті, дөңесті, бетінде торлары
бар барлық жері біртегіс немесе нәзік.
Морфологиялық ерекшеліктері
• Қауынның басқа ауылшаруашылық дақылдары сияқты өсуі мен дамуы
процесінде тамыры, сабағы, жапырақтары, гүлдері және жемісі пайда болады.
• Тамыр Ол негізгі өзек және жанама тарамдарынан тұрады. Негізгі өзек
тамыры сортқа және өсу жағдайына қарай 1,0-1,5 см, кейде 2,0-3,0 см
диаметрге ие болады. 20-25 см топырақ қабатында өзек тамыры 2-3 мм-ге
дейін жіңішкереді. Жер бетінен 4-6 см тереңдікте негізгі тамырдан бірінші
реттегі жанама тамырлары пайда болады.
• Қауынның тамыр жүйесі қарбыздыңкіне қарағанда біршама әлсіз болып,
3-4 м тереңдікке тарамдалған негізгі және жер бетіне жақын жайласқан көп
санды жанама тарамдарынан тұрады.
• Сабағы Сабағы жайылып өседі, түкті, салыстырмалы түрде жіңішке.
Өзек сабақтан көп санды бірінші, екінші, кейде үшінші реттегі сабақтары
өсіп шыгады. Негізгі жанама сабақтары өзек сабақтан ұзындау болып келеді.
Қауында олардың ұзындығы 2-3 метрге жетеді. Қазіргі кезде қауынның
бұтақты сорттары, яғни өзек сабағы қысқа және жанама сабақтарына ие
болмаған сорттар шығарылған. Ұзын пәлектілерден басқа қысқа пәлекті және
пәлегінің ұзындығы 40-60 см жемістері өсімдіктің түбіне жақын жайласқан
бұтақты түрлері де бар.
• Жапырағы Бүйрек тәрізді, жүрек пішіндес, тұтас иемесе оймалы ұзын
сағақты. Сағақтары мен жапырақтарының беті түкті; олардың қуысында
мұртшалары және гүлдері болады. Жапырақтары жасылдан қою-жасыл түске
дейін, ұзын сағақты бөбежапырақсыз (прилистник), түкті, түрлі пішінді.
Жапырақтары кезекпен жайласқан. Қауын өсімдігінің жапырақ бетінің дамуы
қарбыздарға, әсіресе асқабаққа салыстырғанда біршама әлсіз. Алайда
кешпісер, әсіресе орта азиялық қауын сорттарының өсімдіктері мықты
дамыған жапырак бетіне ие.
• Гүлі Қауынның гүлі даражынысты. Қауын түрлерінің гүлдер
құрылысында үлкен айырмашылық байкалады. Көптеген сорттарында аналык
гүлдері қосжъшысты (түйіні, аналығы және тозаны). Алайда даражынысты
(аталық жэне аналық) гүлдеріне ие және аталық гермафродитизмге
(жетілмеген түйінді аталық гүлдер) ие сорттар да кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Қауын шыбыны: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Бақша дақылдары, маңызы. Қауын, қарбыз және асқабақ
Қауынды егістікте күту және тыңайтқышты қолдану
Астық дәнді дақылдар
ҚАУЫННЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚАУЫН СОРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қауынның биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері
Қарбыз туралы
Майлы дақылды биоотын және биодизельге пайдалану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны сақтауда перспективалы дақылдар (мақсары, рапс,) тұқымын биоотынға өсіру ерекшеліктері
Қауынның егістіктегі алатын орны
Адам еңбекпен шыңдалады
Пәндер