ОҚО қиярдың селекциялық зерттеуі




Презентация қосу
Презентация
«ОҚО қиярдың
селекциялық зерттеуі»

Орындаған:
Тобы:
Ғылыми жетекші:
Қияр туралы жалпы
түсінік
• Қияр— (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ
тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.
Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі.
Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес
қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп
орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара
жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен де,
кейін тұздалған күйінде де жеуге болады.[1]
Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат
құрамында 2—25% қант, 1% белок, 0,1% май, 0,7%
клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин,
органикалық қышқылдар, эфир майы бар.
• Қияр немесе кәдімгі қияр – Асқабақ (Cucurbitaceae)
тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына
жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті,
мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2
метрге дейін барады. Жемісі – жеуге жарамды,
тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып
келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады.
Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның
Отаны – [Үндістанның тропикалық аймағы және
Қытай]]. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр
табиғи жағдайда өсіріледі.
Қияр бітесі
• Бітелер — Aphididae. Тең қанаттылар
(Homoptera) отрядтарының дербес
тұқымдасы. Қазақстан жағда-йында
жылыжайларда қияр, қызанақ, бүрыш,
балдыркөк және басқа көкөніс өсімдіктерін
бітелердің бірқатар түрлері зақымдайды.
Олардың ішінде, әсіресе жиі
кездесетіндері шабдал бітесі (Myzodes
pezsicae Sulz), бақ ша бітесі (Aphis gossypii
Glov.), кәдімгі картоп бітесі (Aulacorthum
solani Kalt.), үлкен картоп бітесі
(Macrosiphum euphorbiae Thorn.)
• Бұлардың барлығы да жыл бойы
партеногенетикалық жолмен және
диапаузасыз дамиды. Сондықтан олардың
суыққа төзімділігі жоғары дәрежеде
болмайды да, қыс кезінде жылыжайларды
паналап, жыл бойы үзіліссіз көбейе береді.
• Бітелер, әсіресе ауаның температурасы 23-
25 °С, салыстырмалы ылғалдылығы 70-85
пайыз болған жағ-дайда өте жылдам
дамиды. Бір ұрпағының дамуы 6 күннен 12
күнге дейін созылады, ал бір ұрғашы
бітенің туатын дернәсілдерінің саны
қандай түрге жа-татындығына байланысты
50-100-ге дейін жетеді. Сон-дықтан
Қиярдың тамыр шірігі

• Тамыр шірік ауруы жылыжайларда және
егістікте кездеседі.
• Өскіннің тамыры шіріп, өсімдік жапырылады.
Са-бақ тың тұқым жарнақ тан төмен бөлігі
жіңішкереді де, өскін кенеттен жапырылады.
Ересек 1-2 нағыз жа-пырақты өскіндердің
сабағы жапырақ астынан жіңіш-керіп, шіриді.
• Өсіп-өнген өсімдіктердің жапырақтары
астықғы-сынан бастап сарғайып, өсімдік
солады. Сабақ негізі мен тамырлары
қоңырланып, талшыңтанып, жас та-
мырлардын, шашақтары түзілмейді. Ауру
өсімдіктің түтіктерінде паренхималық клетка
қабықшасынан көп-теген өскіндер түзіліп,
өсімдік бойымен судың жүруіне кедергі
жасайды. Бұл кеселге көбінесе қолайсыз
жағ-дайлардан (температура, топырақтың
жоғары ылғал-дылығы мен бетінде
қабыршықтың түзілуі және т.б.) әлсіреген
Ауру қоздырғыштары
• Ақ ұнтақ. Асқабақ тұқымдастарының кең таралған
ауруларының бірі. Барлық жылыжайларда және егіс-
тікте кездеседі.
• Залалданған жапырақтың екі жағында да ақ немесе
қызғылт сұр өңез түзіледі. Өңез алғаш жеке дақ
түрінде, кейін өсе келе бір-бірімен қосылып, жапырақ
алақанын түгел жабады. Өңез үстінде саңырауқұлақтың
жеміс денелері - клейстотецийлер түзіледі. Ауруға
шалдың-қан жапырақтар солып, мезгілсіз қурайды.
Сондай-ақ , өсімдіктің сабағы, кейде жемісі де ауруға
шалдығады.
• Ауру қоздырғышы - Erysiphe cichoracearum DC. /. cucurbit
ace arum Pot., Sphaerotheca fuliginea Poll., E. cucurbitae
Jacz. Саңырауқұлақтары. Саңырауқұлақтың Е.
cichoracearum түрімен залал-данған өсімдікте ақ, мол
өңез көбінесе жапырақтың үстіңгі бетінде пайда болып,
жеміс денелері - клейсто-тецийлер өте сирек түзіледі.
Клейстотецийлердің қо-сымшалары қысқа, бұтақ
талмаған, жеміс дене ішін-де орналасқан 12 қалтаның
әркайсысында түссіз, пішіні жұмыртқа тәрізді екі
қалтаспора (аскоспора) болады. Бұл саңырауқұлақ дала
егісінде қияр, асқа-бақ, ңауын-ңарбыздарды залалдайды.
Ауру қатты да-мығанда өсімдік жапырағы мен өркендері
қурап, өнім-нің шығымы мен сапасы төмендейді.
Клейстотецийлер өсімдік ңалдьщтарында қыстайды.
Жылыжайларда көбінесе Sph. fuliginae саңырауқұлағы
Жалған ақ ұнтақ
• Жылыжайлар мен егістікте кең таралған ауру.
Залалданған жапырақтың жоғарғы бе-тінде түсі
сарғыш қоңыр, бұрышты дақтар пайда бо-лып, олар
үлғайып бір-бірімен қосылады. Жапырақтың төменгі
бетінде, дақ астында конидия тасушылар мен
конидиялардан тұратын мол, күлгін сұр өңез
түзіледі.
• Ауруға шалдыққан жапырақтар морт сынғыш келіп,
үгітіліп, түседі. Жоғары ылғалдылықта (әсіресе, жы-
лыжайлар мен көшетханаларда) жалған ақ ұнтақ
тан жапырақтар шіриді.
• Ауру қоздырғышы - Pseudoperonospora cubensis
• Rostowz. саңырауқұлағы (2.38-сурет).
Конидиятасушы-лары дихотомиялы бұтақ талған,
конидиялары жоғары ылғалдылықта (100% немесе
су тамшысында) және 15-22 С температурада
зооспорангийге айналады.
• Жынысты спорасы - ооспора. Пішіні шар тәрізді,
сарғыш түсті, қабығы қатпарлы, диаметрі - 36-48
мкм. Олар ұлпа ішінде түзіліп, қыстайды. Көктемде
ооспора зооспорангийге өніп, екі талшықты
зооспоралар түзіле-ді. Қоздырғыш қиярдан басқа
ңауын және көдіні залал-дайды. Ауру қоры - өсімдік
қалдықтарында қыстайтын ооспоралар, ал
вегетация кезінде - залалданған өсімдік
(зооспоралар).
• Кесел өте зиянды, қолайлы жағдайда саңырауқұлақ
өсімдікті жаппай залалдап (100%), өнім шығымы 40-
Кәдімгі қияр мозаикасы

• Залалданған өскін тұқым жарнағы саргайып, ересек
өсімдіктерде хлороз бай-қалады. Негізгі жүйкені
бойлаған ұлпалар ашық жа-сыл, ал жүйке
аралықтарында сары түсті дақтар пайда болады.
• Жапырақтар ңыртыстанып өсімдіктің өсуі саябыр-лап,
кейде қурайды. Өсіп-өнген өсімдіктердің жапырақ-тары
хлорозданып, жеке бөліктері қурап, жансызда-нады.
Аурудың әсерінен өсімдіктің аналық гүлдері аз түзіледі.
• Жемісте сары-жасыл теңбілділік байқалады. Кейде
жеміс түгел сары-жасыл түсті болып, кейбір жағдай-
ларда қияр жемісінің өз түсі (қоңыр-жасыл) дөңес дақ
түрінде сақталады. Ауру жемістер хлорозданып, түгел
ағарып, жасыл түс тек майда сүйел түрінде болуы
мүмкін. Залалданған өсімдіктер жиі солып, гүлдері
қурап, желі сабақтары сарғаяды. Өсімдікке қолайсыз
жағдайда, бұл кесел дами түседі.
• Ауру қоздырғышы - Cucumis virus 1 Smith, вирусы.
Қоздырғыш құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Өсімдік
шырынында 4 күнге дейін сақталып, ал 60-70 °С тем-
пературада 10 минутта инактивацияланады (жансыз-
данады).
• Вирус бітелер арқылы өсімдіктен өсімдікке тара-лып,
арамшөптердің (дала қалуені және т.б.) тамы-рында
кыстап шығады. Қоздырғыш барлық асқабақ
тұқымдасына жататын өсімдіктерді, қызанақты, ңа-
Қияр дақылын аурулардан
қорғау шаралары

• Қиярды зиянды қоздырғыш тобынан қорғау ауру-дың дамуын тежейтін және алдын алу сияқты шаралар-ға негізделген.
• Жылыжайларда аурудың дамуына және инфекция қорының жиналуына қолайлы жағдайларды ескере отырып, төмендегі санитарлық-
гигиеналық шараларды сақтау қажет:
• 1. Соңғы өнімді жинаудан кейін, өсімдікті зарарсыз-
• дандырып, оны мүқият жинап, жылыжайдан арнайы
• орындарға шығарып, жағу.
• 2. Жылыжай құрылыстарын,қолданылған қүрал-
• дарды, топырақты және жасанды субстраттарды 40%
• формалиннің (125 мл/л - 5-10 л/м2) ерітіндісімен өңдеп,
• 5-7 күн полиәтиленмен жауып, бүқтыру.
• 3. Герметикалық жылыжайларда арнайы күкірт тұ
• йірлерін (50 г/м2) немесе күкіртті (100 г/м2) жағып, газ-
• бен зарарсыздандыру.
• 4. Жылыжайлар айналасындағы араміпөптермен және вирус инфекциясын жинақтаушы өсімдіктермен
• үнемі күресу, ашьщ алақ дағы қияр және басқа да асңа-
• бақ түкымдас дақылдарды алшақ егу.

• 5. Жылыжайларда өсірілетін дақылдар айналымын
• дұрыс сақтау.
• 6. Тұқымды себуге мүңият даярлап, оны Вовка тәсілі-
• мен (50-52 °С температурада - үш, ал 80 °С - бір тәулік)
• термостатта өңдеу.
• 7. Жылыжайларда өсімдіктің дамуына қолайлы жағ-
• дай жасау. Қолайлы температура мен ауа ылғалдылы-
• ғын сақтау, яғни топырақ ылғалдылығын вегетация
• бойы 85-90%, ал температурасын 20-21 °С деңгейінде
• ұстау; өсімдікті жылы сумен суару; ауа температурасын
• 17-18 С төмен және 35 °С жоғары асырмау; күн мен түн
• температурасының айырмашылығы 4 °С аралығында
• болуы қажет.

Ұқсас жұмыстар
ОҚО томаттың селекциялық зерттеуі
Қызанақ дақылы
Қияр
Жылыжай құрылыстарын жаңғырту
Қиярдың пероноспорозы
Селекциялық жетістіктердің құқықтық қорғалуы
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті селекцияда пайдалану
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Өсімдіктер селекциясы
Радиация және оның зардаптары Оңтүстік Қазақстан облысының радиациялық фонды
Пәндер