Қияр




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Қияр»

Орындаған: Жүмекова А.
Тобы: АП-12-1к3
Қабылдаған: Түймебаева
Б.
Жоспар
• 1. Кіріспе

• 2. Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы

• 3. Биологиялық ерекшеліктері

• 3. Морфологиялық ерекшеліктері

• 4. Агротехникасы

• 5. Өсіру технологиясы

• 6. Қорытынды

• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
• Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік
сабақты өсімдіктерден, айталық жүгеріден немесе күнбағыстан ықтырма
себудің маңызы зор. Қияр топырақтың ылғалдылығын қатты талап етеді.
Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін
қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш қондырғылармен атқарылса
гектарына 250-300м3, ал қарықпен суарылса 400-500м3 су береді.Көк
түйнектерді жаппай жинаған кезде суаруды жиірек,әрбір 3-4тәулікте,бірақ
аз мөлшермен -70-100м3/г суарады. Ауа райына байланысты қиярдың өсу-
даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте
суландырудың әсері өте зор. Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін
және тауарлық сапасын арттырады. Пісуінің басында жинауды 2-3 тәулік
сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе 1тәуліктен соң жинайды.
• Қиярды ерте және жоғары өнім алу үшін шірінділі-топырақты
құмыралы 20-30тәулік өсірілген көшеттерді отырғызуға болады.
Отырғызуды жамылғының дәл ортасына екі қатар етіп жүргізеді. Қолмен
отырғызғанда қатараралық 15-20см болады.
Қиярдың халық шаруашылығындағы
маңызы
• Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім.
Мысалға, XVII ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты
орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Қияр
шырынын судың орнына ішуге болады деп айтылған. Терінің
күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеген.
Косметика саласында да қияр үлкен орын алған. Қияр көптеген
теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Сонымен қатар,
қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.
Биологиялық ерекшеліктері
•Қияр – қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай
жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі
әсер алады. Ашық жерді сұрыптары-Муромский 36,
Вязниковкий 37, Неросимый 40 және т.б – 11-12 сағат
күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары
Клинский, Многоплодный 9-10 сағат қысқа күнде
жемісті жақсы салады.
• Қияр – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13
°С өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С-
тан төмен болса, олар шіриді. Егер тұқымды
температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10°С-
та өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі
оңтайлы температура 25-тен 32 °С дейінгі, түнде-18-
ден 20°С дейінгі жылылық.
• Қиярдың ылғалды күшті буландыратын үлкен
жапырақ беті бар, ал оның тамырының негізгі бөлігі
топырақтың тез құрғайтын жоғарғы қабатында
орналасқан. Сондықтан ол суландырудың жүйелі
болғанын тілейді. Қиярды кез келген тек қышқыл
және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады. Қияр
басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда
топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен,
оларды тез сіңіреді.
Морфологиялық ерекшеліктері
• Қияр— (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ
тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.
Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі.
Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес
қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп
орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара
жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен
де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады.
Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ
зат құрамында 2—25% қант, 1% белок, 0,1% май,
0,7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер,
каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар.
• Қияр немесе кәдімгі қияр – Асқабақ
(Cucurbitaceae) тұқымдастылардың ішіндегі қияр
туыстыларына жататын біржылдық шөптесін
өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы
шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады.
Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды
және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты
көлемі әртүрлі болады. Қияр мәдениетке 6000 жыл
бұрын енген. Оның Отаны – Үндістанның
тропикалық аймағы және Қытай. Бүгінгі күнге дейін
осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.
Агротехникасы
• Қияр біздің елімізде кеңінен тараған көкөніс өсімдіктерінің бірі болып табылады. Оны егу
мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізіледі, ал уақытша жабында өссе, сәуірдің соңында
отырғызуға болады. Олар қатарлап егіледі. Ерте пісетін сорттар үшін қатарлар арасы – 70 см,
орташа және кешірек пісетіндері үшін – 90 см. Көктегенге дейін қатарлар арасын қопсытып,
арамшөптерден бірден тазартып тұру керек. Қияр өнімін олардың пісіп жетілуіне қарай теріп отыру
қажет, себебі піскенерін уақтылы жинамау салдарынан басқа да жемістердің өсуі тежеледі. Шілде
айында, жеміс салу күшейген кезде, өнім жинауды әрбір 1-2 күн сайын жүргізу керек. Қияр өнімін
жинау барысында жемісті пышақпен кесіп алған жөн, жұлып алу өсімдікке зиянын тигізуі мүмкін,
ал ол өз кезегінде өнім беруді азайтады. Сонымен қатар, сабақтарын басып кетпеуге тырысу керек.
Өсіру технологиясы
•Қиярдың дұрыс күтімі топырағын қопсыту,
арамшөптерін жұлу, жаңа өскен сабақтарын қыстыру
және дұрыс суаруда. Ең алғаш топырақ қопсыту
жұмыстарын топырақ бетінен сабақтары шыққан соң
істей беруге болады. Кейіннен мұны әр 10 күн сайын
қайталап тұрады. Қопсыту жұмыстарымен бірге
арамшөптерін жұлған абзал. Бірақ тамыр сабағына
абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады.
Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі
болады. Қиярды кешке қарай, күн бойы күн астында
тұрған сумен суғарған жөн. Бұл қиярдың
тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс
піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды
тыңайтқыштармен тыңайту керек.
• Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы
заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5,
B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір,
магний, фосфор, калий мен мырыш.
Қорытынды
• Пленкалы жылыжайларда қияр – негізгі дақыл. Дұрысы тәуліктік температура өзгерістеріне
және ауруларға төзімді гетерозисті будандар мен партенокарптық сұрыптарды өсіру. Тұымды
себуге дайындау қысқы жылыжайларға дайындалғандай. Қиярды өсіру ерекшеліктеріне тұқымы
мен көшетін шынықтыру жатады, себебі пленкалы жылыжайларда температура режимін
қалыптастыру және тұрақты түрде ұстап тұру қиын.
• Булыжайларда қиярды көшетпен өсіргенде өнімді мамыр айының басында жинауға болады.
Булыжайларда өсіру үшін өнімді, саңырауқұлақ ауруларына төзімді. Неросимый 40 сұрпын
пайдалануға болады. Булыжайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде: орташа булыжайларға бірінші
дақыл ретінде сәуір айының басында, жылыжайда өсірілген 30-35тәулік көшеттер, екіншісін
жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін
отырғызуға болады. Қиярды бірінші дақыл ретінде өсіргенде булыжайларды ыстық қимен
толтырып, ортасына ені 25-30см және тереңдігі 15см ұя жасап оған шымды топырақты немесе
топырақ пен қарашірінді қоспасын төгеді және бір кәсекке 30 г аммиак селитрасын, 15 г
суперфосфат және 15 г хлорлы калий қосылады. Қиярды жүйелі түрде, ал жаппай жеміс салған
кезеңде – күнде жинайды. Жиі жинау – кейінгі жемістердің жетілуін жеделдетеді. Көк түйнекті
жеміс сағағымен бірге кесіп алу, оны ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа қияр ұзақ
сақталынбайды. Төмен температураның өзінде жеміс тыныс алуға қантын тез шығындайды да
дәмдік сапасын төмендететін қышқыл жинайды және клетчатка құрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
• 1. Әрінов Қ.К. т. б. Ауылшаруашылық өнімдерін
сақтау және өндеу технологиясы. Ақмола, 1994.

• 2. Ж.С.Жүргенов «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
сақтау және өңдеу технологиясы» Алматы,2009ж

• 3.Гафнер Л.А. и др. Основы технологии приема,
хранения и переработки зерна. Москва, Колос, 1989.

• 4.Теленгатор Л.А. и др. Обработка и хранение семян.
М. Колос. 1980.

• 5.Казаков Е.Д., Кретович В.Л. Биохимия зерна и
продуктов его переработки. М. Агропромиздат. 1989.

Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар Қызанақ және қияр өсіру шаруашылығы
Қызанақ және қияр өсіру шаруашылығы
ОҚО қиярдың селекциялық зерттеуі
Қиярдың пероноспорозы
Жылыжайда қияр, қызанақ өсірудің технологиялары
Бизнес-жоспар Жылыжайда Қияр және қызанақ өсіру
Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар
Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары
Жылыжай құрылыстарын жаңғырту
Шие - вишня
Пәндер