Қызылша


Slide 1

Презентация «Қызылша»

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Қызылша өсімдігі

"'Қызылша"' - Амаранттар туысына жататын біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық өсімдік. Қызылшаның ең танымал түрлері: кәдімгі қызылша, қант қызылшасы және мал азық қызылшасы. Антарктидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі. Қызылшаның барлық мәдени түрі шығыс Үндістанда өсетін табиғи қызылша түрінен алынған. Қызылшаның тағам ретінде ең алғаш Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолданылғандығы белгілі. Бірақ ежелгі заманда тағамға қызылшаның жапырағы ғана пайдаланылған, ал тамыры дәрілік мақсатта қолданылған. Ежелгі гректер Аполлон құдайының құрметіне қызылшаны сый еткен. Мал азығы қызылшасы XVI ғасырда Германияда шығарылған. Оның толық сапалы түрі XVI-XVII ғасырларда алынса, XVIII ғасырда бұл қызылшаның түрі бүкіл Еуропаға тез тарады. Басқа қызылшалардан түрі жағынан айырмашылығы аз болғанымен, оның тамыры жақсы жетілген. Селекционерлердің 1747 жылы бастаған жұмысының нәтижесінде қант қызылшасы пайда болды. Сол кездегі қамыстан алынатын қанттың қызылша құрамында да бар екендігі анықталған. Ол кезде қызылша құрамынан 1, 3 % қант алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 20 % дан асады. Бүгінгі күні қант қызылшасы қант шығару бойынша қант қамысынан кейінгі 2-орынды иеленіп отыр. XIX-XX ғасырларда қызылша Антарктидадан басқа барлық жерге таралды.

Slide 3

Қызылша өсіру тарихы

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, жабайы қызылшалар ежелден бері адамзаттың сенімді серігінің рөлін атқарып келеді екен. Б. з. д. 2000-1000 жылдары қызылшаның жапырақтары көкөніс ретінде және әр түрлі ауруларға шипа болатын дәрі ретінде пайдаланылған.

Қызылша аты аталатын ежелгі құжат ретінде Вавилон патшасы Меродах-Баладананың (б. з. д. 722-711 ж. ж) бақшасында егілетін өсімдіктердің тізімін атауға болады. Көп ғалымдар қызылшаның отаны - Вавилон дген қорытынды жасап жатады. Аталаған жазбада қызылша - жергілікті көкөніс емес, Сириядан әкелінген деп айтылады.

Бертін келе қызылша Азия халықтары мен Жерорта теңіздеріне таралып кетеді. Халық медицинасында дәрі-дәрмек ретінде қызылшаның жапырақтарын ғана емес, тамырларын да пайдаланылғандығы Гиппократ және Аристофан, Феофраст еңбектерінде дәлелденген.

Қызылшаны Апполон құдайына құрбандыққа шалған ежелгі гректер оны өте жоғары бағалаған. Алғашқыда асқа тек қызылша жапырақтарын қолданған, қызылшаның өзі улы көкөніс саналған көрінеді. XIV ғасырда қызылшаны солтүстік Еуропада да өсіре бастады.

Slide 4

Қызылша құрамы

Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6, РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар.

Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2-3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.

Slide 5

Халық шаруашылығында қолданылуы

Ал салат немесе винегрет жасау үшін, оны щеткамен тазартып, суық сумен жуып, қабығымен қайнатады. Қайнатқан кезде қызыл түсін жоймас үшін суға құмшекер салуға болады (2 л суға 0, 5 шай қасық) .

Қызылшаны асқа пайдалану біздің сүйектеріміз бен тістерімізге пайдалы әсер етеді. Бұл оның құрамындағы кальцийдің арқасында болады, оның жетіспеушілігі тісжегіге, мешел ауруына, сүйек кеуектенуіне және балалар бойы өсуінің бұзылуына әкеліп соғады.

Сондай-ақ, қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады, қатерлі ісіктен қорғайды.

Әсіресе, қызылша шырынының пайдасы ұлан асыр.

Қызылша шырынымен бәріміздің күрделі мәселеміз саналатын баспа ауруын (ангина) емдеуге болады. Ол үшін бір стақан қызылша шырынына бір ас қасық балды қосыңыз да, дайын болған қоспамен күніне алты рет тамағыңызды шайыңыз.

Қызылша шырыны өт жолдары мен ішектерді тазартып, асқазанды емдейді. Асқынып кеткен жаралар мен өзге де қабынған теріні таңып тастауға болады.

Slide 6

Қызылша өсіру

Қызылша өсіру - күтіп-бап­тауды, тынымсыз еңбекті қажет ететін қиын шаруа. Ала жаздай кет­пені қолынан түспей тырбанып, белі бүгілмейтін шаруа өз маңдай терінің босқа кетпегенін өнімді жиып-теріп, лайықты бағаға өткер­генде ғана сезінеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, облысымыздағы қант өндірісінде де балтамырдың үлесі жылдан жылға азайып келеді. Сондай-ақ, былтыр облыстағы қос қант зауытының ұзақ уақыт тоқтап тұруы cалдарынан аймақтағы тамақ өнімдерінің көлемі 21, 4 пайызға төмендеп кетті. Қазір де Меркідегі қант зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтап тұр.

Мойындау керек, өндіріс оша­ғын жергілікті шикізатқа қарық қыла ал­маған - шаруалардың өздері. Об­лыстық ауылшаруашылығы бас­қармасының мәліметіне жүгін­сек, биыл бас-аяғы 1021 гектар­ аумаққа балтамыр егілген. Одан алынатын өнім «Азия қант» акцио­нер­лік қоғамына қарасты Меркі қант зауытының жұмырына жұқ бол­­майды, тіпті, әрі кеткенде үш­ апталық жұмысқа өзек бо­луы мүмкін. Қалған он бір ай бойы Бразилиядан әкелінетін қант құрағы өңделеді. Мәселен, жыл басында кәсіпорын үш айға жу­ық уақыттың ішінде 63, 5 мың тонна қамыс құрағын әжетке жа­ратқан. Оның үстіне барлық шаруа­шылық балтамырды зауытқа өт­кізе бермейді. Ол малдың қоңын шы­ғарып, балпанақтай етіп семіртуге тап­тырмайтын құнды азық. Сон­дық­тан, шаруалар оны жеткізуді қым­батсынып, зауыт белгілеген баға­ны місе тұтпай, малға жем есе­бін­де өткізуді әдет қылып алды. Көп­шілігі болмаса да бірталайы соны қолай көреді. Мәселен, 2011 жылы Меркі қант зауыты 50 мың тон­на қант қызылшасын өңдесе, был­тыр қабылдап алынғаны небары 18 мың тоннаны құраған. Ал, сол кезде басқа аудандарды­ айтпағанда, бір ғана Меркінің өзін­де егістік басынан 20 мың тонна бал­тамыр жиналған болатын. Бас­қалардың еккені де осының төңі­ре­гінде. Мейлі, оның жартысы құр­ғақ­шылықтан өнім бермеді дейік, қал­ған жартысы қайда кетті? Ұсақтарын сөз етіп қайтеміз, Шу ауда­нындағы «Бектібай» секілді ірі ша­руа қожалығының тонналаған тәтті түбірді қайда жібергенін еш­кім түсіне алар емес.

Slide 7

Қант қызылшасы


Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасының зиянкестері
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы
Алабота - біржылдық шөп текті өсімдік
Жұқпалы аурудың көзі - тек қана науқас адам
Өрт сөндіру қауіпсіздігі
АЛАБОТА туралы
Алабота тұқымдастары ( ( Chenopodium Chenopodium )
Қызылша пидемиясы кезіндегі ұзақ мерзімді иммундау мәселелері
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Қант қызылшасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz