Майбұршақ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Университеті.
Презентация
Тақырыбы : Майбұршақ
Орындаған: Асетов Н., Қонысбаева А.
Тобы: АП-11-2к2
Қабылдаған: Есентуреева Г.
Шымкент 2013ж
Дақылдың тарихы.
Майбұршақтың шыққан отаны
Оңтүстік Шығыс Азия, мұнда оны
біздің эрамызға дейін 6 мың жыл бұрын
кеңінен өсірген. Ертеден ол басқа
елдерде де өсірілген (Үнді, Жапонияда,
Кореяда,Вьетнам және Индонезия
елдерінде) .Бұларда майбұршақ өсімдік
белогі мен май алудың негізгі шикізаты
болып саналады және тағамға түрлі-
түрлі күйде қолданылады. Қытайдан
майбұршақ егістігі Қиыр Шығысқа енді,
мұнда оны ертеден орыс
қоныстанушылары өсіреді. Қазіргі
уақытта мәдени майбұршақ Азияда ғана
емес Оңтүстік Европада , Солтүстік
және Оңтүстік Америкада, Орталық
Дәнді бұршақ дақылдары арасында
жіне Оңтүстік Африкада, Афстралияда,
майбұршақтың дүние жүзінде алатын Тынық және Үнді мұхиттары
орындары бойынша аралдарында экватордан 55-60º
белдеуге дейін кеіңнен өсірілуде.
Дәнді бұршақ дақылдары
1 АҚШ 25 млн га арасындағы майбұршақ дүниежүзінде
бірінші орында, оны 40-тан астам
2 Қытай 15 млн га елдерде 52 млн.га егістікте өсіреді.
3 Негізінен өндірушілер АҚШ – 25млн.га,
Бразилия 2,3 млн га
Қытай – 15млн.га, Бразилия – 2,3млн.га.
Халық шаруашылығындағы маңызы
Майбұршақ – ертеден өсіріліп келе жатқан
дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты
мәдени өсімдіктер қатарына жатады.
Майбұршақты жиі түрде таңғажайып өсімдік деп
атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары
мөлшерде ақуыз – 33-тен 45%-ға дейін, 20-дан
25,7%-ға дейін май (оның құрамында
холесторолдың болмайтындығын атап өткен жөн)
және 25-21% көмірсулары бар.
Майбұршақтың ақуызы амин
қышқылдарымен (өте аз мөлшердегі метионин
мен цистиннен басқаларымен) жақсы
теңестірілген. Ол жоғары сіңімділігі мен, суда
жақсы ерігіштігімен ерекшеленеді.
Майбұршақтың құрамына фитин мен сапонин,
дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде
көп мөлшерде калий, фосфор мен известь, майда
еритін А,Д,Е және С дәрумендері болады, ал В2
дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп. Мұндай
құрам майбұршақты тағамдық, техникалық және
мал азықтық өсімдік ретінде пайдалануға
мүмкіндік береді. Оның тұқымдарынан 250-ге
дейін ас түрін және әр түрлі өнімдер
дайындалады. Майбұршақты диетикалық тағам
ретінде диабетпен ауыратын адамдарға
ұсынылады. Майбұршақ пен оның өнімдері
шығысазиялық (әсіресе жапон және қытайлық)
Морфологиялық сипаттамасы.
Жалпылама түрде кәдімгі майбұршақты
жабайы жартылай мәдени және мәдени түрге
ажыратады. Майбұршақтың мәдени түрін түр
тармақтарына бөледі: үнді, қытай, манжур, корей
және славян.
Кәдімгі майбұршақ – бұршақ тұқымдасына
(Leguminosae Fabaceae) жататын біржылдық
өсімдік, сабағы тік өседі, биіктігі 30-100 см, берік,
күшті бұтақтанады және бұта қалыптастырады.
Жапырақтары – үштік һ, жиі түкті, тамыр жүйесі
кіндікті (40-50 см), негізгі массасы топырақтың
беткі 10-20 см қабатында шоғырланған. Гүлдері
ұсақ, ақ түсті немесе ашықкүлгін, жапырақ
қолтығында шоқгүл болып орналасқан.
Майбұршақта өздігінен тозаңдану басымырақ.
Жемісі- см ұзындықта және – тұқымды
біріктіреді, жарылуға төзімді. Төменгі жемістері
-жерден 7-15 см биіктікте бекіген, төмен бекудің
нәтижесінде егін жинау қиындығы туындайды,
осыдан топырақ бетінің тегістігіне жоғары талап
қойылады. Майбұршақтың тұқымдары сопақ,
әртүрлі дөңесті, 1000 тұқымның массасы 100-149
г-нан 310г-ға дейін, орташа көрсеткіші-150-199г.
Биологиялық ерекшеліктері
Майбұршақ – жылу сүйгіш өсімдік. Ең төменгі өну температурасы 6ºС, оңтайлы өнуіне 14-18
ºС қажет.Температура майбұршақ тұқымының өну жылдамдығын өзгертеді, ол вегетативтік
мүшелерінің өсуі мен өсімдік массасының жинақталу уақытына да әсер етеді. Өсімдіктің өсу
жылдамдығы температураның өсуіне тікелей байланысты. Орташа тәуліктік температураның 25-
26ºС төмен болуы гүлдену кезеңінде бұл ұрдісті кешеуілдетеді. Майбұршақтың өсіп-дамуына
қажетті оңтайлы температура 20-25ºС. Егін көгі көктемгі қысқа мерзімде бозқырауды (-1-2,5ºС)
жеңіл көтереді, алайда ондай жағдайда өсуі баяулайды
2.1Ылғалға талаптары.
Жер үсті массасы баяу өскенде және тамыр жүйесі қуатты дамығанда майбұршақ алғашқы
өсіп-даму кезеңінде ылғал жетімсіздігіне жақсы шыдайды. Майбұршақтың ылғалға қиын-қыстау
кезеңі репродуктивтік мүшелерінің қалыптасу және даму кезеңдерінде (гүлдену, жеміссалу,
тұқымның толыса бастаған уақыты) сәйкес келетіні анықталған.
Жарыққа талаптары.
Майбұршақ қысқа күннің жарық сүйгіш өсімдігі, алайда ерте пісетін сорттары оның
ұзаруына әлсіз жауап береді.
Есею кезеңіне дейінгі күннің ұзақтығы майбұршақтың гүлденуі мен вегетациялық кезеңінің
ұзақтығына ісер етеді. Түннің ұзақтығы гүлденуді тездететін қиын-қыстау кезең. Бұл параметр
сортқа байланысты өзгереді. Күннің ұзақтығы өсімдіктің биіктігіне, жапырақ беті ауданы мен
тұқым өніміне де әсер етеді.
Топыраққа талаптары.
Майбұршақ кез келген топырақ түрлеріне өсе алады, тек қана өте қышқыл орта болмасын
және аэрация қамтамасыз етілсе болды.Ол ұзақ уақыт су басуды (3 тәуліктен жоғары), 0,05%-дан
артық тұздануды және рН=5,5-тен (аздап қышқыл орта) төмен қышқылдықты көтере алмайды.
Топырақтың оңтайлы құрылымы және жақсы аэрациясы мен көлем массасы 1,10-1,25 г/см³
болғанда, майбұршақтың тамыр жүйесң қалыпты дамиды да жоғары тұқым өнімін
қалыптастырады.
Ауыспалы егістегі орны. Алғы дақылға
өте талғампаз, майбұршақты көңмен
тыңайтылған танапқа егілген күздік
дақылдардан кейін, бедеден, жүгеріден және
көпжылдық шөптен кейін орналастырылады.
Қант қызылшасы,картоп және жүгері
дақылдары да оған жақсы алғы дақыл болып
есептеледі. Ылғал жеткіліксіз аудандарда
майбұршақтың өзі күздік дақылдарға жақсы
алғы дақыл.
Тыңайтқыш қолдану. Майбұршақ
органикалық және минералдық тыңайтқыштарды
өте қажет етеді. Гектарына 20 ц.өнім түзгенде
майбұршақ топырақтан 142 кг. азот 35кг.
Фосфор,35кг. калий шығындайды. Қоректік
заттарды гүлдену, тұқым салу кезіңде көп қажет
етеді. Топырақтың сапасына байланысты
гектарына 15- 25т. көң 60-80 кг-нан азот пен
калий және фосфарит ұны немесе суперфосфат
түрінде 80-120 кг. фосфор енгізіледі.Қышқыл
топырақтарға 2-3 тен 8-10 тоннаға дейін әк
қолданады.
Топырақ өңдеу. Майбұршақ топырағын
өңдеу жүйесі мүмкіндігіне қарай терең және
қопсытылған топырақ қабатын қалыптастыру,
арамшөптермен тиімді күресу, топырақта
ылғал жинау мен сақтау шараларын
қамтамасыз етуге бағытталады. Көп жылдық
арамшөптерді аз жерлерде алғы дақылды
жинап алған соң бір рет 6-8 см. тереңдікке
ЛДГ- 10, ЛДГ -15 құралдарымен сыдыра
жыртады,екінші рет арамшөп өне бастағанда
БДТ -7,0 немесе БДТ-10 тырмаларымен 10-12
см тереңдікке тырмалайды. 10-15 күн
өткеннен кейін ПТК – 9-35 немесе ПЛП -6-35
соқаларымен 25-27см. тереңдікке сүдігер
жыртылады.
Топырақтың жырту қабаты таяз болса,
танапты терең қопсытып барып толық
тереңдікке жыртады. Жүгеріден босаған
егістік жерді қарама - қарсы бағытта сыдыра
өңдейдіде 27-35 см тереңдікке соқамен
жыртады.Күзде мүмкіншілік болған жағдайда
арамшөптерді жою және топырақты ұнтақтау
мақсатында 1-2 рет жырту бағытына 30º
сыдыра өңдейді. Құрғақшылықта аудандарда
сүдігерде қар тоқтатылады.
Тұқымды себуге дайындау, Майбұршақтын себуге арналған тұқымын бөгде
қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузариоз,сұршірік,бактериоз және басқа ауруларға
қарсы тұқым себуден 3,5 ай бұрын 50% -дық,немесе 80%-дық фундазол және 80 %-
дық ТМТД (3-5 кг/га) препараттарымен залалсыздандырады. Себу алдында
қолданылатын нитрагин препаратына кері әсерін тигізбеу мақсатында бұл
препараттармен ерте өңдейді. Өңдеуге ПС-10,“Мобитокс” машинасын
пайдаланылады.
Себу мөлшері. Майбұршақтын
егістік жер топырағыи тұқымы
орналасатын тереңдікте 10-12ºС
жылынғанда кең қатарлы, қатар
аралықтары 45 см болатын тәсілмен
СКОН-4,2 немесе СПН-6,СПЧ-6МФ
тұқым сепкіштермен себеді (ылғал
жеткіліксіз аудандарда қатар аралықтар
60 см ). Осындай қатар аралықтармен
жолақтап (екі қатарлы) себуге де
болады.
Майбұршақтың себу мөлшері –
егістік материалдың ірілігі мен егілетін
аудандарына байланысты, гектарына 0,4-
0,6 млн өңгіш тұқым немесе 40 – 80кг.
Себу тереңдігі 5-6 см,жеңіл топырақ
пен құрғақ ауа райында 8см дейін.
Егістікті күтіп баптау. Майбұршақты күріп баптау танапты егін көгі шықпай тұрып және
бірінші үштік жапырақ шыққанда қатар бағытына көлдеңен тырмалау, КРН-4,2 қопсытқышы
және КРН-38 отағыш тырмасымен 2-3қатар аралық өңдеулермен үстеп қоректендірулерден
тұрады. Бірінші өңдеу 10-12,екінші –үшінші өңдеулер 6-8 тереңдіктерге КРН-4,2,КЛТ -3,8,КРН-
5,6 қопсытқыштарымен жүргізіледі. Дақыл гүлдегенге дейін егіс қопсытылып тұрады.
Қосжарнақты арамшөптермен күресу үшін қопсытумен бірге 48%- дық басагран ( 2л га)
гербециді пайдаланылады. Майбұршақ бізтұмсығына қарсы вегетация кезіңде 20%- дық циткор
(0,32 л/га), немесе 27%-дық омайт (1,3л /га) қолданылады. Ылғал жеткілікті болғанда
майбұршақты түптеу (өсімдік сабағынын түбін көміу), сондай- ақ азот және фосфор
тыңайтқыштарымен ( әрқайсысынан 30кг/га.ә.е.з.мөлшерінде) қоректендіру өте тиімді.
Суару.Құрғақшылық аймақтарда суаруды пайдалану өте
тиімді,өнімділік екі есеге дейін көтеріледі.Майбүршақты
оңтайлы ылғалмен қамтамасыз ету ережесі:гүлденгенге
дейін топырақтың 50-70 см.қабатында ылғалдылықты ең
томенгі ылғал сиымдылықтың 70% денгейінде ұстап
тұру,ал гүлдену-тұқым толысу кезінде-80%.
Майбұршақтың ылғалды ең көп қажет ететін мерзімі
гүлдену,бұршаққап пайда болу және тұқымның толысуы
кезендеріне сәйкес келеді.
Майбұршақты 3-5 рет суарады. Суару мөлшері 300-400-
ден 500-600 м3/га. Негізінде
Фрегат,Днепр,Волжанка,ДДА-100МА ж.б. Агрегаттармен
жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады.
Өнімді жинау.Майбұршақ піскен
кезде оның жапырақтары сарғайып түсіп
қалады,сабағы мен бұршаққаптары
қоңырланады, тұқымдарында сортқа тән
түс қалыптасады, қатаяды (шайқағанда
бұршаққап ішінде сылдырлайды). Піскен
бұршаққаптар жарылмайды,дәні
шашылмайды. Тұқымдары біркелкі
піспейтін діктен,жинауды жеделдету үшін
хлорат-хлорид кальциің пайдаланып (40-
50л/га), егістікті АН -2 ұшағымен
десикация жасайды.
Майбұршақтың бұршаққаптары толық
піскенде комбайнмен тікелей жинайды.
Бөлектеп жинау тәсілі майбұршақ
өсімдігінің сабақтары мен бұршаққаптары
сарғайған кезеңде қолданылады.
Егін жинау кезіңде –ақ тұқымды
қоспаларда тазартады. Тұқымды
ылғалдылығы 13-14% болғанша кептіреді
де сақтайды.. сақтау үшін қойма құрғақ
және жақсы желдетілетін болуы қажет.
Майбұршақты өсірудің технологиялық
жүйесі
Операция Ауылшаруашыл Өткізу Агротехникалы Негіз
ық машина, мерзімі қ талаптар
құралдар
1.Сыдыра ДТ – 75 күзде 6-8см Арамшөптермен
жырту ЛДГ-10 тереңдікте тиімді күресу,
ЛДГ-15 топырақта ылғал
жинау және сақтау
шараларын
қамтамасыз ету үшін
2.Тырмалау МТЗ-80 күзде 10-12см Екінші рет өне
БДТ -7,0 тереңдікте бастаған
БДТ -10 арамшөптерді жою
мақсатында
3. Сүдігер ДТ -75 10-15 күн 25-27см
жырту ПТН -9-35 өткеннен
кейін
4.Сүдігер МТЗ-80 күзде
тегістеу П – 4, П -3
5. Қайта МТЗ – 80 көктемде Тұқымның тиісті
тегістеу ВП – 8 тереңдікке
ВИП – 5,6 орналасуына, ылғал
сақтауға мүмкіндік
тууы үшін
6. Танапқа МТЗ-80 Егін себерден трефлан(5- Бұл шара біржылдық
гербицид енгізу ОН-400 бәр аптадай 10кг.га)гербици арамшөптерді 95%-
Майбұршақты өсірудің технологиялық
жүйесі
7.Тұқымды себуге МТЗ -80 Тұқым себуден 3,5 50%-дық және Тұқымды
дайындау ПС – 10, ай бұрын 80%-дық фундозол аскохитоз,
мобитокс 80%- дықТМТД фузариоз,
препараттарымен сұршірік,бактерио
залалсыздандырады з т.б ауруларға
қарсы өңдейді
8. Себу МТЗ -80 Сәуір айының екінші 5-6см тереңдікте 10-120С
СКОН – 4,2 онкүндігі жылынғанда
СПЧ-6 кеңқатарлы,
қатараралығы
45см тәсілмен
9. Егісті күтіп МТЗ-80 Егін көгі шықпай 6-8см тереңдікке Дақыл гүлдегенге
баптау, тырмалау КРН-4,2 тұрып және бірінші тырмалайды дейін егіс
КРН-38 үштік жапырақ қопсытылып тұрады
шыққанда
10. Қопсыту және МТЗ-80 Мамыр айының 25%-дық циткор, Қос жарнақты
гербицидтер СПН-6 бірінші онкүндігі 27%- дық омаит арамшөптермен
қолдану қолданады күресу үшін
11.Суару Фрегат, шілде Суару мөлшері 300- Дақылды ылғалмен
днепр,волжанк 600м3/га, 3-5 рет қамтамасыз ету
а ДДА-100МА жаңбырлатып суару үшін
тәсілімен суарады
12.Өнімді жинау МТЗ-80 Тамыз айының Дақыл піскен кезде
СК-5 екінші онкіндігі жапырақтары
ЖРБ-4,2 сарғайып,түсіп қалады,
сабағы мен
бұршаққаптары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев,
Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік
шаруашылығы».Алматы, 2011ж
2. Р.Елешов, Т.Смағұлов, Ә.Балғабаев «Агрономия және
тыңайтқыш қолдану жүйесі». Алматы, 2000ж.
3. Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Н, Сүлейменова С.Е, Асұанбаев С.С.
«Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері».
Астана, 2007ж.
4. Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш. Жаңабаева
«Егіншілік». Алматы, 2005ж.
5. Жанзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы». Қызылорда «Тұмар»
2007ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz