Майбүршақ (қытайбұршақ)



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Презентация Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шымкент 2013ж.

Майбұршақ
Майбүршақ (қытайбұршақ) - дәнінің химиялық құрамына байланысты түрлі мақсатқа пайдаланылатын дақыл. Оның дәнінде 35 % аса ақуыз, 17-25 - май және 20 % артық крахмал болады. Майбұршақ өсіру арқылы шаруашылық екі қүнды онім -ақуыз және өсімдік майын алады.
Майбұршақ күлінде калий, фосфор және кальций көп. Майда еритін С, В және Е дәрумендері бар. Дән құрамына фитин және сапонин кіреді.
Майбұршақты диабетиктерге диетикалық тағам ретінде ұсынады. Оның ақуызы жоғары сіңімді, суда жақсы ериді; басқа дәндібұршақтарға қарағанда алмастырылмайтын амин қышқылдарына бай. 1 кг дәнде 320-450 г протеин, 21, 9 -лизин, 4, 85 - метионин, 5, 3 - цистин және 4, 92 г триптофан болады. Қоректік заттарының өте қолайлы үйлесуінің арқасында оны тағамдық, малазықтық және техникалық дақыл ретінде кеңінен өсіреді.

1 т майбұршақ дәнінен 100 кг аса май алынады. Ол азықтық зат ретінде пайдаланылады. Дәні пісірілген түрінде де тағам. Дәнінен маргарин, ірімшік, сүт, үн, кондитерлік заттар мен консервілер алынады және пластмасса, желім, лак, бояу, сабын мен басқа да заттар дайындайды. Майбұршақ күнжарасы (май өндіргеннен кейінгі қалдығы) малға жем ретінде қолданыланады.
Майбұршақтың көк балаусасын малазыққа пайдаланады және оны жүгері, судан шөбі және қонақ жүгерімен араластырып сүрлем дайындайды. 100 кг көк балаусада 21 малазықтық өлшем мен 3, 5 кг протеин болады. Майбұршақ сабағы малға сұлы, жаздық және күздік бидайлар дікінен гөрі құнды қомақты жем, бірақ оның сапасы күріштікінен нашарлау. Онда 4, 6 % ақуыз және 10, 7 % май болса, олар сұлы сабанында сәйкес 2, 5 және 1, 6. Майбұршақ сабағы шеп ұнын өндіруге де пайдаланылады.
Ылғал жеткілікті аудандарда майбұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде егеді. Ол отамалы және азот жинайтын (1 га жерден 70-80 кг сіңімді азот жинайды) дақыл болғандықтан, жаздық астықтар мен басқа да дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Жоғары агротехникада гектарына 13-15 ц дән өнімін береді.
Майбұршақтың отаны - Оңтүстік-Шығыс Азия. Қытайда ол б. э. д. 6 мың жылдан бұрын белгілі. Азияның бірқатар елдерінде (Индия, Жапония, Корея, Вьетнам және Индонезия) ертеректен егіледі. Ол жерлерде майбұршақ өсімдік ақуызы мен майын алудың негізгі көзі және түрлі тағам түрінде (250 аса тағам түрін дайындайды) пайдаланылады. Майбұршақ Еуропаға 8 ғасырдың аяғында әкелінген.
Майбұршақ дақылының Қазақстандағы егіс көлемінің көпшілігі Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Майбұршақ- Fabaceae тұқымдастарға жатады, майбұршақ туыстасы- Glycine L., кәдімгі соя - G soja (L. ) Sibe et Zucc. ( G. hispida Max) . Н. И. Корсаков бойынша Glycine орталық пайда болу жағдайына сәйкес үш туыстық тармағына бөлінеді. Glycine L. Тармағы екі түрге бөлінеді - Лаванский және жайылып өсетін түрі- Шығыс Африкалық орталықтан шыққан (Шығыс Африка, Индия, Шри Ланка, Ява аралы) . Leptocyamus (Benth. ) F. Herm., туыстық тармағы алты түрден тұрады. Өрмелеп өсетін түрі, орақ тәріздес, тұқымы көп түрі, ашық түстісі, темекі жапырақтасы және киіз тәріздес түрі, бұлардың барлығы Австралиялық орталықта пайда болған( Австралия, Оңтүстік Қытай, Оңтүстік Шығыс Азияның аралдары) . Soja-туыстың тармағы (Moench) F. Нerm одан сояның кәдімгі қарапайым түрі шығады-G. Soja (L) Sibe et Zucc- бұл өсімдік Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтан шыққан түрлерге жатады. (Солтүстік Қытай және оның көрші аралдары) . G Soja- түрәне, сояның барлық түрі жатады, жартылай мәдени және Солтүстік Қытайда және Қиыр Шығыста өсетін түрлері жатады. Бұл түрлерден бес түр тармағы бөлінеді:

1. SSp. Soja (Sieb et Zucc) Kors., G синоним ussurensis Reg. and Maack. - оны уссуриілік немесе жабайы өсетін түр тармағына жатқызады. Сабақтары жіңішке, оралып өседі, жерге жатып қалады. Жапырақтары майда, сопақша үшкірленіп қияқ жапырағына ұқсайды. Гүлдері майда күлгін түсті болады. Буындары қысқа. Бұршақтары майда, піскен кезде жарысшақтанып тұрады. Тұқымы 20-30 г болады. Майбұршақтың бұл түрі Қытайда, Кореяда, Жапонияда, Индияда, Монғолияда кеіәнен таралған, ал біздің елімізде Қиыр Шығыста өседі. Оның төрт түрі бар.

2. Ssp. Gracilis (Skv. ) Kors- мәдени түрдегі тармағы. Жабайы өсетін соялармен салыстырғанда бұл түрдің формасы қарапайым болып келеді. Приамурде, Маньчжурияда және Солтүстік Қытайда арамшөп ретінде таралған. Бұның да төрт түрі бар.

3. Ssp. indochinepsis (Enk. ) Kors. - майбұршақтыңың индоқитайлық түр тармағы. Орташа және биік болып өседі ( 2 метрге дейін), кешпісетін түрлері тармақтанып өседі. Сабағы және бұтақтары жіңішке, оралып және жерге жайылып өсуге биім болады. Жерге жайылып өсетін түрінің жапырақтары майда бірақ мол болады. Тұқымдарының көпшілігі өзара түстес болады. Тұқымында ақуыз көп мөлшерде болады ( 39-44, 5 %) . Олардың 28 түрі бар. Бұл түр тармағы адамдардың жасаумен пайда болған.

4. Ssp manshurica (Enk. ) Kors. - маньчжуриялық түр тармағы. Бойы орташа (60-95 см) болып өседі. Орташа намесе жоғары тармақтанады. Сабақтарының жуандығы орташа, жіңішке болуы сирек кездеседі. Бұтақтарындағы гүлдері қысқа болады, орташаға дейін барады. Бұршақтарының размері орташа, кейде ұзынша болып келеді. Тұқымының 1000 данасының массасы 110-260г. құрайды. Дәнді формалы тұқымдарындағы ақуыз мөлшері 39-42, 5%, май мөлшері 23-24% болады. 26- түрі бар. Генетикалық негіздегі сорттарының түр тармақтары АҚШ-та, Балқан жарты аралында, біздің елде- Қиыр Шығыста және басқа да аудандарда өседі, кейбір жерлерде барлық егіс алқабын алып жатады.

5. Ssp korajensis (Enk. ) Kors. - Кореялық түр тармағы. Бұл көп жылдық селекцияның нәтижесінде алынған түрді көрсетеді. Бұл, қарапайым майбұршақтың жаңадан табылған түр тармағына жатады. Сабағы жуан, жапырағы және тұқымы ірі болады. Бұл түрдің келешегі бұршақтары жарылып кетеді, гидрофильділігі жоғары, тұқым қабақтары жарылып тұрады. Бұл тармақтың 40 түрі бар. майбұршақтың өндірісте таралған түрлерін топтарға бөлу мақсатында ғалым В. Б. Енкеи өзінің селекциялық тұқымды зерттеу жұмыстарында апробациялық топтар жүйесін жасады., олардың ұқсас қасиеттеріне қарай бөліктерге бөледі. Бұтақтарының түсіне, тұқымының қабығына және тұқым жарнағына қарады. Көптеген ғалымдар сояның шыққан жері оңтүстік-шығыс Азия деп санайды. (Қытайдың Солтүстік және Шығыс бөлігі) . Майбұршақтыңың шыққан ата тегіне G. ussuriensis, жатады, бұл жабайы өсетін майбұршақ, бұл Қытайда көп тараған. Бұл, елдегі майбұршақтың өсіру 6-7 мың жыл бұрын басталған, дегенмен, қазірдің өзінде Қытайда жабайы өсетін сортқа жақын түрлері де өседі. Бұл жерде майбұршақтыы зерттейтін генетикалық орталық та бар. Қытайдан Кореяға, ал Кореядан Жапонияға таралады.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
Мәдени майбұршақ (Glycina hispida Maxim) - біржылдық бұршақ дақыл (19-сурет) . Оның кіндік тамыры топыраққа 1, 5-2 м тереңдікке дейін тарайды. Сабағы бұтақтанады, биіктігі 70-100 см, жапырақтары үш салалы. Көптеген сорттарының бұршақбастары піскенде ж-пырақтары түсіп қалады. Гүлшоғыры - 3-8 гүлді шашақгүл.
Гүлдерінің түсі ақ, немесе ашық-күлгін. Жемісі - 2-4 дөнді бұршақбас. Дәнінің формасы домалақ, сопақ, ұзынша-жалпайған; ірі, орташа және ұсакдөнді болып келеді. 1000 дәннің салмағы 100-400 г. Дәннің түсі сары, жасыл, қоңыр немесе қара. Қоңыр мен қара түсті дәндері сирек кездеседі. Өсімдіктің үстін қызыл-қоңыр немесе ақшылдау түктер қаптаған.
Майбұршақ - өздігінен тозаңданатын қысқакүн өсімдігі. Сортына байланысты вегетациялық кезеңдерінің ұзақтығы 100-160 күн. Бірақ өте ерте және кешпісетін сорттары да бар.
Майбұршақ - жылуды жақсы кереді. Тұқымының өнуі үшін ең төменгі температура 6-8°С. Өсіп-жетілуіне қолайлы температура 20-25°С. Дақылдың көгі 2, 5°С дейінгі үсікті көтере алады. Майбұршақтың өсіп-жетілу кезеңіне қажетті температура жиынтығы: ерте және орташапісетін сорттары үшін 1500-2000°С, кешпісетіндеріне - 2000-3000°С.
Майбұршақ ылғалға көп талап қояды. Дақыл дәнінің бөртуі үшін мол ылғал қаже болса, көктеп шыққаннан гүлдегенге дейінгі ылғалды пайдалануы онша жоғары емес. Ылғалды ең көп қажет ететін мерзімі гүлдеу мен дәнбайлау кезеңі. Осы кезеңде топырақта ылғал жеткіліксіз болса, өнім түсіп кетеді. Транспирациялық коэффициенті 600-ге жуық. Майбұршақтың құрғақшылыққа төзімділігі үрмебұршаққа қарағанда төмен.
Майбұршақ топырақтаңдайды: кальций мен органикалық заттарға бай құмдауытты және құмбалшықты қара топырақтарды жақсы көреді; батпақтанған, қышқыл және қатты тұзданған топырақтар оған жарамсыз. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап және әлсізсілтілі болғанды қалайды. Фосфорды өте қажет етеді және де қиын еритін қосылыстардан фосфорды жақсы сіңіреді.
Қазақстанда майбұршақтың мынандай сорттары өсіріледі: Букурия, Эврика 357, Аврора, Казахстанская 2309, Волгоградка 1, СибНИИК-315, Мисула 1092, Жалпақсай және Алматы.

Агротехникасы
Отамалы дақыл болғандықтан, майбұршақты ауыспалы егісте тыңайтылған күздіктер мен жаздықтар және жүгеріден кейін орналастырады. Қант қызылшасы, картоп және жүгері дақылдары да оған жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. Ылғал жеткіліксіз аудандарда майбұршақтың өзі (ерте сорттары) күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Майбұршақ топырағын өндеу жүйесі мүмкіндігіне қарай терең және қопсытылған жырту қабатын жасау, арам шөптермен тиімді күресу, топырақта ылғал жинау мен сақтау шараларын қарастыруы керек болса, ол жұмыстар аңызды сыдырту (ЛДГ-10, ЛДГ-5), 25-30 см терендікке ерте сүдігер жырту (ПТК-9-35 немесе ПЛП-6-35) және сүдігерді шала сүрлеп өңдеумен іске асырылады. Топырақтың жырту қабаты таяз болса, танапты терең қопсытып барып толықтереңдікке жыртады. Құрғақшылықты аудандарда сүдігерде қар тоқтатады.
Топырақты тұқым себералды өңдеулері басқа жылусүйгіш кеш егілетін дақылдардікіндей. Механикалық құрамы ауыр топырақтарды, әсіресе олар күз-қыс кезеңдерінде қатты нығыздалып қалған болса, көктемдегі тырмалаудан кейін терең түренсіз қопсытумен бірге тырмалау және ауа райы жағдайына байланысты бір, немесе екі рет қопсыту.
Егін егуге бір аптадай қалғанда танапқа трефлан (5-10 кг/ га) гербицидін ОН-400, ОВТ-1В машиналарымен шашып, БЗТС-1, 0, немесе БДТ-7, БД-10А тырмаларымен сіңіреді.
Майбұршақ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды өте қажет етеді. Топырақтың сапасынабайланысты гектарына 15-25 т көң, 60-80 кг-нан азот пен калий жене фосфорит ұны, немесе суперфосфат түрінде 80-120 кг фосфор береді. Қышқыл топырақтарға өк қолданады.


Көңді толық, фосфор мен калийдің қажетті мөлшерінің жартысын сүдігерде беріп, қалған минералдық тыңайтқыштар мөлшерін коктемгі қопсытуда (азот) - қатарға тұқым себу кезінде (түйіртпектелген суперфосфат) және үстеп қоректендіруде пайдаланады.
Майбұршақтың себуге арналған тұқымын бөгде қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузариоз, сүр шірік, бактериоз және басқа да ауруларға қарсы тұқым себерден 1, 5 ай бұрын 50 %-дық, немесе 80 %-дық фундазол және 80 %-дық ТМТД (3-5 кг/т) препаратымен залалсыздандырады. Өңдеуге ПС-10 «Мобитокс» машинасын пайдаланады. Себетін күні арнайы майбұршақ нитрагинімен өңдейді, себебі басқа бұршак дақылдарының бактериялары майбұршақтың тамырларында түйнектер түзбейді.
Майбұршақты егістік жер топырағы тұқым орналасатын тереңдікте 10-12°С жылынғанда кең катарлы, қатар аралықтары 45 см болатын тәсілмен СКОН-4, 2, немесе СПН-6 тұқым-сепкіштерімен себеді (ылғал жеткіліксіз аудандарда қатараралықтар 60 см) . Осындай қатараралықтармен жолақтап (екі қатарлы) егуге де болады.
Кок азық пен мал жоюға арналған егіс кәдімгі қатарлы тәсілмен (СЗСШ-3, 6) себіледі.
Майбұршақты себу мөлшері - егістік материалдың ірілігі мен егілетін аудандарына байланысты, гектарына 0, 4-0, 6 млн өнетін дән, немесе 40-80 кг тұқым.
Себу тереңдігі - 5-6 см, жеңіл топырақ пен құрғақ ауа райында 8 см дейін. Тұқым сепкеннен кейін танап бетін тап-тауышпен нығыздайды.

Минералды тыңайтқыштарды беру мөлшері (кг/га)

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz