Мақсары
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Университеті.
«Агроөнеркәсіп» факультеті
«Өсімдік шаруашылығы» пәнінен
Презентация
Тақырыбы : Мақсары
Шымкент 2013ж
Мақсарының халық шаруашылығындағы маңызы.
Археологиялық қазбалардың және әдебиет көздерінің куәлендірушілерінше мақсары өте
көне дақылдар қатарына жатады. Себебі, мақсары дақылының гүлінен жасалған
бояулармен Мысыр елінде мумиялар оралатын маталар боялған. 2100 жылдан астам
тарихы бар мәдениленген дақыл. П.П. Вавиловтың деректері бойынша, мақсары дақылы
ертеректе Үндістанда, Египетте, Ауғанстанда, Орталық Азияда және Кавказ
мемлекеттерінде белгілі болған. Аталған елдерде мақсарыны бояғыш және әсемдік зат
ретінде пайдаланған. Оның латынша Cartamus атауы арабтың carton – бояу деген сөзінен
шыққан, өйткені мақсары гүлдерінде картамин пигменті бар. Бұл пигменттің ерекшелігі –
суда сары түске, ал спиртте қызыл түске боялады.
Орта Азия елдерінде мақсары ертеде белгілі болған. Бұл өңірде мақта шаруашылығына
дейін жергілікті тұрғындар мақсары тұқымын тағамдық майға және пілте шамға
пайдаланған.
Алғашқыда мақсарыны бояғыш зат ретінде қолданған, кейіннен химиялық жолмен арзан
және жоғары сапалы бояулардың алынуына орай, дақылдың бояу ретіндегі өндірістік
маңызы жойылып, оны өсімдік майын алуға, дәрі – дәрмек жасауға және мал азығына
өсірген.
Онын дәнінен 25-36% жоғары сапалы май алуға болады. Мақсары дәнінен өндірілетін
өсімдік майы сапасы жөнінен (дәмділігі. ағзаға сіңімділігі, холестериннің аздығы, т.б.)
күнбағыс майынан жоғары немесе тең, ал макта майынан жоғары бағаланады .
Халықтық медицинада мақсары жапырақтары, гүлдері және майынан әртүрлі дәрі
дәрмектер жасалады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр–бояу, линолеум, сұйық сабын
өндірісінде т.б. техникалық мақсаттарда пайдаланады. Қабығы ашылған мақсары
тұқымынан алынған күнжарасы – бағалы мал азығы.
Мақсарының морфологиялық сипаттамасы.
Мақсары–астра тұқымдасына жататын біржылдық
қосжынысты өсімдік. Дақылдың тамыр жүйесі жақсы
дамыған. Негізгі кіндік тамыр жүйесінің ұзындығы 2-3м
дейін жетеді және жанама тамырлары негізгі тамырдан 60-
90 см дейінгі қашықтықта орналасады. Мақсары тамырының
тереңге бойлауы өсу жылдамдығы және топырақ қабатында
бөліну сипаты ондағы ылғал мен қоректік заттардың
орналасуына тікелей байланысты. Дақыл топырақтың
төменгі қабатынан ылғал мен қоректік заттарды сіңіре
алады, сондықтан құрғақшылыққа төзімділігімен
ерекшеленеді.
Мақсары сабағы тік өседі, цилиндр пішінді, сырты жылтыр,
әрі түксіз, түсі солғын ақшыл-жасыл. Сабағының биіктігі
сортына және климат жағдайына байланысты 50-100см
аралығында ауытқиды. Сабағы төменнен жоғары қарай
жіңішкере береді және төменгі бөлігінің диаметрі 3-12 см
аралығында. Биіктігі сортына байланысты өзгереді.
Мақсарының жапырақтары – отырмалы, сағақсыз, жалаңаш,
етті, ланцетті пішінді және сабақта бір-біріне қарама-қарсы
орналасады. Жапырағының шеттері тісті, түрлеріне қарай
өткір тікенді немесе тікенсіз болады. Сабақтың ортасындағы
жапырақтары ірі, ал жоғары жағындағыларының аумағы
кішірейіп, гүл шоғыры орамына айналады. Толық жетілген
жапырақтарының ұзындығы 9-25 см, ені 3-8 см. Бір
өсімдікте 80-20 дана әртүрлі көлемді жапырақтар
қалыптасады.
Мақсарының гүл шоғыры – диаметрі 1,5-3,5 см, тостағанша
гүлдері түтікті, бес бөлікті күлшелерден тұрады, сары
немесе қызғылт түсті, оның құрамында бояғыш зат
картамин болады, жатыны бір ұялы және бағаналы. Дақыл
көбінесе жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Жемісі ақ
түсті тұқымша, жалаңаш, жылтыр, төрт қырлы. Бір өсімдікте
5-50 тостағанша, оның әрқайсысында 25-60 дана тұқымша
болады. 1000 тұқымшаның массасы 25-52 г аралығында.
Піскен кезде тұқымы шашылмайды, өйткені орамының ішкі
жапырақшалары тығыз қабысып тұрады.
Мақсарының биологиялық ерекшеліктері.
Мақсары – жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күннің
өсімдігі және құрғақ континентальды климатқа жақсы
бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену және
тұқымының пісуі кезеңдерінде оны өте қажетсінеді.
Құрғақшылыққа қарағанда осы кезеңдердегі жауынды күндерді
қаламайды, өйткені жауынды күндері өсімдік нашар тозаңданады
және шіру қаупі туындайды. Мақсары тұқымы +1+2 С –не
бастайды, +4+5 С жеткенде толығымен өнеді. Өскіні пайда
болғаннан кейін 60-70 тәуліктен кейін гүлдейді, гүлдену кезеңі 25-
30 күнге созылады. Алдымен негізгі сабақтағы орталық
тостағаншалар гүлдей бастайды, содан кейін бұтақтағы
тостағаншалар гүлдейді. Гүлдену тұқымның пісуі кезең аралық
ұзақтығы 30-40 күнді құрайды.
Мақсарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығы себу мерзіміне
және өсіру жағдайына байланысты кең ауқымда өзгереді.
Дақылдың көктемгі егісінде вегетация кезеңі 110-115 күнге
созылса, ал күзде себілген мақсары 200 күнде піседі.
Мақсары - жарық сүйгіш өсімдік. Жарықтың жақсы түсуі дақыл
тамырының тереңге бойлауына, жапырағының мол болуына, ерте
гүлдеуіне септігін тигізеді және тозаңдануы жақсарады.
Мақсары қуаңшылыққа төзімділігі жоғары бола тұра, ылғалды да
қажетсінеді. Дақыл тұқымы топырақтан өз массасынан 30-40%-
дан ылғал сіңіргеннен кейін өне бастайды. Ылғалға барынша
қажетсіну кезеңі шашақтану, гүлдену, осы кезеңде ылғалдың
молдығы өсімдік қуаттылығы мен өнімділігін арттырады, ал аз
болуы бұтақтануды азайтады, жапырақ көлемін кішірейтеді және
өнімділікті төмендетеді.
Топырақ типі мен қоректік заттарға талаптары. Көптеген
ғалымдардың тұжырымы бойынша мақсары топырақ талғамайды,
құнарлылығы төмен жерлерде де тәп тәуір өнім қалыптастырады.
Мақсарының жақсы өсіп дамуы үшін топырақ реакциясы 5-8
аралығында болғаны дұрыс.
Мақсары өсіру технологиясы.
Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім
жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану
арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д.С.Васильев, Н.Г. Потеха
пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндік және
сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады.
Я.Н.Момот тәжірибе деректкріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің
ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс
таңдамайды деп есептейді, сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан
кейін орналастыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық
дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір
орында бірнеше жыл өсірілуі мүмкін.
Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
Тыңайтқыш. Мақсары танаптарына қолданылатын тыңайтқыштар жүйесі
сүдігерге сіңірілетін негізгі тыңайтқыштардан, тұқыммен бірге берілетін
және үстеп қоректендіруден тұрады.
Мақсары танаптарына органо-минералды тыңайтқыштар беру өнімділікті
және тұқымша сапасын жақсартады. Ван Жо Му ҚХР жағдайында мақсары
танаптарына 30 т/га көң шашуды ұсынған. Көптеген зерттеушілер мақсары
егісіне 40-60кг мөлшерінде азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын
беруді ұсынады. Кейбір ізденушілер пікірінше, минералды
тыңайтқыштарды негізгі тыңайтқыш ретінде беруден гөрі, үстеп
қоректендіру пайдалы деген тұжырымға келеді.
Республиканың ылғалмен қамтамасыз етілген аудандарында мақсары
танаптарына азот 40-60 кг, фосфор – 60 кг және 30 кг мөлшерінде калий
тыңайтқышын беру өнімділікті және дән майлылығын көтеруге әсерін
Топырақ өңдеу жүйесі.
Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу
жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күздік сүдігер тарту
жатады. Республиканың оңтүстігінде масақты астық
дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см
тереңдікке сыдыра жыртылып, содан кейін 1-2 аптадан соң
20-22 см тереңдікке соқамен аударылып жыртылады.
Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен шектес
аймақтарында мақсары танаптары күзде 25-27 см тереңдікке
жыртылады. Себебі өсімдіктің тамыр жүйесі тереңге
бойлайды. (Ван Жау Му,1993)
Ерте көктемде сүдігер тырмаланып, қажетінше 1– 2 рет
культивацияланады. Себер алдындағы культивацияға дейін
арамшөптерге қарсы топырақ гербициді бүріккіш құралмен
бүркіліп (ПОУ) іле тырмамен жабылады. Көпжылдық және
біржылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы торфи (2,0-2,5
л/га), трефлан (4-10 л/га), астық тұқымдас арамшөптермен
күресу үшін фюзилад супер (1-2 кг/га біржылдық және 2-4
кг/га көпжылдық арамшөптерге қарсы ) қолданылады.
Тұқымды себуге дайындау. Мақсары тұқымы себу (стандарт) талаптарына
сай келуі керек. Тұқым құрамындағы негізгі дақыл үлесі 95-98% кем емес
және зертханалық өнгіштік 85-95% болуы керек. Себу алдында ауруларға
қарсы 200 ФФ, 34% 3-4 кг/т; ТМТД 80% -2-3л/т; фундазол – 3кг/т улы
химикаттарының бірімен дәрілейді.
Тұқымды себу тәсілі. Мақсарыны тұқымға өсіруде оны кең қатарлы
тәсілмен (45-60см) себу ұсынылады. Отамалы дақыл ретінде мақсарыны
кең қатармен себу арамшөптермен күресуде тиімді. Ылғалмен қамтамасыз
етілген жерлерде және суармалы егіншілікте дақылды жаппай қатардағы
(15см) тәсілмен себуге болады.Республиканың оңтүстік шығысында
мақсарыны тұқымға екі ізді тәсілмен себу мүмкіндігі қарастырылуда.
Дақылды таспалы тәсілмен себу, кең қатарға қарағанда өнімділікті 10-15%
жоғарылатады.
Тұқымды себу мерзімі.
Мақсары ерте себілетін дақылдар қатарына жатады. Топырақтың 10 см
қабаты 6-8 С жылынған кезде себеді, себу мерзімін кешіктіру өнімділікті
төмендетеді және зиянкестермен зақымдану қаупін күшейтеді.
Қазақстанның оңтүстік шығысының тау бөктері аймақтарында мақсарыны
сәуір айының бірінші онкүндігінің аяғында, ал осы өңірдің шөлді-далалы
аймағында наурыздың аяғы – сәуірдің басында себу ұсынылады.
Қазақстанның оңтүстігінде наурыздың екінші онкүндігінде, ал
солтүстігінде және батысында сәуірдің аяғы – мамырдың бірінші
онкүндігінде сепкен дұрыс. Республиканың оңтүстік шығысының қары аз,
көктемгі егістегі ылғалы жеткіліксіз шөлді – далалы аймағында мақсарыны
қыс түсер алдында себу қарастырылады, яғни қараша айының бірінші
онкүндігінде. Аталған жағдайдағы мақсары өнімділігі көқтемгі мерзімде
себілген дақылдан кем түспейді.
Тұқымды себу мөлшері.
Кең қатарлап (45-60см) себуде гектарына 200-300 мың дана өнгіш тұқым
немесе 8-12 кг себіледі. Екі ізді таспалы тәсілмен -12-14 кг/га, жаппай
қатардағы тәсілде -20-24 кг/га тұқым себіледі.
Тұқым сіңіру тереңдігі 5-6 см, ылғал төмен жерлерде – 7-8 см.
кондициясына жеткізіліп, тұқымға арналған үлгі қалып
Егістікті күтіп-баптау шаралары. Танапты
тырмалаудан (егін көгі шыққанға дейін және
шыққаннан соң) және қатараралықты (2-3
рет) өңдеуден тұрады. Кең қатармаен
себілген мақсары егісі КРН 4,2 немесе КРН
5,6 культиваторларымен қатараралықтары
өңделеді. Бірінші рет культивациялау 6-8 см
тереңдікте, екіншісі 8-10 см, ал үшіншісі 6-8
см-ге жүргізіледі. Бірінші культивациямен
бірге өсімдік минералды тыңайтқыштармен
үстеп қоректендіріледі.
Суармалы егіншілікте мақсарыны 2-3 рет
суару ұсынылады. Әрбір суару мөлшері 600-
800 м³/га.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік
шығысында мақсары егісі 30 аса
зиянкестермен зақымдалады. Олардың
ішіндегі кең тараған түрлері : кіші және
үлкен мақсары бізтұмсықтары, мақсары
шыбыны, жидек кенесі және т.б. Күресу
шаралары : егер бізтұмсықтар саны 1 шаршы
метрде 2-3 данадан асса, онда 5% каратэ
немесе кинмикс 2,5 % препараттарының
бірімен 0,15-0,20 л/га мөлшерінде егістік
бүркіледі. Мақсары ауруларына қарсы (тат,
жапырақтың қоңыр дағы т.б ) алдын алу
шарасы ретінде тұқым дәріленеді.
Мақсарыны орып бастыру.
Мақсары тұқымын толық піскенде
астық комбайндарымен тікелей
орып бастырады. Мақсары
тұқымдары біркелкі піседі және
шашылмайды, сондықтан оны
кешірек те жинауға болады.
Мақсарынын дәнін жинау масақты
дакылдарды жинау
технологиясына ұқсас келеді.
Мақсарыны орып бастыру кезінде
комбайнның барабанының айналу
жылдамдығы 500-900 минутына
болуы қажет. Сабаны қатқыл, сол
себепті сабанын жинамай шашып
тастаған жөн. Мақсарының
қауашағында болатын ұсақ
қылтықтардың комбайнның ауа
фильтріне кері әсерін болдырмау
үшін, торлы фильтрдің сыртын екі
қабат дәке матамен орап тастау
керек.
Мақсары дақылын өсірудің технологиялық
картасы
Техникалық операция Өткізу мерзімі Агротехникалық талаптар Ауыл шаруашылық
машиналары және
жабдықтары
1.Сүрі танапты Ерте көктем ақпан айының соңы 6 – 8 см тереңдікте өңдеу КПІП – 5
дайындау наурыз айының басы КПГ – 2,2
2. Топырақты өңдеу Наурыз айының екінші онкүндігі 20-22см сыдыра терең жырту КПШ – 9
3. Тұқым себу мерзімі Сәуір айының бірінші онкүндігі Топырақтың 10 см қабаты 6-8 С КПГ – 2,2
жылыған кезде КНР – 1,5
СЗУ – 3,6
Съелка
4. Тұқым себу мөлшері Сәуір айының бірінші онкүндігі Гектарына 200-300 мың дана өнгіш КПШ – 9
тұқым немесе 8-12 кг себіледі. Тұқым МТЗ - 80
себу тереңдігі 5-6см.
5.Арамшөптермен Сәуір – мамыр айлары Гербицид қолдану ОПВ – 3,6
күрес
6. Мақсарыны суару - 2-3 рет суару, әрбір суару мөлшері 600-
800 м³/га.
7. Мақсарыны бастыру Шілде айының соңы тамыз айының Тұқым толық піскенде тікелей орып Ниваст – 5 А
басында жинап бастырады бастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев,
Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік
шаруашылығы».Алматы, 2011ж
2. Р.Елешов, Т.Смағұлов, Ә.Балғабаев «Агрономия және
тыңайтқыш қолдану жүйесі». Алматы, 2000ж.
3. Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Н, Сүлейменова С.Е, Асұанбаев С.С.
«Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері».
Астана, 2007ж.
4. Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш. Жаңабаева
«Егіншілік». Алматы, 2005ж.
5. Жанзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы». Қызылорда «Тұмар»
2007ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz