Орамжапырақ
Презентация қосу
*Презентация
Тақырыбы:
«Орамжапырақ»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
* Орамжапырақ
Орамжапырақ көкөністеріне ақ қауданды, қызыл қауданды, гүлді, савой, брюссель жэне кольраби
орамжапырақтары жатады. Ақ қауданды орамжапырақ көкөністердің тағамдық құндылығы құрамындағы қант,
минералды заттар, витаминдер, белок және т. б. мөлшерімен анықталады. Савой және брюссьль
орамжапырағында азотты заттар (4,8%) көп. Азотты заттардың жартысын белоктар алады. Орамжапырақ
көкөністерінің құрамына күкіртті белоктар кіреді, бұл одан жасалған тағамдардың өзіндік иісін түсіндіреді.
Орамжапырақ көкөністері Вь В1, В2, РР,Е, фоли қышқылы витаминдердін көзі, ол организмде холистериннің
мөлшерін төмендетуге, қан аздық ауруының алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар орамжапырақа
антисклероз әрекетіндегі холин витамині және гастрит, асқазан язвасын емдейтін II витамині бар.
Ақ қауданды орамжапырақ (белокочанная капуста) - орамжапырақ көкөністердің ішінде кең таралған. Өны
балғын түрде, аспаздықта, ашыту және маринадту үшін қолданады. Ақ қауданды орамжапырақга 1-2,5% белок,
2,5-5,3% қант, 0,8% минералды заттар, 70 мг % дейін С витамин бар.
Пішіні бойынша олар домалақ, жазық, овал тәрізді және конус тәрізді болады. Өлшемі бойынша майда (0,7
кг), орташа және ірі (4-8 кг) болады. Жетілу мерзімі бойынша ерте, ортапіа және кеш пісетін сорттарға
бөлінеді. Ерте пісетін сорттары орамжапырақтардың қаудандары борпылдақ, орташа тығыздықты және
орташа өлшемді болады. Оларды балғын түрде қолданады. Оларға: Номер бірінші, Колхазница, Золотой гектар,
Заря, Казачок сорттары жатады. Орташа сорттардың қауданы тығыздау және ерте пісетін сорттарға
қарағанда жақсы сақталады. Оларды балғын күйінде және ашыту, консервілеу үшін қолданады. Оларға: Слава
Грибовская, Белорусская, Брауншвейдская, Столичная жатады. Кеш пісетін сорттарының қаудандары ірі, басқа
сорттарға қарағанда құрамында қант мөлшері көп. Оларды ашыту үшін және балғын күйінде ұзақ мерзімі сақтау
үшін қолданады. Оларға: Амагер, Зимовка, Харьковская зимняя жатады.
Орамжапырақтың ботаникалық
және биологиялық
ерекшеліктері
Орамжапырақ өсімдігі - орамжапырақ тұқымдасына, яғни Brassicaceae
(крестгүлділер – Cruciferae) туысына біріктіріледі. Орамжапырақ шығу тегіне
байланысты европалық жабайы – Brassica silvestris Mill түрінен мәденилендірілген.
Барлық орамжапырақ түрлері – екі жылдық өсімдік болып табылады. Жапырақтары
қатарлы, үлкен болады. Жапырақ бетінің максимальді ауданы орамжапырақ түрлеріне
байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, кольраби орамжапырағында 0,25 м 2
болса, ал ақ қауданды орамжапырақта 10 есе үлкен – 2,5м 2.
Орамжапырақ тұқымдары өте майда және брюква тұқымдарына ұқсас болып
келеді. Тұқым түрлеріне қарап орамжапырақтарды ажырату мүмкін емес. Тек өсіндері
пайда болғаннан бастап ажырату оңайға түседі.
Тамыр системасы көптеген тамырлардан құралған. Негізгі тамыры кіндік тамыр
болып, 2 м тереңдікке бойлайды. Жанама тамырлары горизонтальді бағытта жайылып
өседі.
Орамжапырақтың өсу кезеңі мына этаптардан өтеді:
тұқымның өнуі мен өскіннің пайда болуы
бастапқы сабақтың және тамырдың өсуі
3. жапырақ массасының пайда болуы және тамырдың әрі қарай дамуы
4. азықтық органның пайда болуы
5. бүршік атуы
6. гулдеу кезеңі
7. пісіп-жетілу кезеңі
Пішіні бойынша олар домалақ, жазық, овал тәрізді және конус тәрізді болады.
Өлшемі бойынша майда (0,7 кг), орташа және ірі (4-8 кг) болады. Жетілу мерзімі
бойынша ерте, ортапіа және кеш пісетін сорттарға бөлінеді
* Орамжапырақ дақылын өсіру
технологиясы
Дәнді дақылдар тұқымын себетін уақытта ( ақпанның аяғы мен наурыздың басы) ерте
пісетін орамжапырақтың 50 күндік көшеттері отырғызылады. Облыстың оңтүстік
аудандарында көшеттер қараша айында отырғызылады. Бұл жағдайда орамжапырақтың
Дербент сорты ерте көктемде отырғызылатын нөмірі бірінші сортынан 20 – 25 күн ерте піседі.
Орташа мерзімде пісетін орамжапырақ сәуір және мамыр айының басында, ал кеш
пісетіндері маусымның ортасында және екінші жартысында себіледі. Ерте пісетін
орамжапырақ үшін ең тиімді отырғызу сызбасы – 60 х 30 см немесе 70 х 25 см, орташа мерзімде
және кеш пісетіндері үшін – 70 х 40 см немесе 60 х 50 см. Бұл жағдайларда 1 гектарға ерте
пісетін өсімдіктің 48 – 50 мың, ал кеш пісетіндердің 30 – 33 мың данасы отырғызылды.
Кеш пісетін орамжапырақ тұқымы көкөніс тұқым сепкіштермен себіледі. Тұқым сіңіру
тереңдігі – 2,5 см. Әр гектарға суару мөлшері 600 – 700 текше метр есебімен ерте пісетіндер 8 –
10 рет, ал кеш пісетіндер 13 – 14 рет суарылады. Егістік үш рет қопсытылып, 3 – 4 рет
оталады.
* Орамжапырақ дақылының
өсіру технологиясының
Технологиялық Өткізу мерзімі
сызбасы
Агротехникалық талаптар Ауыл шаруашылық
операциялар машиналары және
жабдықтары
1. Танапты дайындау Көктем – жаз 14 – 16 см тереңдікте бірінші КПП – 5
өңдеу КПГ – 2,2
10 – 12 см тереңдікте екінші
өңдеу
2. Топырақты өңдеу Наурыз айының басы 3 – 4 см тереңдікте өңдеу КПШ - 9
3. Тұқым себу мерзімі Ақпанның аяғы 3,5 – 4,5 см тереңдікте өңдеу КПП – 9
наурыздың басы КПГ – 2,2
4. Тұқымды себу мөлшері 48 – 50 мың дана тонна Тұқым сіңіре тереңдігі – 2,5 КПШ - 9
см
5. Үстеп қоректендіру. 3 рет үстеп қоректендіру 1 – көшет тамырланған кейін КПС – 4
Тыңайтқыш енгізу 2 – 10 – 15 күн өткен соң 100 КПІ – 3,8
әдістері кг аммиак селитрасы, ал 3 –
аммиак селитрасы 100 кг,
суперфосфат 150 кг, калий –
100 кг
6. Өнімді жинау мерзімі Маусымның аяғы Өнімді жинау
* Орамжапырақты
сақтау технологиясы
Ақ қауданды орамжапырақ – біздің
елімізде ең кең тараған көкөніс түрі,
ол барлық көкөніс дақылдарының
ішінен 50% көлемін алады.
Орамжапырақ жоғары өнімділігімен
ерекшеленеді (70-90т 1га), бірқатар
сорттары қыс мерзімінде ұзақ
сақталып, қайта өңдеуге (ашытуға)
өте қолайлы. Оның құрамында
аскорбин қышқылы көп (орта есеппен
40-50 мг – 100г) және қышқыл сақтау
кезінде де жойылмайды. Елімізде
орамжапырақты сақтау көлемі өте
үлкен, оның басым бөлігі арнаулы
көкөніс қоймаларда сақталады.
* Сақтау обьектісі ретінде
орамжапырақтың
ерекшеліктері.
Орамжапырақтың өнімді бөлігі (қауданы) сабақтан (көсеу сабақтан) тұрады, сабақты
бүршіктер (төбелігі басым) мен көптеген жапырақтар қаптайды. Орамжапырақты сақтау
процесінің барысында қаудандардың әр бөлігінің мерзімі бірдей емес.
Қаудандардың өмір сүру мерзімін төбелік бүршік басқарады. Орамжапырақты жиып-теретін
уақытта төбелік бүршік вегетациялық дамуы кезеңінде болады. Орамжапырақта терең
физиологиялық тыныштық күйі болмайды. өнімді жиып алғанна кейін (теплицада) өсуін
тоқтатпайды, бірақ гүлдеу мен тұқым пайда болу болмайды. Қауданды төменгі температурада
сақтау, төбелік бүршіктің дефференциация процесінің аяқталуына алып келеді. Дефференциация
аяқталмағанша орамжапырақты шығыны көп емес қолайлы ортада сақтауға болады.
Дефференциация процесі аяқталғаннан кейін, төбелік бүршікті репродуктивті сақтау процесіне
дайындау қиындай түседі.Әр түрлі сорттарда дефференциация процесінің мерзімі түрліше болып
келеді. Көсеу сабақ ұзындығына қарай бүршіктің дефференциация процесін басқаруға болады.
* Сақтау
шарттары:
Орамжапырақты сақтаға арналған ең қалайлы температура -1 ºС, егер -1,5
ºС төмендесе қауіпті емес. 0 ºС жоғары температурада сақтауға болиайды.
Ауа ылғалдылығы орамжапырақ сақтағанда жоғары болмағаны дұрыс, себебі
орамжапырақтың ылғал бөлгіштігі жоғары болып келеді. Қаудан арасындағы
ылғалдылық 97-98 % , ал қаймадағы ылғалдылық 93-96% болады. Осы дәрежеде
ылғалдылықты сақтағанда булану дәрежесі төмен болады. Сұр күйе ауруының
микроорганизмдерін дамытпау мақсатында мамандар ылғалдылық 90-95%
болған дұрыс деп кеңес береді. Кейбір жағдайларда ауа ылғалдылығы 70-80%
болғандада қаудан жақсы сақталған жағдайлар мәлім. Дегенмен мұндай
ылғалдылықта сыртұы жапырақтарының бірнешесі құрғап қалады. Бірақ осы
сыртқы жапырақтар ішкі жапырақтарды бұзылудан сақтайды. Осы кезде
орамжапырақ жалпы массасынан 1,5 есеге азаяды.
Орамжапырақты газды ортада сақтаудың ең басты ережесі ылғалдылық
орташа болуы тиісті. Полиэтилен қапшықтарда сақталған орамжапырақтың
тыныс алу процесі бұзылады. Сол себепті орамжапырақ көмір қышқылды газды
ортада сақтағанда орта есеппен 2-3% аспауы керек. Температура төмен болған
сайын СО2 концентрациясының көбеюі көрінбейтін жарақаттар болдырады.
Құрылымы ауыр саз және саздақ топырақтарда СО2 жетіспеуі байқалған.
* Сақтау
технологиясы
Орамжапырақты жинау кезінде арнаулы
пышақтар немесе үшкір басты күректермен түбінен
қырқып алады. Қауданды бір біріне параллель қатар
етіп үйіп қояды, мұның себебі оны автокөлікке немесе
тракторға жинаған кезде ыңғайлы болуы үшін.
Қауданды салу және алу жұмыстарын өте
ұқыпты жүргізу (қолдан қолға) керек, қауданның
жерге, трактор кузовына немесе бір-біріне
соқтығысудан сақтау қажет. Мысалы, Зимовка
сортының сыртқы жапырақтары зақымданғанын өте
жақсы сақтайды. Қауданды қоймаға қоюдан алдын
сыртқы жапырақтарынан тазалап орналастырады.
Қауданды ыдыстарда тасымалдағанда (қорап,
контейнерлерде) жарақаттар аз болады.
Бірақ бұл тасымалдау түріне көп шығын
жұмсалады.
Жинау кезінде механикалық зақым алған,
зиянкестер зақымдаған және ауруға шалдыққан
қаудандар сақтауға алынбайды. Аурулар түріне –
слизистый және сосудистый бактериоз, фамоз,
нүктелік некроз жатады.
* Орамжапырақты ашыту
процесі
Орамжапырақты ашыту – қайта өңдеу тәсілінің бір түрі. Ұзақ мерзімге
өнімнің пайдалы әрі емдік қасиеттерін жоғалтпай сақтауға мүмкіндік береді.
Ашыту технологиясы қиын емес, ежелгі дәуірден өолданылып келеді.
Ашытуға орамжапырақтың көпшілік сорттары жарамды болып келеді.
Бірақ ашытуға құрамында қант мөлшері жоғары және жапырақтары ақ,
қатты емес қаудандардан жасаған жөн. Қант мөлшері шикізатта 4-5% төмен
болмағаны жөн.
Ашытуға арналған кеш және орташа кеш сорттар: Московская поздняя,
Каширка, Белорусская, Слава жатады. Сонымен қатар Подарок, Амагер
сорттарын да қолдануға болады.
Бірақ оларды жаңа түрінде сақтаған дұрыс. Қауданы борпылдақ,
жапырақтары жасыл, ерте пісетін сорттарды ашытуға кеңес берілмейді,
себебі олардың сапасы төмен болып шығады.
Орамжапырақты қолмен үстел үстінде тазалайды. Қолданылатын
астыңғы тасымалдағыштар арқылы бункерге жібереді, одан толған сайын
малдарға жем етіп береді. Тазаланған орамжапырақты жоғары
тасымалдағыш арқылы ұсақтауға жібереді. Ұсақталған орамжапырақ
контейнерге салынып, таразыда өлшенеді .
Ұсақтағыш құрылғының үстіне таразы орнатылады. Ол қанша көлемде
сәбіз және тұз екенін есептеп отырады. Контейнер толғаннан соң арнаулы
тасымалдағыш көлікпен дошникке жеткізіліп салынады. әдетте 2 контейнер
орналастырады, біріншісі тасымалданғанша, екіншісі толтырылып тұрады.
* Орамжапырақты ашытуға
арналған ыдыстар.
* Орамжапырақ ағаш дошник, кірпіш немесе бетонды чан, бөшкелер сияқты ыдыстарда
ашытады. Көлемі үлкен ыдыстарда температураны бақылау қиынға түсетінің ескерген жөн.
Температураның тұрақты болуы ондағы жүріп жатқан микро биологиалық процестерге
тікелей байланысты.( ішкі ортада сүт қышқылы тез,ал сыртқы ортада жай жиналады).
Дегенмен ыдыс көлемі артқан сайын оны қолдану экономикалық жағынан тиімді болып келеді.
* Көп жылдық тәжірибеің мәліметтері бойынша ең тиімді дошник көлемі 18-25 тонна,
бірақ ол көлем аймақтық шарттар, салқындату жүйесі, ашыту технологиясына байланысты
өзгертіліп отырады. Ең кең тараған түрі – ағаш дошниктер. Дошник терең бөшкеге ұқсас
болып келеді. Биіктігі және орташа диаметрі 3 м және оданда көп, дөңес формалы, астыңғы
бөлігі үлкейтілген немесе цилиндр тәріздес. Емен, қайын, аққайын ағаштарынан дошник
жасалып, тереңдігі 0,3-0,5 м етіп жерге көміп қояды. Дошниктің сырты лакпен
боялып,сыртқы жағынан 30-50см. етіп лаймен қапталады. Дошниктің жербетіне шығып
тұрған бөлігін майлы бояумен бояиді. Қалған жерді асфальттады. Заманауи дошниктердің
түбін жер төлеге түсіріп қаяды, ол оны жөндеуге ыңғайлы етеді. Кірпріштен және бетоннан
жасалған шандар көлемі дошникке ұқсас, бірақ формиасы тік бұрышты болып келеді. Ішкі
жағынан оны А және Б маркалы парафинмен қаптайды. Бастапқыда чанныңм ішкі бөқлігін
құрғатып поялды шаммен қыздырады. Содан соң ерітілген парафинді жалпақ бояғышпен
жағып, үстінен ыстық бірнеше қабат матамен оралған ыстық үтікпен жүргізеді. Сонда
парафин беті тегіс әрі жарықтармен дөңестері болмайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz