Аналық жыныс бездері туралы
Презентация қосу
Презентация
«Аналық жыныс
бездері»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Жыныс бездері
• Жыныс бездері - жыныстық бездер, ағзалар
жыныстық жасушаларды, (жұмыртқа мен
сперматозоидтар) және жануарлар мен адамның
жыныстық гормондары түзеді. Гермафродиттік
жануарларда еркектер жыныс бездері, аталық безі,
ұрғашыларында, аналық безі, мысалы: жалпақ
немесе аз қылтанды кұрттар, сүліктер, мұртты
аяқты шаяндардың, бір дарағында еркектің де,
ұрғашының да жыныс бездері дамиды. Жыныстық
бездері даму үрдісінде екі жыныста да
индефферентты, (биопотенциалды) даму
сатысынан өтеді жыныстық дифференциациялануы
басталады. Жұмыртқалары жыныс бездерінің
қабыршақтары, сперматозоидтері, милы қабатында
жаралады. Жыныс бездер, жыныс мүшелерінің
негізі болып есептеледі.
Аналық жыныс бездері
• Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) —
аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық
жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі
жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар
организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не
дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан
сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты
текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің
астында тығыз дәнекер ұлпасынан құралған ақшыл қабық
болады.
Аналық жыныс безінің
кесіндісі
• Аналық жыныс безінің кесіндісінде
құрылысы бір-бірінен ерекше
ажыратылатын екі аймақ көрінеді.
Олар: сыртқы — фолликулалы
аймақ және ішкі — тамырлы аймақ
(бие жүмыртқалығында аталған
аймақтар керісінше орналасады).
Фолликулалы аймақ паренхимасын
әртүрлі даму сатасындағы алғашқы
(примордиальды) фолликулдар,
өсуші фолликулдар, көпіршікті
фолликулдар, жетілген
фолликулдар, сары дене, ақ дене,
ыңырама (атреттік) дене және
олардың аралығындағы дәнекер
ұлпасында орналасқан
интерстициоциттер
(паренхимааралық жасушалар)
құрайды. Тамырлы аймақта аналық
жыныс безін қоректендіретін ірі қан
және лимфа тамырлары мен бездің
Аналық жыныс безінің
стромасы
• Аналық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан
тұрады. Фолликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі — "овогенез"
жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс
жасушалары — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше
топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген
өсу сатысындағы жыныс жасушалары — өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс
жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп,
көпіршікті фолликуддарға айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа
жасушасы көпіршіктегі фолликул сүйығымен бірге жүмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі
қүйғышына өтеді.
Фолликулалар
• Фолликулдардың жарылу процесі н овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул
орнында сары дене түзіледі. Жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) қабырғасындағы
фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары — эстрогеңцерді,
ал сары дене жасушалары (лютеоциггер) — прогестерон гормонын бөледі. Аналык жыныс
безі — құрсақ қуысы бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде жұмыртқалық
шажырқайға ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жүмыртқалыққа қоректендіретін қан және
лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың түтіктік және жатырлық ұштары,
шажырқайлық және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады.
Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түтігінің қүйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына —
өзіндік жұмыртқалық байлам арқылы жатыр байланады. Тамырлы аймақ арқылы
жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді.
Аналық тұқым
•
жасушасы
Аналық жыныс жасушасы (лат. ovum — жұмыртқа, грек.
kutos — жасуша) — аталық тұқым жасушасымен
қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық
көбеюіне қатысатын тұқым жасушасы (овоцит). А. т. к.
төм. сатыдағы өсімдіктерде пісіп жетіледі. Оны оогония
деп, ал жоғ. сатыдағы өсімдіктердің А. т. к-н архегония
деп атайды (қ. Архегоний). А. т. к. жануарларда аналық
безде дамиды. А. т. к-ның цитоплазмасындағы қоректік
зат (сары уыз) мөлш. жануарлардың әртүрлі тобында
түрліше деңгейде жиналады. Осыған байланысты
овоциттердің диам. 100 мкм-нен бірнеше мм-ге дейін
жетеді. Ал жиналған сары уыздың мөлшеріне
байланысты А. т. к-н олиголецитальды, мезолецитальды,
полилецитальды деп 3 топқа бөледі. Сары уыз
олиголецитальды А. т. к-да аз (мыс., ланцетниктер мен
сүт қоректілерде); мезолецитальды А. т. к-да орташа;
полилецитальды А. т. к-де (мыс., қосмекенділер мен
балықтарда) көп мөлшерде жиналады. Ағзадағы А. т. к.
ядродан, цитоплазмадан және қабықшалардан тұрады.
Жыныстық көбеюде аналық және аталық тұқым
Аналық жыныс жасушасы
• Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр.
kytos - жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын,
пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен
салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз,
көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып
жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады. Аналық жыныс
жасушасының мөлшері жануарлар ұрығының даму ортасына (құрсақта немесе
жүмыртқада) байланысты әртүрлі болып келеді. Себебі, ұрықтың даму ортасына
сәйкес жыныс жасушалары да қоректік затгармен (сарыуызбен) түрлі мөлшерде
(ұрығы жатырда дамып жетілетін жануарлар жыныс жасушаларына сарыуыздың
көп қоры керек емес, ал ұрығы жүмыртқада дамитын жануарлар жыныс
жасушалары қоректік заттармен көп мөлшерде қорланады) қорланады.
Жыныс жасушаларының
диаметрі
• Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы
қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты
болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады. Сарыуыздың
мөлшеріне және жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу
сипатына сөйкес жұмыртқа жасушасы бірнеше түрге бөлінеді.
Сарыуыздың мөлшеріне қарай аналық жыныс жасушасы: олиголецитті
овоцит (сарыуызы аз), мезолецитті овоцит (сарыуызы орташа) және
полилецитті овоцит (сарыуызы көп) болып үш топқа бөлінеді. Ал
сарыуыздың жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу орны
мен оның цитоплазмадағы таралуына байланысты аналық жыныс
жасушалары: гомолецитті овоцит (сарыуызы цитоплазмада біркелкі
таралған) және телолецитті овоцит (сарыуызы торша
цитоплазмасының төменгі полюсінде — көп, жоғарғы полюсінде — аз)
болып бөлінеді. Сүтқоректілер мен қандауьфшада (ланцетникге)
аналық жыныс жасушасы: олиголецитті және гомолецитті овоцит тер,
қосмекенділер мен кейбір балықтарда — мезолецитті және
телолецитті овоцит тер, ал бауырымен жорғалаушыларда, құстар да,
жұмыртқа салушы сүтқоректілерде (ехидна, үйректүмсық) —
полилецитгі және телолецитті овоцит тер. Пісіп жетілген аналық
жыныс жасушасы ядросының ядрошығы ірі болып келеді. Ядрошық
рибосомалар мен РНҚ-ның түзілуіне белсенді қатысады.
Сүтқоректілер аналық жыныс
жасушасы
• Сүтқоректілер аналық жыныс жасушасын
сыртынан біріншілік қабық ша — плазмолемма
(сарыуыз қабық шасы) және оның сыртыңдағы
екіншілік - фолликулалы қабық ша (аналық
жыныс безі — жұмыртқалық жасушаларының
туындысы) қаптайды. Бұлардың аралығында
мөлдір аймақ болады. Құстардың , бауырымен
жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы
сүтқоректі жануарлардың аналық жыныс
жасушасы біріншілік және үшіншілік (жүмыртқа
жолының өнімдері - ақуыз , әк қабық асты жұқа
қабық , әк қабық ) қабықшалармен қапталған.
Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы
— " овоцит ". Жұмыртқа жасушасының пішіні
дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене
жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ,
оның цитоплазмасында центросома (жасуша
орталығы) органелласы болмайды, ядросында
хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады.
Сүтқоректілер жұмыртқа жасушасын сыртынан
екі қабық : тікелей біріншілік қабық
(плазмолемма) және екіншілік қабық
(фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс
жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің
пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық
организмнің тұқымқуалаушылық қасиеттерін
жеткізеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz