Аңшы иттер. Құс аулайтын иттер




Презентация қосу
Презентация

Аңшы иттер.
Құс аулайтын иттер

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Аңшы иттер
Аңшы иттер — терісі мен еті үшін ауланатын
жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары.
Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл
иттер т. б. жатады.
Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар
сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді.
Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға,
кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды
қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға
жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай
таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп,
баулу керек.
Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін
ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған
абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2
айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшы
иттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі,
шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады.
Аңшы құралы
Аңшы құралы құсбегі құралынан сәл өзгешелеу, Киетін киімі саятшы киіміндей қимылдап-қозғалуға
икемді әрі жеңіл болғаны дұрыс. Тазысын ерткен аңшы далада көп жортып, күні бойы қимылдап, жан-
жақты шолып, жіті көп бақылайтындықтан күн сәулесі қарға шағылысып көзін шаршатады. Сонан
кәзін қорғайтын "көзқарықтық" немесе "көзілдірік" деп аталатын құрал тағады. Оны адамның екі
шықшытын басып тұратындай етіп кәдімгі көзілдірік пішінінде кесіп алған тері, ұзындығы бір қарыс,
ені үш елі былғары, қара түсті қалың матадан екі көзге келетін ортасын ойық етіп жасайды.
"Кезілдірікті" аңшы көзіне тағып, екі ұшына тағылған баумен бір-біріне байлайды.
Оны қарда мал бағып жүрген қосшы (жылқышы) мен қойшылар жиі киген. Аталған аспап күн сәулесі
қарға шағылысып, көзі жасаурап, қышып ауруынан қазақ "көздің қарығуы" (орысша оны "снежная
слепота" атайды) деп аталатын сырқаттан сақтайды. Қар жиі жауатын өңірдің малының көзі де
қарығып ауыратындықтан тіптен малдың көзіне де киізден, былғарыдан істеп байлаған. Тазы итін
көзқарығудан сақтау үшін көзінің шарасын айыалдыра кәдімгі ошақтың қара күйесін жағып қояды.
Бірақ қыста даладаұүзақ жүрген кезде тағатын нағыз көзілдірік жылқы терісінен жасалады, дейді
белгілі шебер Д.Шоқпарұлы. Оған жылқының иленбеген шикі терісін жібітіп, түгін жидітіп алған соң,
көзді жауып тұратын тұсын сопақшалап, кәзілдірік пішінінде пішіп алады да, көздің тұсынан көлденең
тілік тіліп, тері тобарсыған (шала кепкен) кезде тіліктердің арасындағы жолақты көлбеу бағытқа
бұрып, тері көңге айналғанша көлеңкеде кептіріп қояды. Оған шүберектен ызылған бау немесе биязы
жарғақтан тілінген бүлдірге таққан.
Аңшы құралы
Тазы ерткен аңшы қолына аңды ұрып алатын құрал - сабы ұзын
дойыр қамшы немесе қайын сойыл, шоқпар алады. Түлкіге
шықса қолына түлкі соғатын ұзын құрық алады. Бастысы,
тазыны жетектеп байлап алатын шылбыр да артық етпейді.
Тазыны үйреткенде оны қажет кезін дежекіп, ұрып та алатын
ұзындығы бір құлаштай шыбыртқы аңшының қолынан түспейді.
Ал саятта тазының жүрегін жалғап, аузын қимылдататын ет,
тамақ салып алып жүретін көлемі үлкендеу "жемқалта" жанынан
тастамайды.
Аңшы да саят аты тәрізді ұзақ жүріске төзімді атты таңдайды.
Ердің айылын төстей тартады, саятшыдан гөрі өрлеп-құлдилай,
қияда, ойда көп жүретін болғандықтан, аттың ер-тұрманы толық
сайма-сай, өмілдірік, құйысқан, қосымша айыл тартылуы шарт.
Ердің қасынан сусын құйылған теріден жасалған жанторсығы,
жаз жамылғысын, қыс ішігін қанжығадан тастамаған.
Аңшының ажырамас атрибуты - пышақ бірнеше мәрте суарып
жасаған өткір келеді. Кәдімгі пышақтан айырмасы аз. Тек
қарбаласта суырылып түсіп қалмауы үшін пышақтың дүміне
орнатылған шығырығымен қынға бекітілген бүлдіргімен байлап
қояды. Оған қоса аңның сирағын шығару, пұшпағын алуға
қолайлы түрлі өткір кездік, бәкі қоса алып жүреді.
Құс аулайтын иттер
Аңшылар саятта көбіне тазымен жүрген кезде топ-
тобымен шыққан кезде кең алқаптағы аң-құсты
қуып үркітуге сан алуан шуыл шығаратын
аспаптарды қолданады. Оның жиі қолданылатын
түрі - сақпан. Оның тұтқасынан ұстап
айналдырғанда дырылдаған дыбыс шығаратын,
ортасында кертікті тістері бар айналып тұрған екі
қақпақты тетік. Тағы бір түрі - тұтқасынан ұстап
сілкігенде қақпақтары бір-біріне тиіп, сартылдаған
дыбыс шығарады.
Шеңбері ағаштан дөңгеленте иіліп, шанағына
түгінен тазартылған ешкінің немесе түйенің шылғи
терісін керіп жасаған дабыл ну орман-тоғайдағы
құстарды, аңдарды үркітуге көбіне оңтайлы деп
есептеген.
Беті дөңес, дөңгелек келген металл ағаш
қаққышпен соққанда шыңылдаған дыбыс
шығаратын шың, жорықтарда айбар беріп, қыр
көрсететін дауылпазды қолданады.
Із туралы
Жер бетіне жұққан, жабысқан, қарға, балшыққа, топыраққа, құмға батып түскен белгі - аяқ-
қолдың таңбасы ізі.
Аңның жынысын, жасын, салмағын іздің мөрі, желісіне, аяқ алысына қарай аңның жаралы
ма, сау ма, қалай қарай, не үшін кетіп бара жатқанын, әлде бір жемтік аулап жүр ме немесе
жем аулап қайтып келе ме және т.б. қарекетін ажыратуға болады. Іздің ескі немесе жаңасын
анықтағанда ауа райын: жауын-шашын мен қалың түскен шықты әуелі ескереді. Егер
көлеңкелеу жердегі із болса қатарынан осындай із таңбасын түсіріп, салыстырып қарайды.
Ізді кескенде үстін басып алмай, ізді жанамалап жүреді. Қара сүрлеуде із кесу, аңшы үшін
ең қиын кезең.
Ұзақ уақытқа дейін сақталатын және тез өшетін іздер де болады. Дымқыл топырақтағы, су
жағасындағы қайраңдағы іздер ұзақ сақталады. Сусыған құмға түскен іздер жел соққанша
ғана жатуы мүмкін. Қара жерге қатты топыраққа түскен таңба ұзақ сақталады, оны өлшеу,
байқау оңай. Қиыршық құм аралас жерлерде ешқандай белгі таңбалар жоқ, шұқанақ тектес
іздерді күн шығып немесе батып бара жатқан кезде оңай байқауға болады. Боз қырауға
түскен із ап-айқын түседі, қара күзде, жер қыртысы қатқан кез де аңның ізінен жерге терең
таңба түспейді, тіпті ат тұяғының өзінен де қатқан тоңда болар-болмас қана сызат қалады.
Тазымен аң қағу
Ит жүгіртіп аң аулауда қазақ сейіл серуен, серілігінің бір
белгісі. Тазымен аңға шығу үшін қар жауып, аяз түсуін
күту шарт емес. Алатын аң жетіліп, тазы бабына келген
соң саятты бастап кетеді. Сондықтан тазы саяты
қарасонарда басталады. Сонарға шығарда тазының
тұяқтарын тазалап, артық өскені болса тырнағын кесіп
алып, тегістеп қояды. Әйтпегенде артық өскен тырнақ
еркін қимыл-қозғалысына бөгет жасайды. Тағы бір бөгет
болатын нәрсе - тазының сабалақ жүні болғандықтан
оны жұқартып алып қояды.
Тазыны қазақтар жаяу, ат үстінде, жеке дара және
тобымен жүріп алуан тәсілмен аңға қосқан. Оның ішінде
кең тарағаны, атпен аңға шығу. Алатын аңын аңшы
үркітіп, дауылдатып, түрлі тәсілмен алаңқайға шығарған
соң тазысын қосады да аңның артынан түскен тазыға
жолынан көлденең шауып аңның ізін кесіп бөгет жасап,
тазыға қолайлылық тудырады. Ит иесі барда еш
нәрседен қорқа қоймайды. Қар жаңа жауғанда із шалып,
иіс алып дағдыланып тазылар жыртқыш ізін бірден
сезеді.
Тазылардың ерекшелігі
Тазылардың ерекшелігі мен түр-тегіне, сипатына қарай кең далада қоян, түлкі, кейде
қасқыр мен аңдарды аулауға қосылады. Олардың қайсыбірі батылдығымен, күштілігімен,
ерекшеленсе, екінші біреуі жүйріктігімен ерекшеленіп, аңын қуып жетіп ұстайды. Енді
бірі ізге бір түсіп алса, зырылдап зулай жүгіріп, тыным таппайды. Қасқыр қууға арнайы
дайындалған иттер тобын да пайдаланады.
Ал тобымен шыққан саятшылар бір-бірінен шамамен екі-үш жүз метр қашықтықта
дөңгелене жүріп даланы, тоғайды азан-қазанын шығара жүріп қашқан аңға бір-бірлеп
тазыны қосып отыру жолымен аулайды. Қазақ аңды: "Ит иесі үшін алады, құс тамағы үшін
алады" дейді. Аңға шыққанда аңшының баспалап жасаған қимыл-қозғалысын жіті
бақылап, аса сақтықпен, естілікпен адамның істегенін қайталайды. Тіптен аңшы
байқамаған жердің тасасы мен ұңғыл-шұңғылды сүзіп онда тығылып қалған аңды іздейді.
Аңшылардың оң-солына, алды-артына түсіп отырып, маңайын еркін шолып отырады.
Атты аңшымен жарыса жүрген тазы иесіне жалтақтай қарап, аң көзге түскенше қапталдай
жортып отырады.
Сонарда ізге түскен кезде желге қарсы кеткен аңның ізіне түсу дұрыс деп саналады. Себебі
ізбен қоса аңның иісі де тазы үшін таптырмайтын бағдар, соған сай әрекет етеді. Күннің
көзі қатты түсе бастаған түс әлетінде аңшылар өздері де ауқаттанып, тазысын біраз уақыт
бойы тынықтырып алады да күн төбеден ауған соң әрі қарай жалғастырады.
Тазылардың ерекшелігі
Тазы әртүрлі аңды түрліше тәсілмен аулайды. Кәнігі тазы түлкіні мойнынан алып, әп-сәтте бұрап
тастайды, кейде ыңғайына қарай тұмсығынан, құлағынан, тіпті, жонынан алатын кезі де болады. Бірақ
мұны алаңғасар, тәжірибесіз тазылар жасайды. Әккілері түлкінің тұмсығын қапсыра ұстап жерге бірақ
алып ұрады. Қоянды көбінесе қуып жетіп, кез келген жерінен қарпиды.
Тазының сырттандары қасқырды да алады. Тазы қасқырды қуып жеткен бойда бірден бас салмай,
қайта-қайта шабынан тартып, ызаландырып, иесінің жақындауын күтеді. Иесі жақындағанда алды-
артына қарауға мұршасы келмеуге айналған қасқырдың алқымынан не желкесінен ала түсіп, ұмар-
жұмар арпалыса кететін көрінеді. Сондай-ақ тазылар қасқырға қуып жеткен бойда артқы аяғының
тірсек сіңірін қиюға әрекеттенеді. Мұндайда иесі дер кезінде көмекке келмесе, құдды "сырттандар"
туралы ертегідегідей, қасқыр тазыны жазым етуі әбден мүмкін, бірақ тәжірибелі аңшы дереу аттан
түсіп, аш бөріні сапысымен жайратып салады.
Күтімі келіскен, бабы үйлескен, денесі ірі тазы өте адуын мінезді, қатал болады. Соған сай ол аңды
бірақ бүріп, мытып лақтырып тастайды. Ал үлкен қасқырды өкшелей қуып, артынан келіп
көкжелкесінен қапсыра ұстап жабысып алады да серік иттер мен аңшы келгенше арпалысып
жібермейді. Тазының шалымдылығы мен өжеттілігі, ептілігі мен айлакерлігіне қарай қарсыласқан
аңның айбары мен күшіне қарай күресте белдескен палуанша тазылар күшін парлайтын ерекше есті
жануар. Құмай тазы қасқырмен алысқанда өз денесіне дақ түсірмей, арлан көкжалды алқымынан алып,
қозғалтпай басып жатады дейді көнекөз қариялар.
Тазының ізшілдігі
Тазының ізшілдігі сонша, іздің ішінен қоянның ізін ажыратып,
қуып кететіні және оның қалың шеңгелдің ішінен де, су қатқанда
да мұздың үстімен жүгіріп, қамыс, қоғаны өзі "сүзіп" шығатыны
да кездеседі. Қоянның табан ізінде төрт саусағының тұяғы бірдей
байқалады, ортадағы екі тұяқ алға қарай озыңқы, ал сыртқы
тұяғы ішкі тұяғынан сәл артқа қарай қалыс болады. Артқы аяқтан
алдыңғы аяқ ізі үлкен, әрі анық болып түседі. Қар бетіндегі қоян
ізінде алдыңғы екі аяқ ізі бір сызықта "қатарласып", ал артқы екі
аяқ ізі үзынынан бір-бірінің артында "тізіліп" түседі. Кәрілеу
қоянның ізі жайыла түссе, жастауынікі тұяғы өткір, саусақ
сүйектері тік келетіндіктен тік, анық, жіңішке болып түседі.
Қоян жүгірген кезде әрдайым із тастап, бір жерде бірнеше рет
қайталай айналып, бір ізбен екі реттен жүріп, екі қабаттап, әлден
уақытта жалт беріп, қарғып кетіп, із желісін үзіп, адастырып
жүреді. Жүгірген кезде қоян аяғын алдыңғы аяғының алдына
тастап, төрт тармақты із жасап жүгіреді, бұл төрт таңбаның
алдыңғысы артқы аяғының ізі де, артқысы алдыңғы аяғының ізі
болады. "Төрт тармақтың" арасы 40-60 см болады да, ал
әлденеден үркіп қашқан қоян 2-2,5 метрге дейін қарғиды.
Қоянның жеке аяғының қарға түскен таңбасында бақайының
тырнағы анық көрінбейді, өйткені қоян тырнағы қалың жүннің
арасында тұрады да, таңбасы түспейді. Қоян із таңбасындағы
шұңқыр ұзындығы 7-8 см, ені 3-3,5 см келеді.

Ұқсас жұмыстар
Шартсыз рефлекс Шартты рефлекс
Аң аулау тәртібі
Сазқұндыз шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері
Пиктография
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ТІЗІМІ қызметтері
Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
Спорттық - қызметтік иттер жайлы
Жануарларды қорғау
Пәндер