Ара шаруашылығы өнімдері



Презентация Тақырыбы: «Ара шаруашылығы өнімдері»
Орындаған: Жүнісбек С.
Тобы: АП-11-7к3
Қабылдаған: Файзуллаева Л.

Кіріспе
Ара шаруашылығы, ара өсіру - ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т. б. ) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П. С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. П. Михаэлис, А. Н. Федоров, т. б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді.

Ара туралы жалпы түсінік
Ара, үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) -жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 - 25 мм, ал салм. 150 - 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 - 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 - 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 - 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 - 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды.

Ара шаруашылығының өнімдері
Араның беретін негізгі өнімі -бал - әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді. Мөлдір бал жоғары сапасы жоғары болып есептелінеді. Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбіржанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.

Ара балы
Ара балы, бал - жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т. б. ) қарай атайды. Көпшырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т. б. ) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді.

Балауыз
Балауыз - араның балауыз безінен бөлінетін зат. Ара одан өздеріне кәрез салады. Балауыз ежелден шырақ жасау және бальзамдау үшін қолданылған. Қалыпты температурада Балауыз ақ, ақшыл сары, қара қоңыр, не қара түсті зат. Құрамы күрделі, онда 70 - 74% спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, 15% май қышқылы, 12 - 15% көмірсутек бар. Балауыз - су тепкіш зат, спиртте және глицеринде ерімейді. 35°С-тан жоғары температурада жұмсара бастайды да, 60 - 65°С-та балқып сұйылады. Алыну әдісіне, өңделуіне қарай Балауыз бірнеше түрге бөлінеді. Омарта Балауыззы қайнатып немесе омартада арнаулы преспен сығып алынады. Ол өнеркәсіпте, медицинада қолданылады. Престелген Балауыз арнаулы машинамен кәрезді престеу арқылы алынады. Сығынды Балауызды кәрез қалдықтарынан алады. Бұл аяқкиім майын, бояу жасауға, т. б. пайдаланылады. Омарта Балауызы мен престелген Балауыз түсіне, қоспасына қарай 3 сортқа бөлінеді: қоспасыз ақ не ақшыл сары түсті (1-сорт), сары не ашық қоңыр (2-сорт) және қара қоңыр, қара түсті (3-сорт) . Бір маусымда әр ара ұясынан 2-3 кг-ға дейін Балауыз алынады.

Балдың түрлері

Балдың органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштің атауы
Балдың сипаттамасы және маңызы
ақ қарағаннан және мақтадан алынған балдан басқа, барлық түрі
ақ қарағаннан
мақтадан
Хош иісі
Жағымды, әлсізден күштіге дейін, бөгде иісі жоқ
Жағымды, нәзік, мақта балына тән
Дәмі
Тәтті, жағымды, бөгде дәмі жоқ
Тозаң түйіршіктерінің болуы
Нормаланбайды
Ақ қараған тозаңының түйіршіктері болады
Мақта тозаңының түйіршіктері болады
Судың массалық үлесі, %, артық емес
21
21
19
Редукциялайтын қанттың массалық үлесі (құрғақ затқа абсолютті), %, кем емес
82
76
86
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz