Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Жоба
«Асқорытудың маңызы.
Тістің құрылысы»
Дайындағандар: Садирмекова А., Еркінбекова А., Тампиева Қ.,
Жұмаділдаева А., Ыдырысова Ш., Анаретов З.
Қабылдаған: Есентуреева Г.
Шымкент 2014ж
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Асқорыту мүшелері
2.2. Асқорыту бездері
2.3. Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері
2.4. Тістің құрылысы
2.5. Жұтқыншақ
2.6. Өңеш
2.7. Қарын
2.8. Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы және сіңуі
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мақсаты: Міндеттері:
Оқушыларға ас қорыту Оқушылырадың сабаққа
жүйесінің құрылысы, ынтасын арттыра
атқаратын қызметтері отырып, ойлау, қабылдау,
және өзіндік зейінін шоғырландыру,
ерекшеліктері жөнінде шығармашылық
түсінік қалыптастыру. қабілетін дамыту.
Адамгершілік,ғылыми
көзқарас, дүниетанымын
қалыптастыру.
Кіріспе
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін
қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.
Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет
кеңейіп-тарылып отырады. Ішкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің
өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі бір шекте өзтеріп отырады, өзіндік қасиеттері бар сөл бөлелд. Бұл
сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар — ферменттер
болады.
Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы
мен оның косалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге — карын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке — тоқ
ішек жатады. Ас корыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.
Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық),
сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар — тормондар бөлу) қызметтері.
Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей
бездері — сілекей, қарын бездері — қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі — ұйқы безі сөлін, бауыр — өт, ішек бездері
(Либеркюн және Бруннер бездері) -ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп,
құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.
Ас қорыту жолының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл
еттердін, жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына, ас қорыту
жолымен жылжуына мүмкіңдік береді.
Ас қорыту жолының сіңіру қызметі оның кілегей қабығының құрылымдық және қызмет ерекшеліктеріне
байланысты. Кілегей қабық ерекше биологаялық мембрана қызметін атқарын, ішек-қарын қуысынан қан мен
лимфаға судың, минералды тұздар дың, дәрмеңдәрілердің және белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырау
өнімдерінің өтуін реттеп отырады.
Асқорыту мүшелері
Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ,
өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады.
Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш
қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан
тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты,
ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria;
көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе;
лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар
организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу,
қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға
шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі.
Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас
қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және
онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт
бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжүтқыншақ
(аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын
(асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі
елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту
бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан
ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Асқорыту бездері
Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту
сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды
экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі
топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер)
және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық
интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты
негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың
жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін,
тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік
бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты
сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.
Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі
ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі
ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер,
көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьщыратады. Қорытьиған заттардың мономерлері —
амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал
глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.[3]
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен
бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады.
Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту
безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен
бөлінетін сөл - сілекей және т. б.
Асқорыту сөлдерінің физиологиялық
ерекшеліктері
Тәуліктік бөлінетін
Асқорыту сөлдері рН Құрамы
мәлшері
1. Сілекей 50-2 000 мл 5,6-7,6 Су және амилаза
Тұз қышқылы, су, липаза,
2. Қарын сөлі 2,0-3,0 л 1,49-1,8
лизоңим, пепсин
Су, амилаза, липаза, фосфотаза,
3. Панкреатин сөлі 600-700 мл 8,6-9,0 трипсин, химотрипсин және т. б.
ферменттер
Су, билирубин, холестерин, май,
4. Өт 500-1200 мл 5,6-8,5 май кышкылы, лецитин, холин
және т. б.
Су, сахараза, лактаза, жуық
5. Аш ішек сөлі 1 000 мл 5,05-7,07 энтерокиназа, липаза,
рибонуклеаза және т.б.
6. Тоқ ішек сөлі 270-1 550 мл 6,1-7,31 Су
Тістің құрылысы
Жұтқыншақ
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.
Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы,
шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады.
Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы
көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу
мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың
ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан.
Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші
лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар
қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш
Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей
іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның
жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен,
төменгі бөлімі қарынмен жалғасады.
Өңешті астарлап жатқан сілемейлі
қабықшасы көп қабатты эпителиймен
қапталған. Эпителийлердің ұзын
қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті
кеңейтеді. Өңештің ортаңғы
бұлшықетті қабық -шасының көп
бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет
ұлпасынан тұрады. Осы
бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-
оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам
қарынға түседі. Өңеш көкеттің
ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ
қуысындағы қарынмен жалғасады
Қарын
Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің
сол жағында, көкеттің астында орналасқан
асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай
атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас
жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар.)
Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол
жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан
аш ішектің басталар жері ұлтабармен
жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап
жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты)
қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның
қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет
талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі
кабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал
сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның
катпарланған сілемейлі (шырышты)
қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл
бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның
өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек)
байланысқан жерінде сақина тәрізді
бұлшықеттер болады .
Асқорыту мүшелерінде астың
қорытылуы және сіңуі
Ауыз қуысына түскен тағам шайналып,
ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей
тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай
жұтылатын түйіртпектерге айналдырады.
Сілекейдің құрамындағы птиалин
ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға
әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге
ұшырайды. Ауыз куысындағы тағам тіл
мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің
жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ
жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа,
одан өңеш аркылы қарынға өтеді. Жұту
кезінде көмекей кақпағы жабылады. Тамақ
жеп, не ішіп отырған кезде адам сөйлейтін
болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі
мүмкін. Тамақ түйірлері көмекейге түссе,
адам шашалады, кейде тұншығады.
Рефлекс Сөл
Шартты шартсыз Сілекей асқазан
Ферменттер:
Тағам ауызға 98-99%су, 1,5% Пепсинмен
Тағамды түсекнде дәм сезу Тығыз зат,муцин химозин
көргенде жүйкесін Нәруызы болады. Нәруыз
сілекей тітірекендіреді, Зиянсыздандыратын малекуласын
бөлінеді. қозу Нәруыз-лиозим. А.Қ. На дейін
Мысалы п.б. сопақша Екі фермент: Ыдыратады
Иісі тағам миға Птиалин,мальтоза 4-11 сағат
туралы сілекей бөлу Болады,минералды Созылады
әңгіме орталағына тұздар Мөлшері тағам
береді. болады Құрамына
Байланысты.
Қорытынды
Қазір ғалымдар жануарларға тәжірибе жасаудың нәтижесінде адамның
ғұмыр жасын ұзарта алатындай ондыған тамақтық заттарды анықтап отыр.
Бұлардың арасында кәдімгі қызыл бұрышта бар. Ол липидтік алмасуды
қалыпқа келтіріп дұрыстайды, актериялық қысымды төмендетеді, ішек
жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты
болатын өзгерістерді тежейді.
Ұзақ жасағысы келетіндерге бірер кеңес.
Ең алдымен ішетін тамағыңыздың түрі – түрін көбейту керек. Холестерині
көп майы қышқылдары мол деп кейбір тамақтарды мүлдем жемей қоюға
болмайды, олардың мөлшерін ғана азайтыңыз. Әдетте, іс жүзінде ке келген
тамақта организмге қарама- қарсы әсер ететін тамақтық заттар
болады.Өсімдік өнімдері мен мал өнімдерінен, әсіресе сүт өнімдерінен
мөлшерлестіріп жасалған құрама тамақ түрлері пайдалы. Кешкі тамақты
кейін айран ішуге дағдыланып,күніне төрт рет тамақтану керек. Өйткені егде
тартқан организм тамақпен келген нәр – қуаттың шағын мөлшерін ғана
қажетке жаратып,қалғаны қорға жинала беретін болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-
Словарь", 2009.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-
қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-
Словарь", 2009.
4. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.
Алматы: Атамұра, 2008.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz