Асқорыту мүшелерінің патологиясы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Асқорыту мүшелерінің
патологиясы»
Орындаған: Болатова Ж.
Әбдіхан Н.
Ендібаева Ф.
Тобы: АП-12-7к3
Қабылдаған: Абдуллаева Г.
Аурудың анықтамасы
• Гастрит (Gastritis) – асқазанның кілгейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу,
фермент бөлу, эвакуаторлы, экксреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін
ауру. Туындауына байланысты гастриттер негізгі және туындаған, өтуіне жіті және
созылмалы, зақымдану сипатына-экудатвті және альтеративті, қабыну сипатына-ұйымалы,
катаральді, геморрагиялық (қанды), фибринозды және іріңді, орын алу мен таралуына
байланысты-беткейлі және терең, ошақты және диффузды болып бөлінеді. Альтеративті
қабыну эрозиялы және ойық жаралы болады. Қызметтік белгілеріне байланысты гастрит
қалыпты сөл бөлетін, (нормацидті), сөлді көп бөлетін, (гиперацидті) және әлсіз сөл
бөлетін (субацидті, ахития), морфологиялық белгісіне-атрофиялық және гипертрофиялық
болады.
Себептері.
•Көптеген мал басының гастритке шалдығуының негізгі
себептеріне жататындар: малдың жасына сәйкес емес сапасыз
(көгерген, шіріген, ыластанған және ашыған) азықармен
азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы,
бірыңғай және құнарсыз белокты, витаминді және минеральді
азықтандыру, азықтандыру режимін бұзу. Этиологиялық
себептердің құрамында тітіркендіргіш заттары бар болуы мүмкін:
қиын қорытылатын, өте суық немесе ыстық азықпен, асхана
қалдықтарымен ұзақ мерзім азықтандыру, дұрыс өңделмеген ет,
балық, сүт, майлы өсімдіктер дәнінің қалдықтарымен
азықтандыру, азықтандыру технологиясының бұзылуынан.
Мүмкіндік туғызатын себептерге ылғалды және ылас қораларда
ұстау, организмнің күрт салқындауы және ысып кетуі, тығыз
ұстап, азық жеткіліксіз болуы жатады. [5,6,7]
•Асқазанның сөл бөлу, моторлы (қимыл) қызметінің бұзылуы
төлдерді өндірістік технологиямен өсіру және бағу кезінде ұзақ
мерзімді әртүрлі күшті стресстер әсерінен кілегейлі қабақ
талаурап қабынғаннан болады. Туындаған гастрит тіс, ауыз
қуысы кілегейлі қабығының, өңеш, ұйқы безі ауруларынан болады.
Асқазанның зақымдануы кейбір вирусты обасына, Ауеска
Дамуы
Патологиялық процестің дамуы этиологиялық фактордың
сипатына, күші мен ұзақ мерзім әсер етуіне, сонымен малдың
түріне, жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ал
солардың ішінде жалпысына асқазан бездерінің қозуының
өзгеруінен, оның сөл бөлуінің сапасы мен мөлшері жатады.
Патаологиялық сөл бөлудің бірнеше түрлері болады:
гиперацидті, астеникалық, инертті және субацидті. Біріншісі
бұл асқазан қызметінің бұзылуының бастапқы кезеңі, бұл
асқазанның жүйке-безді аппартының қозуының күшеюін, ал
астеникалық түрі-асқазанның реттеуші қызметінің бұзыла
бастағанын көрсетеді. Инертті және субацидті түрлерінде
асқазанның сөл бөлуінің реуляторлы механизінің өте күрделі
бұзылу деңгейінде екеніне сәйкес келеді.
Тұрақты гиперсөлбөлу,жиі асқазан жыының қышқылдығының
жоғарлауына сәйкес келгенімен, ал бұл қалыпты, кейде
қышқылдығы төменде болуы мүмкін, сонымен қатар
қышқылдылықтың жоғарылауы оның көлеміне байланыссызда
болады
Мұндай жағдай кілегейлі қабықтың қабынында ғана емес
басқа да ағзалар мен жүйкелер ауруларында рефлекторлы берлуі
мүмкін, әсіресе жүйке мен эндокринді бездер ауруларында. Жас
малда сөл бөлудің қозғыш түрі болады, ал оларда қабынуға,
сыртқы (ішке келетін) және ішкі гормональды-гуморальді
тітіркендіргіштерге аденватсыз жауап береді.
Симптомдар
• Азық қорыту бұзылғанда перистальтика
күшейеді, нәжісі мол, құрамында
қорытылмаған азық бар, гастрогенді
химиялық диарея пайда болады. Күйзелу
күшейе түседі, дененің қызуы кейде 0,5-
1ºС дейін көтеріледі, азыққа зауқы
төмендейді және бұзылады, шошқалар
жиі жата береді. Ауыздың кілегей қабығы
сарғыш, жабысқақ сілекеймен қабталған,
тілінде көкшіл дақ бар, ауыздан тәттінің
исі шығады. Улану күшейген сайын малда
күйзелу арта түсіп, жүрісі шатқаяқтайды,
тахикардия және полипноэ күшейе түседі.
• Асқазанның кілегейлі қабығына
зақымдану күшті әсер етсе, процесс 2-3
сағаттан соң, ал клиникалық белгілері 6-8
сағаттана соң дамиды. Егерде аурудың
себебін тез арада жойса және катаральді
гастритті дер кезінде емдесе, онда
клиникалық айығу 3-4 күннен соң, ал
ересек малда 8-10 күнге созылады.
Патологиялық, анатомиялық
өзгерістер
• Патологиялық – анатомиялық өзгерістерді зерттеуді кілегейлі
қабықтың қабыну сипатын анықтайды. Қажет жағдайда диогностикалық
мақсатпен ауру аса бағалы емес малды сойып зерттейді. Бұл кезде
жалпы қышқылдылықты, бос және байланысқан тұз қышқылын,
пролетикалық белсенділікті, жасырын қанды анықтайды.
Балау, болжамы
• Гистологиялық тексеруде эпителильді қабатта
дистрофия, инфильтрация, кілегейлі қабат астында
серозды эксудат, қан тамырлары гиперемияланған,
безді эпителийдің кейбір жері некрозданған,
десквамацияланған (сыпырылып түскен).
Созылмалы гастритте асқазан жыны көп, кілегейлі
қабық бетінде тұтқыр, ылайсаң кілегей, кілегейлі
қабықта гипертрофикалық кейбір бөліктерде
атрофиялық процестер басым. Атрофиялық
созылмалы қабынуда кілегейлі қабық жұқарған және
жатық. Балау. Малды азықтандыру мен күтуге,
рацион құрамына талдау жасайды. Кешендердің,
фермалардың, өндірістік топтардың асқзан-ішек
ауруларынан сау екендігін ескереді. Азықтарды
бактериологиялық, вирусологиялық тексеруден
өткізеді., азықтарға микологиялық, токсикологиялық
талдау жасайды. Нәжісті тексереді. Сонымен бірге
антибиотиктер мен химиялық препараттарды
микрофлораға сезімталдғын анықтайды.
Емі
• Асқазанның сөл бөлуін қоздыратын, кең
ауқымды әсер ететін өсімдік тектес аир
тамырын және алтын мың жапырақ
шөбін тұзбен береді. Қышқылдылық
төмендегенде ішке екі рет табиғи және
жасанды асқазан сөлін тұз қышқылына
ерітіп береді. Жіті өткенде
қышқылдылыққа байланыссыз кілегейлі
заттар-крахмал, зығыр дәнін, жалбыз
тікен тамырын қолданады. Созылмалы
өтетін гастритте асқазанның сөл бөлуіне
байланысты диеталық азыққа мән
береді. Гиперацидті жағдайда тұз
бермейді, ал гипоцидтіде тұзы өбейтеді.
Дәрі-дәрмекті емнен бөлек
қуаттандырушы және витамин мен
ферменттердің орнын толтырушы ем
қолданылады. Үнемі тістің, ауыз
қуысының, ішектің орнын толтырушы ем
қолданылады. Үнемі тістің, ауыз
қуысының, ішектердің кілегейлі
қабығының, бауырдың жағдайын
қадағалайды. Патология байқалса
емдеу шараларының үлгісін
реттестіреді.
Сақтандыру шаралары.
• Малды азықтандыру, күтіп-ұста, жұмысқа жегу ережелерін сақтау сақтандырудың
негізін құрайды. Сапасыз, өте ыстық немесе суық улы заттармен зақымдалған азық
бермейді. Ірі қара кешендерінде сиырлардың азық қорытуын, сүт безінің жағдайын,
зат алмасуын бақылайды. Қышқылдылық төмендегенде ішке екі рет табиғи және
жасанды асқазан сөлін тұз қышқылына ерітіп береді. Жіті өткенде қышқылдылыққа
байланыссыз кілегейлі заттар-крахмал, зығыр дәнін, жалбыз тікен тамырын
қолданады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
• 1. К.Н. Қожанов, Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары: қосымша оқу
құралы/ К.Н. Қожанов.- Семей: Заман баспасы, 2005.-387 б.
• 2.М.А.Молдағұлов, Жануарлар ішкі аурулары: оқу құралы/
М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев, Н.А.Заманбеков; біресе шығарылған 1-
кітап.-Алматы: 2009.-197 б.
• 3. Внутренние незаразные болезни с- х. животных: учебник./ под. ред.
И.Г.Шарабрина.-М.: Изд-во Колос, 1985.-265 с.
• 4. Кондрахин И.П., Клиническая лабораторная диагностика в
ветеринарии: учебное пособие (для вузоб)/ под. общ. ред. Кондрахин И.П.,
Курилов Н.В.-М.: Изд-во Агропромиздат, 1985-133с.
• 5. М.Қожабаев, Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары: жоғарғы
оқу орнына арналған оқулық/ М.Қожабаев, Ш.Қаратаев; бірлесе шығарған,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ.-Шымкент: Нұрлы бейне баспасы, 2006-171 б.

Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
Асқорыту жолы Асқорыту бездері
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Аңдардың асқорыту жүйесі
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Асқорыту жүйесінің қызметі
Асқорыту бездерінің гормондары
Пәндер