Аталық малдың жыныстық ағзаларының атқаратын қызметі
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Аталық
малдың жыныстық
ағзаларының
атқаратын қызметі»
Орындаған: Әзтаева А.
Басымбекова Т.
Тобы: АП-12-7к2
Қабылдаған: Абдуллаева Г.А.
Аталық жыныс мүшелері
• Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және
ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы
аталық мушелеріне - ұма және жыныстық
мүше жатады. Ішкі аталық жыныс
мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы
бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер,
ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты
безі) жатады. Аталық без (ен) екеу,
мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.
• Аталық бездер - ұманың ішінде
орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі
қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып
саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма
құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері
өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен
соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып
кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак
қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс
бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ
қуысында қалып қойса, жыныс
жасушаларының түзілуіне кедергі
жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана
жарық дүниеге шығардан бұрын ұма
қуысына өтеді.
Еркек малдардың жыныс
аппаратының эволюциясы
• Күрделі организм клеткаларының айырылуы гаметалардың функциональды
және морфологиялық өзгеруімен өтеді, ал ол өз алдына еркек жыныс клеткасының
белсенді қозғалу қасиетіне яғни аналық клеткамен қосылып, ұрықтануын
жеңілдетуіне ықпал жасайды.
• Жыныс клеткаларының морфологиялық және физиологиялық өзгеруімен қатар
жыныс процесінің эволюциясы күрделі организмдердің гаметаларын кездестіруге,
ұрпағын эмбриональды және фетальды даму кезінде тәрбиелеуге бейімдейді.
Еркек малдардың жыныс
процесінің эволюциясы
• Организм неғұрлым жоғары дамыса, соғұрлым оның жыныс
аппаратының морфологиясы мен жыныс процесінің физиологиясы
да күрделі. Тұщы су гидрасы, теңіз гидромедузаларының жыныс
процесі суға еркек және аналық гематалардың бөлініп, ұрықтануы
түрінде өтеді. Жыныс процессінің әрі дамуы жаңа ұрықтану
элементінің енуімен, яғни еркек пен аналық байланысуымен,
осының арқасында гематалардың кездесуінің жеңілдеуімен
беріледі. Ұрықтану ішкі және сыртқы түрде болады. Сыртқы
ұрықтану балықтарда кездеседі. Ішкі ұрықтану спермиилердің
аналық жыныс жолдарына түсіп, ұрықтануы түрінде болады. Еркек
жыныс аппаратының эволюциясы вольфов каналының несеп-жыныс
саңылауының ас қорыту орынынан бастап, жанама жыныс
бездерінің дамуына дейінгі бағытта қызметі мен құрылымының
дифференциелену жолымен өтті. Бұл бездердің секреті қағанақсыз
ұрықтанатын жануарлардың гаметаларын ұрықтандыруға қажетті
су ортасына ауыстырды. Вольфов каналының клоакалық бөлігі
айтарлықтай дамыған шағылысу органына /жыныс мүшесіне/
айналды, канал бойымен оның несеп ағымына дейінгі және одан
кейінгі жолдарында да жанама жыныс бездері қалыптасады.
Аталық жыныс органдарының анатомиялық
топографиялық ерекшеліктері
• Аталық мал жыныс аппараттарының физиологиялық
жағынан атқаратын қызметі: ұрық бөліп, оларды жыныс
мүшелерінен шығарып, аналық малдың жыныс жолдарына
кіргізу. Осы үрдiстер аталық мал мүшелерiнiң құрылыс
өзгешеліктерімен (2 сурет), малдың түр ерекшеліктері және
жыныс актісі динамикасына байланысты құбылып отырады
Аталық малдардың:
А-айғырдың;
Б-бұқаның;
В- қошқардың;
Г-қабанның жыныс
мүшелері
Аталық малдың жыныстың
ағзаларының атқаратын
қызметі
• Текеде, қошқарда және бұқада
ұма екі сан арасында орналасқан,
бірақ вертикальды жағдайда,
оның мойны айқын байқалады.
Қабанда ұма санның артында,
горизонтальды жағдайда
орналасқан. Артқа қатты
жылжыған, мойны жоқ, нашар
салбыраған. Айғырда ұманың
орналасуы сан арасында, бірақ
ол горизонтальды орнығады, ал
мойны нашар байқалады.
• Тері астында бұлшық ет
эластикалық қабық болады, ол
ұма терісімен жабысып өсіп
кеткен, сондықтан жылтыр
бұлшық ет жиырылғанда ұма
терісі бүріседі де қатпарланады.
Аталық малдардың жыныс
бездерінің пішіні, көлемі және
салмағы
• Аталық малдардың жыныс бездерінің пішіні, көлемі және салмағы жағынан бірдей
емес. Қошқар мен бұқада эллипс, айғырда жұмыртқа тәрізді, қабанда сопақ бұршақ
сияқты, аталық итте сопақша болып келеді. Ұзындығы жағынан ең ұзыны бұқада 12-14
см, ал қалған аталықтарда 10-12 см аралығында, салмағы жағынан ең салмақтысы
қабандарда, олардың әрбіреуі 400-500 г жетеді.
• Аталық жыныс бездері 300-ден 400-ге дейін үлестерге бөлінеді. әрбір үлесте 4-5
ирелеңген жолдар бар, олардың ұзындығы 50 см-ден 80 см-ге дейін. Жыныс бездері
жолдарының ұзындығы: айғырда 86 м, қабанда - 64 м, бұқада - 30 м.
• Жыныстық жағынан жетілген аталықтардың жыныс бездерінің ирелеңген жолдарында
аталық жыныс жазушалары - ұрықтар пайда болады.
Аталық бездер
• Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден,
олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл
аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық
бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық
бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас
бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік
жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен
жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды
және т. б.
• Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық
бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық
жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген
сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық
көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты
бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен
араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда
зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады.
Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3
шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі.
Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро
және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда
сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және
қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан
құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм
Ен сағағының қызметі
• Ен сағағы /epididymis/ бұқада,
қошқарда және текеде аталық жыныс
безінің каудалды шетіне тығыз, ал
айғырда, қабанда және итте жыныс
безінің дорсалатералды бетінде
жатады. Ен сағағының басын, денесін
және құйрығын ажыратады. Текеде,
қошқарда, бұқада ен сағағының басы
жыныс безінің дорсалды шетінде
жалпақ қабат түрінде орналасқан. Ен
сағағының денесі жыныс безіне оның
каудалды шетіне көлденең жатады.
Текеде, қошқарда, бұқада ен
сағағының құйрығы вентралды, қабан
мен итте аталық жыныс безінің
дорсалды шетінде жатады. Ен
сағағының басы 13-15 жолдардан
тұрады. Осы жіңішке жолдар
жалпақтығы 0,1 мм-ден 0,3 мм қатты
иреленген ен сағағының жолына
құйылады. Ен сағағының құйрық
бөлімі секрет және ұрықтармен
толған. Бұл жерде ұрықтар жетіледі,
қорғаныс қабығымен жабылады және
анабиоз жағдайына өтеді, осы
Шәует және ұрық
жолдары
• Шәует бауы /funiculus spermaticus/ шырыш қабатымен жабылған, ұрық
жолынан, қан тамырларынан, жүйке және бұлшық ет талшықтарынан тұрады.
Ол аталық бездің сағағынан басталып, шапқа дейін созылады.
• Ұрық жолы /тұқым жолы/ ductus, deferens ұзын түтікшеден тұрады, олар оң
және сол ұрық жолдарына бөлінеді. Ұрық жолдарының әрбіреуі ен сағағының
құйрығынан басталады да, шәует бауымен шап жолы арқылы құрсақ қуысына
өтеді, содан кейін қуықтың дорсалды бетіне жетеді. Осы жерде айғыр, теке,
қошқар, бұқа ұрық жолдары айқын көрінетін ұрық жолының құтысы деп
аталатын кеңейткішін құрайды. Бұқада олар тік ішек арқылы жақсы
байқалады. Қабан мен итте бұндай құты болмайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz