Ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды инвестициялау
Презентация қосу
Презентация
«Ауыл шаруашылығындағы
жұмыстарды инвестициялау»
Орындаған: Тілеуберген А.
Орымбаев Н.
Тобы: АП-12-3к1
Қабылдаған: Кенжибаева Г.
Кіріспе
• Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек
мағыналық сипатына ғана көңiл бөлмей,
мақсатты түрде бағытталуын да көрсету
маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда,
инвестициялар жалпы ұлттық өнiм өндiрiсiне
жұмсалатын табыстардың маңызды бөлiгiн
құрайтын жаңа технологияны, материалдарды
және басқа да еңбек кұралдарын енгiзумен
байланысты өндiрiстi кеңейту және жұмыс
жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын
қаражаттардың активтерге салынуы болып
табылады.
• Бiрақ осы кезге дейiн экономикалық
тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция деген
ұғымға алуан-түрлi түсiнiктер беру орын алып
келдi. Көптеген авторлар күрделi қаржы мен
инвестициялардың бiр-бiрiнен айырмашылығы
жоқ деп көрсетсе, ал кейбiреулерi инвестицияны
мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған
қаражат салымыньң кезкелген түрi деп есептейдi.
Инвестициялық жоба түрлері
• Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік
түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды
құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу)
өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің
өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
• Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның
дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық
саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше
шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Жобаны дайындау
• Жобаның бизнес-идеясы бірінші
тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе
теріс деген тиянақты шешім қабылдауға
болғанға дейін оны ары қарай дамыту
керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының
барлық бағыттарында – коммерциялық,
техникалық, қаржылық, экономикалық,
институционалды және т.б. – оны бірте-
бірте нақтылау мен жетілдіру талап
етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген
міндеттерін шешу үшін бастапқы
ақпараттарды іздеу немесе жинақтау
аса маңызды болып табылады. Жобаның
сәтті іске асуы жобаны талдау
процесінде пайда болатын мәліметтерді
дұрыс өңдеу алуға және бастапқы
ақпараттардың шынайлығына тәуелді
екенін түсіну керек.
Жобаны іске асыру
• Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін
толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және
мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық
инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі
бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба
өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған
ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
Инвестициялық
жобаны талдау
• Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары
мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.
• Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:
• жобаны экономикалық талдау,
• жобаны техникалық талдау;
• жобаны коммерциялық талдау;
• жобаны ұйымдастырушылық талдау;
• жобаны әлеуметтік талдау;
• жобаны экологиялық талдау;
• жобаны қаржылық талдау.
• Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді.
Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік,
экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл
есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін
дәлелдеуге мүмкіндік береді.
• Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру
жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен
қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.
• Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне
деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын
ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады.
Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі
қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде
таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін
талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын
қамтамасыз етудің факторы болып табылады.[
Инвестициялық жобалардың
тиiмдiлiгiн бағалау әдiстерi
• Қаржыландыру үшiн инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiне баға беру жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстар халықаралық
тәжiрибеде кеңiнен қолданылатын қағидалар мен әдiстерге негiзделген. Ресейде мұндай әдiстемелiк ұсыныстар 1994 жылы
басылып, шығарылған болатын. Оларды құрастыруда мемлекеттiк меншiк көзi арқылы қаржыландырылатын күрделi
қаржы тиiмдiлiгiн анықтаудағы отандық тәжiрибе ескерілген /15/. Бiздiң тарапымыздан осы әдiстемелiк ұсыныстар
Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына сәйкестендiрiлдi. Салымдар бойынша депозиттiк пайыз деңгейi, несиелер
бойынша банктiк пайыз мөлшерi, қарыз капиталы бойынша пайыз нормасының көлемi, ҚҰБ - ның қайта қаржыландыру
ставкасының мөлшерi, сыртқы инвестициялар бойынша ссудалық пайыз ставкасы, сәйкесiнше, әртүрлi болады.
Әдiстемелiк ұсыныстардың Қазақстан экономикасының ерекшелiктерiне сәйкестендiрiлуi, тиiсiнше, төмендегi
есептеулердi назарға iлiктiрiп және пайдалануға негiздедi.
Қорытынды
• Осылайша, экономикалық тұрақтану, ал кей салалардың стагнация мен
экономикалық компастан экономикалық өрлеуге өтуi инвестициялық
саясатты өзгертудi және инвестицияны қолдауды қажет етедi.
Әрине, инвестициялық белсендiлiк пен экономикалық өсудiң байланысы
бiр жақты емес. Олардың бiр-бiрiне өзара ықпалы бар, себебi
экономикалық өсу инвестициялық белсендiлiкке тәуелдi бола отырып, өз
кезегiнде, белгiлi-бiр даму кезеңiнде елдiң инвестициялық нақты
мүмкiндiктерiн анықтайды. Басқаша айтқанда, жалпы ұлттық өнiмнiң,
сондай-ақ, ұлттық табыстың өсу қарқыны жоғары болған сайын
инвестициялық ресурстардың кең өрiстi өндiрiсi мен осы негiзде тиiмдi
инвестициялық саясат құруға мүмкiндiктер аясы кеңейедi. Бұл бiр
жағынан - елдiң ұлттық шаруашылығы шеше алатын нақты экономикалық
және әлеуметтiк мәселелерiнен, екiншi жағынан - инвестициялық
кешеннiң нақты мүмкiндiктерiн қолдануынан туындайтын инвестициялық
процестiң концептуалды нұсқасын жасап шығару үшiн қажет.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 291-305
бб
2. Байсартов Э. «Роль государства в инвестиционной сфере» Қаржы-
қаражат,№6 2004. – 90-94 бб
3. Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-
Вестник,№3 2004. – 26-29 бб
4. Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. Хабаршы-
Вестник, №5 2004 – 69-71 бб
5. Шаханов Т. «Инвестиционная политика коммерческого
банка»Экономика негіздері, №3 2005. – 21-23 бб
6. Молдахметова М.Н. «Инвестициялық стратегия механизмін реттеу»
АльПари, №4-5 1999. – 70-73 бб
7. Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной
деятелности предприятий. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 64-
67 бб.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz