Ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру кезіндегі сұрыптау жұмыстары



Презентация Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру кезіндегі сұрыптау жұмыстары»
Орындаған: Дәнеш А.
Досболова Ұ.
Тобы: АП-14-7к1
Қабылдаған: Ермекбаева Р.

Жоспар
Мал тұқымы туралы ілім
Асыл тұқымдық мал шаруашылығы
Малды сұрыптау
Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы
Мал тұқымының сапасын жақсарту

Мал тұқымы туралы ілім
Мал тұқымы - ауыл шаруашылық малдарының шығу тегі, дене тұрқы мен бітімі, пайдалы шаруашылық белгілері ұқсас және бұл қасиеттері тұрақты тұқым қуалайтын біртұтас топтары. Мал тұқымына шығу тегі бір болғанымен генотипі әр түрлі, ата-тегінің құнды қасиеттері ұрпағына берілетін асыл тұқымды малды іріктеп алады. Мал тұқымы өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі құрылымдық бөліктерден (аймақтық тип - бейім мал, яғни жергілікті жағдайға бейімделгендіктен өзіне ғана тән белгісі болатын бір тұқымға жататын мал тобы; зауыттық тип; аталық із және аналық ұя, т. б. ) тұрады. Осы ерекшеліктер мал тұқымы құрылымының күрделі екендігін көрсетеді. Ал бұл күрделі құрылым мал тұқымын асылдандыруда бірден бір басшылыққа алынатын - заңдылық. Мал тұқымы қарапайым, зауыттық және ауыспалы топтар болып бөлінеді. Қарапайым немесе аборигендік мал - белгілі бір табиғи жағдайда ұзақ жылдар бойы өсірілген және сол жағдайға бейімделген мал тұқымы. Мысалы, қарабайыр, жабы жыл-қылары, еділбай қойы, т. б. Зауыттық мал - қарқынды тауарлық өндіріс пен жоғары деңгейдегі зоотехникалық талаптарға сай жағдайда алынған мал тұқымы. Бұл топқа ата тегінің құнды қасиеттері және әр түрлі табиғи жағдайға байланысты өзгергіштік ерекшеліктері басым мал тұқымдары жатады. Мысалы, голланд және симменталь сиыры, таза тұқымды мініс жылқысы, т. б.

Асыл тұқымдық мал шаруашылығы
Асыл тұқымдық мал шаруашылығы - өнімді және таза тұқымдық мал тұқымы өсірілетін ауыл шаруашылығының бір саласы. Асыл тұқымдық мал шаруашылығының негізгі буыны - асыл тұқымды мал зауыты болып табылады. Онда мал тұқымының ең таңдаулылары өсіріледі. Мал зауыттарының міндеттері: өсіріп отырған мал тұқымын одан әрі жетілдіру, жаңа зауыттық тип, аталық іздер мен аналық ұялар құру арқылы тұқымның генетикалық мүмкіншілігін арттыру; өсірілген жоғары сапалы мал тұқымымен зауыттардың өздерін, мемлекеттік асылдандыру стансаларын және асыл тұқымды шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Мал зауыттарында асылдандыру жұмысы ғылымы негізде жүргізіледі, тек таза тұқым өсіру жұмысы іске асырылады. Келесі буын - асыл тұқымды мал шаруашылықтары. Олардың міндеттері: өсіріп отырған малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жақсарту; мал төлдерімен асыл тұқымды фермаларды және өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Республикада мұндай шаруашылықтарға Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауыты, Алматы облысындағы Ақсай сиыр зауыты (Алатау сиыры), Қастек қой зауыты (Қазақтың биязы жүнді қойы), Атырау облысындағы қой зауыты (қаракөл қойы) жатады.

Малды сұрыптау
Малды сұрыптау (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) - малдың жаңа тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния саласы. Бұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу. Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын сұрыптау, іріктеу, оларды мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа тұқымдарын шығару іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса бағалы генотиптерді іріктеп, селекцияда пайдалану, алынған тұқымдардың қоршаған ортаға бейімделуі, алыстекті будандастыру мәселелерімен айналысты. Қазақтың ақбас сиыры, әулиеата, алатау сиырлары, қазақтың биязы жүнді қойы, оңт. қазақ мериносы, солт. қазақ мериносы, биязылау жүнді дегерес қойы қазақ арқар-мериносы, кеңес жүндес ешкісі, қостанай, көшім жылқылары, жабы тәріздес қазақ жылқысы, жетісу шошқасы, сонымен қатар үйректің «Медеу» (1983), тауықтың «Алатау» (1985) кростары шығарылды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы
Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру - ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандуру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.
Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту - адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.
Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды.
Малды жік-жікке бөліп, сұрыптау, оның әрбіреуіне таңба салу немесе құлағына сырға тағу, тағы сол сияқты оның тұқымын асылдандырумен байланысты жұмыстардың бірқатары мал мал шаруашылығындағы кейбір басшыларға ешбір мәні жоқ, тек бір әурешілік болып көрінеді. Мұндай жағдай кейде өз жұмысын толық меңгермеген

Мал тұқымының сапасын жақсарту
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға бөлінетін қаржы көздерін тиімді игеруде ісін ілгері бастырып тұрған шаруашылықтар да аз емес. Осы бағытта қаралатын қаржы көлемінің бүгінгі көлемі облыстық ауылшаруашылығы берген мәліметке сәйкес төмендегіге саяды.
І. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға бөлінген қаржы асыл тұқымды мал сатып алған субьектілерге:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz