Ауыл шаруашылық малының дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Ауыл шаруашылық
малының дене бітімі, сыртқы пішіні
және ішкі құрылысы»
• Орындаған: Досболат Ж.
• Бердешова Қ.
• Тобы: АП-14-7к1
• Қабылдаған: Ермекбаева Р.
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Малдың тұлғасы, сырт пішіні
2.2. Малдың ішкі құрылысы
2.3. Малдың дене бітімі
2.4. Мал тұқымының құрылымы
3. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
• Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы
жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы
табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары
санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың
қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған
капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған
жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық,
әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасыррдың басына
дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал
шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал
шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе
бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді.
Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың
кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа
өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс
аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан
аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген
зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын
көрсетті.
Малдың тұлғасы, сырт
пішіні
• Малдың тұлғасы, сырт пішіні - малдың дене
пішінінің сыртқы көрінісі. Малдың тұлғасы оның
өнімділік қасиеттерімен тығыз байланысты.
Осыған орай мал тұқымын асылдандыру
тәжірибесінде малдың тұлғасына қарап баға беруге,
сұрыптауға үлкен мән беріледі. Малдың тұлғасына
көзбен сипаттап, баға беру, өлшеу жөне суретке
түсіру сияқты әр түрлі тәсілдермен баға беріледі.
Көз мөлшерімен сипаттау әдісіне -малдың сырт
пішінін, әр дене мүшесін көзбен көріп, қолмен
ұстап, оның тұлға ерекшеліктерінің жақсы
дамығандығына, өнімдік бағытына сәйкестігіне,
жалпы дене бітімі үйлестілігіне баға беру жатады.
Бұл барлық түліктер үшін кең тараған тәсіл. Ұпай
санын беру арқылы бағалау мүйізді ірі қара мал,
жылқы және шошқа өсіруде жиі қолданылады. Бұл
әдіс бойынша, әуелі әр немесе бір топ дене
мүшелері, кейін малдың толық тұлғасы, 1-ден 10-ға
немесе 1-ден 100-ге дейін ұпай баллын беру
арқылы бағаланады. Малдың тұлғасына қарап
білікті мамандар оның тұқымын, өнім бағыты мен
өнімділігін, жасын ажырата алады
Малдың ішкі құрылысы
• Малдың ішкі құрылысы - зоотехния ғылымының малдың дене бітімі мен өнімінің ішкі физиологиялық,
анатомиялық, гистологиялық және биохимиялық құрылыс-қызмет қасиеттерінің бірлестігін зерттейтін
саласы. Малдың ішкі мүшелерінің кұрылыс-қызмет көрсеткіштері оның жас кезінде келешектегі өнім
бағытын, мөлшерін болжау арқылы сұрыптау, қажет болған жағдайда шыққан тегі мен нәсілдік касиеттерінің
үйлесімді анықтау үшін пайдаланылады. Бұл мал тұқымын асылдаңдыру жұмысының дәлдігін арттырып,
нәтижесін жеделдетеді. Малдың ішкі құрылысы ілімінде зерттелетін мәселелердің кеңдігі мен терендігіне
байланысты түрлі гистологиялық, биохимиялық, физиологиялық,, цитогенетикалық, иммуногенетикалық,
ж.б. әдістемелер қолданылады. Қазіргі уақытта мал сұрыптау мен жұп тандауда терінің, зәрдің, қан мен
сүттің, кариотиптің (хромосомдар саны мен түрі), ДНК-нің (дезоксирибонуклеин қышқьлының) құрылым-
құрамының көрсеткіштері пайдаланылады. Мысалы, мал тұқымын асылдандыру жұмысы жоғары дәрежеде
жүргізілетін елдерде асыл тұқымды айғыр мен бұқаның қан құрамы туралы куәлік болуы шартты мәселе. Сол
сияқты, тұқымдық қошқарға қалдырылатын қозышар терісінің гистологиялық құрылысы бойынша іріктеледі.
Малдың дене бітімі
• Малдың добал, сөлеке бітімі - мал дене бітімінің бір түрі.
Мұндай малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, түгі
жуан, бұлшық еттері жақсы жетілген, майсыз, жалпы түр-
тұлғасы көзге сөлекеттеніп, кейбір дене мүшелері
өрескелдеу көрінеді .Малдың добал, сөлеке бітімі жүк
таситын көлік малында, қылшық жүнді қойларда жиі
кездеседі. Добал, сөлеке бітімді мал қоршаған ортаның
қолайсыз жағдайына төзімді, көнбісті, ауруға көп
шалдықпайды.
• Малдың дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады
• 1. Организмнің бірлігі
• 2. Әр түрлі ден мүшелерінің формасы мен көлемінің
және қызметінің организмінің бірлігіне сәйкес дамуы
• 3. Нақтылы сыртқы орта жағдайларына бейімділігі
мен орта өзгерісіне бейімделу қабілеті
• 4. Нәсіліне тәуелділігі
• 5. Сыртқы орта жағдайына жалпы бағыныштылығы
• 6. Белгілі бір өнім беруге бейімділігі
• 7. Жұқпалы ауруға шалдығуға бейімділігіне қарсы
тұруға төзімділігі.
• Әр мал тұқымының өніміне сай дене бітімі болады, ол сол
жергілікті өскен ортасына лайықты ортасына лайықты
болады.
Мал тұқымының
құрылымы
• Мал тұқымының құрылымы - тұқым ішінде жалпы тұқымға ортақ қасиеттерімен қатар өнімінде, дене бітімі мен
пішінінде, тіршілік ортасына бейімділігіңде өзіндік ерекшеліктері бар мал топтарының болуы. Мал тұқымының
құрылымдық бөліктеріне аймақтық тип, зауыттық тип, аталық із және аналық ұя жатады. Аймақтық тип - ауа-
райында ерекшеліктері бар жер жағдайында өсірілетін тұқымның үлкен бір бөлігі. Кез-келген тұқымда аймақтық
тип болуы шарт емес. Ол тек көп елдерде тараған тұқымда болады. Зауыттық тип - өнімінде өзіндік
ерекшеліктері бар асыл тұқымды мал зауытының табыны. Аталық із - жоғары өнімді аталық малдың өзіне ұқсас
ұрпақтары. Аналық ұя - жоғары өнімді аналық малдың өзіне ұқсас ұрғашы ұрпақтары. Аталған құрылымдық
бөліктер мал тұқымын қоғамдағы сұранысқа сай жетілдіріп отыруға қажетті шарт.
Қорытынды
• Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды
көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе,
қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен
сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған
дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу
мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты
жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17
ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке
ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың
бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік
түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін
шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл
жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-
бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін
пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына
а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар
енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі
өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл
және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
• 1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің
жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К.
Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
• 2. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп"
баспасы, 2006. — 232 бет. ISBN 9965-33-633-4
• 3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/
Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа
бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы»
ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz