Ауылшаруашылық құстар гигиенасы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Ауылшаруашылық құстар гигиенасы»

ОРЫНДАҒАН:
ТОБЫ:
ҚАБЫЛДАҒАН:
Кіріспе
• Құстар (лат. Aves) – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы.
Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
• алғашқы құстар – археоптерикс;
• тісті құстар;
• қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;
• қырлы төсті құстар.
• Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар
(жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды
осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп
бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық
табиғи белдемдерде таралған.
• Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен
ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су
құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен,
тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер
қазіргі құстарға өте жақын болған.
Суда қорегін аулайтын құстар
• Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз, ағашсыз,
аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл
жағалауларда мекендейді. Қорегінің көпшілігін тайыз
батпақты сулардың түбінен табады. Бұл топқа
жататын құстардың аяғы қауырсынсыз ұзын,
саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып
тұратын жарғақтары болмайды.
• 1). Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене
мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте
ұзын - тырналар, құтандар, дегелектер жатады.
• 2). Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары -
көлемдері орташа және шағын болады да, батпақты
жерде немесе шалғындықтың қалың шөптөсін
жерлерін мекен етеді. Бұған әртүрлі батпақты жер
тауықтары, тартарлар, поганыштар, сұлтан тауығы
және т.б. жатады.
• 3). Тайыз судың балшықшылары - ұсақ әдетте
тұмсықтары ұзындау келетін құстар. Тайыз жерлерде
ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың
түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің
аяғы ұзын келеді.
• Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте
жақсы, құйымшақ безі жақсы жетілген, саусақтарының
арасында тері жарғағы болады.
Сүңгуірлер
• Сүңгурілер - өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сула ортада тіршілік
етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен,
ал енді бірқатарын судың түбінен табады. Бұлар балықтармен, шаян
тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі
нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте
жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы
сүңгиді.
• Ауада – суда кезедесетін құстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік
тұмсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Олар
ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп
байқап, құйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау
әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады.
• Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен жағалаулары.
• Жерді және суды мекендеуші құстар тобына: үйректер, аққула, қаздар
жатады. Олар ұясын су қоймаларынан жырағырақ салады.
Басқаларына қарағанда сулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы –
сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді.
Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды
сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір
үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен
біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі.
• Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік
жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бөліктерін
мекендейді. Нашар сүңгиді. Аузындағы «сүзгі аппараты» үйректерге
қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері
болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.
Шағалалар
• Шағалалар (лат. Larus) — татреңтәрізділер отряды, шағала тұқымдасына жататын құс
туысы. Қазақстанның кез келген су алабында кездесетін 9 түрі бар.
• Шағалалар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары
қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар.
Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен,
моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.
Шағалалардың ішіндегі ең ірілерінің бірі — дуанбас. Ең майдасы — кіші шағала (L.
minutus), оның денесінің ұзындығы 290 — 300 мм, құйрығы 85 — 95 мм, тұмсығы 21 —
25 мм, салм. 120 — 150 г, түсі сұр қоңыр. Түр тармағын құрмайды, жыл құсы. Ұясын
республиканың солтүстік өңірлерінен бастап, оңтүстікте Қамыс — Самар комитетіне
дейінгі аймақтарда салады. Ұясында 2 — 3 жұмыртқа болады, жылына бір рет балапан
басып шығарады. Ең жиі кездесетіні — қылаң шағала (L. argentatus), оның денесінің
ұзындығы 580 — 640 мм, құй-рығы 160 — 190 мм, тұмсығы 55 — 90 мм, салм. 750 г-нан
1,1 кг-ға дейін, қанатының түсі күмістей. 10 түр тармағының республикада 2-уі кездеседі.
Жыл құсы, көктемде ұшып келіп, барлық жазықты-сулы жерлерге ұя салады. Көл
шағаласы (L. ridibundus), оның денесінің ұзындығы 420 мм, құйрығы 130 мм, тұмсығы 40
мм, салмағы 255 — 345 г, түсі қоңыр сарғыш. Түр тармағы жоқ. Жыл құсы,
республиканың сулы жерінің бәрінде кездеседі. Шағалалардың Халықаралық табиғат
қорғау одағының “Қызыл кітабына” 4 түрі (бұлардың ішінде өте сирек кездесетіні: Шығыс
Қытай теңізі мен Сары теңіздің жағалауларында мекендейтін — қытайлық кіші шағала
(L. saundersi) 1 түр тармағы қорғауға алынып, енгізілген.
Қаз тәрізділер (Ansiriformes)
• Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте
болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты
құстар жатады. Олардың саусақтары
төртеу, оның үш саусағы денесінің
алдына бағытталып, аралары тері
жарғақтармен қосылған. Әдетте
олардың тұмсығы, жалпақ, үстіңгі
жағынан төмен қарай қысыңқы келеді.
Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты,
шеткі қауырсындары болады.
Құйымшақ безі жақсы дамыған.
• Аталығының шағылыс органы болады.
Жылына бір рет жұмыртқа салады.
Жұмыртқадан шыққан балапандары
ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл
дүниежүзінде 200 - дей түрі бар. Бізде
олардың елуге тарта түрлері кездеседі.
Кәсіптік құстардың көпшілігі осы
отрядқа жатады. Бұлардан ұй
құстарының көптеген турлері
шығарылған.
Қорытынды
• Құстарды топқа бөлудің әр түрлі жолдары бар. Дене құрылымы,
тіршілік әрекетіне байланысты қыртөссіздер, жүзгіш құстар,
қыртөстілер деп бөлінеді. Ал тіршілік орта жағдайларын байланысты
экологиялық топқа да топтастырылады. Экологиялық мынадай
топтар бар: сулы, батпақты жерлердің құстары, орман құстары, ашық
далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, көшпелі құстар, қыстал
шығатын құстар. Қыстал шығатын құстар жыл бойы бір аймақта өмір
сүріп, ешқайда орын ауыстырмайды, яғни жылыстамайды. Қазіргі
заманда тіршілік ететін құстар түрі 35-40 отрядқа топтастырылған.
Зоолог ғалымдардың пайымдауы бойынша құстар бұдан 180 млн жыл
бұрын пайда болды деп есептеледі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
• 1 Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы: 2 басылым.-Алматы: «Ғылым», 2005.-
696 бет.
• 2 Сәтбаева Х.Қ.,Өтепбергенов А.А.,Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы.
(Оқулық).-Алматы.Издательство «Дәуір», 2005. – 663 бет.
• 3 Рымжанов К.С., Толенбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы.
Қайнар, 2002.-419 бет.
• 4 Әбилаев С.А., Қуандыков Е.О. Медициналық биология және генетика. Алматы-
Шымкент, 2004.-324 бет.
• 5 Несипбаев Т. Физиология человека и животных в вопросах и ответах. Учебник.
- Алматы, КазНАУ, 2006.- 475 с.
• 6 Несіпбаев Т.Н. және т.б. «Жануарлар физиологиясының практикумы» Алматы,
Кайнар, 1992.- 120 бет.
• 7 Несіпбаев Т.Н., Бегайылов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануарлар
физиологиясының практикумы.-Алматы: «Агроуниверситет», 2004.-180 бет.
• 8 Несіпбаев Т.Н., Бегайылов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануарлар
физиологиясының практикумы. Алма-Ата, «Білім», 1994.-136 бет.

Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық құстардың гигиенасы
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
Құстар гигенасы
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
Биотехнология мамандығы
Балапандарды күтіп бағу гигиенасы
Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жағдайлары
Құстың негізгі түрлері
Q – қызбасы
Лептоспирозды балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Пәндер