Ауыл шаруашылық малы өнімділігінің түрлері
Презентация қосу
Презентация
«Ауыл шаруашылық
малы өнімділігінің
түрлері»
Орындаған:
________________
Тобы: АП-14-7к1
Қабылдаған: Ермекбаева
Р.
Жоспар
• 1. Кіріспе
• 2. Мал азықтық тағамдары
• 3. Мал шаруашылығы
өнімдерін өндіру
• 4. Малдың негізгі өнімдері
• Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе
• Малды азықтандыру рационы - азықтаңдыру нормасының, яғни
организмінің мұқтаждығының көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін
бір басына тәулігіне (айына, жылына) берілетін (жегізілетін)
жемшөп мөлшері. Малды азықтандыру рационы малдың ас қорыту
жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, олардың сүйсініп жейтін
жемшөбінен құрастырылады. Рациондағы ол жемшөптердің жалпы
қоректілігі (азық өлшеміне алмасу энергиясы) бойынша
есептелінген ара қатынасымен рацион құрылымын белгілейді. Көп
қарыңды күйісті малды азықтандыру рационы аумақты арзан
азықтарға (көкшөп, сүрлем, пішен, пішендеме, сабан ж.б.)
негізделе отырып (жалпы қоректілігінің 40-60%) құрастырылса, бір
қарынды шошқанікі құнарлы жемге (дән мен жармаларға)
негізделіп (жалпы қоректілігінің 80-90%) құрастырылады. Мал
мұқтаждығының барлық көрсеткішін қажетті деңгей мен сапада
қамтамасыз ететін рациоңды толыққұңды малды азықтандыру
рационы деп атайды. Ол үшін малға жегізілетін негізгі жемшөпке
қажетті азықтық (протеиндік, минералдык, витаминдік ж.б.)
қосындылар қосылады. Малды азықтандыру рационы
шаруашылықтағы арзан жемшөптен құрастырылып, аз азық
шығынымен мол мал мен құс өнімін ендіруді көздейді, өйткені мал
мен құс өнімінің өзіндік құнын құрайтын өндірістің тікелей
шығыңдарында азық пен азықтандыру шығындарының үлесі
Мал азықтың тағамдары
• Шабындық айналымын шаруашылыққа енгізудің
маңызы жоғары.Өйткені шабындық шөбін жыл сайын
бір мезгілде пішенге шауып отыру 2-3 жылдан кейін
оның өнімі төмендемеуі мүмкін.Сондай-ақ осы
жағдайда өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдері және
ерекшеліктері сақталмайды.Соның салдарынан жыл
сайын ерте шабылатын шабындық учаскелерінде
көпжылдық шөптер пісіп жетілмейді және шөп
тамырында қоректік заттар жиналып,келесі жылдары
көктеп шыққан өскіндер нашар өсіп,өнімін күрт
төмендетеді.Ал кейбір өсімдік түрлері құрып кетуі
мүмкін.Шабындық айналымында белгілі жүйеге сәйкес
жыл сайын шабындықта пішен шабу мерзімі өзгеріп
отырады да,табиғи көпжылдық шөптер 3-5 жылдың
ішінде толықтай өсу фазаларынан өтуге мүмкіншіліктер
туады.
• Республиканың табиғи шабындықтары негізінен
астық және астықты аралас шөп тұқымдастарына
жататын топтарынан тұрады.Сондықтан шабындық
айналым көбінесе онда өсетін негізгі астық тұқымдас
шөптерге сәйкестендіріп енгізеді.Астық
тұқымдастардың шабу мерзімдерін масақтанудан
тұқым түзгенге дейін жыл сайын ауыстырып отырады.
• Шабындық айналымын пайдалану арқылы
шабындықтың өнімін және сапасын жоғалтпай
бірқалыпты ұстауға болады.Шабындық айналымын
шабындықтың жыл сайынғы шабу мерзімі мен ретін
және шаппай дем алуға қалдыру жүйесіне негізделген.
Мал азығының қоректілігінің
көрсеткіштері, г
(М.Ф. Томмэ, 1964 ж.)
Мал азығы түрлері 1кг мал азығында Азықтық Аз.өлшем
Азықтық өлшем Қортылат өлшемдегі құраты мал
(а.ө.)кг ын қорытылатын азығы, кг
пртеин,г протеин, г
Көк азықтар:
Астық тұқымдас шөптер 0,17-0,22 20-22 100-129 4,5-5,9
Бұршақ тұқымдас 0,19-0,22 30-45 158-237 4,5-5,3
шөптер
Сүрлем (орташа) 0,16-0,22 13-14 64-81 4,6-6,3
Пішендер:
Астық тұқымдас шөптер 0,45-0,50 35-40 78-80 2,0-2,2
Бұршақ тұқымдас 0,50-0,60 100-150 200-250 1,7-2,0
шөптер
Табиғи шабындықтар 0,45-0,50 40-41 82-89 2,0-2,2
Пішендемелер:
Астық тұқымдастардан 0,30-0,33 25-30 83-106 3,0-3,3
Жемдік дақылдар:
Сұлы 1,0-1,1 100-120 100-109 0,9-1,0
Арпа 1,1-1,28 90-120 82-94 0,8-0,9
Бұршақ 1,1-1,19 182-225 165-189 0,8-0,9
Сабандар:
Сұлының 0,28-0,32 13-16 46-59 3,1-3,6
Арпаның 0,30-0,33 10-13 33-39 3,0-3,3
Мал азықтарын бағалағанда
алынатын түзетулер мен
есептеулер
Дақылдар Өнімдерді малазығы
(малазықтық) арқылы есептейтін
түзетулер
Далада кептірілген пішен Көк балауса өнімінің 25% жоғалады. Пішенді
тасымалдағанда, сақтағанда 10% жоғалады.
Қолдан (кептіру Көк балауса өнімнің 30% жоғалады
агрегаттары арқылы)
кептірілген пішен
Пішендеме. Көк балауса өнімінің 50% жоғалады.
Сүрлем Көк балауса енімнің 70% жоғалады
Тамыржемістілер Өнімнің сақталған кезде 10% жогалады.
Шөп ұны, түйіршіктері Көпжылдық шөптер өнімінің 25%, біржылдық
шөптер өнімінің 23% жоғалады.
Дәні (орташа) Жиналған өнімнің 15% тазалаған кезде
қалдық ретінде және 1,5 ц тұқымға алынып
тасталынады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
• Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) үшін жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше
қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті алып қою және
жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, жануарлар мен құстардың
аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз мекендерден (аумақтардан) алынған шикізаттарды пайдалануға
тыйым салынады.
• Азық және азық қоспаларын жануарлардан алынған тіндерден өндіруге (дайындауға) тыйым салынады.
• Азық және азық қоспаларын өндіруге (дайындауға) арналған шикізаттарды дайындау, сақтау және
тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
• Сүрленген азық (кептірілген азық, пішендеме, сүрлем) табиғи немесе өңделген түрде азық ретінде және
азық пен азық қоспаларының толық рационды құрамында шикізат ретінде қолданылады.
• Кептірілген азық стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген сапа
көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Көгеру, улы өсімдіктердің бөтен иіс белгілері болмауы тиіс.
• Ірі азық (пішен, сабан) таза түрде және түйіршіктелген азық өндіруге арналған азық қоспасының
құрамында шикізат ретінде қолданылады. Ірі азық құрамында көтерген бөліктер, улы өсімдіктер (жатаған
кекіре, қоянбеде), бөтен иістер (борсыған, зең, шіріген), патогендік саңырауқұлақтар мен иеркөк болмауы
тиіс.
• Шикізат - құрама жем мен дәнді бұршақты азық дақылдарын (жаздық сиыржоңышқа, ноқат, азықтық
бұршақтар, жасымық, азықтық бөрібұршақ, соя, бұршақ) өндіру үшін азықтық мақсаттарға жеткізілетін
астық (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, тары, жержаңғақ, күнбағыс дәндері, тритикале) құрамында
қастауыш, қара күйе, зиянкестер мен бөтен қоспалар болмауы тиіс. Шикізат ретінде қолданылатын астық
тиісті Техникалық регламентте белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.
• Шикізат - тамыртүйнекжеміс және бақша (азық) дақылдарында көгеру белгілері болмауы және
құрамындағы қауіпті және улы заттар белгіленген нормадан аспауы тиіс.
Азық және азық қоспаларын өндіру
(дайындау) кезінде мынадай талаптарды
сақтау қажет:
1) өнімділігі жоғары күйіс қайыратын жануарларға арналған азық
құрамында балық және сүтқоректілерге жатпайтын басқа
гидробионттарды қоспағанда, кез келген жануардан алынған құрамдас
бөліктер болмауы тиіс;
2) өнімділігі жоғары құстарға арналған азық құрамында күйіс
қайыратын жануарлардың, жыртқыш жануарлардың, сондай-ақ
құстардың құрамдас бөліктері болмауы тиіс;
3) өнімділігі жоғары шошқаларға арналған азық құрамында күйіс
қайыратын жануарлардың, жыртқыш жануарлардың және шошқалардың
құрамдас бөліктері болмауы тиіс;
4) ірі қараның губка тәрізді энцефалопатиясы бойынша қолайсыз елдерден әкелінген
өнімділігі жоғары жануарларға арналған азық құрамында балық пен сүтқоректілерге
жатпайтын басқа гидробионттарды қоспағанда, кез келген жануардан алынған
құрамдас бөліктер болмауы тиіс.
Малдың негізгі
• Мал
өнімдері
шаруашылығы — ауыл
шаруашылығының мал өнімдерін
өндіру үшін мал өсірумен
айналысатын саласы. Мал
шаруашылығы халықты азық-түлікпен
(сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ
өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері,
ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл
шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат,
өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен
қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы
өнімдері мен оның қалдықтарынан
мал азықтары (майы алынған сүт, ет-
сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-
дәрмектер мен биологиялық белсенді
(активті) заттар (емдік сарысулар,
гормонды қосылыстар, т.б.) алынады.
Мал шаруашылығы салаларына сиыр,
қой, ешкі, жылқы және түйе
шаруашылықтары жатады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1. Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. - М.,
Агропромиздат, 1989
2. Асанов К.А Кормопроизводство с основами земледелия. - Алматы,
1984.
3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. - Алматы, 1995 г.
4. Зыков Ю.Д. полевое кормопроизводство. - Алматы, 1985.
5. Ларин И.В. и др. луговодство и пастбищное хозяйство. -
Ленинград, 1990.
6. Часовитина Г.М.и др. полевое кормопроизводство в Казахстане. -
Алматы, 1986
7. Можаев Н.И., Копытин И.П. Кормопроизводство.- Алматы, 1986.
8. Тен А.Г. Кормопроизводство. - Москва, 1982
9. Абубакиров К. пойменные и лиманные луга Казахстана. - Алматы,
2002.
10. Вавилов П.П., Кондратьев А.А. новые кормовые культуры. - Москва,
1975
11. Бекмухамедов Э.Л., Бекмухамедова Н.З. справочная книга
луговода. - Алматы, 1985
12. Жуковский П.М. Культурные растения и их сородичи. - Ленинград,
1971.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz