Бағалы аң терісінің ақаулары
Презентация қосу
Презентация
«Бағалы аң терісінің ақаулары»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Бағалы аңдар терісі
• Терісі бағалы аңдардың терісі оның рецепторлық аппараты,
бұлшықет, жүйке-жүйесін шынықтыру нәтижесінде түгел
организмге және жекелей органға тура және жанама әсерін
тигізеді. Мұндай жағдай гомеостазды сақтап қана қоймай әрбір
органдардың және жүйелердің функционалдық қабілетін
арттыруға ықпалын тигізеді, түгел организмнің де жағдайын
жаксартады және өнімділік қабілетін көтереді.
• Тері организмінде бірнеше қызмет атқарады. Ең бірінші – тері
сыртқы ортаның әртүрлі әсеріне кедергі есебінде қызмет етеді.
• Терісі бағалы аңдарды организмін сақтау және қалыптастыру
қызметі терідегі көптеген рецепторлар арқылы жүреді (термо-
баро-механорецпторлар және т.б.). Терідегі нейрорецепторлық
аппараттың перифериялық жүйесінің соңы (ұшы) арқылы,
организм әр мезгіл сыртқы ортамен тығыз байланыста болады.
Сондай-ақ орталық жүйке-жүйесінің байланыстырушы және
үйлестіруші қызметінің арқасында барлық ішкі органдармен де өз
байланысын жоғалтпайды. Теріде кейбір бөліктері вегетативтік
жүйке жүйесінің бір-бірімен қосылуының арқасында ішкі
органдармен рефлекторлық шеңбер құрайды (Захарьина-Хеда
зонасы).
Стрептококкоз
• Стрептококкоз – үй жануарлары, терісі бағалы аңдар
төлдерінің жұқпалы ауруы. Бұл аурумен көбінесе
бұзау мен қозы ауырады, құлын мен торай өте сирек
шалдығады. Жедел өткенде буыны ауырады,
жеделдеу және созылмалы түрінде өкпе және ішек
аурулары байқалады.
Қоздырғышы
• Қоздырғышы – стрептококктар, микроскоппен қарағанда шар
тәрізді, екі ұшы сүйірленіп көрінеді. Олар ылғи да екі-екіден
орналасады. Топырақта, қида, қора-жайда тіршілігін 3 – 4 апта,
кепкен қанда 2 айға дейін сақтайды. Күн сәулесіне, ыстыққа
төзімсіз. Сау төлге індет ауру малмен жанасу және ауа арқылы
жұғады. Ауру төлдің аузынан аққан сілекейі, несеп, нәжісі
арқылы сыртқы ортаға қоздырғыш көп мөлшерде тарайды.
Желінсауға шалдыққан саулықтар мен сиырлар да
қоздырғышты сыртқы ортаға шығарып, төлді ауруға
шалдықтырады. Қндеттің жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 1 –
2 тәулікке дейін созылады. Ауруға шалдыққан төл денесінің
қызуы 41 – 42 С-қа көтеріліп, асқа тәбеті тартпайды. Төлдің
тыныс алуы, қан айналымы жиілеп, көздің, ауыздың және
танаудың кілегей қабықтары қызарып, қанталайды. Қозының
танауынан ірің, қан аралас сұйықтық ағады. Ауру созылмалы
түрге ауысса, төлдің темп-расы тұрақсызданады. Өкпесі мен
буындары қабынады, ақсайды, жүріп-тұрудан қалады. Ауру
басталғаннан кейін 4, 5-күндері созылмалы жөтел пайда
болады. Егер дер кезінде ем қолданбаса, 9 – 10 күнде төл өледі.
Емі
• Емі: Әрбір ауру төлді індетке
қарсы арнайы дайындалған
гипериммунды қан
сарысуымен емдейді.
Бициллин-3, бициллин-5,
линкоспектинмен егеді,
нұсқаудағы мөлшерде
сульфадиметоксин
ішкізіледі. Аурудың алдын
алу үшін буаз саулықтардың
азықтандырылуы, олардың
күтімі арнайы талаптарға
сай болуы тиіс.
Стрептококкозға қарсы
формольвакцина жылына 2
рет егіледі.
Дерматомикоз
• Дерматомикоз (трихофития, микроспория) – бұл микроскопиялық
саңырауқұлақтар тудыратын жануарлардың жұқпалы тері ауруы. Аурудың
көзі - осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит,мысық, төрт түлік мал) немесе
орта және кіші жастағы науқас балалар болып есептеледі. Аурудың белгілері
көбіне, денеде, бастың шаш бөлігінде, тырнақта пайда болуы мүмкін, ауру
біртіндеген қызғыш немесе қызарған дақтардың пайда болуынан басталып,
одан әрі көптеген ошақтарға айналады. Ауру жануармен тікелей қарым –
қатынаста болған жағдайда жұғады. Ауру лабораториялық тәсілмен
анықталады. Аурудың әрбір тіркелген жағдайында үй ошағында күнделікті
дезинфекция жүргізілуі керек, толық емделіп болғаннан кейін Алматы
қалалық дезостанция қызметкерлерімен қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
Аңдарды тек сапасы жоғары
азықтармен азықтандыру –
аурулардың алдын алу
• Аңдарды тек сапасы жоғары азықтармен
азықтандыру – аурулардың алдын алу кепілі.
Ашыған азықтармен азықтандыруға жол
берілмеуі керек. Ал тез ашитын азықтарды
мырыш жалатқан ыдыста сақтауға болмайды,
жануарлардың улануына соқтырады, себебі
қышқыл ортада цинк тез еріп малды
уландырады. Жаз кезінде азық науалары өте
таза болуы керек. Саз камшаттарын,
бұлғындарды, түлкілерді, поляр түлкілерін суық
кезде азықтандыру үшін азықтарды науаларға,
ал жылы кезеңдерде торлардың торлы
төбелеріне салады.
• Терісі бағалы аңдарды бағып-ұстау
ерекшеліктерімен қатар оларды азықтандыру
мен өсірудің санитариялық-гигиеналық
талаптарын жақсы білу керек.
• Жоғары сапалы тері алу және дені сау
аңдарды өсіру үшін аңдарды биологиялық
циклын және олардың организімінің қоршаған
ортамен байланысын білу керек. Осы аталған
жағдайларды ескерген кезде ғана мал
шаруашылығының бұл бағытын жақсы
өркендетуге болады. Аңдарды бағудың үш тәсілі
бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
Терісі бағалы аңдарды
бағып-ұстау гигиенасы
• Аңдарды, әсіресе табиғи азықтар жетіспеген жағдайда олар ашығып қалмауы үшін
қолдан азықтандырып тұрады. Аңдарды азықпен алдау арқылы жыл сайын арнайы
кезеңде жүргізіліп барлық аң саны уақытылы саналып отырады.
• Бірақ бұндай күтіп-бағу жүйесінде барлық мал дарігердік шаралар жүргізуге
жағдай болмайды, соның салдарынан аңдардың сапасы жоғары болмайды.
• Жартылай еркін күтіп-бағу жүйесі- бұл аралас әдіс, яғни торлы және еркін еркін
күтіп бағу жүйелерінен тұрады.Аңдардың негізгі басын (ересек) торларда ұстайды, ал
төлдерін керекті мезгілге дейін табиғи жағдайда ұстайды.
• Терісі бағалы аңдарды бағу шаруашылықтарын құрған кезде климаттық
жағдайларды және керекті азық базасының бар жоғын ескеру қажет. Мысалы,
құндызды бағу үшін климаты жұмсақ, әрі жылы келетін аудандар керек.Сондықтан
сарай(шед) төбесін жеңіл материалдардан(асбестті цемент) жасайды.Еденді
асфальттайды немесе бетондайды.
• Сарайдың ені 4м, ұзындығы 60м кем болмауы керек.Түлкі мен поляр түлкілері
еркектеріне арналған бөлек торларды бір қатарда 50 қояды.
• Тор қатарлары арасындағы қашықтық 4 м, ал серуен алаңындағы үйшіктер
арасындағы қашықтық 1,8 м кем болмау керек. Торларды көбінесе 1 қабаттан
орналастырады (екі қабаттан сирек салады).
• Бұлғындар, күзендер, түлкілер үшін сарайлардың (шедтердің) сыртқы ұзынша
жағынан және азық беретін жол бойымен тор тартылады, тереңдігі 20см кем болмау
керек. Сарайлардың бүйірінен торлы есіктер жасайды. Жануарларды сарайларда
ұстау қолайлы жағдай туғызады (оларды жаңбырдан, желден және қардан
қоргайды), азық беруді, суғаруды, көң шығаруды механикаландыруға мүмкіндік
береді.
Қорытынды
• Терісі бағалы аңдарды ң көп түрлері шет мемлекеттерден әкеліп,
осы біздің елімізге жерсіңдірілген. Кейбір түрлері қолайсыз климатқа
бейімделе алмады,сол үшін оларды тек жеке кәсіпорындарда арнайы
дайындалған қоражайларда ғана кездестірге болады. Терісі бағалы
аңдарды асыраудың негізгі міндеттері олардың қалың да көркем бағалы
терісін өндіру үшін асырайды. Олардың терісін өндірісте пайдаланып,
қымбат киім ретінде дайындалып шығарады. Ал елтірісінің өзі де жеуге
жарамды болады келеді.
• Терісі бағалы аңдардың бірнеше түрлері бар: Ондатр, саз
кәмшаттары, күзен, құндыз, бұлғын, түлкі.
• Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін аңдарды
биологиялық циклын және олардың организімінің қоршаған ортамен
байланысын білу керек. Осы аталған жағдайларды ескерген кезде ғана
мал шаруашылығының бұл бағытын жақсы өркендетуге болады.
Аңдарды бағудың үш тәсілі бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
• 1.“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том 1521 б
• 2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы
редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар:
2007 - ISBN 9965-08-286-3 1028 б.
• 3. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков К.Л., Асылбеков Б.Л:
ж.б. Зоогигиена. Лабораториялық-практикалық
сабақтардың мктодикалық нұсқаулары. – Алматы, 1991.
65 б
• 4.Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов Ж.Б. Жануарлар
гигиенасы. Оқулық Бшм баспасы, Алматы, 2005. 19 б
• 5. Храбустовский И.Ф., Демчук М.В. Практикум по
зоогигиене. Учебное пособие. – М.:Колос, 1984. 157 б
• 6. Мырзабеков Ж.Б., Сағындықов К.Л., Ибрагимов П.ш.,
Тоқаева М.М., «Зоогигиена» пәнінен зертханалық
практикалық сабақтарды орындауға арналған оқу-
әдістемелік нұсқауы. Алматы, 2006. 89 б
• 7 .Волков Г.К., Репин В.И. Зоогигиенические параметры
для животноводческих обьектов. Справочник. – М.:
Агропромиздат, 1986. 217 б
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz