БЕДЕУЛІК ЖӘНЕ ҚЫСЫР ҚАЛУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ:
«БЕДЕУЛІК ЖӘНЕ ҚЫСЫР 
ҚАЛУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ»

Орындаған: Төлеген Д. Тұрлыбек Б.
Тобы:  АП­12­7к3
Қабылдаған: Абдуллаева Г.
ЖОСПАР
1. Бедеулік туралы жалпы түсінік

2. Бедеулікті жіктеу

3. Симптоматикалық бедеулік. 

4. Бедеуліктің төрт факторы

5. Спермотоксиндер

6. Ауыл шаруашылық малдарының бедеулігінің 
жіктелуі

7. Мал шаруашылығындағы бедеуліктен болатын 
экономикалық шығынды есептеу

8. Қолданылған әдебиеттер тізімі
БЕДЕУЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ 
ТҮСІНІК
Бедеулік деген - аналық малдың уақытша, не өмір бойы буаз болмауы,
төлдеу қабілетінің жойылуы. Себебіне қарай: туыстықтан болған бедеулік
(инфантилизм, фримартинизм, гермафродитизм), кәріліктен болатын
бедеулік (жыныс мүшелерінің семуі), симптомдық бедеулік (жыныс
органдардың аурулары), алиментарлық бедеулік тағы да басқаларына
бөлінеді.
А.Ю. Тарасевич келесі бедеулік себептерін ажыратуды ұсынды.
1) экстрагенитальды - жас, эндокриндік жүйе, жүйке жүйесі, сүт безі,
жұқпалы және инвазиалы аурулар.
2) интрагенитальды - аналық жыныс бездерінің қалыпсыздығы
(фолликулярлық қуыс, персистентті сары дене, сары дене қуысы),
ұрықтану кезеңінің имплантациясы, жатыр және басқа жыныс жолдары
компонентерінің қалыпсыздығы, эндокринді анофродизия, нимфомандық.
3) экзогенді - алиментарлық жағдайлар, жарық жетіспеуі, басқа да
себептер.
БЕДЕУЛІКТІ ЖІКТЕУ
Қазіргі кезде бедеулікті жіктеудің 10-нан аса түрі
ұсынылды. Олардың барлығы бедеуліктің пайда
болуын және оны жою жолдарын табуға бағытталған.
Сондықтан да бедеулік себебін жіктеу сәтсіздікке
ұшырап отыр.
Арнайы зерттеулер бедеулік себебін табу қиын
екендігін көрсетті. Бедеуліктің себебі мен пайда
болуында, 3 вариациалар кездеседі:
1) бір себептер, біркелкі жағдайда кейбір
малдарда ұрпақ қуалауына кері әсерін тигізсе, ал
басқа малдарға әсер етпейді. Мысалы: сапасы мен
саны жағынан қалыпсыз азықтандыру салдарынан
кейбір малдарда бедеулік пайда болады, ал қалған
аналықтар әдеттегідей ұрықтанады (көбейеді).
2) бірнеше түрлі себептер, біркелкі сипатталатын
бедеулік бейнесін береді. Мысалы, қалыпсыз
азықтандырудан туатын бедеулік, қуаңшылық
кезеңдерде азықтарды дұрыс дайындамағанда,
азықтарды дұрыс қолданбағанда т.б. себептердің Хламидиоз  және 
әсерінен дамиды. бедеулік КРС
3) белгілі жағдайда бір себеп организмде
бедеулікке тән морфологиялық және
функциональдық өзгерістерді тудырады, ал басқа
себептер әсерін бермейді.
СИМПТОМАТИКАЛЫҚ 
БЕДЕУЛІК. 
Аналық пен өндірушілердің жыныс және басқа
ағзаларының ауруларына байланысты өндіру қызметінің
бұзылуы. Жыныс аппаратында патологиялық үрдiстердің
дамуы малдардың төлділігіне ғана емес, сонымен қатар
оның барлық өнімділігіне қайшы әсер етеді.
Гинекологиялық және басқа аурулар малдың
жағдайының нашарлауымен өтуі мүмкін. Бедеуліктің бұл
түрі организмнің ауыр ауруға шалдыққанының белгісі
болып саналады. Функционалдық бұзылу делінетін
аурулар аналық жыныс бездерінің, ағзаның ауру белгісі
немесе өмірсүру жағдайының нашарлығын көрсетеді.
Көп жағдайда сиыр бедеулігі жүрек-тамыр жүйесі, ас
қорыту жүйесіне туғаннан кейінгі аурулар тигізетін
кеселдер болып табылады. Г.В.Зверева, Ф.Я.Сизоненко,
Е.Ф.Кочетова симптоматикалық бедеулікті аусыл ауруы
кезінде байқаған. Биологиялық факторлар, инфекция,
инвазия бедеулік тудыруы мүмкін, немесе ағзаға жалпы
патогендік әсер етеді немесе жергілікті қабыну үрдiстері
жиынтығын тудырады және жыныстық салада вагинит,
цервицит, эндометрит, сальпингит сияқты ауруларды
көрсетеді.
БЕДЕУЛІКТІҢ ТӨРТ ФАКТОРЫ
Қабыну үрдiсінің түріне және жайылмауына байланысты бедеулік мәнін келесі төрт факторлармен
түсіндіруге болады:
1. Ұрықтардың аналық жыныс сферасында қолайсыз ортаға түсуі салдарынан немесе аналық

жыныс жасушасында жылжи алмау салдарынан өлуі;
2. Аналық жыныс жасушасының немесе зиготаның өлуі;

3. Жыныс циклы овуляциясының, күйлеуінің, жыныстық қозуының, күйіттің болмауынан бұзылуы;

4. Зиготаның жатыр қуысы ішіне ене алмауы.

Осы факторлар ішінде кеңінен тарағаны ұрықтың өлуі. Табиғи ұрықтану кезінде олар
миллиондап тіпті миллиардтап жыныс жолдарымен жылжу барысында өледі, әрбір ағза қанында
спермотоксиндер болады, олар ұрықтармен кездескен жағдайда соңғыларын өлтіреді.
СПЕРМОТОКСИНДЕР
Аналық малдың жыныс аппаратында
үнемі аз мөлшерде спермотоксиндер
болады. Аналықтың жыныс аппаратында
және оның сырт жағында қабыну үрдiстері
дамыған жағдайда спермотоксиндер
концентрациясы күрт көбейеді. Осы кезде
олардың биохимиялық кері әсері
ұрықтарға күшейе түседі деген күдік бар.
Қабыну үрдiстері кезінде пайда болған
бактериалдық токсиндер де ұрықтарға кері
әсер етеді. Жыныс аппараты ұлпаларының
қабыну реакциясы кезінде, пайда болған
агрессивті фагоциттер түрлері де
ұрықтарды өлтіреді. Ұрықтардың аналық
жыныс жасушаларымен кездесуіне жыныс
жолдары саңылауының тарылуы да кедергі
тудырады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫНЫҢ 
БЕДЕУЛІГІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Аналық малдар Аталық малдар
Туғаннан болған бедеулік
Инфантилизм (шала жетілу) Инфантилизм
Фримартинизм (кемтарлық) Крипторхизм (еннің құрсақ
Гермафродитизм (қосжыныстылық) қуысында қалып қоюы)
Кәріліктен болған бедеулік
Аналық малдың жыныс аппаратында Өндірушілердің жыныс аппаратарында
сему процесстерінің өтуі сему процесстерінің өтуі.
Симптоматикалық бедеулік
Аналық малдардың жыныс және Өндірушілердің жыныс және басқа
басқа органдарының аурулары органдарының аурулары.
Алиментарлық бедеулік
Көтерем болу салдарынан, тым семірудің Көтерем болу салдарынан, тым семіру
салдарынан, рационның сапалы емес- дің салдарынан, рационның сапалы
тігінің салдарынан (азық құнарсыздығы) еместігінің салдарынан (азық құн-
өсіп жатқан малды дұрыс азықтандыр- арсыздыгы) өсіп жатқан малды дұрыс
мағандықтан және осының себебінен азықтандырмағандықтан және осының
шала жетілуі (инфантилизм) себебінен шала жетілуі (инфантилизм)
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БЕДЕУЛІКТЕН 
БОЛАТЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ 
ЕСЕПТЕУ
Жылқылардын бедеуліктен емдеудің экономикалық тиімділігін есептеу. Жылқы бедеулік ауруы мал шаруашылығына өте үлкен зиян
келтіреді. Әсіресе, ет, сүт өндіретін жылқы шаруашылығының экономикасы айтарлықтай шығынға ұшырайды.
Бұл аурудың экономикалық шығынды анықтайтын көптеген тәсілдер ұсынылған. Олардың барлығының өзіндік құндылығы,

ерекшеліктері және есептеу әдістері бар, бір-біріне сәйкес келе бермейді. Кейбір әдістер экономикалық шығынды толық қамтымайды.
Келесілері өте көп мәліметтер жинауды талап етеді және өте күрделі формулаларды қолданып есептейді.
Кей асқынған жағдайларда (жіті сепсис) жылқы малының өлім-жітімінен , оларды лажсыздан союдан болатын экономикалық

шығынды (Ш') – толық қоңды малдың орташа сатылу бағасымен алынған түсімі айырмасы ретінде келесі өрнек бойынша есептеуге
болады:
Ш' = М * С * Б; мұндағы

М - өлген, лажсыздан сойылған не жойылған мал саны;

С – жыныстық-жастық топтарына қарай малдың орташа тірі салмағы,кг;

Б - өнім бірлігінің сатылу бағасы, теңге;

Мысалы, жылқының метастазды түрімен асқынуынан орташа салмағы 350 кг 1 жылқы өлді деп есептегенде, ет комбинатында тірідей

сатып алу бағасы 450 теңге деп алсақ, онда
Ш' =1 * 350 * 450 = 157500

Мал өнімділігі төмендеуінен болатын экономикалық шығынды - өнімдердің төмендеу коэффициенттерін пайдаланып немесе сау мал

мен ауру мал өнімділігінің айырмасын ескеріп, мына әдіспен анықтаймыз:
Ш″ = М * (Сс-Са) * Т * Б; мұндағы

Ма – ауырған мал саны, бас;

Сс, Са – дені сау және ауырған мал өнімділігінің орташа мөлшері айырмасы, кг, л, ц;

Т – малдардың өнімділігі төмендегенін бақылау мерзімінің ұзақтығы

Б - өнім бірлігінің сатылу бағасы, теңге;

Мысалы, ауруға шалдыққан биелерден алынатын сүт мөлшері біршама төмендейді. Мысалы, егер ауырып, бедеу қалған 6 биеден

алынатын сүт мөлшері орта есеппен 23л, олар шамамаен 22 тәулік бедеу болған. Ал уақытында ұрықтанған биелердің тәулігіне орташа
45 л сүт өндірілген. 1 л сүттің бағасы 150 тенге.
Ш″ = М * (Сс-Са) * Т * Б

Ш″= 6* (45-23) * 22 * 150 =435600 теңге
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
ТІЗІМІ
1. Әбдірахманов Т.Ж. Ветеринарлық акушерлігі, гинекологиясы 
және көбею биотехнологиясы. Оқулық. Астана, 2007.
2. Әбдірахманов Т.Ж. Сиырлардың репродуктивті 
органдарының аурулары. Оқу құралы. Астана, 2009.
3. Гордон А.. «Контроль воспроизводства сельскохозяйственных 
животных». 1988 г.
4. Михайлов Н.Н. «Акушерство, гинекология и искусственное 
осеменение сельскохозяйственных животных». М., 1990 г.
5. Карпов В.А.  «Акушерство и гинекология мелких домашних 
животных». М., 1990 г.
6. Полянцев Н.И., Подберезный В.В. «Ветеринарное акушерство 
и биотехника репродукции животных». Росто­на­Дону. 2001. 
415 с.

Ұқсас жұмыстар
Эксплуатациялық бедеулікті болдырмау
Малды ұрықтандыру
Бездің құрылысы
ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ КЕЗІНДЕ
Сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары
Аналық ұрық безінің аурулары
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Бедеуліктен келетін экономикалық шығынды анықтау
Малдың өсіп жетілуі
Ерте жыныстық қатынастың себептері
Пәндер