Биотехнологиядағы лапаротомия әдісі. Жануарлардың репродукциялық клеткаларын зерттеудің витальдық әдісі




Презентация қосу
Презентация
Биотехнологиядағы лапаротомия
әдісі. Жануарлардың
репродукциялық клеткаларын
зерттеудің витальдық әдісі

Орындаған: Райымова Н.
Пусирова А.
Тобы: АП-12-7к2
Қабылдаған: Абдуллаева Г.А:
Лапаротомия әдісі.
• Лапаротомия – репродукция мүшелеріне жету үшін ішті кесіп ашу. Лапаротомия
әдісімен жұмыс істегенде – ең маңыздысы – асептика ережелерін сақтау. Асептика –
жараға тиетін заттарды толығынан зарарсыздандырып, онда микробтарды түсірмей
хирургиялық инфекциямен күресу әдісі. Заттар физикалық әдіспен – жоғары
температуралармен әсер ету - зарарсыздандырылады.
• Лапаротомияның жұмыс кезегі ұрықтарды жуып алу әдісімен байланысты. Ұрғашы-
донорларды өлтіру әдісінде жұмыс кезегі келесі процедуралардан тұрады: өлтіру,
дезинфекция, жануарды операция үстеліне байлау, операция жерін дайындау,
репродукция мүшелерін (ана бездері, фаллопий түтікшелері, жатыр) алу үшін ішті
кесу, ұрықтарды жуып шығару. Хирургиялық әдісте жұмыс келесі кезеңдерден
тұрады: байлау, жансыздандыру,операция орнын дайындау, репродукция
мүшелеріне жету үшін іштің ақ сызығынан кесу, ұрықтарды жуып шығару және
апарып басқа ағзаға отырғызу, кесілген жерді тігіп қою.
Лапаротомия әдісімен зертханалық
тышқандардың ұрықтарын жуып алу
• Зертханалық жануарларда лапаротомия жұмыстарын өткізу кезегі:
• Өлтіру.
• а) тышқанды құйрығынан алып, бір белгіленген жердің үстіне қою керек,
мысалы, қақпақтың үстіне;
• б) тышқанды құйрығынан тартып сол қойған жерге басып тұру керек;
• в) тышқанның мойынынан және құйрығынан қатты ұстап тартып жіберу
керек.
• Көп тышқандарды өлтірген кезде әдейленген камерамен қолданады.
• Дезинфекция.
• Тышқанды дезинфициялық
ерітіндіге салып, кептіріп,
зарарсыздандырылған жерге қояды.
• Жануарды байлау.
• Операция қауыпсыз өту үшін
жасалатын кезең. Зертханалық
тышқандарды жіптердің көмегімен
немесе инелердің көмегімен
парафинге тіркейді. Теңіз
шошқаларын және үйқояндарын
операция үстеліне байлайды.
• Жансыздандыру.
• Жансыздандыратын препараттар –
пентобарбитон, трибромоэтанол,
фентанилфлюанизон. Инъекцияны
іштің ішіне келесі мөлшермен
өткізеді: 0,2 мг пентобарбитон, 0,6
мг трибромоэтанол, 0,04 мг
фентанилфлюанизон жануардың 5
гр салмағына.
5. Операция орнын дайындау.
• Жұмыс 4 кезеңде өтеді:
• жуып жүндерді қырқып алу;
• механикалық тазалау және майсыздандыру. Ол үшін теріні 1-2 минут зарарсыздандырылған
0,5 пайыздық нашатыр спиртінің ерітіндісіне салынған марля тампонымен ортадан шетке алып
сүртеді;
• теріні қатайтып дезинфекцияны 5 пайыздық йодпен өткізеді (бірінші рет – механикалық
тазалаудан кейін, екінші рет – кесудің алдында);
• операциялық простынямен хирургиялық жерді бөліп қою.
– Жыныс мүшелеріне жету мақсатымен кесу.
– Ұрықтарды жуып шығару немесе трансплантация кезінде басқа жануарға апарып отырғызу.
• Осы процедурада шприцтерге қосылған әдейленген катетермен қолданады.
– Тігіс салып ұлпаларды қосу. Кетгут жіптерімен қолданады.
• ІІІ. Операциядан кейінгі кезең. Операциядан кейін жануарларды шамның астында ұстайды. Бір
жұма жануарлар виварийда бөлек торларда бақылау астында тұрады. Ал келесі 7 – 15 күн
бақылауды реципиенттер артынан өткізеді.
Малдардың бәсекелесу қабілеті
репродукциясы
• Малдардың бәсекелесу қабілеті репродукциясы
биотехнология әдістері бойынша, егер таңдалған
аталық малдар және аналық-донорлар келесідей
қабілеттерге ие болса, болуы мүмкін:
• 1. Тұқым сапасы бойынша тексерілген және
зоотехникалық талап бойынша элита класына
және элита-рекордқа қатысты бағалы генотипке
ие болса,
• 2. Күшті физиологиялық денсаулығы болса,
инфекциялық ауруларға төзімділігі жоғары және
өнім беру сапасы жоғары болса,
• 3. Бір тұқымға жатса,
• 4. Физиологиялық жетілген.
Репродукция
• Суперовуляция
гормондары
әдісін қолдану,
ұрғашы малдардың келесідей
биологиялық ерешектеліктері әсер етті
– аналық жыныс безіндегі фолликулдар
қорының көптігі, суперовуляцияланған
фолликулогенезді қамтамасыз ететін
репродукция гормондарының бар
болуы.
• Биотехнологияның әдістері бір-бірімен
өте тығыз байланысты сондықтан
олармен жұмыс істегенде өте мұқият
болу қажет.
• Дамыту биотехнологиясында
суперовуляция әдісі жұмыстың жауапты
кезеңі деп есептеледі, себебі оған
жұмыстын 40 процентті жұмсалады.
• Бір жыныстық циклде аналық жыныс
безінде қосымша фолликулдардың
дамуы және өсуіне түткі болатын
экзогормондарды суперовуляция деп
атаймыз.
Эмбриондарды репродукция
мүшелерінен шығару
• Имплантация алды эмбриондарын донорлар гениталиясынан тек қана
жуу арқылы шығаруғы болады. Эмбриондарды репродукция
мүшелерінен шығаруын қамтамасыз етеді.
• Қолданылатын трансплантациялық тәсілдердің /хирургиялық және
хирургиялық емес/ әр қайсысы жағымды және жағымсыз жақтарға ие:
эмбриондарды жуу кезінде үш кезең байқалады- дайындық, жуу кезеңі
және жуудаң кейінгі кезең.
Репродуктивті трактіге
жету
• Эмбрионды трансплантациялаудың –
аналық малдардың денесіне механикалық
әсермен өзгеріс болса, бұл әдісті
хирургиялық деп атайды. Қойларда,
ешкілерде, шошқаларда репродуктивті
трактіге жету үшін келесі жұмыстарды
жасайды –
• 1. Наркоздық немесе жергілікті анестезия
әсерімен, малды арқасына жатқызып, құрсақ
бөлімінің ақ сызық бойымен лапоротомия
жасау,
• 2. Малды турғызып, арнайы прибормен
/эффеминатор/ эмбрионды жуу, лапоротомия
– аш шұнқыр аймағында,
• 3. Лапороскопии – арнайы
лапороскопикалық троакторды пайдалануға
негізделген. Малдың құрсақ бөлімінің
маңында екі 1,5-2 см тілік жасайды – бірі – газ
қоспасын ендіруге арналса, екінші – бірінші
мен комплекс түсіп барлық жұмыстарға
қатысады. Газ қоспасын жиберген уақытта
құрсақ құысындағы қысым 5 мм сынап
бағанасынан аспау керек.
• Мал шаруашылығында гаметаларды өсірудің екі тәсілін қолданады - in
vivo және in vitro.
• Ооциттерді өсіру тәсілі биологиялық және технологиялық негіздерге
байланысты мал шаруашылығында да енгізілген болатын. Биологиялық
негіздері ооциттердің өсіруіне байланысты төмендегідей – 1. Аналық
жыныс безінде үлкен көлемдегі ооциттер қоры, 2. Фолликулада
ооциттердің жетілуі, 3. Репродуктілігі зат алмасу процесіне қатысатын
биологиялық белсенді заттардың репродуктілігі.
Қолданылған әдебиеттер
1. Тұрашева, С.Қ. Клеткалық биотехнология
негіздері: оқу құралы / Светлана Қазыбекқызы
Тұрашева; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ
ун-ті, 2009.- 123, [2] б.
2. Жүнісқызы, К. Биология: тірі ағзалар: жалпы білім
беретін мектептің 6-сыныбына арн. оқулық: ҚР-ның
білім және ғылым м-гі ұсынған / Күлжан Жүнісқызы,
Рысбала Әлімқұлова, Қалампыр Жұмағұлова.- 2-бас.,
өңд., толық.- Алматы: Атамұра, 2006.- 205, [3] б.
3. Аналитическая биохимия: 10-11 кл.: элективный
курс / авт.-сост. В. А. Храмов.- Волгоград: Учитель,
2007.- 97, [3] с.- (Проф. образование).

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар репродукциялық аппаратының мәні
Каллус клеткаларын алу және өсіру
Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер туралы
Жануарлар биотехнологиясының әдістері
ҰЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
ФЕРМЕНТАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛАРДЫҢ ОПТИМИЗАЦИЯСЫ
Гендік инженерия өндіріс
Трансгенді жануарлар алу әдісі
Биотехнологиялық үдерістердің негізгі кезеңдері
ҚУЫҚ ЗАҚЫМДАНУЫ
Пәндер