БРУЦЕЛЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ


Slide 1

Презентация Тақырыбы: «Бруцеллездің алдын алу және оны жою шаралары»

Орындаған: Басымбекова Г.

Әзтаева А.

Артықбай Н.

Тобы: АП-12-7к2

Қабылдаған:Нурхождаев Н. О.

Slide 2

Аурудың анықтамасы

Бруцеллёз (мальта қызбасы) . Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т. б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.

Slide 3

Эпидемиологиясы

Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері)

алиментарлық

ауа-шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.

Slide 4

Клиникасы

Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді.

Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін.

Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:

Ағымы бойынша:

жеңіл

орташа

ауыр

латентті

Ұзақтығы бойынша:

жедел (3 айға дейін)

жеделдеу (6 айға дейін)

созылмалы (6 айдан кейін)

ирезидуальды

Slide 5

Диагностикасы

бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану

биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)

иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін

агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)

серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)

аллергиялық әдіс (ГЗТ) -Бюрне сынамасы

Slide 6

Емдеу жолдары

Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин

қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен

дезинтокциялық: тек ауыр түрінде

антигистаминді

иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен

витаминтерапия

физио және симптомдық

санаторлы-курортық

Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл ауру-мен басқа аурупарды шатастырады, ал емдеу үшін көп уақыт та, қаржы да шығын болады.

Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе ко-тримоксазол ішіңіз.

Slide 7

Бруцеллез ауруының иммунитеті

Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады. Оның ұзақтығы сиырда 4 - 5 жыл, қойда 2 жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің ерекшелігі, ол бастапқы кезеңде стерильді емес, яғни организмде қоздырушы микроб сақталады, ал соңынан иммунитеттің стерильді кезеңі басталып, организм қоздырушы микробтан арылады. Иммуңді организмде бруцеллалардың ұзақ сақталуы себепті ауруға шалдыққан мал, клиникалық тұрғыдан жазылып кетсе де, басқа жануарлар ҮШІН қауіпті, инфекция қоздырушысының бастауы болып табылады. Бруцеллезге қарсы иммунитет клеткалық факторларға негізделген, ал антиденелердің қорғаныс қабілеті оншама емес, олар тек жануардың ауруға шалдыққанының белгісі ретінде ғана бағаланады.

Бруцеллалардың бір түріне қарсы қалыптасқан иммунитет, бұл микробтың басқа түрлерінен де қорғайды.

Slide 8

Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллездің алдын алу үшін ең басты шара - аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысы әкелдірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау. Мал табындарын тек қана аурудан таза шаруашылықтарда өсірілген сау жануарлардан құрайды және жайылымда, суарғанда, айдағаңда бір - бірімен араласуына жол бермейді. Жоспарлы түрде жануарларды бруцеллезге тексеріп тұрады. Өсіру үшін шаруашылыққа әкелінген малдарды 30 күн карантинде ұстап, бұл уақытта бруцеллезге агглютинация жэне комплемент байланыстыру реакциялары арқылы тексеріп, нәтижелері теріс болғаңда ғана жалпы табынға қосады. Мал іш тастаса, оның қанын және тастанды төлді лабораторияға тексеруге жібереді.

Slide 9

Жою шаралары


Ұқсас жұмыстар
Сүтті Роз - Бенгал сынағымен зерттеу
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Бруцеллезды балау әдістері туралы ақпарат
Бруцелез ауруы жайлы жалпы мағлұмат
Бруцеллез кезіндегі сиырдың буыны мен қоіиқардың енініц қабынуы
Бруцеллезге қарсы вакцина стандарты
Бруцеллалар
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
САРЫПТЫҢ ІНДЕТ ОШАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz