Буаз малдың жағдайын бақылау
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Буаз малдың
жағдайын бақылау»
Орындаған: Сапар Ж.
Заманхан А.
Тобы: АП-13-7к1
Қабылдаған: Абдуллаева Г.
Буаздылық
•Буаздылық /graviditas/ - аналық малдың буаз
болған мерзіміндегі организмнің физиологиялық
жағдайы. Ол ұрықтану уақытынан басталады да
туумен аяқталады. Мал шаруашылық
тәжирибесінде аналық малдың ұрықтанған соңғы
күнін буаздылықтың басталуы деп санайды. Егер
жатыр мүйізінде сәйкес бір немесе екі ұрық
дамыса онда буаздылық бір немесе көп
ұрықтылық болады. Буаздылық дамуы жағынан
екі түрге бөлінеді. Бірінші - аналық малдың
өмірінде бірінші рет буаздылық пайда болса және
қайталанатын - егер буаздылық аналық малда
қайталанса.
• Даму жағынан буаздылық екі түрге бөлінеді:
• / физиологиялық буаздылық - анасының және
ұрықтың организмдерінің әдеттегі қарым-
қатынасымен сипатталады.
•2/ патологиялық буаздылық - бұл жағдайда
анасының немесе өсіп жатқан ұрықтың
организмінде физиологиялық процестердің
бузылуымен өтеді.
Буаздықты лабораториялық балау
• Мал басының өсімі жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін қай фермада болмасын
барлық малдың үш жағдайын айырады:
• 1) буаздылық;
• 2) туудан кейінгі мезгіл /туудан кейін 3-4 апта/;
• 3) бедеулік.
• Буаздықты анықтау әрбір шаруашылықтағы аса маңызды және міндетті шара болып
саналады. Малдарды зерттегенде мамандар тек қана буаздылықты анықтап қоймай,
сонымен бірге ең алдымен бедеулікті тез арада жойып оған дер кезінде шара қолдануын
белгілейді. Сондықтан бедеулік пен буаздықты анықтау бірегей, шара болып есептелінеді.
Буаздықты анықтайтын
жолдары екі топқа бөлінеді:
• I. Бедеулік пен буаздылықты клиникалық тәсілдер
арқылы анықтау:
• 1. Рефлексологиялық әдіс.
• 2. Сыртқы зерттеу: сырттан /қарау/, пальпация
/қолмен сипау/
• аускультация.
• 3. Ішкі зерттеулер:
• а/ тік ішек арқылы;
• б/ қынап арқылы.
• II. Буаздықты зертханалық тәсілдер арқылы
анықтау.
• 1. Қынаптан бөлініп шыққан шырышты зерттеу.
• 2. Қанды зерттеу.
• 3. Несепті зерттеу.
• 4. Сүтті зерттеу.
• 5. Гормондарды табу.
• 6. Басқа зертханалық әдістер жүргізу.
Буаздықты зертханалық әдістер
арқылы анықтау
• Іштөлдің және оның провизорлы (уақытша)
мүшелерінен зат алмасуы кезінде пайда болған
азықтар анасының организміне түседі. Одан басқа да
буаздық, зат алмасуының өзгеруімен және жаңа
эндокриндік жүйесінің өзгеше жағдайымен өтеді.
Осының бәрі буаздықты анықтаудың негізін
құрайды.
• Буаздықты анықтайтын зертханалық тәсілдер
қанды, зәрді, сүтті, гормондарды табу басқа да
көрсеткіштерді зерттеуден тұрады.
• Буаздықты және бедеулікті анықтауға ұсынған
көпшілік реакциялар (несеп және басқалары) 10-
20% кейде одан да көп қателік жібереді. Сондықтан
оларды тәжірибелік жағдайда қолдану үшін ұсынуға
болмайды.
• Кейбір зертханалық әдістердің теориялық және
тәжірибелік маңызы бар. Буаз биенің қанында
хориалдық және гонадотропиялық гормон (пролан),
ал несебінде - фолликулин табылады. Соған
байланысты диагноз қанда - пролан, әл несепте
фолликулин анықталғасын қойылады.
• Сыртқы зерттеу үш (диагностикалық) әдістен: сырттан, пальпация, аускультациядан тұрады.
• Малды сырттай байқағанда буаздықтың келесі белгілерін анықтайды:
• 1. Буаздыққа тән белгілерін:
• а/ іш пішінінің өзгеруі,
• б/ сүт бездерінің ұлғаюы,
• в/ құрсақ қабырғасының және сүт бездерінің, аяқтарының ісінуі.
• 2. Іштөлдің қимылының нақтылы белгісі.
• Құрсақ қабырғасын зерттегенде тек қана бір нақтылы буаздылықтың белгісін - ұрықты анықтайды.
• Аускультация арқылы іштөлдің жүрек соғуын анықтайды. Соңғы кезде ұрықтың жүрек соғуын тыңдау үшін
ультрадыбысты аспаптарды қолданады. Бұл әдіс мегежінді және саулықты зерттеуге ыңғайлы.
Iштөлдiң дамуында төрт сатыны анықтайды:
• 1) бластоциттер - олардың қоректенуі ана
сүтінің есебінен өтеді, бұл саты әдеттегі барлық
омыртқалы жаунарлардың белгілері болуымен
сипатталады.
• 2) эмбрионалдық (өскіндік) - тұқымдас
малдардың белгілерінің пайда болуыменен
өтеді. Бұл жағдайда анасының сүтінің белсенді
сіңірілуі және плацентаның аналық бөлігінің
өсуі болады.
• 3) феталдық (ұрықтық) - мүшелердің өсуі, осы
түрге тән денесінің құрылуының аяқталуы және
анасы мен іштөлдің қан жүйелері
аралығындағы зат алмасуы нәтижесінде
қоректенуі.
• 4) феталдық уақыттан кейінгі мерзім - туғаннан
физиологиялық жетілуге дейінгі уақыт.
Буаздықтың несеп, қан құрамына, зат алмасуына,
несеп-зәр шығару, демалу, жүрек-тамыр жүйелеріне
тигізетін әсері мол
• Буаз малда төлдің дамуында ішкі құрсақ қысымы жоғарлайды, бүл несеп
шығару және нәжіс бөліну актілерін жиілендіреді, дем алудың кеуде типінің
басым болуын және оның жиіленуін қамтамасыз етеді. Бүйрек жүмысы күшейеді.
Буаздықтың екінші жартысында несепте ақзат байқалады. Жүрек-тамыр жүйесіне
салмақ түсуіне орай көп жағдайда жүрек бұлшық етінің гипертрофиясын
тудырады, миокардтың функционалдық жағдайы және тамырлардың тонусы
жоғарылайды
• Плацентарлық қан айналымының дамыуына байланысты жатыр тамырлары
өсіп кетеді, олардың диаметрі 4-5 есе үлкейеді. Қан саны 20-25 пайызға көбейеді,
бірақ оның морфологиялық құрамы өзгермейді. Эритроциттер түрлері пайда
болады. Гемоглобин мөлшері құбылады, бірақ нормадан кемімейді. Қанның ұюы
жоғарлайды. Эритроциттердің шөгуі, шапшаңдығы тездетіледі. Фосфор және
кальций саны азаяды, калий саны жоғарылайды. Жалпы ақзат саны біршама
төмендейді.
• Кейде минералдық алмасу бұзылуы байқалады. Минералдық заттар болмаса немесе
оларды рационға қоспаса сүйек сынулары болады. Тұз алмасуының бұзылуы өз әсерін
тістердің декальцинация жағдайына әкеледі. Мәселен бие тістерінің айғырларға
қарағанда тез тегістелетінін мысал етуге болады. Минералдық алмасуымен су алмасуы
тығыз байланыста болады. Зерттеулер көрсеткендей, буаздылық уақытында ұлпалар
суды ұстап қалып шырынды болады және ісікке бейім келеді.
• Буаздық организмде азот заттарының жиналуымен өтеді. Несепте несепнәр
(мочевина) аз болады, аммиак саны көбейеді. Көмірсулардың сіңуі жақсарады.
Бауырда гликоген жиналады. Май алмасуының өзгеруі қанда сілті майлардың,
липидтердің, соның ішінде холестериндердің саны көбеюімен байқалады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz