Буаздық патологиясының таралуы
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Буаздық
патологиясының таралуы»
Орындаған: Ендібаева Ф.
Иса А.
Тобы:АП-12-7к3
Қабылдаған: Абдуллаева Г.
Жатырдан қан кету
• Жатырдан қан кету (Наmatometra) - көп жағдайда
сиырда, биеде, ешкіде жатырдан қан кету қан
тамырларының зақымдалуынан болады. Жатыр ішіне
жатыр кілегей қабығының хорион тамырларының
ашылуы немесе анасы және төл қан тамырларының
жүйелері бір уақытта ашылуы мүмкін.
• Себептері - жатырдың жарақаттануы, эндокриндік
жүйе қызметінің және минералдық алмасудың
бұзылуы, А-гиповитаминоз. Кейде ауру эндометриттің
салдарынан дамиды.
• 3-5% құнажындар мен сиырларда жатырдан қан кетуі
көбіне қозу сатысы аяқталғаннан кейін 1-3 күнінде
тамырлар үзілуінен және диапедез салдарынан болады.
• Клиникалық белгілері - әлсін-әлсін жыныс
мүшелерінен қанның бөлінуі байқалады. Қан аз кетсе,
онда малдың жалпы жағдайы өзгеріссіз, ал жатырдан
қан көп кетсе, онда малда жалпы анемия белгілері
байқалады.
• Диагноз - ең алдымен қай жерден кеткенін анықтау қажет.
Ол үшін қынап айнасы арқылы қынаптың кілегей қабығын және
жатыр мойнының қынап бөлігін зерттейді. Егер қан жатырдан
ақса онда қынап ішінде қан ұйығы байқалады, ал қынаптан
ақса онда қынапта қан ұйығы болмайды.
•
• Болжау - егер қанның ағуы онша болмаса, мал
ақырындап өздігінен жазылып кетеді, ал енді қанның ағуы
тоқтамаса жиналған қан хорионды плацентамен жатырдың
кілегей қабығынан ажыратып жіберуі мүмкін, онда іш тастау
болады.
•
• Емі - ең алдымен қанды тоқтатуға тырысу қажет. Ол үшін
(хлоралгидрат) және морфий инъекциясы (биелерге),
сиырларға - бұлшық етке немесе күре тамырға аскорбин
қышқылы (витамин С) 2 граммнан күнде 3-5 күн бойы егу
керек. Күре тамырға кальций хлоридін немесе 10%-дық
кальций глюконатын, 150-200 мл викасол (витамин К) ішіне
және бұлшық етке 0,1-0,3 г күнде 2-3 рет егеді.
Мезгілсіз толғақ пен
күшенулер
• Мезгілсіз толғақ пен күшенулер - деп
буаздықтың аяғына жетпей ерте басталған
толғақты айтады. Көбіне биеде кездеседі. Ең
негізгі себеп аналықтарды ұстау және асырау
кезінде қате жіберушіліктен дамиды. Мал
төлдеу алдынан бірнеше ай немесе апта бұрын
келетін толғақты мезгілсіз деп атайды.
Биелерде мезгілсіз толғақтар буаздылықтың
екінші жартысы бойы, ал сиырларда тууына 3-
4 апта қалғанда байқалады.
• Мезгілсіз толғақтың, әдеттегі толғақтан
айырмашылығы - туу актісі белгілерінің
көрінбеуі.
• Клиникалық белгілері. Мезгілсіз толғақ
кезінде жатыр мойны көбінесе жабық болады,
биелерде бұл ауру 2-12 сағатқа дейін созылып
барып тоқтайды. Жиі толғақтар күшейіп іш
тастау тудырады. Ал сиырда мезгілсіз толғақ
сәтті аяқталса 3 тәулікке дейін созылады,
күшенулер аяқталысымен жатыр мойны
жабылады. Іш тастау болмай буаздық аяғына
дейін жетіп мал өз уақытында төлдейді.
• Диагноз – клиникалық әғымына қарап қояды.
• Болжау - күмәнді.
• Емі - Ауру малды бөлек, қараңғы, едені еңкіш, төсеніші қалың
бөлмеге ауыстырады. Құйымшақ көлеміне майда шөпте дайындалған
ыстық зат басады. Сиырларға (наркотикалық дозасы) алкоголь
ішкізеді, биелерге - хлоралгидрат 30,0 г тері астына 0,1-0,4 г морфий.
Толғақты тоқтату үшін сиырлар мен биелерге төменгі сакральды
анестезия (10-20 мл новокаиннің 1-2% - ерітіндісі) жасайды. Егер iш
төл өлсе, онда оны жатырдан тез уақытта алып шығу қажет.
Буаз малдың ісінуі
• Буаз малдың ісінуі (Нydrеps gravidarum) – буаз мал (әсіресе, сиыр мен
биеде) тері асты клетчаткасында транссудат жиналады және венозды қанның
жергілікті немесе жалпы жиналуы болады. Патологиялық үрдiсті тудыратын
себептерге буаз малды асырауда қате жіберушілік, серуеннің болмауы, сапасы
төмен азықпен азықтандыру жатады.
• Клиникалық белгілері - артқы аяқтарында, сүт безінде, құрсақ
қабырғасының вентральдық жағында жайылған ісіктер пайда болады. Ісінген
ұлпалардың беткейі жанындағы ұлпаларға қарағанда суықтау: саусақпен
басқанда көп уақытқа дейін тегістелмейтін ісік пайда болады. Кішігірім ісіктер
ұлпа функциясын бұзбайды, оларды буаз малдың организміне тән физиологиялық
көріністер деп қарайды.
• Диагноз – клиникалық белгiлiрiне
қарап қояды.
• Болжау - қолайлы. Буаз малдың
асырауы мен ұстауын жақсартса
ісіктер жойылады. Төлдеуден кейінгі
ісіктер сыртқы әсерсіз жойылады.
• Бірінші буаздылық кезінде пайда
болған ісіктер ерекше көңіл
аударуды талап етеді, өйткені ол
уақыт өткен сайын ұлғаяды және
ішкі органдардың ауытқуы жайында
мәліметтейді. Бұл жағдайда болжау
- қолайсыз.
• Емі - симптоматикалық. Несеп
шығаратын және ішек қарын
функциясын әлсірететін дәрі
қолдануға болады. Моцион, суаруды
азайту, сапасы жоғары азықтардың
көлемін азайту, іскен ұлпаларды
массаждау ұсынылады.
Буаз мал жатырының бұралуы,
не түйілуі
• Буаз мал жатырының бұралуы, не түйілуі - жатырдың бір
бұтағының не барлық жатырдың ұзын бойымен бұралып
қалуын жатырдың түйілуі деп аталады. Бұл әдетте мал
буаздығының екінші жартысында кездесетін дерт.
•
• Себебі - жатыр ішіндегі төлмен бірге құрсақ қуысында терең
қай жаққа болса да қозғалып айналуы мүмкін, осыдан барып
жатыр бұралып кетеді. Бұл аурудың себебі оқыс бұрылудан,
құлаудан, малды бір бүйірінен екінші бүйіріне кілт аударудан
болуы мүмкін.
•
• Клиникалық белгілері – төлдеу ұзаққа созылады, қағанақ
көрінбейді. Тік ішек пен қынап арқылы зерттегенде қынаптың
тарылғаны немесе иреленген қыртыстары бар екені
байқалады. Көбіне сарпай қынаптың ішіне қарай тартылып
үңірейеді.
• Диагноз – тiк iшек арқылы
зерттеп қояды.
• Болжау - күмәндi.
• Емі - негізгі мақсат жатырды
кері қарай бұрып түзету. Бұл
үшін жатырдың қай жаққа
бұралғанын анықтау керек.
Жатырды түзету үшін тегіс
жер тауып алады да оған
сабан төсейді. Сиырды
жатыры бұралған бүйіріне
жатқызады. Алдыңғы және
артқы аяқтарын біріктіріп
матайды. Сиырды
шалқасынан жатыры
бұралған жаққа қарай күрт
аударады. Тап осы кезде төл
мен жатыр мойнын ұстап
алып, мүмкіндігінше оларды
қозғалтпауға тырысады.
Жатыр жарығы
• Буаз малдың қарын көк еті соққыдан жыртылып жатыр тері
астына шығып кетеді. Ауру түйеде, сиырда, биеде, ешкіде
кездеседі.
• Клиникалық белгілері. Бір бүйірі, немесе қарынның астыңғы
жағы бұлтиып шығып тұрады, ұстап түртіп қарағанда ішінде
жиналған шарана суы, кейде төлдің дене мүшелері сезіледі.
Уақыт өткен сайын жатырдың тері астына ығысуы көбейе береді,
сыртынан қарағанда ісік үлкейе түседі. Бірақ бұл патология төлді
өсіп дамуына аса көп кесірін тигізе қоймайды, малдың жалпы
жағдайы да өзгермейді, тек туу кезінде мал өздігінен туа алмай
көп қиналады да, төл тұншығып өліп кетуі мүмкін.
• Диагноз – клиникалық зерттеу арқылы қояды.
• Болжау – қолайлы, кейде күмәндi.
• Емі - ауруды емдеу әдісі табылған жоқ, тек туу актісі басталған
кезде төлді тартып шығару қажет, қажетті жағдайларда кесарь
тілігін жасайды.
•
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz