Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері


Slide 1

Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері»

Орындаған: Шәріпбек С.

Өмірбай М.

Тобы: АП-13-7к1

Қабылдаған: Абдуллаева Г.

Slide 2

Буаздық физиологиясы

Аналық және аталық жыныс клеткаларының бір-бірімен қосылып, үшінші жаңа клетка - зиготаның пайда болуын буаздық деп атайды.

Буаздық - ұрғашы малдың организмінде, ұрықтың өсуімен (зиготаның) байланысты өтетін күрделі физиологиялық процесс. Буаздықтың басталуы ұрықтану кезеңінен басталып, ұрпақтың жетіліп, туумен аяқталады.

Малдарда буаздық бір ұрпақты және көп ұрпақты болуы мүмкін. Буаздық қалыпты (физиологиялык) және потологиялық болып бөлінеді. Потология-лық буаздық кезінде аналық организмінде физиологиялық процесстер бұзылады. Сондай процесстер ұрықтың (зигота) организмінде де бұзылуы мүмкін.

Slide 3

Буаздық мерзімі деп ұрыктанған күннен бастап туғанға дейін уақытты айтады. Бұл мерзім әр малдың түлігіне байланысты әрқалай бола береді

Буаздық мерзімі, орта есеппен

Ауытқуы

Сиырда

285 күн

270 - 295 күн

Биеде

340 күн

320 - 355 күн

Саулықта

150 күн

145- 160 күн

Мегежінде

114күн

110-116 күн

Түйеде

365 күн

335 - 395 күн

Есекте

380 күн

360 - 390 күн

Алғаш буаз болған жас тұмса малдың буаздық мерзімі ұзақтау болады, созалаң - қатпа ауруы бар малдың да буаздық мерзімі ұзарады. Буаздық мерзімнің ұзақтығына тіпті малды буаз кезінде дұрыс бағып - күтудің, азықтандырудың да әсері бар.

Буаздық - деп ұрғашы малдардың организмінің ұрықтанғаннан туғанға дейінгі ерекше физиологиялық күйін айтады.

Ауыл шаруашылық малдарының буаздығының ұзақтығы әр малда әр-түрлі болады. Ол малдың түріне, породасына, жасына, азықтандырылуына, күтіп бағуына және басқа жағдайларға байланысты.

Slide 4

Буаздықты анықтау.

Әдетте буаз малдың жем-шөпке тәбеті жақсы, мінезі тыныш бірқалыпты, еркек малға көңіл аудармайды, тіпті одан қашып аулак жүруге тырысады. Құрсағы ұлғая бастайды. Төлдеуге жақындағанда артқы аяқтарында, желінінде сондай-ақ құрсақ қабырғасының төменгі жағынан аздаған ісіктерді байқауға болады. Буаз мал тез шаршайды, терлегіш келеді. Сауын сиырлардың буаздықтың соңғы мезгілдерінде сүті азайып, суалып кетеді. Төлдеуге 2-3 апта қалғанда малдың сарпайы ісінеді.

Буаздықтың екінші жартысында төлді құрсақ қабырғасының сыртынан қолмен басып анықтауға да болады. Ол үшін дәрігер сиырдың оң жағынан келіп, сол қолын сиырдың арқасына салады да, оң қолының алақанымен құрсақ қабырғасын аш өзектің тұсынан қабырғаның төменгі жағына ала ішке қарай бір-екі дүркін итеріп қалады. Егер сиыр буаз болса төлдің қайта келіп, алақанға соғылғаны байқалады. Биені осындай әдіспен сол жағынан тексереді.

Slide 5

Ұсақ және ірі малдың буаздығын анықтау

Ұсақ малды (қой, ешкі, мегежін т. б. ) тексергенде малдың құрсағының астынан кұтеріп байқайды немесе екі жағынан бірдей қысып, екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізуге тырысады. Егер мал буаз болса төл екі қолдың арасында қаттылау дене болып білінеді.

Ірі малдың буаздығын анықтаудың ең дәл көрсететін әдісі - қолды сиырдың немесе түйе мен биенің тік ішегіне қол салып жатырды, жыныс бездерін, жатыр қан тамырларын сипап, олардағы физиологиялық өзгерістерді білу арқылы анықтау. Бұл әдіспен тәжірибелі мамандар сиырдың 30-45 күндік буаздығын анықтап алады.

Ауыл шаруашылық малдарының буаздығын жоспарлы анықтаудың үлкен өндірістік мәні бар мәселе.

Slide 6

Буаздықты анықтау үшін мына төмендегідей әдістер қолданылады:

Slide 7

Буаздықты сырттан анықтау

Буаздықты сырттан анықтау келесілерден тұрады - малды сырттан көру, төлді сипалап табу, төлдің жүрегінің соғуын тыңдау. Малды сырттан тексергенде арт жақтан оның формасының (контурының) өзгеруін көреді. (41-сурет) .

Сиырда тексеретін орынды былай табады: оң жақтан тізе буыннан омыртқаға параллель сызық жүргізеді, қабырға астына қарай, жылқы да, тізе буынынан крупаға қарай. Осы сызықтың шамасында (40, 41-суреттер) сиырды сол алақанмен, жылқыда оң алақанды жеңіл ғана ішке қарай итереді, алақандарды алмай, қояды да сәл босатады. Буаз жатыр өз орнына қайта, келгенде, төлдің қатты денесі қолға сезіледі. Бұл әдіспен 6-7 айлық төлді анықтауға болады.

Ешкінің төлін сипалап анықтау

Шошқаның төлін сипалап анықтау

Slide 8

Буаздықты рефлексологиялық әдіспен анықтау.

Бұл әдіс күйттеуші еркек малды қолдануға негізделген. Ұрықтандырылған сиырларды он күн өткен соң күнде ертеңгілікте 15-20 тәулік бойы күйттеуіштер қосу арқылы байқап отырады. Егер қашырылған малдың тоқтамағаны білінсе осы мерзім ішінде олар қайтадан күйге келеді, кұйттеуші малға жақындап оның үстіне асылып немесе артын тосып тапжылмай тұрып алады. Мұндай белгі көрсеткен сиырларды қысыр деп тауып, қайтадан ұрықтандыру керек.

Буаз сиыр күйттеуші малға жоламайды, өзіне жақындатпайды. Уақ малдың, биенің буаздығын анықтағанда да рефлексологиялық әдіс кеңінен қолданылады.

Slide 9

Сиырдың буаздығын тік ішеккке қол салып (реактально) анықтау

Буаздық

Жатырдың, жатыр

мойынының және

ұрықгықтың орналасуы

Жатыр айдаршасының өзгеруі

Орта жатыр

артериясының

соғуының

өзгеруі

Қысыр сиырда

Жатыр мойыны, денесі, айдаршасы және ұрықтық жамбас қуысында қасаға сүйектерінде орналасқан

Жатыр айдаршалары бірдей. Олардың арасында жырық анық білінеді, сипалағанда жиырылады. Айдарша домалақтанады, қатая түседі

Сезілмейді

1 -айлық

Жатыр мойыны, денесі, айдаршалары жамбас қуысында, бірақ қасаға сүйегінің шетіне сәл асылып тұрады. Ұрықтықта (буаз) сипалағанда сары денешік білінеді

Буаз айдарша жуандаған, диаметрі 3-4 см, былқылдақ, жиырылмайды ал буаз емес айдарша сипалағанда жиырылады

Қан тамырлары жуандаған, соғуы әлі білінбейді

2-айлық

Жатыр мойыны жамбас қуысынан ішке қарай жылжыған, айдаршалар қасаға сүйегіне асылып тұрады. Ұрықтықта сары денешік білінеді

Жатырдың буаз айдар-шасы 1, 5 есе үлкейген (диаметрі 7-8 см), сипалағада флюктуация (ішінде сұйық бар екені) білінеді. Айдаршалар жиырылмайды, арасындағы жарық та білінбейді. Жатырдың жиырылмауы буаздықты танудың ең басты белгісі болып табылады

Тамырлар жуандай түскен, соғуы білінбейді

3-айлық


Ұқсас жұмыстар
Буаз малдың жағдайын бақылау
Акушерлік аурулар
Биогеоценоз құрылымы
Диспансерлік топтар
Зертханалық зерттеу әдістері
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Буаздықты анықтау тәртіптері
Кен орнындағы ШГН пайдаланатын ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу
Зертханалық зерттеудің мақсаты
Стандартты микробиологиялық зертхана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz