Будандастыру туралы ақпарат
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Будандасты
ру»
Орындаған: Оразалы А. Ибадулла Х.
Тобы: АП-12-8к3
Қабылдаған: Айдарбекова С.
Будандастыру
Будандастыру — тұқым қуалаушылық (нәсілдік) қасиеттерінде өзгешелігі бар екі
организмді шағылыстыру арқылы будан алу. Б. з. б. 2-мыңжылдықта белгілі болған, 18
ғасырдан бастап ғылыми жолға қойылды. 1760 ж. неміс ғалымы И.Г. Кельрейтер
темекінің екі сортын қолдан Будандастыру арқылы олардың буданын алған.
Будандастыру өсімдіктер мен жануарлар селекциясында жиі қолданылады.
Будандастырудың екі жолы (қарапайым және күрделі) бар. Қарапайым Будандастыру
— екі түрді бір-бірімен шағылыстыру. Мысалы, жылқы мен есекті Будандастыру
арқылы қашыр алу, бір өркешті түйемен қос өркешті түйені Будандастыру арқылы нар
алу. Күрделі Будандастыру сатылы және қайыра (беккросс) болып екіге бөлінеді.
Сатылы Будандастыру селекциялық процестерде бірнеше ата тектік формалардың
қасиеттері мен белгілерін біртіндеп, буданды ұрпаққа жинақтау. Кейбір будандарда 4
— 5 ата тек формаларының қасиеттері жинақталынады. Филиппиндегі халықар. ғыл.
күріш ин-тында жоғ. өнімді ИР-52 сортын алу үшін 12 мемлекеттен күріштің 39 ата
тектік формасын алып будандастырған. Саратов-29, Саратов-210, т.б. көптеген жұмсақ
бидай сорттары мен Безостая ғ1 күздік бидайы күрделі сатылы Будандастыру
жолымен алынған. Жоғарыда аталған Будандастыру жолдарымен көптеген мал, құс
тұқымдары және өсімдік сорттары шығарылды. Қазақстанда тек бидай селекциясында
күздік бидайдың 20-дан астам, жаздық бидайдың 30-дан астам сорттары мен түр
формалары шығарылып, олар Қазақстанның көпшілік облыстарында
аудандастырылған.
Будандастыру түрлері
Қазақстанның мал шаруашылығында жиі қолданылатын Будандастырудың 4 түрі бар: сіңіре
Будандастыру — тұқымы нашар, өнімі аз мал тұқымдарын жақсарту үшін тұқымы жақсы аталық
малмен (айғыр, бура, бұқа, қошқар, т.б.) шағылыстыру. Жергілікті жағдайға бейімделгіштігі, дене
бітімі және өнімділігі белгіленген талапты қанағаттандырғанша, алынған будандар жақсартушы
тұқымның аталық малымен бірнеше рет қайта будандастырылады. Қойылған талапқа сай келетін
әрі жақсы ұрпақ беретін 4- не 5-ұрпақтың (кейде 3-) будандары таза тұқымды мал ретінде бөлінеді;
өндіре (зауыттық) Будандастыру — екі немесе одан да көп тұқымның қатысуымен жақсартушы
тұқымның жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, ал кейде ерекше қасиеттерге ие болған жаңа мал
тұқымын шығару. Бұл көбіне ет үшін өсірілетін сиыр мен шошқа шаруашылығында қолданылады,
осы әдіспен бұрынғыдан гөрі ірі, әрі салмақты будандар алынады. Қан шатыстыру арқылы
Будандастыру малдың ұнамды тұқымында кездесетін кейбір кемшіліктерді (мүсінінде болатын
ақаулық, өнімнің аздығы, т.б.) жойып, мал тұқымын жетілдіру үшін қолданылады.
Тұқым аралық будандастырудың
мақсаты
Тұқым аралық будандастырудың
мақсаты - негізгі мал тұқымының кейбір
қасиеттерін сақтай отырып, жоғары
өнімді, төзімділігі және жергілікті
ортаға бейімделу дәрежесі жоғары мал
тұқымын шығару деп түсіндіреді.
Тұқым аралық будандастыру негізінен
гетерозис алуға, таза қанды мал
тұқымының кейбір кемшіліктерін жоюға
және қолданып жүрген гендік қорға
жаңа генетикалық өзгерістер енгізуге
жағдай туғызады дейді. Бірінші будан
ұрпақтардың нәсілдік қасиеттері
тұрақсыз және қалыпты белгісі бар жаңа
типтегі мал алуға мүмкіндік бермейді,
сондықтан жаңа типті малдарды
қалыптастыру үшін сіңіре
будандастыруды келесі ұрпақтан бастау
керек.
Будандастыруды қолданғанда, мына төмендегі негізгі шарттарды
басшылыққа алу керек:
-жаңа тұқымның қандай болатындығы туралы нақтылы түсініктің болуы
шарт, яғни жаңа тұқымның қажетті типі алдын-ала белгілі болуы керек;
- будандастырылатын мал тұқымдарын дұрыс таңдау;
- будандастырудың ұтымды схемасын белгілеу;
- мүмкіндігінше тәжірибеде малдың саны көп болуы;
-туыстас малды өзара шағылыстыруды, әсіресе жұмыстың бастапқы
кезеңінде ретті пайдалану;
-қажетті малға сәйкес белгілердің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай жасау.
Өндіре будандастыру
Өндіребудандастыру - тұқымы әр түрлі малды өзара шағылыстыру
арқылы жана мал тұқымын өсіріп шығару әдісі. Бұл будандастыру
мал өсірудің күрделі әдістерінің бірі. Өндіре шағылыстыруда екінші
және үшінші ұрпақ буданының ұнамды типі алынып, кейінен олар
«өзара» өсіріледі. Өндіре шағылыстыру көбінесе асыл тұқымды мал
шаруашылықтарында колданылады. Өндіре шағылыстыру тәсілін
қолданып, атақты қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымы алынған.
Күрделі
будандастыру
Күрделі будандастыру - үш және
одан да көп мал тұқымдарын
пайдаланып жүргізген будандастыру.
Күрделі будандастыруды жүргізудің
біршама қиыңдығы бар. Будаңдарда
белгілердің өзгергіштік дәрежесі
жоғары болғандықтан, олардың
қажетті үйлесімдіктеріне қол
жеткізіп, ұрпақтан ұрпаққа тұрақты
бекіту үлкен қиындыққа түседі,
сұрыптаушы мамандардың білгірлігі
мен шыдамдалығын талап етеді.
Күрделі будандастыруда
пайдаланылатын тұқым санының
көп болуы міндеті шарт емес, ол
сұрыптау негізі болып алынған
жергілікті тұқымның өнімділігіне
және оны жетілдіруде қойылған
мақсатқа байланысты.
Сіңіре будандастыру
Сіңіребудандастыру - әр түрлі мал тұқымын будандастырудың бір түрі.
Сіңіре будандастыруды қолданғанда өнімі мен мал тұқымының аналығын
және одан туған буданды бірнеше ұрпақ бойы өнімі жоғары мал
тұқымының аталығымен жалғастырады. Нәтижесінде өнімі жоғары мал
тұқымына ұқсас әрі жергілікті тұқымының ұнамды қасиеттерін сақтаған
мал тұқымын жаңа мекенде жерсіңдіру үшін жиі пайдаланылады.
Қазақстанда сіңіре будандастыруды ұтымды пайдалану негізінде
Симментал, Қырдың қызыл сиырлары жерсіндіріліп, сүтті сиыр
шаруашылығы қалыптасты. Сол сияқты қаракөл және биязы жүнді қой
шаруашылықтары да сіңіре будандастыруды пайдалану негізінде
қалыптасты.
Кезек будандастыру
Кезек будандастыру - будандастырудың бір түрі. Кезек будандастыруда әр келесі ұрпақ
алу үшін будандастыруға қатысатын тұқымдардың аталықтарын кезекпен
пайдаланады. Осының арқасында бірінші ұрпақ буданда жиі кездесетін өміршеңдік,
тез жетілгіштік, жоғары өнімділікті бірнеше ұрпақ бойынша сақтап отыруға
мүмкіншілік туады. Кезек будандастыруға қатынасын екі немесе үш қай-қайсысы да
өнімдік бағыттары ұқсас жоғары өнімді тұқымдардың болуы міндетті шарт. Кезек
будандастыру нәтижелілігі будандастырылатын мал тұқымдарын дұрыс тандай білуге
және оларды тиімді пайдаланудың кезек ретін табуға байланысты. Осыған орай кезек
будандастыру қолданғанда әр түрлі түліктерді өсіруде жинақталған ғылыми деректер
мен озық шаруашылық тәжірибесін басшылыққа алған жөн.
Кері будандастыру
Керібудандастыру - будаңдастыратын әр түрлі тұқымдардың өкілдерін
бірінші жағдайда аталық, екінші жағдайда аналық ретінде қатар
пайдаланып жүргізу. Осының нәтижесінде қандай белгілердің,
касиеттердің ұрпаққа енесі арқылы, қайсысының атасы арқылы басым
берілетіні анықталады. Кері будандастыру тауық, үйрек, шошқа өсіруде
кеңінен қолданылады. Казіргі уақытта өндірістік құс және шошқа
шаруашылықтарында кең тараған жоғары өнімді будандар осы кері
будандастырутәсілін ұтымды пайдалану нәтижесінде шығарылған.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz