Бұлшықет ұлпасының құрылысы, түрлері және қызметі


Slide 1

Бұлшықет ұлпасы

Презентация

Орындаған: Кенжеғұлов Ш.

Тобы: АП-12-7к2

Қабылдаған: Абдуалиева Ә.

Slide 2

Бұлшықет ұлпасы

Бұлшықет ұлпасы (textus mus- cularis; лат. textus - ұлпа, ткань; лат. musculus - бұлшық ет) - адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа.

Slide 3

Бұлшықет түрлері

Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет ұлпасының үш түрі болады. Олар: жолақсыз бірыңғай салалы ет ұлпасы, жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасы және жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы.

Slide 4

Бірыңғай салалы ет ұлпасы

Бірыңғай салалы ет ұлпасы - пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді) .

Slide 5

Жолақты бұлшықет ұлпасы

Жолақты бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis transversostriatus textus - ұлпа, musculus - бұлшықет, transversum - көлденең, striatus - жолықты) - жануарлар организмдерінің кеңістіктегі қимыл-қозғалысын және мүшелердің салыстырмалы қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа. Жолақты бұлшықет ұлпасы көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы деп те аталады.

Slide 6

Жолақты бұлшықет ұлпасы

Жолақты бұлшықет ұлпасы қаңқа бұлшықеттерін құрайды. Ол өңештің (кейбір жануарларда), тілдің, жұтқыншақтың қабырғасында орналасып, осы мүшелердегі ерікті жиырылу процесін іс жүзіне асырады. Жолақты бұлшықет ұлпасының жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді.

Slide 7

Ет талшығының пішіні цилиндр тәрізді, сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма плазмолемма мен негіздік жарғақтан құралған. Негіздік жарғақ пен плазмолемманың аралығында бұлшықет талшығы үшін камбиальды қызмет атқаратын ұзынша келген жасушалар - миосателлиоциттер орналасады.

Бұлшықет ұлпасы

Slide 8

Бұлшықет ұлпасы

Бұлшықет талшығының сопақша келген ядролары саркоплазманың шеткі жағында, ал жиырылу қызметін атқаратын протеинді жіпшелер - миофибриллалар, саркоплазманың орталығында орналасады. Бұлшықет талшықтары борпылдақ дөнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы өзара байланысып, қомақты мүше - Бұлшықетті құрайды.

Slide 9

Бұлшықет ұлпасы

Миофибриллалар кезектесе орналасқан күңгірт түсті (анизотропты) және ашық түсті (изотропты) дискілерден тұрады. Осы кезектесе орналасқан дискілерге байланысты миофибриллалар көлденең жолақты болып көрінеді. Жолақты Бұлшықет ұлпасы мезодерманың миотомынан, ал организмнің бас аумағында кездесетін кейбір вицеральды бұлшықет мезенхимадан дамиды.

Slide 10

Бұлшықет ұлпасы

Бұлшықет ұлпасы миоциттері мен миосимпласттарындағы жиырылу процесін 16 асыратын протеин жіпшелері - миофибриллалар актин және миозин миофиламенттерінен құралған.


Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет ұлпалары: түрлері, құрылысы, қызметі және регенерациясы
Эпителий ұлпасының түрлері, құрылысы және атқаратын қызметтері
Бұлшықет морфологиясы, қызметі және ұлпа түрлері
Бұлшықет биомеханикасы: құрылысы, қызметі және жиырылу механизмдері
Адам ағзасының бұлшықет ұлпалары: құрылысы, түрлері және қызметтері
Адамның негізгі ұлпаларының құрылысы мен қызметі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке
Бұлшықет ұлпаларының түрлері, құрылысы және эмбрионалдық шығу тегі
Жүйке ұлпасының құрылысы мен қызметі: нейрондар, нейроглия және синапстар
Эпителий ұлпасының құрылысы, классификациясы және қызметтері
Бұлшықет ұлпасының регенерациясы: тегіс, көлденең жолақты және жүрек бұлшықеттерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz