Бұлшықет морфологиясы
Презентация қосу
Презентация
Бұлшықет
морфологиясы
Бұлшықет ұлпасы
Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшытқарының бағытына, атқаратын
кызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі): Орналасуына қарай
бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты,
екібасты, үшбасты, төрт-басты бұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің
талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің
бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, алмұрт т.б. деп
бөлінеді. Мөлшеріне қарай - ұзын, қысқа, жалпақ үлкен, кіші делінеді. Талшықтар
будаларының бағытына қарай қиғаш, көлденең бұлшықеттер деп те аталады.
Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бұғу, жазу, айналдыру, бұру, көтеру т.б.
Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.
Бас пен мойынның бұлшықеттері.
Бастың бұлшықеттері шайнау және
ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау
бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке
бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда
төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп,
тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады.
Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті
сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы
жағына бекінеді. Ыммен адам қуануды,
ренжуді, ашуды және т.б. білдіреді.
«Ымға түсінбеген дымға түсінбейді»
деген ұғым осыған байланысты
айтылған. Ауыздың айналасындағы
бұлшықеттер - ауызды жұмуға, көздің
айналасындағы бұлшықеттер қабақты
жабуға қатысады. Көздің айналасында
қатпарлар пайда болып, қасты жоғары
көтереді.
Мойынның бұлшықеттері бас пен
мойынды бұруға көмектеседі.
Арқа бұлшықеттері
Арқа бұлшықеттері:
трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ,
пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі
мен мойынның артқы жағына орналасады.
Бұғана мен жауырынға бекінеді.
Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы
жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі
ұшы жиырылғанда жауырын қайта
қалпына келеді.
ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы
жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа
омыртқаларының қанаттарына бекінеді.
Жауырынның омыртқаға қарай
жақындауына әсер етеді.
Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат
болып орналасады. Терінің астына жақын
орналасқан бұлшықеттер қолды
қозғалысқа келтіреді. Тереңірек
орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын
артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.
Көкіректің
бұлшықеттері
көкіректің ұлкен бұлшықеттері - пішіні желпуіш тәрізді, кеуде қуысының алдыңғы жағын
жауып жатады.
сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер - қабырғалардың аралығында орналасқан.
Жиырылғанда қабырғалар көтеріліп, кеуде қуысын кеңейтеді (көлемін үлкейтеді) де
тынысалуға қатысады.
ішкі қабырғааралық бұлшықеттер - сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында
орналасқан. Бұл еттерде кеуде қуысының көлемінің кішіреюіне эсер етеді.
көкет (диафрагма) адам денесінің кеуде және кұрсақ қуысының арасын бөліп тұратын
күмбез тәрізді бұлшықет. Күмбез тәрізді дәңес жағы кеуде (көкірек) қуысына қарай
бағытталған. Көкетте өңеш, қолқа қантамыры төменгі қуысты вена қантамыры өтетін
тесіктері болады. Көкеттің шет жақтарында сіңір орталығы мен бұлшықет будалары
орналасады. Көкеттің пішіні күмбез тәрізді болатын себебі: ішкі мүшелердің орналасуына
және кеуде қуысы мен құрсақ қуысы қысымының айырмашылығына байланысты.
Аяқ бұлшықеттері
Аяқ бұлшықеттері
Аяқ бұлшықеттері - жамбас белдеуі және аяқтың (санның, балтырдың, аяқ ұшының)
блұшықеттері деп бөлінеді. Жамбас белдеуіндегі өте жақсы дамыған бұлшықеттерге - бөксенің
үлкен, ортаңғы және кіші бұлшықеттері жатады. Аяқ бұлшықеттерінде санның төртбасты
бұшықеттері мен балтырдың үшбасты бұлшықеттері жақсы дамыған. Санның төртбасты
бұлшықеттері жамбас буынында аяқты бүгеді, ал тізе буынын жазады. Балтырдың үшбасты
бұлшықеттері тізе буынын бүгу, жүру, жүгіру, аяқ басын қимылдату қызметін атқарады
Бұлшықеттердің ең басты физиологиялық қасиеті - жиырылғыштық. Әрбір тітіркендіргішке
бұлшықеттер қысқару, жуандау арқылы жауап қайырады, соңынан қайта қалпына келеді.
Бұлшықеттерге әсер ететін тітіркендіргіштер - жылу, суық, әлектр тоғы, химиялық заттар.
Осылардың барлығына бұлшықеттер жиырылу арқылы жауап қайтарады. Денеде бұлшықеттерді
тітіркендіру орталық жүйке жүйесінен берілетін жүйке қозу толқынының қатысумен болады.
Бұлшықеттер жиырылғанда энергия жұмсалады. Бұлшықеттердің жұмысын жүйке жүйесі
басқарады.
Бұлшықет түрлері
Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет
ұлпасының үш түрі болады. Олар: жолақсыз
бірыңғай салалы ет ұлпасы, жолақты қаңқа
бұлшықет ұлпасы және жолақты жүрек
бұлшықет ұлпасы.
Бірыңғай салалы ет
ұлпасы
Бірыңғай салалы ет ұлпасы
— пішіні үршық сабына
ұқсас, екі ұшы үшкірленген,
жуандау орта түсында бір
ядросы болатын жолақсыз
миоциттерден (ет
жасушаларынан) тұрады.
Ол ішкі мүшелердің, қан
және лимфа тамырларының
етті қабықтары мен
қабаттарын түзіп, еріксіз
жиырылады (оның жұмысын
автономды вегетативтік
жүйке жүйесі реттейді).
Жолақты бұлшықет ұлпасы
Жолақты бұлшықет
ұлпасы (лат. textus
muscularis
transversostriatus textus
— ұлпа, musculus —
бұлшықет, transversum
— көлденең, striatus —
жолықты) — жануарлар
организмдерінің
кеңістіктегі қимыл-
қозғалысын және
мүшелердің
салыстырмалы
қозғалысын қамтамасыз
Жолақты бұлшықет ұлпасы
Жолақты бұлшықет ұлпасы қаңқа бұлшықеттерін
құрайды. Ол өңештің (кейбір жануарларда),
тілдің, жұтқыншақтың қабырғасында орналасып,
осы мүшелердегі ерікті жиырылу процесін іс
жүзіне асырады. Жолақты бұлшықет ұлпасының
жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz