Былғары-тері шикізаттар микробиологиясы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Былғары-тері шикізаттар
микробиологиясы»
Орындаған: БасымбековаТ.
Артықбай Н.
Есіркепов Н.
Тобы: АП-12-7к2
Қабылдаған: Айдарбекова С.Қ.
Жоспар
• Кіріспе

• Негізгі бөлім
• 1. Тері микрофлорасы

• 2. Былғары-тері шикізаттарды консервілеу

• 3. Былғары-тері шикізаттары адамдар мен жануарларға
ортақ инфекциялық аурулардың көзі
• Қорытынды

• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
• Теріні құрайтын бөлшектер былғары мен мехқа айналатын болғандықтан, былғары және
мехтың химиялық құрлымын анықтайтын көрсеткіштер де осы факторға байланысты. Бірақ
олар былғары және мех өндірісінің процестеріне де тәуелді болады. Мысалы, бір шикізаттан
алынған күнделікті аяқ киімнің жоғары бөлігі (хроммен иленген сиыр терісі) және жұмыс
аяқ киімі (хроммен иленген сиыр терісінің юфтісі) құрамындағы майлы заттың мөлшеріне
қарай айқын айырмашылығы болады.(Былғарылардың түріне сәйкес 5-6% және 22%-тен кем
емес). Былғары мен мехтың атқаратын қызметтеріне байланысты тиісті химиялық құрамы
болу керек.
• Былғары және мех шикізаттарының және өнімдерінің сапасын тексеру өте маңызды шара
болып табылады.Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін
тигізіп,тұтынушыларға тек сапалы өніммен жасалған өнімнен жасалған былғары
бұйымдарын сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, міндетті түрде пайдаланатын шикізаттың,
былғарының және мехтардың құрамын химиялық,физико-химиялық, механикалық
әдістермен анықтап, оның мемлекеттік стандартка сайкес болуын қадағалау керек. Былғары
мен мехтың құрамында болатын хром, цироний, титан қоспалары, өсімдіктен алынатын
және синтетикалық илегіш заттар, әртүрлі майлар, бояулар, әрлеу заттары дайын өнімнің
сапасына өздерінің әсерін тигізеді.
• Сонымен қатар,былғары тканінің және түгінің физика механикалық қасиеттерін анықтаудың
да өте маңызы бар. Өйткені былғары және мех өнімдерінің тұтынысқа төзімділігі де сол
көрсеткіштерге байланысты.
Тері микрофлорасы
• Жануарлар терісінің ткані жүн астында жұқа беткі қабатқа – қыртысқа және
негізін құрайтын өзеңге бөлінеді.қыртыс жекеленген клеткалардан ал өзең
күрделі шиленіскен талшықтардан тұрады.
• Өзеңнің жануарлар денесіне беттесетін төменгі жағында өзең талшығы арқылы
жұқа бұлшықтық ткандер мен майлы қабаттар орналасқан.
• Теріде май және тері бездері,қан тамырлары, май клеткалары, нерв талшықтары
болады.
а- қыртыс; б – өзеңнің емізекше
қабаты;
в – өзеңнің торлы қабаты;
г – тері асты майлы қабаты;
1 – түк(стержень волоса);
2 – тері бездерінің шығу жолдары;
3 – май бездері; 4 – түк қалташасы;
5 – жүнді тікірейтетін бұлшықтар;
6 – тері бездері; 7 – коллаген
талшықтар тобы.
Былғары, тері шикізаттарын консервілеу
•Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін «булы тері» деп атайды. Малды сойған сәттің өзінде – ақ
теріде көптеген бактериялар болады. олар 20 – 370С температурада және қан қалдықтары бар дамуына
қолайлы ортада өте тез көбейіп терінің бұзылуына жағдай жасайды. Мал жануарларының белгілі бір
уақыт аралығында сойатын болғандықтан олардың өңдеу өнеркәсіптерінде жеткізгенше ұзақ уақыт
сақтауға тура келеді. Терілер ұзақ «булы тері» күйінде сақтауға болмайды, сондықтан оларды негізгі
қасиеттерін жоғалтпайтындай күйге келтіріп сақтау керек. Бұл үшін терілерді консервілейді. Теріні
консервілеудің мақсаты бактериялардың дамуына қолайсыз жағдай жасау.
•Мех өндірісінде консервлеудің мынадай тәсілдері қолданылады: құрғату, ылғалды тұздау, тұздай
құрғату, құрғату, қышқылды – тұздау және ашытқымен өңдеу.
•Құрғатып консервлеу тәсілі. Ылғалсыз ортада бактерияның өсіп – жетілуі тежеледі. Жаңа
сыпырылған теріде 65-75% ылғал болады. Құрғатып консервлеу тәсілінің мағынасы теріде ылғалды
кептіру жолымен 14-16% - ке дейін төмендету. Бұндай ылғалдылықта бактериялардың көбісі дамуын
тоқтатады. Құрғақ сақтау кезінде көлеңкедегі температура 20-35 , ауа алмастырылып кептіріледі. Одан
жоғары температурада кептірілген терілер сынып кетуі мүмкін, ал төмен кебу уақыты созылып бүлінуі
мүмкін. Кептірілетін терілер мұқият жазылған болуы керек.
•Жалпағынан сыпыпылған ірі ерілер жон арқа сызығы бойынша екіге бүктеліп ілініп, немесе керіліп
кептірілу керек, Орта және кіші терілер ағаш қалыптарға майда шгемен бекітіліп кептірілді. Тұтастай
сыпырылған терілер арнаулы қалыптарда керіліп кептіріледі. Қалыптардың өлшемдері белгіленген
мөлшерге сәйкес болуы керек.
Бағалы аң терілерін консервілеу
•Бағалы аң терілерін консервлеуде құрғақ кептіру тәсілін кеңінен қолданылады, себебі трі таза
болғандықтан сұрыптау ыңғайлы, салмағы жеңіл тасымалдауға оңай. Консервлеудің ылғалды тұздау
тәсілі. Бұл тәсіл мағынасы теріні ас тұзымен тұздайды. Ас тұзымен тұздау терінің құрамындағы
ылғалдылықты кемітеді де, бактериялардың дамып өрбуіне жол бермейді. Ылғалды тұздау тәсілі тріні
жайып ас тұзын себу немесе қаныққан тұз ерітіндісіне салу арқылы жүргізіледі. Жайып тұздауды арнайы
тақталарда мұқият жайып тұзды теріге түгедей себеді, келесі теріні біріншінің үстіне жайып оғанда тұз
себу арқылы жүргізіледі. Тері қабаттарының биіктігі 1,5 м болады. Тұздау үшін құрамы жағынан таза,
ылғалдылығы 5% - тен аспайтын ас тұзы қолданылады. Тұзға парадихлорбензол, нафталин, натрийдің
кремнефториді және т.б. антисептиктер қосылады. Тұздауға жұмсалатын тұздың мөлшері булы терінің
массасынан 30,40%, парадихлорбензол 0,5 %, нафталин 0,8%. Антисептиктер теріні бактериалдық
бүлінуден сақтайды.
•Себілген тұз терініңиылғалына еріп бірте- бірте тері тканіне енеді. Әдетте консервленген тері
ткані тығыз және серпімді болады. Ас тұзды ерітіндісінде (тұздық) консервлеуді алдынала350г/дм.куб.
болатындай етіп дайындалған ерітіндіде жүргізеді. Ерітіндіге алдын ала тазартылған терілер салынады.
Консервлеу чандарда, баркастарда, барбандарда жүргізіледі. Ұзақтығы 10 – 15 сағат, ылғалды тұздауда
+5 пен +15 температура жүргізген тиімді. Тұздықтау біткен соң терілерді ерітіндіден алып жүнін жоғары
қаратып жайып қосымша тұз себеді. Ылғалды тұздауда жүн бірігіп қалатындықтан сұрыптау қиындау
болады. Бірақта бұл тәсілдің орындалу оңайлығы, кептірілген ақауларың болмауы көптеген терілерді,
дәлірек айтқанда қой, теңіз жануарлары, тиін және т.б. осы тәсілмен консервлеу тиімді. Жайып
тұздағанға қарағанда тұздыққа салу кезінде ас тұзы тері құрылымына біркелкі енеді және терінің қаны
мен кірі аз болады.
Былғары-тері шикізаттары адамдар мен жануарларға
ортақ инфекциялық аурулардың көзі

• Бруцеллез – адамдар мен жануарларға жалпы, созылмалы түрге ауысатын жоғарғы потенциалды жеделинфекциялы
-аллергиялық ауру. Аурудың белгілері 1 - 2 жұма, ал кейде екі айға дейін білінбейді, аурудың жасырын белгілері адам
ағзасына түскен қоздырғыштардың санына, белсенділігіне және адамның қорғану қабілетіне байланысты.
• Бұл ауру көптеген органдар мен ағза жүйелерін ауруға шалдықтыра отыра, әлсіз симптом белгілерімен ғана
байқалады. Ауру белгілері 7-10 және одан да көп күндер бойы дене қызуының 39-40°С-қа дейін (кешкі және түн
мезгілдері) көтерілуінен басталады. Ем қабылдамаған кейбір жағдайларда температура 2-3 айға дейін көтеріледі.
Қызбаға қоса дененің қалтырауы, тершеңдік және жалпы әлсіздік белгілері пайда болады. Әрі қарай қозғалыс
аппараттарының, жүрек тамырларының, жүйке жүйелерінің және ағзадағы басқа да жүйелерде (артрит, спондилит,
радикулит, менингоэнцефалит, миокардит және басқа) өзгерістер пайда болады. Дене қызуының жоғарылығына
қарамастан науқастың жағдайы бір қалапты болуы бруцеллезге сипатты.

• Жамандат (Anthrax), Сібір жарасы — жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ж-тың қоздырғышы — спора түзетін
таяқша тәрізді бацилла (Bacіllus anthracіs). Ол сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді, топырақта өзінің уыттылығын
жоймай бірнеше ондаған жылдар бойы сақталып жата береді. Бұл бацилла қоздыратын аурудың қойдағысын —
топалаң, сиырдағысын — қараталақ, түйедегісін — ақшелек, қарабез, адамдағысын — күйдіргі, түйнеме деп атайды.
Адамға ауру малды күткенде, сойғанда, еті мен сүтін пайдаланғанда жұғады. Ж-ты 18 ғ-дың аяғында Орал және Бат.
Сібір өңірінде болған үлкен эпидемияға байланысты сібір жарасы деп атап кеткен. Ауру малдың дене темп-расы 41
— 42 С-қа дейін көтеріледі, тыныс алуы қиындап, жүрек соғуы жиілейді, тез қалжырайды. Жемшөпке тәбеті
болмайды, іші өтіп, нәжісі мен зәріне қан араласып шығады, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады, көзі қанталайды.
Денесінің әр жерінде ісік пайда болып, тесіліп жараға айналады да қанды ірің ағады. Ауру бірнеше минуттан (өте
жедел түрінде) бірнеше күнге созылады. Ж. сау малға қоздырғыштармен ластанған жемшөптен, ауру малдың
нәжісімен, сілекейімен, сүтімен бірге сыртқы ортаға таралған бацилладан жұғады. Ауру, көбінесе, жазда кездеседі.
Емі: ауру малды оқшаулап, басқа қораға қамайды, ауруға қарсы сарысу, гамма-глобулин, антибиотиктер егіледі.
Аурудың алдын алу үшін жыл сайын барлық малға Ж-қа қарсы вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин
салып, қораны залалсыздандырады. Өлген малды өртеп, көміп тастайды.
Қорытынды
Тері және мех шикізатының құрамындағы минералды заттарды, терінің нақты мөлшерін өртегеннен
қалатын күл ретінде анықтайды.
Жаңадан сыпырылған теріде салыстырмалы азғана мөлшерде минералды заттар болады (орташа 0,5 %).
Консервіленген терідегі минералды заттардың мөлшері консервілеу әдісіне байланысты болады. Ылғалды
тұздау, кептіріп тұздау, қышқылды тұздау, консервілеу әдістерінде, терідегі минералды заттардың мөлшері
күрт өседі.
Бұл күлдің мөлшерін аныұтау кезінде әжептәуір қиындық туғызады. Бір жағынан мол минералды заттар
терінің күлге айналуын бояулатады, ал екінші жағынан олар жаққан кезде ұшып кетуі мүмкін, бұл анықтау
нәтижесінде кері әсерін тигізеді. Сондыұтан осы консервілеу әдістерін ен кейін терідегі күлді анықтауда
заттың нақты мөлшерін алдын-ала күйдіріп, содан суда сілтімен өңдеп ең аяғында түпкілікті отта
қыздырады.
Аналитикалық таразыда өлшенген 4г шикізатты тұрақты массаға жеткізілген және өлшелінген адысқа
салып, суық муфелді пешке қойып, нақты зат толық көмірленгенше жайлап қыздырлады. Содан кейін,
тигельі 50 мл. ыстық тазартылған суы бар химиялық стақанға салып электірлік жылытқышпен 15 мин
қайнатады.Сумен жақсы араласу біткен соң тигельді тазартылған сумен шайып, кептіргіш шкафіне
кептіреді, ал стақан ішіндегісін қағазды күлсіз сүзгімен сүзеді.Қағаз сүзгідегі тұнбаны, тазартылған сумен,
шайып суды хлор ионы кеткенше жуады; шайын суды фильтратқа қосады. Сүзгіні тигелге қайтадан салып
кептіргіш шкафінде ылғалдың түгелдей кеткенінше ұстайды, содан соң муфелді пеште жайлап қара
дақтары ( көмір белоктары) кеткенше күйдіреді. Күйдірілген және суытылған тигелде фильтратты
бөлшекпен құйып,су моншасында құрғағанша буландырады. Фильтрат тигелге толық құйылып
құрғатылғаннан соң, тигелді 1 сағат муфелді пеште қақтап былғары тканінде немесе былғарыдағы күл
құрамын анықтағанындай жолмен әрі қарай жүргізеді. Күлдің құрамын (массалық үлесін) процентпен
соған ұқсас есептейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мәдиев Ө.Қ Айтөленова К.Т. Былғары және мех химиясы мен технологясы.
Алматы, «Білім» баспасы. 1995
2. Бейсеуов А. Новос в мин. Дублении кож, Моногр.-М., Легпромбытиздат,1993.
128с
3. Мадиев У.К Минеральные дубление в произ.код.- М.,
Легпромбытизддат,1987,120с
4. ГОСТ 938.0-7,5 Правила присмки, методы отбора проб.М. 1978
5. ВЕМ. Химико-аналитический контрольв кожевенном и дубильно-
экстрактовым произв., ч1,2, 1955
6. Волков В.А,. Пуримов И.З Технический анализ и контроль кожевенного
произ.-М; «Легкая индустрия» , 1972,232с
7. Григорьева Г.С Радионов А.М Техн.анализ и контроль мехового и овчинно-
шубного произ.,М. «Легкая индустрия»,1973
8. Справочник кожевенника (отделка,контрольпроизводста). Под редакцией
Н.А.Балберовой. М. Легпромбытизддат,1987,256с

Ұқсас жұмыстар
Шикізат партияларын қабылдау, сақтау және жинақтау
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Былғары өндірісінің сызбанұсқас
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Тері топографиясы құрылысы және оның химиялық құрамы
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
Теріні өңдеу
Былғары шикізатының тағайындалуы
Пәндер